400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты: "Ауылым - алтын бесігім" 8- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ауыл туралы әрбие сағатына қажетті көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жетібай ауылының №3 орта мектебі» КММ









Ашық тәрбие сағаты


Тақырыбы: Ауылым – алтын бесігім

Сыныбы: 7 «А»














Дайындаған:

Нәрік Ақшолпан







2017-2018 оқу жылы


Ауылым – алтын бесігім

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Жетібай ауылының  тарихымен таныстыра отырып,
туған жеріне,   еліне деген сүйіспеншілік сезімін  қалыптастыру                            

1-жүргізуші:

Тыңда дала, тыңда жолдас, тыңда ел!

Сөйлеп тұрған Қазақстанның оңтүстік батысында орналасқан ірі аймақтардың бірі, «Ұйқыдағы ару» атанған еліміздің мұнайы мен газын беріп тұрған қазыналы түбегі – Маңғыстау!

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Назарларыңызға 7 «А» сыныбының  дайындаған «Ауылым-алтын бесігім» атты  тәрбие сағатын ұсынамыз!

Көрме: Біздің ауыл – Жетібай (Көрмені таныстырушы: Мөлдір, Сымбат)

Құрметті қонақтар сіздерді оқушыларымыздың дайындаған көрмені тамашалауға шақырамыз.


Айханым:

Елі сенген еріндегі жүрекке,

Ері сенген еліндегі тірекке.

Бір ауыл бар, «мұнайлы» өлке атанған,

«Жетібай» деп аталатын түлекте.


Бір өлке бар Маңғыстаудың қауымында,

Бардың да, байлықтың да алыбы мында.

Өзіңде өсіп, өзіңнен ұзамаған соң,

Ыстық болып көрінеді сары құмыңда.


Өлкемізден шықты айбынды жастар асып,

Әлі талай ауылыңды жастанарсың.

Сен мен үшін болашағы жарқын елсің,

Сен мен үшін «қара алтынның астанасы!»


1-жүргізуші:

Ауыл – адамзат баласының кең дүниенің есігін ашып, өмірге келген жері. Ауыл – қазақ халқының алтын бесігі, салт-дәстүрі, өлең-жыры, өнері мен мәдениеті дамыған ордасы. Ия, біізде ауылдың перзентіміз. Біздің ауылымыз – Жетібай!


2-жүргізуші:

Жетібай! Аты жер жарған Жетібай — шетсіз-шексіз мидай жазық дөң. Аз ғана жыл бұрын көл-көсір осы дөңнің үстінде қажет десеңіз, бір отар қой да бағылмапты. Сауырына із түспестен құла-түз боп құлазыпты да жатыпты. Баяғы бір заманда бұл жерде де ел жайлап, халық мекен еткен дегендей, аннан-мұннан көнетоз күмбез молалар мойнын созып қалады. Кеше ғана моладан басқа көзге түсер ештеңесі жоқ атырапта бүгін барсаңыз, бұрғышылар мұнарасы мен әсем үйлері, ғимараттар құжынайды.


Бекзат: Айхой,  шіркін  Жетібай ауылым,

Ата – ана , құрбылар  мен  бауырым.

Қиындыққа  мойымыған  әр  уақыт,

Қайран  менің  өсіп – өнген А у ы л ы м




1-жүргізуші: Қандай болсын жер атының өзіндік бір себебі, көп жағдайларда қызықты тарихы болады. Жетібай поселкесі – Маңғыстаудағы алғашқы мұнай фонтаны атқылаған жер. Бүгінгі ұрпақ біздер сәулетті Жетібай ауылын білеміз. Ал Жетібай деген атау қайдан шықты, ол кімнің аты, дөңнің аты, шыңырау құдықтың аты неліктен Жетібай аталды, оны екінің бірі біле бермейді.

Көрініс: Жетібай атауының шығуы


Айханым (Автор): Маңғыстау жарты аралын Қазан төңкерісінен бұрын ру-ру болып көшіп-қонып жүрген елдер мекендеген. Солардың бірі осы Жетібай жерін, Жетібай шыңырауын мекендеген Қаржау деген кісінің балалары болыпты. Қаржаудан 6 бала – Серәлі, Ерәлі, Алтыналы, Қараман, Досалы, Қарайдар туады. Қаржаулар үстіртке Жем-Сағыз, Қайнар, Елекке дейін көшіп-қонып жүретін ел болған. Қаржаудың кіші баласы – Қарайдар, оның кіші баласы Амандық бай бір жылы жазда Арқаға көшпей, Маңғыстаудағы өзінің жайлауы Бекі құдығының маңайын жайлап қалыпты.

