Бәрі
де ана бір өзіңнен басталады.
Жүргізуші:
Кеш жарық, қымбатты Аналар, арулар!
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім
мен нұр құйып,тағы да 8-Наурыз халықаралық
әйелдер күні келді.Осынау көркем
мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай
болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс
пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің
гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын
діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен
кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы.
Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен
бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп
соқса,бүгінгі мерекелік кешіміз де
аналарға арналады.
Біз
ғана емес,қадір тұтқан бабалар.
Аналардан
туған небір даналар.
Ана
деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,қасиетті
аналар!
Ән:
Бойыңа
бар сұлулық жиналғандай,
Мүсінің ақ
мәрмәрдан құйылғандай.
Жарқ етіп
шыға келген ел алдында,
Биші қыздар
ғажап еді биің қандай!
Би:
Жүргізуші:
Қыз
қызғалдақ, әйел – ана, әйел – өмір,
тіршіліктің өзегі. Бүгінгі күн – жер
бетінде барлық аналардың қуаныш, шаттық
мерекесі. Ана баласының ер жетіп, адам
болуын қалайды. Анаға одан артық тартудың
қажеті де жоқ.
Адам бар ма ана сүтін
татпаған,
Алуан - алуан ауыр сынды
аттаған.
Адалдықты, ар - намысты
сақтаған
Мен ананың сонысына мақтанам
- дей келе, келесі аналарымызбен ойын
кезегіне береміз
1
ойын. «Крокодил»
Көктем
Мереке
Гүл
Наурыз
Кино
Балапан
Ана
Машина
Жаңбыр
Сумка
Жүргізуші.
Әсем би әрбір елдің рәсімі екен
Өнерпаз
ортамызда басым екен.
Өнерін қуаныштан
кім аяған,
Жаңа биді сіздерге шашу
етем.
Би:
2
ойын «Көңілді бишілер»
Лезгинка
Цыганский
Қара
жорға
Индийский
Ламбада
Узбекский
Жүргізуші.Анашым
менің, саялы қамқор шынарым,
Баулуға
мені сан азап көріп шыдадың.
Тілерің
болса алдағы жерде анашым,
Үмітіңді
ақтап, арналсын саған жыр-әнім!
Ән:
3
ойын «Әліппе»
Жүргізуші:
Ана –әрбір адамның жарық дүниедегі ең
жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы,
ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған
ардақтысы.
Ана – жүрек. Ана – тірек,
тіректі құрметте. Ана – шыңың, шыңына
сағынып жет. Ана – күнің, күніңе табынып
өт.
Ана – құдірет Бар игі жақсының
бастауы –Ғазиз Ана, Асыл да ардақты
Аналар!
Көркем
сөз
4
ойын. «Ыстық орындық»
1)
Балаңыздың қай жерінде меңі бар?
2)
Балаңыздың ең сүйікті түсі? Ол түс екенін
неден байқадыңыз?
3)
Балаңыздың сізге берген ең керемет
сыйлығы қандай? Оны қашан берді?
4)
Балаңыз сабақ оқудан басқа немен жиі
айналысады?
5)
Балаңыздың ең алғашқы баға алған сабағы
қандай еді?
Жүргізуші.
Өзіңсің өмірдегі бар ардағым,
Жыр
жаздым тұңғыш саған, ән арнадым.
Анашым
айтарым көп, тіл жетпейді,
Бір сендей
асыл жанды таба алмадым.
Видео
көрсетіледі. Сыйлықтар тапсырылады.
Ән:
Жүргізуші.
Ардақты аналар, аяулы ұстаздар, қылықты
қыздар, әрқашан да сіздер өмірдің мәні
мен сәні болып жүре беріңіздер! Мейірімді
жүздеріңізден күлкі кетпесін!
Осымен
біздің 8 - наурыз мерекеге арналған
кешіміз аяқталды сау саламат болыңыздар!