400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Аяулы анашым" мектепалды даярлық

Материал туралы қысқаша түсінік
Аналар мерекесіне арналған тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Аяулы анашым».

Мақсаты: Балаларға 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесінің салтанатын сезіндіру, Ана ұғымының мән-мағанасын ашу,Ана еңбегін ардақтап құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Буклеттер, гүлдер, мерекелік шарлар, плакаттар, үнтаспа.

1.Негізгі бөлім.

-Қымбатты балалар, аяулы аналар, ақ жаулықты әжелер, апайлар, сіздерді көктем мерекесімен, 8-наурыз аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт тілей отырып осы кішкентай бүлдіршіндеріңіздің дайындаған шағын мерекелік сый тартуын қабыл алыңыздар.«Аяулы анашым» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын.

Бала,бала ,бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Қолын қатты тигізбей,

Кірлі көйлек кигізбей,

Иісін жұпар аңқытқан,

Бұл кім екен балалар?

Балалар: Ана,Ана, -деп жауап береді.

-Балалар ,бізді дүниеге әкелген кім?

-Бізді өсірген кім?

-Біздің тамағымызды дайындап, бізді сабаққа киіндіретін кім?—Ана.

-Дұрыс айтасыңдар - біздің анамыз.

-Біз анамызды жақсы көреміз бе? – Ия.

Хормен : Ана деген –бәйтерегі өмірдің,

Ана деген-қуанышы өмірдің

Ана деген- әрбір үйдің жылуы,

Ана деген-гүлі туған өмірдің.

1-2 оқушы шығады: Құрметті аналар, апайлар сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық ,мол бақыт тілейміз!

Нұрсая:Бүгін наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз адамның

Анаға айтар лебізі.

Бибарыс:Ана десем сезім билер тым ыстық,

Жарасымды адамдарға туыстық.

Бар адамға берсе ананың мейірін,

Орнар еді бар әлемде тыныштық.


Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы.Аяулы аналар, сіздерге деген балаларыңыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.

Данил: Бізді өсірген апатай,

Еңбегі де зор екен.

Құтты болсын апатай,

Құтты болсын мерекең.

Ғиззат:Жақсы көрем күлкіңді,

Айналайын ақ анам.

Менің апам сүйікті,

Бәріненде жақсы көрем.


Мақсат : Жарқын жүзді жан анам,

Сендей болсын бар адам.

Сендей болса бар адам,

Шаттық кетпес баладан.

Құрбанай: Сенсің ана жан күші,

Сендей болсын бар кісі.

Сендей болса бар кісі,

Шексіз перзент алғысы.

Ілияс: Ана-біздің күніміз,

Ананың біз гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

Балнұр: Менің анам не дейді,

Инабатты бол дейді.

Салт-дәстүрді сақтайтын,

Әдепті бала бол дейді.

Ән: Мақсаттың орындауындағы әнді қабыл алыңыздар.

Көрініс: «Менің анам жақсы». Бір топ балалардың орындауында.

Хор: «Апатайым анашым» Әні.

Біз сіздермен ойын ойнасақ:Ойын : «Өз баласы иіскеп табу» Шарты: көзін байлап ұстамай иіскеп өз баласын табу.

Нұрсая: Ақ арман-ақ анам,

Өзіңсің бақта маған,

Шығамын ақ сүтіңді

Қалайда ақтап анам.

Ақылшым анашым,

Мен үшін данасың.

Әбілмәнсүр: Өмірдің қызығы,

Өзіңсіз өтпейді.

Мен үшін анама

Ешкімде жетпейді.

Байжан:Жылылықтан жаралған,

Құшағы оның таң мекен.

Менің айдай анамнан ,

Асқан сұлу бар ма екен.

Динара:Мәпелейсің мені анам,

Қолыңдағы құсыңдай.

Құлпыра өсіп дем алам,

Құшағыңда қысылмай.

Абылайхан: Мен үшін жан асыл,

Тек өзің ғанасың.

Қартаймашы 100 жасқа,

Апатайым анашым.

Бибарыс:Айналайын анашым,

Ақылдысың данасың.

Ең сұлу жан әлемде,

Жалғыз өзің ғанасың.

Нұрғиса:Аялаймыз ананы,

Құрметтейміз бағамыз.

Сіздер үшін аналар,

Шырқап әнге саламыз

Ән: Ертас Байжанның орындауында әкеге арналған ән.


Жұмбақ жасыру.

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғалы отырмын.


Бұлтты айдап желдеткен,

Нөсерлеткен селдеткен.

Шалшық келіп ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың? Көктем.


Тырс-тырс етіп тамады,

Сайға қарай ағады. Бұл не? Жаңбыр

.

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын ашады. Бұл не? Күн.


Ән:«Қошақаным»Орындайтын :Балнұр,Динара,Бибарыс.

Ойынға кезек берейік.Ойын: «Шарды жару».Шарты: аналарды ортаға шығарып, бір амалмен шарды жарып ,ішіндегі сұраққа жауап беру керек.

Ұлас:Айналайын анашым,

Маған қорған панасың.

Мейірімді жан өмірде,

Жалғыз өзің ғанасың.

Бахтыгүл:Жақсы көрем күлкіңді,

Айналайын анашым.

Менің анам сүйкімді,

Бәріненде жақсы көрем.

Аяулым:Әжемді мейрамымен құттыұтаймын,

Айтатын әнім дайын,гүлім дайын.

Әжетай сізді жақсы көремін деп,

Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.

Айдос:Еркелесем күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің,

«Құлыншағым, күнім!»-дейтін.

Зікірилла:Жамандықтан сақтандырып,

Жақсы ісімді мақтан қылып.

Ақ анамды мен әрқашан,

Жүрсем деймін ,шаттандырып.

Мақсат:Ерлік еткен біз ұшін,

Еңбек еткен біз үшін,

Еркелеткен біздерді.

Еркіндеткен біздерді,

Бәрі: Аналарға мың алғыс?

Бибарыс: Адал бол, деп-балдырған,

Әділдікке баулыған.

Қуанышты күнде енді,

Құттықтаймыз сіздерді.


Құрметті аналар, әжелер осымен біздің «Аяулы анашым» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Қош сау болыңыздар.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1297
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі