жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты Бақыт гүлін терген күн! 3 - сынып
Бақыт гүлін терген күн
Мақсаты:
1.Ұлы жеңісті дәріптеу, өз Отанын, елін, туған жерін сүю, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу.
2.Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік – істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі өнеге тұту.
Көрнекілігі: мәңгі алаудың макеті, оқушылардың шығармашылық жұмыстары, «Ұлы Жеңіске - 70 жыл» тақырыбы бойынша нақыл сөздер.
Өту барысы:
Кіріспе сөзі:
-Қазақстан халқы ассамблеясына – 20 жыл толып отыр.Ассамблеяның басты мақсаты:Қазақстандағы барлық этностардың рухани тұрғыда қайта жаңғыруы мен дамуын қамтамасыз ету.Қазақстан – тарихи тағдыры ортақ этностардан құралған унитарлы мемлекет.Оларды ортақ құрылымның аясына біріктірудің сара жолы – Қазақстан халқы Ассамблеясын құру болды. «Әрқашан күн сөнбесін» әнін қабыл алыңыздар.
1-оқушы:Қазақстан халқы Ассамблеясында үлгісінде,Ресей Федерациясында,Қырғызстанда халық Ассамблеясы құрылды.Бұл жеруде тағы бір ерекше атап көрсететін жайт, ол Қазақстан халық ассамблеясы өзінің деңгейі жағынан да, қызметінің ауқымы жағынан да дараланып тұрады.
2-оқушы:Қазіргі заман тарихының жылнамасы Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің күнделік қызметінде Қазақстан халық Ассамблеясына ерекше көңіл бөліп отыратындығын дәлелдейді.Күллі Қазақстан халқы мен еліміздегі әрбір этностардың болашағы – Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін зор жауапкершілік.
3-оқушы:Ассамблея жылы – Қазақ елінің бірлігі жылы.Қазақстан халқы ассамблеясына - 20 жыл.Қазақстан халқы Ассамблеясы – ол әрі іргетас, әрі бейбітшілік, рухани келісім мәдениетінің негізгі қағидасы.
4
-оқушы: Ассамблея – мемлекеттік
органдардың халықпен жемісті үнқатысуын, барлық этностар
өмірлерінің өзекті мәселелерінің шешілуін қамтамасыз етуші
ұйым.Ортақ ордамыз – Қазақстанның босағасын берік, шаңырағын биік
ұстап, түтінін түзу ұшыру – елдік мақсат.Сонда ғана «Қазақстан
2050» стратегиясында айтылған, үздік 30 елдің қатарынан
табылады.Біздің Отанымыз ортақ, тілегіміз - бір, мақсатымыз –
жалғыз.Ол – жері гүлденген елі түрленген дамуы жедел, ұрпағы кемел
мәңгілік Қазақстан! Би: «Ақ
көгершін»
Мұғалім:
-7-мамыр Қ.Р.Қарулы Күштері күні.Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар – өмірдің мәні, көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы.Ел халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан –теңіз.Арманымыздың айбынын асқақтатын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсекте жарасады.Осы ұландарымызға амандық, денсаулық, тілейміз.Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын!«Десант» әнін қабыл алыңыздар.
- Ұлы күшке сенген күн,
Фашистерді жеңген күн.
....Ағаларға ерген күн,
Бақыт гүлін терген күн – деп, ақын Қадыр Мырза Әли жырлағандай, «Бақыт гүлін терген күн» атты Ұлы жеңістің 70 жылдығына байланысты ұйымдастырылған шарамызға қош келдіңіздер!
-Сұрапыл соғыс басынан елдің өткені,
Өтті ғой, міне, қысы мен талай көктемі.
Білінбей қалды зымырап уақыт
сынаптай,
Жеңісті Ұлы 70 жылға жеткені,- деп ақын жырлағандай, сұрапыл соғыстың артта қалып, Жеңістің Туы желбірегеніне де биыл 70 жыл толды.
-9-мамыр Ұлы Жеңіс күні.Осыдан 70 жыл бұрын, бұл күні адамзат тарихындағы ең сұрапыл, жойқын соғысыҰлы Отан соғысы аяқталды.2-ші дүниежүзілік соғыс, біз үшін Ұ.О. соғысына 6 материктің сол кездегі әлемнің дербес 60 астам елі қатысқан болатын.
-Айбынды білек, жеңістеріне сенімді ыстық жүректері мен қайрат күштерімен кешегі жігіттер, бүгінгі өнегелі аталарымыздың арқасында 1945 жылдың 9 мамыр күні Ұлы мейрам – жаудың жеңіліп, соғысты жеңіспен аяқтадық!
-Бүгінде жеңіс күні мерекесі адамдардың ұлтына, дініне, тілі мен мәдениетіне қарамастан ортақ қуаныш күні.Бұл қастерлі мейрамның мән мағынасы уақыт өткен сайын еш өшпенділік емес, себебі оның құндылығы ғасырлар бойы жаңа жас буын ұрпаққа өсиет боларлық жақсылық жеңген Ұлы күн!
Ендеше, бейбіт көк аспанды кейінгі ұрпақ үшін киелі болсын деп, қан-майданға аттанған жауынгер аталарымызды 1 минут үнсіздік жариялаймыз.
5-оқушы:1941 жылғы маусымның 22-сінде фашистік Германия Отанымызға соғыс жарияламастан, опасыздықпен шабуыл жасады.Фашист әскерлері Кеңес мемлекетінің шекарасына басып кірді.Бұл халық үшін ауыр да қиын кезең болды.
6-оқушы:Отанымызға қатерлі күн туғанда елін, жерін қорғау үшін көптеген ер-азаматтар майданға аттанды.Жауға деген шексіз өшпенділік, Отанға деген қасиетті сүйіспеншілік, жауынгерлерге жеңіп шығуға деген қайтпас қайсарлық туғызды.
7-оқушы:Соғыс деген – аққан соры ақсүйектің, құлдың да,
Соғыс деген – төккен ары ұлдың және қыздың да.
Соғыс деген – сотқарлардың қолындағы найзасы,
Соғыс деген – соғыс деген - зұлымдықтың айнасы.(Бірнеше оқушы шығады)
Мұғалім:
-Соғыс даласында қаза тапса да жауды өткізбей қан жұтқан 28 батырдың мынадай ұлағатты өсиетін естен шығару мүмкін емес. «Біз өмірімізді Отан үшін пида еттік.Біздің жансыз денеміздің жанымызда тұрып көз жасын төкпеңдер.Тістеніп тас түйін болыңдар.Біз қаза таптық, бірақ жеңіп шықтық».Бұл өсиет өшпек емес.Ержүрек панфиловшылардың ерлігін халық есіне мәңгі сақтайды.Мәскеу,Ленингард,Сталинград түбіндегі ұрыстарда қазақ жауынгерлері ерлікпен шайқасты.Атап айтқанда – Б.Момышұлы, Т.Тоқтаров, Ә.Молдағұлова,М.Маметова т.б. көптеген батырлардың есімі аңызға айналды.(Батырлар өлеңдер айтылады) «Әлия,Маншүк» өлеңін қабыл алыңыздар.Орындайтын:Аскерова Алина
Мұғалім:
-Бүгінгі күн - көптеген күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында Жеңістің 70- көктемі де келіп жетті.
70 жыл бейбіт көктем таң атқалы,
70 жыл шуақты күн таратты әнін.
70 рет көктемде содан бері,
Ашылды жеңіс күннің парақтары, - Осындай бақытты күнді елі мен жері үшін арыстандай алысқан жеңімпаз жауынгерлер біз үшін, келер ұрпақ үшін сыйлады.Сондықтан да бұл күні барлығымыз мерт болған қаһармандардың ерлік рухына бас иіп, көз тірі ардагерлерге құрмет көрсетеміз.Би: «Катюша»
8-оқушы: Иә, аспанымызда жеңіс туы желбірегеніне - 70 жыл.Соғыс өрті өшіп, қайғы – мұңнан арылып, бейбітшілік орнап, бақыт гүлін тергенге – 70 жыл.
9-оқушы:
70жыл – бейбіт көктем таң атқалы,
70 жыл – шуақты күн тартты әнін.
Есімде содан бері жетпіс рет,
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.
Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралдмайды,
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.Ән: «Соғыстан қайтқан солдаттар»
Мұғалім: Жеңіс! Иә, расында, бұл сөз бес әріптен тұрса да мән-мағынасы зор.Біз бұл сөзді қуаныш қып, мақтанып айтамыз.Міне, Ұлы Жеңіске 70 жыл болды.Жеңіс күні – жыл сайын оралатын ардақты сәт.Осы Жеңіс күнін жасы да, кәрісі де қуанышпен тойлайды.
10-оқушы:Ер есімі ел есінде.Кір жуып, кіндік кескен жері үшін , аялап, әлпештеп өсірген елі үшін, жанған отқа түсіп, жалын кешкен, ер-азаматтар естен шықпайды.Олар тарихта өшпес із қалдырды.Халық тыныштық үшін,бақытты өмір үшін күресті.Сондықтан да, әділетсіз соғысты бастаған фашистік Германияны жеңіп шықты. «Жойылсын жалғыс сөз соғыс деген!» әні орындалады.
Қорытынды:Мұғалімнің сөзі:
-Мамырдың мамыражай күндерімен, майда желімен келіп жеткен мерекелеріңіз құтты болсын!
Қақ жүрегім, дүрсіліңді ұлғайт сен,
Жеңісіңді бар әлемге Күнге айт сен.
Не десең де, сенің сөзің қуатты,
Күнім сөйле, тағы да сөйлей түс таңым.
Қаптап көкке абырой мен баққұсың,
Самға, самғай бер менің Қазақстаным! Ән: «Алға, Қазақстан!»әнін қабыл алыңыздар!

Мұғалімнің сөзі:
-Бүгінгі өнеге шарамыз халқымыздың екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жетіп, бейбіт заман орнағанының 70 жылдығына арналды. Жас ұрпаққа жеңістің оңай келмегендігі туралы, соғыстың қасіреті туралы айта келіп, бейбіт заманның қадірін біліңдер.Отаныңды сүйіп, өз еліңнің патириоттары болыңдар!,-дейміз.
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды.Отан үшін ерлікпен қаза тапқандарды ел әр уақытта есіне сақтайды. Өйткені олар біздің бақытымызды қорғады. Отан үшін, ел үшін құрбан болды.Біз оның жүріп өткен ерлікке толы жолдарын, азаттық үшін күрескен ерлері мен батырларын ешқашан ұмытпаймыз, әр есімі ел есінде мәңгі сақталады.
Бүгінгі Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған шарамыз аяқталды.Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.Қош, сау болыңыздар!
шағым қалдыра аласыз




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген