400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты Баланың қандай құқықтары бар? 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға және де ұстаздарға көмегім тиер деген мақсатпен салып отырмын,
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 11.02.2019ж

Сабақтың тақырыбы: Баланың қандай құқықтары бар?

Сабақтың мақсаты:

1)    Білімділік: оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру,құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру;

2)    Дамытушылық: ой-өрісін дамыту, белгілі бір пікір айтуға,тұжырым жасауға үйрету,есте сақтау қабілетін жетілдіріп,сөздік қорын молайту;

3)    Тәрбиелік:оқушылардың бойына құқықтық,патриоттық,адамгершілік тәрбиені сіңіру; құқықытық мәдениетін көтеру.

Әдіс-тәсілдер:баяндау, сұрақ-жауап, ойландыру

Көрнекі-құралдар:интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, плакат

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Балалардың назарын сабаққа аудару.

Психологиялық даярлық.

ІІ Негізгі бөлім

  1. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

2. «Бәріміз бірге» ойыны (Басталған сөйлемдерді барлық оқушы бірге хормен аяқтайды.)

    - Біздің мемлекетіміз – Қазақстан

   - ҚР мемлекеттік тілі – Қазақ тілі

   - Мемлекеттік рәміздер – Елтаңба, Әнұран, Ту

   - Біздің елордамыз – Астана

   - Біздің президентіміз – Н.Ә.Назарбаев

  - Біз тұратын облыс – ШҚО

  - Біз тұратын аудан – Бородулиха

  - Біз тұратын ауыл – Камышенка

2. Кіріспе сөз: - Мінекей, балалар, біздің барлығымызға ортақ қаншама нәрсе бар! Сондай-ақ біздің бәрімізге ортақ ережелер мен тәртіп бар. Ол ережелер мен тәртіптер жиынтығы Заң деп аталады. Яғни біз барлығымыз бір заңға бағынамыз.Ол Конституция деп аталады. Бұл заңда біздің құқықтарымыз және міндеттеріміз көрсетілген. Құқық – бізге рұқсат етілген, істеуге болатын нәрселер, ал міндет – біз істеуге, орындауға тиіс нәрселер. Мысалы сендер қазір мектепте білім алып жүрсіңдер, бұл – сендердің құқықтарың, оған ешкім шектеу қоя алмайды. Сонымен қатар сендер орта білім алуға міндеттісіңдер. Міне осындай біздің көптеген құқықтарымыз бен міндеттеріміз жинақталған заң -  Конституция болып табылады. ҚР Конституциясы - заңдардың қағидаларын тұжырымдап, бір арнаға келтірген Ата Заң, яғни мемлекетіміздің Негізгі Заңы болып табылады. Ол 1995ж. 30 тамызда қабылданды. Заң – жалпы тәртіптік шара. Құқық – мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы.Конвенция – балалар құқығы туралы шарт. 1989 жылы 20 қарашада БҰҰ  «Бала құқығы туралы» Конвенция қабылдады. Бұл құжат бала-ның жан-жақты өсіп жетілуіне,болашағына жол ашатын бірден-бір құжат. Осы ұйымға мүше болған Қазақ елі  де осы құжатқа қол қойды. Конвенцияға қол қойғаннан кейін , балалар туралы түрлі мәселелерді шешу мақсатында 2002 жылы 8 тамызда «Бала құқығы туралы» Заң қабылданды.

3. Слайд арқылы балаларды құқықтарымен таныстыру.

2-тапсырма: «Суреттер сөйлейді»  (Оқушылар суреттер бойынша құқықтарын айтады)

3-тапсырма: «Құқық театры»  (Бір топтың балалары ыммен, қимылмен құқықтардың бірін көрсетеді, екінші топ қандай құқық екенін айтады.)

4-тапсырма: «Заңды жақсы білесің бе?»   (Оқылған жағдаяттарды тыңдап, құқық бұзушылық болса - қызыл түсті, керісінше болса -  көк түсті көтереді.)

o   Марат қала сыртындағы қоқыстан алтын сақина тауып алады. Оны ешкімге көрсетпей үйіне әкеліп қояды. Ол құқық бұзды ма, яғни қылмыс жасады ма?

o    4 сыныптың оқушысы Асқар автобуста жол ақысын төлеген жоқ. Билет тексеруші билет немесежол билетін көрсетуді талап етті. Асқардың қолында біріншісі де, екіншісі де болған жоқ. Билет тексеруші Асқардан айыппұл төлеуін өтінді. Билет тексеруші құқық бұзды ма?

o   - Жұмысқа кетіп бара жатырмын, үйді жинап, ыдыстарды жуып қой, - дейді анасы
– Ертең маған бақылау жұмысы, уақытым жоқ, – дейді баласы. 
– Оған дайындалып үлгересің, үйді жинап қой, шашып тастап кетуге болмайды,-деп тапсырадыанасы. 
Сонда баласы:

o   – Балалар құқықтары туралы Конвенцияның баптарына сай мен білім алуыма кедергі келтіретін барлық жұмыстардан босатылғанмын. Ол менің құқығымды шектейді, – дейді. Баланың өз құқығын осылайша қорғауы дұрыс па?

o   Бір оқушы бір оқушыға «Ертең 200 теңге әкеліп бересің,әкелмесең басқаша сөйлесеміз», - деп күш көрсетті. 

o   Түнгі көшеде балалар айқайлап өлең айтып келе жатыр. 

o   Мектеп оқушылары біреудің бақшасынан жүзім ұрлады. 

o   Самал сыныптасының қаламын рұқсат сұрап алды. Ол құқық бұзды ма?

5- тапсырма: «Менің құқықтарым» жобасын жасау. 

-         Балалар, сендер өз құқықтарыңды біліп алдыңдар. Ендеше қазір сендер мына суреттер мен плакатты, бояуларды пайдаланып, «Менің құқықтарым» деген жоба жасайсыңдар.

ІІІ Рефлексивті-коррекциялаушы бөлім

Сұрақ-жауап  арқылы сабақты қорытындылау.

«Бағдаршам»: Балалар өз көңіл-күйлерін, сабақтан алған әсерлерін дөңгелектермен көрсетеді: жасыл дөңгелек – өте жақсы, сары дөңгелек – жақсы, қызыл дөңгелек – орташа.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 наурыз
547
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі