15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты. "Аяулы- анашым!" 1 сынып
«Аяулы – анашым! » атты тәрбие сағаты
Білімділік: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру. Дамытушылық: Балалардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Тәрбиелік: Көпшілік алдында өзін – өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Жүргізуші: -Құрметті Ақ жаулықты аналар, ұлағатты ұстаздар, сұлу арулар! Сіздер 8- Наурыз Халықаралық аналар күніне арналған «Аяулы – анашым! » атты мерекелік кешке жиналып отырсыздар. 1 «А» сынып оқушыларымен өткізілетін мерекемізге қош келдіңіздер!
Әуенмен залға балалар кіреді, қолдарында гүлдер болады.
Жүргізуші:
-Армысыздар
ақ тілекті әжелер,
Ертегімен
өмірімді әсемдер.
Мерекеңмен аялаған
аналар,
Бір өзіңнен бар қуаныш
таралар.
Шуақ шашқан алтын көңіл
арулар,
Дарын боп өнерменен қарулан.
Міне,
алдарыңызда сіздердің балаларыңыз,
еліміздің болашағы, менің шәкірттерім
бар өнерін көрсетпек.
Құрметті
жиналған қауым бәріміз ана деген
асыл жаннан жаралған бір тұлғамыз.
Сол аналарымызға ұзақ өмір, талмас
қанат, таусылмас бақыт тілей отырып,
мерекесімен шын жүректен
құттықтаймыз.
Иә, бәрімізге де осынау
әлемнің жарығын сыйлаған ана есімі
қашанда биік, әрі қымбат.
Жүргізуші:
–
Балалар, бүгінгі тақырыбымызға
байланысты мен сендерге жұмбақ
жасырғым келіп тұр. Шешуін таба аламыз
ба?
Бала, бала, бала деп
Түнде
шошып оянған
Түн ұйқысын төрт
бөліп
Түнде бесік таянған
Бұл
кім?
Балалар: Ана, ана, ана.
Жүргізуші: -Ару ана өмірдің асылдары, Жайнаған көңілімнің жасыл бағы Сіздер үшін ән мен би өлең мен күй Сіздер үшін мереке шашулары
Жүргізуші: -Олай, болса асыл аналар, Ақжаулықты әжелер мерекелеріңіз құтты болсын! -Жер әлемді жайнатып, Әнші құстарды сайратып, Гүлге бөлеп даланы, Әнге бөлеп қаланы, Көрікті көктем келді (Ортаға музыкамен көктем кіреді)
Көктем: -Мен көңілді көктеммін, Былтырда келіп кеткенмін Құшағым гүлге толсын деп Нөсерімді төгемін.
Жүргізуші: Ару көктем, қош келдің, төрге шық. Сенің көктемгі жаңбырыңның арқасында айналамыз әсемдікке кенелді. Кең байтақ даламыз гүлге бөленді. Сондықтан ару көктем біз саған ризамыз.
Көктем: -Гүлдердің сан алуан, Түрлерін мен білемін Сол гүлдерді өсіріп Аялаумен келемін (Гүлдер орынан тұрады.)
Бәйшешек: -Көктем гүлі бәйшешек Мен боламын қараңдар Наурыз сәуір айында Мен шығамын жайқала
Қызғалдақ: -Қырқалардың төрінде Қаулап көзге ұрамын, Құлпыра жайнап өңірде Қып қызыл боп тұрамын
Жауқазын: -Жауқазынмын жайқалған Сұлу гүлмін жайнаған Көктемде мен гүлдесем Құлпыра кетер айналам
Раушангүл: - Әдемімін сұлумын, Менен қай гүл аса алған Мен боламын раушангүл Гүл патшасы атанған
Жүргізуші: -Кең даламды хош иісімен, сұлулығымен жайнатқан менің әсем гүлдерім аналарымызға қуаныш сыйлап ән орындайық.
Ән: «Құттықтаймын мама туған күніңмен!»
Жүргізуші: -Ардақты асыл аналар. Мінекей күлімдеген көктем келіп айналамыз құлпырып кетті. Көрікті көктемнің алғашқы мерекесі, аналар күні қарсаңында осы асыл аналарымызға арналған, балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік:
1-
оқушы:
-Той
пердесін
ашайық
Тойға шашу
шашайық
Аналарды
құрметтеп,
Ән
маржанын ашайық.
2-оқушы:
-Қандай
қызық көктемде
Күн шуағын
төккенде,
Гүл тереміз алуан
Шығып
алып көк белге.
3-оқушы:
Көктем
күні керемет
Жаңбыр жауар себелеп.
Күн
ашылса болғаны,
Көлбеңдейді
көбелек.
Бар табиғат нәр алып,
Шыға
келер жаңарып
Қызғалдақ боп
құлпырып,
Көктем біздің балалық.
Жүргізуші: -Келесі орындаушы Дніқұл Шұғыланың қазақша биі
Жүргізуші: Бүгін біздер құрметті де ардақты әжелерімізді ерекше атап құттықтаймыз! «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» – деп халқымыз текке айтпаған, балаларымыздың әжелеріне арналған тақпақтарына кезек берсек
4-оқушы:
-Өзің
мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек
болсам кешірген
Ауырмашы ,ай әжем
5-оқушы:
-Әже
деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ
шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай
ғажап күлкісі
6-оқушы: -Армысың ақжаулықты әжелерім, Ақылы дариядай кемеңгерім Ардақты аналардың мейрамында Арнайды бүлдіршіндер өлеңдерін,
Жүргізуші: -Келесі орындалатын ән «Менің әжем дара»
7-
оқушы:
-Ана
десем алғыс алам халқымнан
Ана
десем теңіз болам шалқыған
Ана
десем , ашылады қабағым
Ана десем
әділдікті ұғамын
Біз ғана емес
Қадір
тұтқан бабалар
Аналардаң туған
небір даналар
Ана деген тіршіліктің
тірегі
Армысыздар, қасиетті аналар!
8-оқушы:
-Анаң
болса қасында
Басқа бақыт не
керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді
ғой керемет.
9-оқушы:
-Жанымызды
жайнатқан
Сіздер ғой ол аналар
Зор
денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз
балалар
Аппақ
мамам, ақ мамам
«Ақ мамам» деп
мақтанам
Түн ұйқыңды төрт
болып
«Бөпешім» деп жатпаған
10-оқушы:
-Мен анамды
сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген
анамды,
Қуантсам деп келемін.
11-оқушы:
-
Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген
апатайым
Сәлем жазып бүгін
саған
Мейрамыңмен құттықтаймын
Мені
жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп
ертегі біледі
Маған айтып береді.
12-оқушы:
-Еркелеткен
біз үшін,
Еңбек еткен
біз үшін.
Еркелеткен біздерді,
Еркіндеткен
біздерді
Анамызға мың алғыс
Адал
бол деп балдырған
Әділдікке
баулыған
Жүрегінде мархабат
Анамызға
мың алғыс
13-
оқушы:
-Анам-өмір
шырағы
Анам-өмір бұлағы
Бесігімнің
жыр әні
Жүрегімде тұрады
14-оқушы:
-Бүгін
Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың
егізі.
Әдемі сөз анамның,
Анаға
айтар лебізі.
Мәпелейсің мені
анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра
өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай
15-оқушы:
-Шалқып
тасып әніміз
Жадырасын жанымыз
Ана
сені құттықтап
Әндетеміз бәріміз
16-оқушы:
-Жүре
берсем қасымда
Әйбат анам әй
анам
«Ботам» деген даусыңнан
Мен
мәз болып оянам.
Еркелесем
күлімдейті,
Ұрысқаны
білінбейтін.
Маңдайымнан сипап
мені
Құлыншағым күнім дейтін
Жүргізуші: -Келесі орындалатын ұлдар биі «Флешмоб»
17-
оқушы:
Әр
сөзіңді жаттаған
Жүрегіңде
сақтаған
Анашым деп мақтанам
Айналайын
ақ мамам
Айтсаң
болды тіл алам
Әйбат анам әй
анам
Сені көрсем қуанам
Сен керексің қашанда.
18-оқушы:
-Анамды
мен жақсы көрем
Айтқан тілін алып
жүрем
Қасымда апам жүргенде
Шаттанып
ойнап күлем
Ана біздің
күніміз
Ана біздің гүліміз
Бізді
ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
19-оқушы:
-Анам
менің сүйіктім
Тек өзіңе
табынам
Қасымда жүрсең биікпін
Алыстасаң
сағынам
Анаң болса
қасыңда
Басқа бақыт не керек
Аналардың
жүрегі
Мейірімді ғой керемет
20-
оқушы:
-Жанымызды
жайнатқан
Сіздерсіз ғой аналар
Зор
денсаулық, мол бақыт
Тілейді барша
балалар
Жүргізуші
:
Құлақтан кіріп
бойды алар
Әсем әнмен тәтті
күй
Жүрекке жылы ой сала
Әнді
сүйсең менше сүй деп,- Абай атамыз
жырлағандай кезекті бір топ қыздардың
орындауында бір жақсы биді
тамашалаңыздар.
Би:
Бір топ қыздардың орындауында
Жүргізуші:
- О,анашым
неткен жансың мейірімнен жаралған
Мәңгілікке
арамызда шалқып-тасып жүр аман
Егер
де сен еш ауырмай, күліп-ойнап
қуансаң
Бұл тәңірден одан басқа,ешбір
тілек сұрамаң
Өмірдегі ең асыл
жан- АНА. Сол үшін балалар аналарымызды
сыйлайық, ардақтайық, еш уақытта
ренжітпейік.
Балалар
хормен:
-Ана- біздің
күніміз.
Ана- біздің гүліміз
Ұландарды
қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
Жүргізуші:
-Сіздерді
тағы да 8 –ші Наурыз мерекесімен
құттықтаймыз!
Кұттықтау
сөз ата- аналарға беріледі

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген