Тақырыбы: «Бүгінгі
шақ және болашақ: Әр бала үшін қорғаныс
қамтамасыз етілген балалық шақ»
Мақсаты:
Оқушының
құқықтары мен міндеттері туралы
білімдерін толықтыру.
Оқушыларды
адам құқықтарына оқыта отырып, түрлі
өмірлік жағдайларда өз мүмкіндіктерін
жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім
қабылдай алу әрекеттерін дамыту.
Қазақстанның
болашағына үлесін қоса білетін білімді
де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу
Көрнекілігі: Қазақстан
Республикасының Конституциясы, «Бала
құқықтары туралы» Конвенция, Туу туралы
куәлік, слайдтар.
Сабақ
барысы:
І.
Ұйымдастыру.
ІІ.
Психологиялық дайындық
Мақсатымыз:
білім алу
Міндетіміз:
еңбектену
Әр
оқушы өз құқығын білу,
Оны
өмірде пайдалану
Ой
-қозғау
1.Балалар,
қалай ойлайсыңдар, қай жасқа дейін
азамат бала болып саналады?
2.Балалар
сендер не істеуге құқылысыңдар?
3.Оқушының
қандай міндеттерін білесіңдер?
«Бала
құқығы»
Бала
құқықтары туралы заңда 18 жасқа дейінгі
азаматтарды бала деп есептейді.
(кәмелетке толмаған)
Сендер
қалай ойлайсыңдар, баланың өкілі кім?
Әрине,
баланың қызығушылығы мен құқығын
қорғайтын, тәрбиесіне, білім алуына
қамқорлықты қамтамасыз ететін адамдар:
ата-анасы, асыраушысы, қамқоршысы.
Бала
туған кезде ата-анасы оған есімін қойып,
ата-тегін береді. Осы мәлімет арнайы
құжатта жазылады.
Ол
– Туу туралы куәлік (Осы құжат сендердің
тұлғаларыңды растайды).
Біз
қай елдің азаматтарымыз? (Қазақстан
Республикасының азаматтарымыз).
Яғни,
Қазақстан өкіметі сендерге қамқор
болады. Ал, енді балалар, «Бала құқықтары
туралы» конвенциядағы айтылатын баланың
негізгі құқытарын атап өтейікші.
Балалар
сендер не істеуге құқылысыңдар?
Өмір
сүруге
Ата-тегін
алуға
Отбасында
тәрбиеленуге
Жеке
бас бостандығына
Азаматтық
алуға
Білім
алуға
Баспана
алуға
Демалуға
Денсаулықты
сақтауға
Сөз
бостандығына
Қоғамдық
жұмыстарға араласуға
Түсініктеме
Құқық
– мемлекет
тарапынан, болмаса тиісті қаулы, заңмен
әрбір адамға берілген ерік, бостандық.
Конституция
– бұл
Қазақстан Республикасында тұратын
барлық азаматтардың құқықтары мен
міндеттері белгіленген құжат.
Конвенция
– арнайы
бір мәселе жөніндегі мемлекеттердің
өзара келісімі.
Біріккен
Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) – жер
бетіндегі халықтардың мүддесін қорғайтын
халықаралық ұйым.
Туу
туралы куәлік – баланың
қашан туғанын анықтайтын негізгі құжат.
Мұнда баланың туған күні, айы, жылы
жазылады, сондай-ақ ата-анасының
аты-жөні, ұлты, туған жері жазылады. Бұл
баланың ең бірінші құжаты.
Азамат
– жеке
тұлға, ол мемлекеттің тұрақты тұрғыны
және оның құқығы мен міндетінің иесі.
Оқушының
міндеттері:
Әркім
Қазақстан Республикасының Ата заңын
сақтауға;
Қазақстан
Республикасын қорғау әрбір азаматтың
міндеті;
Әрбір
адамның ар мен намысын құрметтеуге;
Мемлекеттік
рәміздерді құрметтеуге;
Тарихи
мәдени мұраларды сақтауға;
Тарихи
ескерткіштерді қорғауға;
Табиғат
және табиғат байлықтарын қорғауға;
Мектеп
ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта
ұстауға;
Үлкенге-құрмет,
кішіге-ізет танытуға;
Ата-анаға
қамқорлық көрсетуге.
.
Қорытынды бөлім.
Міне, осындай
болу керек Қазақстан! деп , «Менің
Қазақстаным» атты слайдты көрсете
отырып, Қазақстанның қандай ел болу
керектігін оқушылар ойларын айтты.