Амандықтың Ерәліден туған інісі Жетібай жарлы болыпты. Сол жылы Амандықтың үйінде қалып, оның қойын бағады.

Рысбек (Жетібай): Бір күні Жетібай осы күнгі Жетібай ауылы мен тас карьерінің арасындағы тастақ тақырда, көл орнында қалған бір інге түсіп кетіп, аты шөміріліп отырып қалады. Атының аяғына тілерсектен бекіту салып тартып шығарып алып үңгірге қараса, төмендеу жерде әуез бар екенін байқайды. Малшының қақпан құрып, белінен белшесін тастамайтыны белгілі, белшігімен ашып қараса, құдықтың аузын құрым киізбен жауып, бетін көмген шыңырау екенін айқындайды. Жаңбырдан түскен тамшыдан ішіне су құйылып шыңырау толып тұр екен.

Құдықты Жетібай ауылға хабарлайды. Бұл жер ауыл отыр деген Бекіден 25-30 шақырым шамасы жер.

Ербол (Амандық): Амандық бай келіп көріп, құдық екендігіне анық көзі жеткесін, басына арық-тұрық малдарды қондырып, басқамалдарын күн аралатып суарып, осы жерде қыстағысы келеді. Сол жылы суық күзде Хиуаға астыққа кеткен қалашылар ауылға келеді.

Айханым(Автор): Хиуаға астыққа кеткен қалашылардан шешек ауруын әкеліп, ауру жайылады. Бұл ауылдан бірінші болып осы Жетібай қайтыс болады. Оны құдықтың шығыс бетінде төрткүл төбеге жерлейді, қара таспен қалап, бейіт салады. Содан бастап Жетібай тапқан құдық, Жетібай құдық, Жетібай жерленген төбе, Жетібай төрткүл деп аталады. Бұл жерді бұрын суы жоқ болғасын ешкім баспайтын, су табылғанын естіген елдер келе бастайды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, «Жетібай» деген ат Жетібай атты малшы жігіттің, қарапайым еңбек адамының атынан шыққан деседі.


Мереке: Жетібай ауылына 1958 жылы мұнай барлаушылардың табаны тұңғыш рет тиген. Тарихқа зер салсақ, Маңғыстау мұ­найының ашылған күнін тарихта алтын әріптермен айшықтап қалдырған 1961 жылдың 5 шілдесі болатын. Нақ сол күні түнгі сағат 2-ден 40 минут өткенде бұрғылау шебері Бисенғали Бәжіковтің вахтасында Х.Тәжиев, Қ.Қазиев, В.Тевяшевтар басшылық ете­тін Жетібай мұнай барлау алаңындағы №6 ұңғыдан 2383-2389 метр тереңдік аралығынан қуатты мұнай бұрқағы атылды. Маңғыстау мұнайының бастау-бұлағы осы күн болды.


Зейнап: Сенімді  жолмен  бастасын,

Халқымның  алып  батасын.

Аттаған  жаңа  заманға,

Ауылым  менің  жасасын

Арман: Жетібай ауылы мұхиттардан қашық жатыр және Маңғыстау үстірттерінің солтүстік-батысындағы шөлді белдемде орналасқан.

А.Лаура: Жетібай ауылы – Қарақия ауданындағы ауыл. Маңғыстау облысы әкімдігінің № 308 бірлескен қаулысы мен 11.12.2014 жылғы облыстық мәслихаттың шешімі негізінде  Жетібай селосы  ауыл санатына жатқызылды.

Облыс орталығы Ақтау қаласынан шығысқа қарай 75 км, аудан орталығы Құрық кентінен солтүстік-шығысқа қарай 85 км жерде орналасқан. Тұрғыны 13592 адам (2017ж). Іргесі 1961 жылы өзімен аттас мұнай кен орнын игеруге байланысты қаланған.


Жайна: Мен жаныммен сүйемін осы ауылды,

Мен қаныммен сүйемін осы ауылды.

Қалай ғана сүймейін, қалай ғана,

Кіндігім мен кессе ол тұсауымды.

Осы ауылда тербелген бесігім де,

Осы ауылда қойылған есімім де.

Араздасып қалғанда ара ағайын

Ақсақалы жүреді кешірімге.



1-жүргізуші: Туған жерім – алтын бесігім деп туған елді көркейтуде аянбай тер төккен еліміздің перзенттерінің еңбегіне сүйеніп, өзім де солардың қатарында болғым келеді. 
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші ауылымыздың дамуына, өркендеп өсуіне үлес қосқан ата-ағаларымзға алғыс айтамыз.

2-жүргізуші: Ығылманов Намазбай, 1924 жылы 5 мамырда Форт-Шевченко қаласында туылған. Әскер қатарына 1943 жылы шақырылды. Люблин, Варшава қалаларын азат ету үшін болған ұрыстарға, Берлин қаласын алуға қатысқан. Қызыл Жұлдыз ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, «Варшаваны азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін», «1941-1945жж Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен, мерейтойлық медальдарымен марапатталған. 2014 жылы 19 қарашада дүниеден озды.


Ақжол: Мастаев Құбаш 1923 ж бұрынғы Гурьев облысы Теңіз ауданы Өлеңді аулында дүниеге келген. 1942 ж. Қызыл Армия қатарына шақырылады. Ұлы Отан соғысында көрсеткен батылдығы мен ерлігі үшін«Қызыл Жұлдыз», «І дәрежелі Отан соғысы» ордендерімен және «Ерлігі үшін», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен наградталған. 1968-1984 жж. Қарақия ауданы № 3 мектепте АӘД, жоғары сыныптарға тарих пәндерінен мамандығы бойынша мұғалім, мектептің оқу ісі меңгерушісі қызметтерін атқарған. «Қазақ КСР-ы халық ағарту ісінің озық қызметкері» төсбелгісімен, облыстық Құрмет грамоталармен марапатталған.

Рысбек: Қалыбаев Шарқатбай 1926 жылы Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген. 1941-1945жж Ұлы Отан соғысының ардагері. Жеңістің 60,65,70 жылдығына арналған Ордендерімен марапатталған.

Ақбаян: Салманов Сүйеген Әжібайұлы 16.04.1939 жылы Маңғыстау ауданы Тұщықұдық ауылында дүниеге келген, мұнайшы, барлаушы. 1961 жылы Маңғыстау мұнай-газ тресі және Жетібай мұнай-газ барлау экспедициясында бұрғышының көмекшісі, бұрғышы, бұрғылау шебері болды. Сонымен қатар

  • Түбекті игерушілердің әлеуметтік жағдайының жақсаруына;

  • Кенорындарын игеруге келген халықты ауыз сумен, өндірісті тұщы сумен қамтамасыз етуге;Жұмысшыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге және де жұысшылардың жұмыстан тыс уақыттарын демалысын ұйымдастыруға ат салысты.



1-жүргізуші:

Ауылымызда өнер десе ішкен асын жерге қоятын өнерлі жандарымыз көп. Олар ауылымыздан түлеп шыққан, еліміздің атын басқа елдерге танытып жүрген Орын Құлсариев, Айгүл Қосанова, Ибрагим Алтыбаев, Жоламан Көшкінов және т.б. Өнерлі жандарымыздың өмірдегі және өнердегі жолдарына қысқаша тоқталып өтейік.


М.Лаура: Орын Құлсариев - Республикалық дәрежедегі зейнеткер, еңбек және тыл ардагері, «Ерен еңбегі» медалі, «Құрмет» орденінің иегері, Маңғыстау облысының құрметті азаматы. Маңғыстау облысының аға домбырашысы. Орын Құлсариев 1985 жылы Жетыбайда балалар өнер мектебін ашты.


Әсем: Боранқұлов Қайырбек Жұмалыұлы 1951 жылы Алматы облысы, Лепсі кентінде туылған. №3 орта мектепте 1991 жылдан бастап мұғалімдік қызмет атқарды. 2017 жылы құрметті еңбек демалысына шықты.

Бос уақытында ән шығару және сурет салумен шұғылданады. «Жарқырай бер Жетібайдың жұлдыздары», «Жайнай бер, Жетібай», «Мұнайшы вальсі», «Елім бақыт мекені», «Ақтауым – асыл арманым», «Бақытты ел - Қазақстан», «Қарақат көздер-ай», «Аяулы ұстазым» әндері қазіргі таңда орындалып жүр.


2-жүргізуші: Мектебіміздің жарық жұлдызы, бірнеше ән байқауларының жеңімпазы Қарақожа Қайсардың орындауында «Жетібайдың жұлдыздары» әнін қабыл алыңыздар! Әні мен сөзі Боранқұлов Қайырбек

Рахмет, Қайсар өнерің өрге жүзсін


1-жүргізуші: Бүгінгі таңда ауылымыз күн санап көркейе түсуде. Ауылда 3 орта мектеп, 4 балабақша, аудандық кітапхана филиалы, спорт кешені, өнер мектебі, аула клубы, емхана мен аурухана,  мәдениет үйі, Сүйінғара мешіті, АТС пен телеарна тарату орталығы халыққа қызмет етеді. Қазіргі таңда, ауылымыз табиғи газбен, ауыз сумен, тоқ көзімен, телефон желісімен және ұялы телефон байланысымен толықтай қамтамасыз етілген.


Сәнтөре: Менің туған ауылымдағы мектеп ең алғаш 1960 жылы жертөледе бастауыш сынып болып ашылды. Оның директоры Өрбісінов Майлыбек, ал оқу ісінің меңгерушісі Ашығалиева Маруся болды.

1965 жылдары 8 жылдық мектепке айналды. Жаңа мектеп ғимараты  салынды. Мектеп директоры Көшенов Социал болды.

Сәнжарық: №8 орта мектеп №3 мектептің құрамынан 1968 жылы №20 сегізжылдық мектеп болып бөлініп шықты. Мектеп алғашқы оқу жылын 17 сынып, 482 оқушы, 20 оқытушымен бастады. 1975 – 1976 оқу жылынан бастап №8 орта мектепке айналды. 2005 жылдан бастап мектеп жаңа ғимаратқа  көшті.

Аяжан: Ауылымызда «Жанарыс» тігін цехы мен арнайы киімдерді химиялық тазалау цехынының жұмысы істейді. Нысан 2014 жылы іске қосылды. Қазіргі таңда мекемеде Жетібай ауылының 65 тұрғыны қызмет етеді, кәсіпорынның 200 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндігі бар. Олар жылына 5500 жұмыс киімдерінің жинақтамасын, 24 мың қолғап, 2200 әртүрлі өнімдер тігеді.

Мағжан: Жетібайдың тағы бір жағынан көркейгендігін байқауға болады. Оған дәлел Елбасымыздың «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 2015 жылы басталған Ақтау-Жетібай-Шетпе бағытындағы тас жолдардың салынғандығы. Құны 36 млрд- теңге құрайтын алпауыт жобаны "Дженгиз Иншаат" компаниясы қолға алған. Олар қазір Жетібайдағы 2 деңгейлі жол айырықты салды. Ені 24 метр, биіктігі 7 метр, ұзындығы 144 метрлік  6 бағаналы көпір қиылысы 4 жолақты болды.


1-жүргізуші:

Болашақта біздің ауылымыз көркейе түседі. Ендеше оқушыларымыздың дайындаған жобасын тамашалайық:

Махсетқызы Айгерімнің орындауында «Туған жер» әнін қабыл алыңыздар


2-жүргізуші:

Ауылым – ырысы мол құт-мекенім,

Мәңгіге ақ бесігін тербетемін.

Саянда ойнап, өсіп, білім алып,

Алаңсыз асыр салып ер жетемін.

Ер жетіп үмітіңді біз ақтармыз,

Жеріңді ұлтарақтай біз сақтармыз.

Қасиетті Жер-Ана, ауыл-елді,

Көркейтетін болашақ – біз жастармыз.   

 

1-жүргізуші: Елдің еңсесін көтеру жастардың мойындағы міндеті, бабалар заманнан қалған арман – тілекті алға апарушы жастар екенін әрбір жас білуі тиіс. Құрметті қонақтар, оқушылар Аманаттың ақ ордасы – ауыл. Ауыл мәдениетін көрейік. Аманаттың ақ жолына қанат қағайық ағайын.
Тәрбие сағатымызды қорытындылау үшін сөз кезегін мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Науханова Назипа апайға сөз береміз.
Осымен бүгінгі «Ауылым-алтын бесігім» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Келіп тамашалағандарыңызға рахмет.



Мұғалім сөзі-Отанымыз тыныш болсын, әр отбасына бақыт, байлық, денсаулық тілеймін. Балаларымыз өз өнерлерімен бізді осылай қуанта берсін. Бүгінгі кешті мына өлең жолдарымен аяқтағым келіп отыр

Гүлденсе, біздің ауылымыз,

Гүлденеміз бәріміз,

Ауылменен әрқашан,

Кіреді біздің сәніміз.

Берекем мен бірлігім,

Ауылымнан таралар.

Ауылым менің көркейіп,

Өркениетті ел болар.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31 қазан
1011
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі