«№6
ЖОББМ»КММ
«Бала
тілі-бал»
(сайыс)
Өткізген:Кудабаева.Г.Ш
2020-2021оқу
жылы
Сайыстың
тақырыбы: «Бала тілі-бал»
Сайыстың
мақсаты: Балалардың танымдық ойлау
қабілеттерін дамыту,қызығушылықтарын
арттыру,сөздік қорын,ой-өрісін
дамыту.
Балаларды ептілікке,шапшаңдыққа
үйрету,ұтымды жауап таба білуге тәрбиелеу.
Әдісі:
сұрақ-жауап,әңгімелесу,топтық
жұмыс
Көрнекілігі: Суреттер, гүл
макеті
Сайыстың барысы: 1.Ұйымдастыру
Тәрбиеші:
Армысыздар,құрметті ұстаздар мен
балалар!
Бүгінгі
мектепалды даярлық «Ә»тобының арасында
өткізгелі отырған,
«Бала
тілі-бал» сайысына қош келіпсіздер!
Ортада
ең ақылды,ең алғыр 5-6 жасар
бүлдіршіндеріміз
-Балалар,жеңіске
деген құлшыныстарың мықты
ғой?!
-Ия
-Бәрекелді! Олай болса,сайысты
біз бастаймыз!Алдымен бүгінгі сайыста
әділ баға берер әділ қазыларды сайлап
алайық!
Ортаға ду қол шапалақпен,
бүлдіршіндерімізді ортаға
шақырайық!
Балақайлар ең алдымен
сайыс ережесімен таныстырайын:
Сайыс
5 бөлімнен тұрады:
1. Ширату
2.
Ойлан тап
3.
Бұл қай кейіпкер?
4.
«Кім жылдам» жұмбақ шешу
5.
«Ұшқыр ой» геометриялық пішіндерден
бейне құрастыру
Ендеше
1- ші бөлімге кезек берейік. «Ширату»
Ойынның
шарты: Мен сендерге тест сұрақтарын
жасырамын. Ол сұрақтар сендердің өткен
оқу іс - әрекеттеріңдегі тақырыптарға
байланысты болмақ.
1сұрақ:
Не ұшады?
1) Кеме
2)
Қарға
3) Машина
2
сұрақ:
Не жүзеді?
1) Ұшақ
2)
мысық
3) Қайық
3
сұрақ
4
сұрақ:
Қазақстан Республикасының туының түсі
қандай?
1) көк
2) қызыл
3) сары
5
сұрақ:
Үй жануарын тап?
1) қасқыр
2) сиыр
3) түлкі
6
сұрақ:
Жабайы жануарды тап?
1)
Аю
2) жылқы
3) сиыр
7сұрақ:
Сиырдың
төлін қалай атайды?
лақ
қозы
бұзау
Бірінші
бөлімнің ұпай сандарына кезек берсек....
2.
Кезекті «Ойлан тап»бөліміне берсек.
Доп
қай геометриялық пішінге ұқсайды?
1) ұшбұрыш
2)
төртбұрыш
3)
дөңгелек
1
- ші сұрақ: Ол бәріміздің үйімізде бар.
Ол төртбұрышты. Түсі қара. Оның басқаратын
тетігі болады. Біз одан көптеген
бағдарламалар, мультфильм, кино қараймыз.
(Теледидар )
2 - ші сұрақ: Ол қазір
көптеген үйлерде бар. Ол төртбұрышты.
Теледидарға ұқсайды. Біз одан көптеген
мәліметтер аламыз. Ойындар ойнаймыз.
Ол арқылы ғаламторға шығамыз. Оның
тышқан деп аталатын құрылғысы
бар.(Компьютер)
3 - ші сұрақ: Ол байланыс
қызметі. Бәріміздің үйімізде бар. Ол
шырылдаса көтереміз. Онымен ағайындармен,
достармен сөйлесеміз.(Телефон)
4 - ші
сұрақ: Ол жүреді. Оны біздің папаларымыз
жүргізеді. Ол жанармай арқылы жүреді.
Оның төрт дөңгелегі бар. Түстері әртүрлі.
Бір жерге барсақ соған мініп барамыз.(Машина
)
Балақайлар көзді ашып жұмғанша 3 -
ші бөлімге де келіп жеттік.
3-бөлім:
«Бұл қай кейіпкер?»
Ойынның
шарты мынадай: Мен сендерге ертегі
кейіпкерлеріне байланысты сұрақтар
қоямын. Соған жауап берулерің керек.
1сұрақ:
Бауырсақ ертегісіндегі кейіпкерді
тап?
1) қарға
2) түлкі
3) ит
2
- ші сұрақ: Мақтақыз
бен мысық ертегісіне қай кейіпкер
қатыспайды?
1) Қоян
2) сиыр
3) дукенші
3сұрақ:
Жеті
лақ ертегісіндегі кейіпкерді тап?
1) бота
2)
лақ
3) сиыр
Үшінші бөлімді
де аяқтадық, енді ұпай сандарымен таныс
болайық. Балақайлар соңғы, әрі ақтық
бөлімге де жетіп қалыппыз.
4-
бөлім:
«Кім жылдам?» жұмбақтар
шешу
1.Қыста
ғана болады
Ұстасаң
қолың тоңады (Қар-снег-
snow)
2.Жеті
қазынаның бірі,
Адамды
қорғап жүретін досы (Ит-собака-dog)
3.
Қалқиып ұзынқұлағы
Елеңдеп қорқып тұрады
(Қоян -
заяц - carrot)
4.
Өзі
айлакер, өзі бір қу,
Жүрген жері айқай да
шу. (Түлкі-лиса-fox)
5.Сырт-сырт
соғады ,
Уақыт озады. (Сағат-часы-clock)
6.Қабат-қабат
қаттама,
Ақылың болса аттама (Кітап-книга- воок)
5
-бөлім:
«Ұшқыр ой» геометриялық пішіндерден
бейне құрастыру
Жарайсыңдар
балақайлар, қандай тапқыр едіңдер! Төрт
бөлімде де өздеріңді жақсы көрсетіп
шықтыңдар! Осымен «Бала тілі - бал» атты
интеллектуалды сайысымыз өз мәресіне
жетті. Жарыс болған соң жеңімпаз болуы
тиіс. Сөз кезегін әділқазы апайларымызға
береміз.
Балаларды мадақтау, марапаттау.