жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты "Бала құқығы"
Тәрбие сағаты |
Мектеп: «Қайназар ауылындағы №1 бастауыш мектебімен» КММ |
|||||||||||||||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Асқар Гүлнұр |
|||||||||||||||||||
Сынып: 11 «Ә» |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Бала құқығы туралы конвенция |
|||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық мәдениеті, бала құқықтары туралы конвенцияның негізгі ережелері туралы білім деңгейін арттыру. Оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту,әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру. |
|||||||||||||||||||
Сабақтың түрі |
Пікір алмасу |
|||||||||||||||||||
Сабақтың әдісі |
Пікірлесу, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, «Аукцион» әдісі, |
|||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Қазақстандық патриотизм және азаматтық, құқықтық тәрбие |
|||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Құқық негіздері, өмірмен байланыс |
|||||||||||||||||||
Тақырып бойынша алдыңғы білім |
Адам құқықтары жайлы біледі. |
|||||||||||||||||||
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||||||||||||||
Сабақтың басы |
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Психологиялық атмосфера қалыптастыру.
Мемлекеттік әнұранын орындау.
Оқушы үндеуді мәнерлеп оқиды. Үндеу Жас жеткіншек! Сен өзіңді құрметтеуге тиіссің. Бойындағы бар қабілетіңді тек жақсылыққа бағыттай біл. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ бол. Ар-намысыңды биік ұста. Өз тағдырың-өз қолыңда. Өзіңе сен. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағындай өзін сақтай алады.Тәртіпті бол, өз құқығыңды дұрыс пайдалан. Сен ел үшін керексің, өйткені сен- тәуелсіз еліміздің болашағысың.
«Бейнеролик» тамашалау «Зымыран сұрақтары»
|
Мемлекеттік әнұран
https://www.youtube.com/watch?v=EQ7xwrtV9ic
Сұрақтар |
||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
|
Заң дегеніміз- қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз-мына біздер. Ата Заңымыз- еліміздің рәміздерінің бірі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Конституция — бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі Заңды елдің Туы, Әнұраны, және Елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу-біздің парызымыз» деген. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармауы, өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заңын, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады. Конституция- елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оны Ата Заң деп құрметтейміз. Әрбір адам өзінің де, өзге елдің заңына бағынуға міндетті. Әр мемлекеттің өзіне тән заңы бар. Олай болмағанда дүние астаң-кестеңі шығып, небір жан түршігерлік нәрселер болар еді. Сан мыңдаған жылдар бұрын адамзат пайда болды. Міне, сонымен қатар түрлі мәселелер де туындай бастады. «Адамдар не істеуге болады, не істей алады?» деген сұрақтар туындай бастады. Міне, осы кезде әр елдің заңы, ережелері шыға бастады. Міне, балалар, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң- 1948 жылы 10-желтоқсанда қабылданған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқықтары декларациясы». Міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 жылы 20-қарашада «Бала құқығы туралы конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 91 мемлекет кірген. Конвенция дегеніміз- арнаулы мәселелер жөніндегі мемлекетаралық келесім шарт. Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы» Заң қабылданды. Бұл Заң 10 тарау, 53 баптан тұрады. 2002 жылы 2-қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қояды, сөйтіп қазақстанның «Бала құқығы туралы заңы» енгізілген. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылығы 8 тамызда № 345 Заңы «Бала құқығы туралы халықаралық конвенциядан» Конвенцияға кіретін құқықтардың бәрі барлық балаға бірдей тарайды. Конвенцияға қол қойғаннан кейін балаларды кемсітуден қорғауға және олардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін белсенді шаралар қолдану міндетін мемлекет өзіне алады.
«Бала құқығы туралы халықаралық конвенциядан» — Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді. — Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы. — Әрбір бала өз отбасында ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы. — Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкім ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ. — Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы. — Әрбір баланың ой-пікір, ар-ождан және дін еркіндігіне құқығы бар. — Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы. — Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы. — Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.
Топтық жұмыс постер қорғау. Интернет желісін қолдана отырып, әр топқа берілген тапсырмаларды орындайды 1-топ «Ақиқат» 4-тарау «Бала және отбасы»
2-топ «Заңгерлер» 7-тарау «Бала және қоғам»
3-топ «Болашақ» 3-тарау «Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері»
Проблемалық сұрақтар
«Жастар мен қылмыс» «Заңгерлер тобына» жастарды қылымысқа итермелейтін не? «Ақиқат» тобына Мектеп жасындағы жастардың құқықтық норма бұзу шарттары қандай деп ойлайсыңдар? «Болашақ» тобына Жастар арасындағы қылымысқа жол бермеу үшін не істеу керек?
1-топ: «Ақиқат» Балалар, қазір біздер берілген сөздерді дұрыс орнына қойып міндетімізді анықтауымыз керек. Менің міндетім Заңға ………………………………………….. Басқа адамдардың …………………….., бостандықтарын, жеке өмірін, ар-намысын ……………………………………. Мемлекеттік …………………… сыйлау …………………. тәртіпті ………………… қоғамдық, сыйлау, бағыну, тәртіп, құқықтарын, рәміздерді, сақтау«Не істеуге болмайды?»
2-топ: «Заңгерлер» «Тәртіп орнат» 1. Құқық А – Еліміздің негізгі заңы. 2. Конституция Б – Мемлекет басшысы. 3. Мемлекет В – Негізгі саяси қоғамдық ұйым. 4. Азамат Г – Тәуелсіздік. 5. Құқық бұзушылық Д – Заңдар жинағы. 6. Президент Е – Заң шығарушы орган. 7. Парламент Ж – Заң жүйесін бұзу. 8. Егемендік З – Құқығы бар ел тұрғыны. 1 ---- 2 ---- 3 ----- 4 ------- 5 ------ 6 ----- 7 ------ 8 Д --- А ---- В ----- З ----- Ж ------ Б ---- Е ------ Г 3-топ: «Болашақ» Сызық арқылы ораластыру «Не істеу керек?» -Үлкен кісіні …………………………..( тілін алу керек) – Үлкеннің ……………………………..( сыйлау керек) – Үлкендерге ………………………….( күтіп ұстау керек) – Кішілерге ………………………………….( сыйлау керек) – Аналарды, апаларды ………………….( қамқорлық жасау керек) – Оқу құралдарын ………………………( сәлем беру керек)
Халық мақал-мәтелдер, тыйым сөздер арқылы баланы жастайынан ұрлық қылмауға, өтірік сөйлемеуге, «біреудің ала жібін аттамауға»тәрбиелеген. Ала жіпті қазақ тыйым белгісі ретінде қолданған, пір тұтқан.Ендеше келесі кезекте «Ой жалғау». Ол үшін мақалдың басқы бөлігінің жалғасын табу керек.
ЖЕКЕ ЖҰМЫС
«Аукцион» әдісі мұғалім банкир, оқушылар клиент боласыздар.
ә) Балалар құқығын қорғау. Білімді ұрпақ – ел ертеңі. 1. Жеке адамның құқығы дегеніміз не? (Адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған, заң арқылы қорғалған тәртіптік шара) 2. Құқықтың қандай түрлері бар? (Жеке (азаматтық), саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәденит.б) 3.Адамның негізгі құқығы. (Өз құқықтарын дұрыс пайдалану құқығы) 4. Адамның ешкім қол сұғуға болмайтын құқығы не? (Бостандық) 5. Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жас шамасы. (16 жас, ерекше ауыр қылмысқа 14 жастан тартылады.) 6. Қай жастан бастап жасөспірімдердің еңбекке араласуға құқығы бар? (14жастан) 7. Бала құқығы туралы конвенция қашан қабылданды? (1989 ж 20- қараша) 8. Бала Құқықтары туралы заң неше тарау, неше баптан тұрады. (10 тарау, 53 бап) 9. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы қашан қабылданды. (1948 ж 10- желтоқсан) 10. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заң қашан қабылданды? (2002 жылы 8 тамызда) |
Слайд
Үлестірме материалдар
Слайд
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z020000345_
|
||||||||||||||||||
Сабақтың соңы Рефлексия
|
Қорытынды бөлім. Немістің ұлы ақыны В.Гете серуенге шығарда қалтасына түрлі гүлдердің тұқымын салып алып, шалғындардан, орманнан өткенде, тауға шыққанда гүл тұқымдарын сеуіп жүретінді жаны сүйетін. Оның жүрген жерлерінен мезгілі жеткенінде керемет гүлдер өсіп шығатын. Гете сепкен гүл ме, әлде табиғи жолмен өздері көктеді ме , оны білу міндетті емес. Дегенмен сұлулық әлемі, әсемдік әлемі байыды. Сол сияқты дүниеде заңдар дұрыс орындалса адам өмірі, адамзат дүниесі сұлу да әсем болар еді.
Сабақты қорытындылау «Ойлаудың 6 қалпағы» әдісі
Үндеу Жас жеткіншек! Сен өзіңді құрметтеуге тиіссің. Бойындағы бар қабілетіңді тек жақсылыққа бағыттай біл. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ бол. Ар-намысыңды биік ұста. Өз тағдырың-өз қолыңда. Өзіңе сен. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағындай өзін сақтай алады.Тәртіпті бол, өз құқығыңды дұрыс пайдалан. Сен ел үшін керексің, өйткені сен- тәуелсіз еліміздің болашағысың.
|
Стикер |
||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген