Ақ жарқын - жан анам!
Мақсаты: Аналар мерекесі қарсаңында асыл аналарды құттықтау, оқушылардың бойына адамгершілік деген асыл қасиетті сіңіру.Анаға деген махабатты арттыру.
Көрнекілігі: шарлар, ұлағатты сөздер жазылған плакат.
Барысы:
Аналар мен қонақтар төрден орын алады.
Сынып жетекшісінің кіріспе сөзі:
Ана десем алғыс алам халқымнан ,
Ана десем теңіз болам шалқыған.
Ана десем ашылады қабағым,
Ана десем әділдікті ұғынам.
Біз ғана емес,
Қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,қасиетті аналар!
Әке өмірдің тірегі болса, ана ағынды арнасы. Ана жаны сондай нәзік, ана жүрегі сондай ізгі, мейірімді. Нәресте шыр етіп дүниеге келгеннен бастап алақанына аялап, ақ сүт емізіп, әлпештеп баулитын ана. Ананың қасиеттерін аз ғана сөзге сыйғызу мүмкін емес. «Ана» деген сөздің қуаты дарияға тең.ол сарқылмайды, ұмытылмайды, ескірмейді. Бала – ананың асыл арманы, алтын кені. Ендеше сол балаларыңыздың дайындаған шағын мерекелік сый тартуын қабыл алыңыздар!
(Музыка әуенімен сыныпқа қолдарында гүлдері бароқушылар кіреді. Гүлдерін аналарына тарту етеді.)
Ұлпан: Сіздерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Бәрі бірге: Аяулы асыл аналар!
Сағындық: Кім ойлап тапқан,
Сөздерді ең аяулы.
Ойлап тапқан оларды,
Бәрі бірге: Аяулы асыл аналар!
Хор: «Анамның тілі – аяулы үні»
Құрметті аналар,біздің мектептің ұстаздары, қыздары! 8-Наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық,өмірдің шапағатын тілейміз! Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын...Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.
Бүгінгі сабағымыз аналар мерекесіне байланысты болғандықтан, аналарымызды ойынға қатыстырып, сайысқа түсірмекшіміз.
1.Ойын.Енді, аяулы асыл аналарымызды ортаға шақырамын. Сыныптың екі анасының «Өлеңнің жалғасын айт» ойынын ойнату арқылы, өнерлерін тексереміз..
Ойынның шарты: Бір ана өлеңді бастайды, екінші ана жалғастырып кетуі керек, келесіде керісінше екінші ана ән айтады да, бірінші ана жалғастыру керек. Ерекше көзге түскен ана «Әнші, ана!»дипломымен марапатталады.
.Жания: Аналар өмір жүрегі,
Балалар оның тірегі.
Өмір бойы аймалар,
Анамызды сүйеміз!
Ана біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз
Айдана:
Менің әжем, гүл
әжем
Алтын әжем, күн
әжем.
Апам үшін, мен
үшін
Нағыз ана тілі -
әжем
Ақерке: Ана деген ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да,
Тек анаға жақынсың.
Ән: Алмаз. «Анашым»
2.Ойын. Ортаға үш қыз бен аналарын шығарамын да «Көзіңді жұм да таны» ойынын ойнатамын.
Ойынның мақсаты: Аналардың тапқырлығы, байқампаздығын анықтау.
Ойынның шарты: Аналардың көзі байланады, қыздардың орындары ауыстырылып қойылады да көзі байланған қыздардың аналары, өз қызын қалай да болса танып алуы керек. Жеңімпаз ана «Тапқыр ана!» дипломымен марапатталады.
Ұлпан:Өмірде ана бұлақ, ана пана
Өмірді өркендетер ана ғана.
Өсірген талай көсем, талай шешен
Талай ер, талай ақын, талай дана,
Ана! Ол біздің елде ардақты адам.
Ерасыл: Менің әжем ақ әжем,
Ұл мен қыздың бағы әжем
Ертегі айтып бер десем,
Айтып берер тағы әжем.
Ән: Жания. «Апам үшін»
3.Ойын.Тағы да ортаға 3 ананы шақырып «Су тасы» ойынын ойнатамын.
Ойынның мақсаты: Аналарымыздың ептіліктерін тексеру
Ойынның шарты: Екі орындыққа кесеге құйылған су қойылады, келесі бетте екі орындықта бос кеселер тұрады. Аналар қасықпен тасып, бірінші кеседегі суды төкпей, шашпай екінші кесеге құю керек. Суды әдемі тасыған ана«Епті ана» дипломына ие болады.
Анель:Ана өмірдің қуанышы
тірегі
Бала оның жұбанышы
жүрегі
Ана алдында ел жауы да бас
иген
Ол әрдайым тыныштықты
тіледі.
Сағындық: Ана деген- бәйтерегі өмірдің,
Ана деген- қуанышы өмірдің,
Ана деген - әрбір үйдің жылуы,
Ана деген – гүлі туған өмірдің.
Би: Жанерке, Ақерке, Жангүлім
4.Ойын. Ортаға екі ананы шығарып «Мақалдың жалғасын айт» ойынын ойнату арқылы, білгірліктерін тексеремін.
Ойынның шарты: Бір ана мақал бастайды, екінші ана жалғастырып кетуі керек, келесіде керісінше екінші ана мақал айтады да бірінші анажалғастыру керек. Ерекше көзге түскен ана «Мақалшы, ана!» дипломымен марапатталады.
Жангүлім: Аналарды сүйеміз,
Ақылын ойға түйеміз.
Аналарды ардақтап,
Әдеппен бас иеміз!
Ана- деген жан екен,
Ана- деген ән екен.
Ұстаз- ана, мерейің,
Үстем болсын әрдайым!
Нұрлан: Қамымды ойлар күн-түні,
Анам – менің көктемім.
Ақтай алсам үмітін,
Арманыма жеткенім.
Алмаз:
Жылылықтан
жаралған
Құшағы оның таң
мекен
Менің айдай
анамнан
Асқан сұлу бар
мекен.
5.Ойын. Ортаға үш ананы шығарып «Шынықсаң, шымыр боларсың!» ойынын ойнатамын.
Ойынның мақсаты: Аналарымыздың спортқа деген бейімін байқау.
Ойынның шарты: Жерге үш қатар газет төселеді де ортаға шыққан үш ана сол газеттердің үстімен жылдам жүріп келесі бетке өтуі керек те келесі беттегі есепті шығарып кері қайтуы қажет. Алғашқы боп жеткен ана «Спортшы ана»дипломына ие болады.
Мағжан:
Менің әжем, гүл
әжем
Алтын әжем, күн
әжем.
Апам үшін, мен
үшін
Нағыз ана тілі -
әжем.
Жансұлу:Бүгін наурыздың
сегізі,
Сұлулықтың
негізі.
Әдемі сөз
–
Адамның
Анаға айтар
лебізі
Мәпелейсің мені
анам,
Қолыңдағы
құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем
алам.
Құшағыңда қысылмай.
Дәулет:
Ана - біздің елде ардақты
адам,
Кіші де, үлкен де оны
ардақтаған.
Өзінің аяулысы - Отанды
да,
Ана деп біздің халық текке
айтпаған.
Ән: Дәулет
6.Ойын. Екі ананы ортаға шығарамын да «Биле, биле!» ойынын ойнату арқылы, бишіліктерін тексеремін.
Ойынның шарты: Бір ана би бастайды, екінші ана жалғастырып кетуі керек, келесіде керісінше екінші ана би бастайды да бірінші ана жалғастыру керек. Ерекше көзге түскен ана «Биші ана!»дипломымен марапатталады
Ерқанат:Бар ана туған жердің гүлі
дер ем,
Анажан, қайғың болса
күңіренем.
Таусылмас тау туындай ақылың
бар.
Сен барда менің әрбір күнім
өлең.
Қанат: Өлең айтып беремін,
Нанды алып келемін.
Өйткені мен анамды.
Өте жақсы көремін.
Жанерке: «Күнім, жаным» дегенді,
«Құлыншағым» дегенді,
«Ботақаным» дегенді
«Қошақаным» дегенді,
«Айналайын» дегенді,
«Толған айым» дегенді
Бәрі бірге: Ойлап тапқан, аналар!
Сабағымыздың соңында балаларыңыздың ана тілі сабағында жазған ең алғашқы шығармасын сіздерге ұсынамын.
Ерлік еткен біз үшін
Еңбек еткен біз үшін
Еркелеткен біздерді
Еркіндеткен біздерді
Бәрі: Аналарға мың алғыс!
«Адал бол деп балдырған»
Әділдікке баулыған
Қуанышты күнде енді
Құттықтаймыз сіздерді
Бәрі: Аналарға мың алғыс! (бас иеді)
Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды. Шын ниетімізбен алғыс айтамыз. Қош сау болыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты "Аяулы анашым" 1сынып

шағым қалдыра аласыз