«№6 ЖОББМ»КММ
«Бала
тілі-бал»
(сайыс)
Өткізген:Кудабаева.Г.Ш
2020-2021оқу
жылы
Сайыстың тақырыбы: «Бала
тілі-бал»
Сайыстың мақсаты: Балалардың танымдық ойлау қабілеттерін
дамыту,қызығушылықтарын арттыру,сөздік қорын,ой-өрісін
дамыту.
Балаларды ептілікке,шапшаңдыққа үйрету,ұтымды жауап таба білуге
тәрбиелеу.
Әдісі:
сұрақ-жауап,әңгімелесу,топтық жұмыс
Көрнекілігі: Суреттер, гүл макеті
Сайыстың барысы:
1.Ұйымдастыру
Тәрбиеші: Армысыздар,құрметті
ұстаздар мен балалар!
Бүгінгі мектепалды даярлық
«Ә»тобының арасында өткізгелі
отырған,
«Бала тілі-бал» сайысына қош
келіпсіздер!
Ортада ең ақылды,ең алғыр 5-6
жасар бүлдіршіндеріміз
-Балалар,жеңіске деген құлшыныстарың мықты ғой?!
-Ия
-Бәрекелді! Олай болса,сайысты біз бастаймыз!Алдымен бүгінгі
сайыста әділ баға берер әділ қазыларды сайлап алайық!
Ортаға ду қол шапалақпен, бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық!
Балақайлар ең алдымен сайыс ережесімен таныстырайын:
Сайыс 5 бөлімнен тұрады:
1. Ширату
2. Ойлан
тап
3. Бұл қай
кейіпкер?
4. «Кім жылдам» жұмбақ
шешу
5. «Ұшқыр ой» геометриялық
пішіндерден бейне құрастыру
Ендеше 1- ші бөлімге кезек
берейік. «Ширату»
Ойынның шарты: Мен сендерге
тест сұрақтарын жасырамын. Ол сұрақтар сендердің өткен оқу іс -
әрекеттеріңдегі тақырыптарға байланысты
болмақ.
1сұрақ: Не ұшады?
1) Кеме
2) Қарға
3) Машина
2
сұрақ: Не жүзеді?
1) Ұшақ
2) мысық
3) Қайық
3
сұрақ
4
сұрақ: Қазақстан Республикасының
туының түсі қандай?
1) көк
2) қызыл
3) сары
5
сұрақ: Үй жануарын тап?
1) қасқыр
2) сиыр
3) түлкі
6
сұрақ: Жабайы жануарды тап?
1) Аю
2) жылқы
3) сиыр
7сұрақ: Сиырдың төлін қалай
атайды?
-
лақ
-
қозы
-
бұзау
Бірінші бөлімнің ұпай
сандарына кезек берсек....
2. Кезекті «Ойлан
тап»бөліміне берсек.
Доп қай геометриялық пішінге
ұқсайды?
1) ұшбұрыш
2) төртбұрыш
3)
дөңгелек
1 - ші сұрақ: Ол бәріміздің
үйімізде бар. Ол төртбұрышты. Түсі қара. Оның басқаратын тетігі
болады. Біз одан көптеген бағдарламалар, мультфильм, кино қараймыз.
(Теледидар )
2 - ші сұрақ: Ол қазір көптеген үйлерде бар. Ол төртбұрышты.
Теледидарға ұқсайды. Біз одан көптеген мәліметтер аламыз. Ойындар
ойнаймыз. Ол арқылы ғаламторға шығамыз. Оның тышқан деп аталатын
құрылғысы бар.(Компьютер)
3 - ші сұрақ: Ол байланыс қызметі. Бәріміздің үйімізде бар. Ол
шырылдаса көтереміз. Онымен ағайындармен, достармен
сөйлесеміз.(Телефон)
4 - ші сұрақ: Ол жүреді. Оны біздің папаларымыз жүргізеді. Ол
жанармай арқылы жүреді. Оның төрт дөңгелегі бар. Түстері әртүрлі.
Бір жерге барсақ соған мініп барамыз.(Машина )
Балақайлар көзді ашып жұмғанша 3 - ші бөлімге де келіп
жеттік.
3-бөлім: «Бұл қай
кейіпкер?»
Ойынның шарты мынадай: Мен сендерге ертегі кейіпкерлеріне
байланысты сұрақтар қоямын. Соған жауап берулерің
керек.
1сұрақ: Бауырсақ ертегісіндегі
кейіпкерді тап?
1) қарға
2) түлкі
3) ит
2 - ші
сұрақ: Мақтақыз бен мысық ертегісіне
қай кейіпкер қатыспайды?
1) Қоян
2) сиыр
3) дукенші
3сұрақ: Жеті лақ ертегісіндегі
кейіпкерді тап?
1) бота
2) лақ
3) сиыр
Үшінші бөлімді де аяқтадық, енді ұпай сандарымен таныс болайық.
Балақайлар соңғы, әрі ақтық бөлімге де жетіп
қалыппыз.
4-
бөлім: «Кім
жылдам?» жұмбақтар
шешу
1.Қыста ғана болады
Ұстасаң қолың тоңады
(Қар-снег- snow)
2.Жеті қазынаның
бірі,
Адамды қорғап жүретін
досы (Ит-собака-dog)
3. Қалқиып ұзынқұлағы
Елеңдеп қорқып тұрады
(Қоян - заяц
- carrot)
4. Өзі айлакер, өзі бір
қу,
Жүрген жері айқай да
шу. (Түлкі-лиса-fox)
5.Сырт-сырт соғады
,
Уақыт озады. (Сағат-часы-clock)
6.Қабат-қабат
қаттама,
Ақылың болса аттама (Кітап-книга- воок)
5
-бөлім: «Ұшқыр ой» геометриялық
пішіндерден бейне құрастыру
Жарайсыңдар балақайлар, қандай
тапқыр едіңдер! Төрт бөлімде де өздеріңді жақсы көрсетіп шықтыңдар!
Осымен «Бала тілі - бал» атты интеллектуалды сайысымыз өз мәресіне
жетті. Жарыс болған соң жеңімпаз болуы тиіс. Сөз кезегін әділқазы
апайларымызға береміз.
Балаларды мадақтау, марапаттау.