400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты. «Аяулы әже, ардақты ана, ару қыз»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдері үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Аяулы әже, ардақты ана, ару қыз»

(Ана туралы бейнежазбадан ән ойнап тұрады)

Оқушылар мен әкелер аналарын қошеметтеп, қарсы алады.

1-ж:

Аяулы аналар, ардақты арулар. Сіздерді 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, зор денсаулық, өмірлеріңізге сәттілік тілейміз.

2-ж:

Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі және біздің ару қыздарымыздың мерекесі.

3-ж:

Адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Олай болса, бүгінгі Сіздерге арналған «Аяулы әже, ардақты ана, ару қыз» атты құттықтауларымызды қабыл алыңыздар!


1-ж:

Шуақты көктем келді гүлін алып,

Көктемнің мерекесі бүгін анық.

Өмірдің көктемі де, гүлі аналар,

«Ана» деп бас иеді күллі халық.


2-ж:

Сен өсірген балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті аналар.


3-ж:

Біз ғана емес қадір тұтқан балалар,

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген-тіршіліктің тірегі,

Армысыздар, қасиетті аналар.


«Жалғыз көзді ана» тамашалау


Оқушылардың тақпағы:

Бекжан, Арай, Ахмет, Таңнұр, Қаламқас


1-ж:

АНА – жүрек, жүректі құдіретте

АНА – тірек, тіректі құрметте

АНА – шыңың, шыңыңа сағынып жет

АНА – күнің, күніңе табынып өт.


Күй. Орындайтын Маратқызы Аруназ. Қабыл алыңыздар!


Оқушылардың тақпағы:

Нұр, Нұрай, Жансерік, Айдана, Еркеназ


2-ж:

Баланыңда тірегі,

Дананың да тірегі.

Шаншымасын ешқашан,

Аналардың жүрегі.

Оқушылардың тақпағы:

Мансұр, Аруназ, Рахман, Ерболат, Арсен, Мөлдір


3-ж:

Айналайын анашым,

Асқар таудай панасын.

Күн көзіндей күлімдеп,

Құшағыңа аласың.


Ән: «Анам алтын» орындайтын Семейханов Рахман


1-ж:

Еркелесем күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп мені,

«Құлыншағым, күнім» дейтін.


Аналармен би.


2-ж:

- Құрметті аналар, бейнежазбаға назар аударыңыздар!

(Балалардың құттықтауы, сыйлықтарын сыйлау)


1-ж:

Дүниедегі ең ардақты асыл жан,

Анам менің мәпелеген жасымнан.

Мен қуансам қуанады ол бірге,

Мен қиналсам табылады қасымнан.


2-ж:

Маған қымбат жан жоқ сірә, анадан,

Бар жақсылық аналардан тараған.

Жер бетіне өмір нәрін себуші

Ана алдында борышты ғой бар адам.


3-ж:

Ана тұрса құшаққа алып баласын

Бақыт, шаттық белгісіндей жарасым

Қабағыңды кірбің шалмай өмірде

Қуанышқа кенеле бер, анашым.


1-ж:

Мен ананы шуағы мол күн деймін

Анадан зор құдіретті білмеймін

Анам ылғи қамқор болып жүреді

Сондықтан да жылда түлеп гүлдеймін.


2-ж:

Анам менің, асылым, лағыл әнім,

Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,

Жұлдызыңдай көгіңде жағыламын

Алыс кетсем-аңсаймын, сағынамын.


3-ж:

Аяулы да алтын нұрлы анашым,

Жүрегіммен мәңгі бірге боласың

Сен асқарсың, сен аспансың, биіксің,

Сен дархансың, сен жомартсың, данасың.


Мұғалім: Құрметті аналар, қыздар! Қоштаса отырып, сіздерді 8 наурыз мейрамымен құттықтай отырып, ертеңгілігімізді «Анашым қартаймашы» әнімен аяқтаймыз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
1392
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі