Түркістан облысы, Кентау қаласы, «Нұртас» ауылы,
«Аманкелді
жалпы орта мектеп» коммуналдық-мемлекеттік
мекемесі
АӘД пәнінің ұйымдастырушы –
мұғалімі Ақай Тілес Төленбайұлы
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Ауған, сөнген
шоқ,
өшкен
арман
Тек
сенен
Есте
қалған...»
1-жүргізуші: Армысыздар, ардагерлер
лектегі,
Өмірлерің
– ерлік-күрес мектебі!
2-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар,
оқушылар!
Өткенін
ескермеген өшеді,
Өткенін
қастерлеген өседі,- демекші,
Берер
тәлімі мол тарихтың тірі куәгерлері бүгін біздің
ортамызда!
1-жүргізуші: Биыл 15-ақпанда Кеңес
әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 29 жыл толады. Бұл –
аз уақыт емес.
Ауған
соғысының қасіреті кімдердің жүрегін жараламады десеңізші?!
Азаматтық борышын атқаруға әскерге кетіп, табытпен оралғандары
қаншама?
2-жүргізуші: Атышулы Ауған соғысының
зардабы заман ауысқанымен тарихтың қасірет беттерінде жазулы.
Біздің республикамызда 22000 адам соғысқа қатысып, 720 өмір
қыршынынан қиылды, хабар-ошарсыз кеткен 20 тағдыр және бар. Азалы
Ауған тақырыбын біз еш уақытта ұмытпаймыз.
1-жүргізуші: Сұм соғыстың зұлмат өртінде
от болып жанып, шоқ болып жарқыраған , қараңғы қапас түнектен
жұлдызды сәуле, арайлы күн болып болашаққа қимастықпен сағына қол
бұлғап қалған қайран егіз тағдыр..., егіз есім...Аппаз бен
Нұрлан... Сарбаз киіміндегі тас бейнелерің «Біздер Антқа адал
болдық! Отанды сүйіңдер – сендерге аманат осы» деп көздерімен
ұқтырғандай...
2-жүргізуші: Ауғанстан жерінде қаза болған
жауынгер ағаларымызды еске алуға бір минуттық үнсіздік
жариялаймыз.
( Бір
минуттық үнсіздік)
( Ән –
«Бізді ұмытып кетпеңдер»)
1-жүргізуші: Отан – оттан да ыстық!
Азаматтық парыздың ішіндегі ең үлкені – Отан қорғау! Жауынгер жүгі
қашан да салмақты. Солардың арқасында біз той тойлап, ештеңеге
алаңдамай өмір сүріп жатырмыз!
2-жүргізуші: Құрметті ардагер ағалар!
Сіздердің өмірлеріңіз – жеке бір адамның жер бетіндегі тіршілігі
емес. Сіздердің өмірлеріңіз – Отан тарихымен, халық өмірімен
бірігіп кеткен өшпес, өнегелі өмір. Сіздер қандай құрмет болса да
соған лайықсыздар!
1-жүргізуші: Білеміз, жас өседі, туады
ерлер,
Қастерлеп, әке жолын қуады ерлер.
Тумайды,
сіздерден соң, тумасын-ақ,
Соғыс
деген сұм тажалға куәгерлер!
( Ән –
«Сарбазым»)
2-жүргізуші: Отансүйгіштік қасиетіңді
таныту үшін ... соғыстың болуы міндетті ме? Әрине,
жоқ!
Кейде
маған өсіп келе жатқан жас ұрпаққа соғыстан да қиын кезең туатындай
болады да тұрады ...
Сол қиын
кезеңдерде жеңіске жету үшін біздерге үлкен күш, ұлы рух қажет.
Сіздердің Отанға, Антқа адал болған ұлы сезімдеріңіз бізді де
Отансүйгіштікке жетелейді.
1-жүргізуші: Ел басына күн туған кезде
«ереулі атқа ер салып, егеулі найза қолға алып», «толарсақтан саз
кешіп» бабаларымыз қазақ елін сыртқы жаулардан қорғады. Кешегі Ұлы
Отан соғысы кезеңінде қаншама ата-апаларымыз Антқа адал болудың
үлгісін танытты. Мөлдір бұлақтан еш уақытта лай су ақпайтынын
сіздер істеріңізбен дәлелдедіңіздер.
2-жүргізуші: Аққулардай асыққан мөлдір
көлге,
Сағыныштың азабын жеңдіңдер ме?
Тұңғиықтың түбінен шығып бүгін,
Туған
жерге, ағалар, келдіңдер ме?
1-жүргізуші: Бүгінгі еске алу сағатымыздың
аса қадірлі қонақтары, жалындаған жастық шағын, қарулас достарын
ала бағанның арғы жағына қалдырған ардагерлеріміз бізің арамызда!
Олар:
- Ауған
соғысының ардагерлері: Жұмабаев Мұхтар және Ақай Тілес
ағаларымыз.
2-жүргізуші: (Көрініс)
«Жауынгер хаты» (авторы
М.Сергеев.)
Бауырым,
бұл хатымды аласың ба?
Ауғанның
тауларының арасында,
Бораған
қорғасын оқ бас көтертпей,
Жатырмыз
ессіз-түссіз жар астында.
Қоршаудамыз, барады айдан асып,
Анталаған
жаулармен тайталасып,
Іздеп
жатқан ел де жоқ артымыздан,
Шер-қайғыңды енді кімге айта аларсың?
Күңіреніп, күрсінеді Ауғанстан,
Жігіттер
де шаршады сұм соғыстан.
Түн
ортасы басталар қанды қырғын,
Жарылыстан-жарылыс – күл боп ұшқан.
Күні
өтеді осылай жастығымның,
Жолдасымның естідім ақтық үнін.
Қансырады, құлады командирім,
Бірақ
сырын алдырмай жатты күліп.
Күліп
жатты жалғанның барлығына,
Өспей
жатып жасыл гүл солды сонда!
Көтергенмен рухын жауынгердің,
Іште
қалды-ау өкпесі тағдырына!
Басқа
салды, біз көндік, амал қанша?
Тартысамыз дұшпанмен ала алғанша.
Қай
бұрышта қалады бас домалап,
Алла
білер, жортатын сапар қанша?
Кейде
ойлайсың, сұм ажал алып кетсе,
Қопарылып, өртеніп жанып кетсем,
Бауырым,
дән риза мен болар едім,
Осы хатым
еліме барып жетсе!
Түсімізге
енеді ақ қорымдар,
Дегендей
ме, сездіріп сақ болыңдар.
Бәрімізде
бір арман қоршаудағы;
«Сүйегіміз қалмаса екен жат қолында!»
Терістеуді
терістеу
Қ.Сарыбаев.
Оқушы:
Біз
ауғандық емеспіз,
Бастан
аяқ Кеңеспіз!
Отқа
оранған он жылды
Зая кетті
демеспіз.
Базбіреулер айыптап,
Қалталарын байытпақ.
Барған
жоқпыз біз онда
Қайту
үшін айыптап.
Отанымыз
бұйырды,
Қиып
өттік қиырды.
Сасқалақтап қашты әуел,
Сақалдылар үйірлі
Жігіттердің талайы,
Қапқа
түсті қалайы.
Құтқарамыз деп барып,
Құрсаулардан анайы.
Тәжік,
өзбек, пұштындар,
Бірін-бірі мысқылдар...
Бет-ауызын жүн басқан
Қорқынышты ұсқындар.
Онда
адамның құны-ақша,
Қуанады-құлатса...
Тастан-тасқа кәззаптар
Секіреді
лақша.
Ақша
деген зат есім,
Жаулап
алған жат есін.
Ондағылар
ақша үшін
Бауыздайды әкесін.
Әйелдерді
зорлайды,
Еркектерді қорлайды.
Оларда
адам өлтіру-
Өлтіргендей торғайды.
Исламмен
етене
Елің-жабық мекеме:
Еркек
пенен еркекті
Тіркейтұғын некеге!..
Жоқтығынан бағдаршам,
Тасқараңғы жандар сан...
XXI-ші
ғасырға
Кіріп
келді дамбалшаң!
Ызалы да
ызғарлы
Санамызда
із қалды:
Сендер
былғап жаттыңдар
Біз
сүйетін қыздарды!
Социализм
құрғалы
Кеткенбіз
сол жылдары...
Капут
бопты біз жоқа
Социализм
мұндағы!!!
1-жүргізуші: Қуанам адам болып
туғаныма,
Ата
жолын, дәстүрін қуғаныма,
Есімдері
ескірмей жасай берер,
Ұрпақтары
артында тұрғанында!
2-жүргізуші: Құрметті ардагер
ағалар!
Уақыт пен
тарихтың мәңгі жадында қалған оқиғаларды өз басынан өткерген
апаларымыз бен ағаларымыздың айтары да, бізге берер тәлімі де мол.
Ендеше,сөз кезегі өздеріңізде, құрметті қонақтар!
(Ардагер
ағалардың естелік әңгімелері тыңдалады)
Мектептің АӘД пәнінің ұйымдастырушы –
мұғалімі:
Қазақстан
Республикасының Қарулы Күштерінің болашақ сарбаздарына Қорғаныс
министрлігінің әскери есепке алынғандықтарын анықтайтын тіркеу
куәліктері салтанатты түрде табыс етіледі. Тіркеу куәліктерін
ардагер ағаларымыз тапсырады.
(Салтанатты рәсімде тіркеу куәліктері тапсырылады, марш
әуені орындалып тұрады)
Кеш
мектеп өнерпаздарының концертімен аяқталады.