400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты: "Барыс жылы Бауыржанға бір ғасыр"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағатының жоспары 7-сынып оқушыларына арнап жасалды. Тәрбие сағатында Б.Момышұлы туралы мәліметтер, деректер келтірілген. Сұрақ-жауап, презентация қорғау арқылы оқушылар білімдерін көрсетеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Батыс Қазақстан облысы, «Орал қаласы №20 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Зейнуллина Жулдыз Рыскалиевна


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Барыс жылы Бауыржанға бір ғасыр»

Тәрбие сағатының мақсаты: Қазақ халқының өр тұлғаларының жалғасы болған, Отан

қорғаған қаһарман ұлдарының бірі, Кеңес Одағының батыры, Қазақстанның халық қаһарманы Бауыржан атамыздың өмір жолдары, ерлік күресі, халқына сіңірген еңбегі жайлы таныстыра отырып, келешек ұрпақты өз Отанын сүюге, оның намысы мен абыройын қорғауға даяр болуға, елінің болашағы үшін тер төккен тұлғаларды ұмытпауға тәрбиелеу. Б.Момышұлының қаһармандық ерлігі мен қайсар қолбасшылық қасиеттерін оқушы бойына сіңіре білу, еңбексүйгіштік, намысқойлық және тәртіптілік сияқты ізгі қасиеттерін үлгі өнеге тұту.

Тәрбие сағатының көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, слайд

Тәрбие сағатының барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Мұғалімнің кіріспе сөзі

2. Мемлекеттік Гимн орындалады.

Әр елдің өзіндік ерекшеліктері, ұлттық мұрат-мүдде мен бағыт бағдары болатыны белгілі. Осы ерекшелік пен мұрат-мүдде басқаша сипат алса – ел азады, жер тозады, ақыл-парасатқа сызат түсіп, қоғамдық әлеуметтік жағдай төмендеп, руханиятқа көзқарас өзгереді.

Бұл айтылғандардың мысал дерегі қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңінен, ұлт тәуелсіздігі мен тұтастығы таразыға түскен «Ақтабан шұбырынды» жылдарынан, орыс отаршылдығы мен кеңестік жүйе үстемдік еткен тұстардан айқын көрінеді.

Әңгіме арқауы Халық батыры, жауынгер жазушы Бауыржан Момышұлы, оның ұлттық көзқарастарымен руханият әлеміне қосқан еңбек мұралары жөнінде болмақ.

Бүгінгі біздің сынып сағатымыз аты аңызға айналған халық қаһарманы Бауыржан Момышұлына арналады. Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз жарыс түрінде өткізілмекші.

Жоспары:

  1. Таныстыру. (топ аты, ұраны, әні)

  2. Ер есімі-ел есінде. (Презентация қорғау)

  3. Ойлан тап.

  4. Көрерменнен сый.

«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп текке айтылмаған шығар. Екі топтың арасындағы сайысқа төрелік ететін әділқазылар алқасын сайлап алайық.

І. Таныстыру.

Екі топ өздерін таныстырып өтеді. Бағалау 10-40 балл.

ІІ. «Ер есімі – ел есінде» презентация қорғайды. Бағалау 10-40 балл.

ІІІ. «Ойлан тап»

Ұяшықтарды таңдау арқылы сұраққа жауап беріледі. Ұпай саны ұяшық санымен анықталады.

10 ұяшық. Б.Момышұлы қай жылы, қай жерде дүниеге келді? (1910 ж. Жамбыл облысы, Жуалы ауыданы, Көлбастау мекені)

10 ұяшық. Б.Момышұлы жайлы жазылған «Ақиқат пен аңыз» романының авторы кім? (Ә.Нұршайықов)

10 ұяшық. Келіні З.Ахметова атасы Б.Момышұлы туралы қандай кітап жазды? («шуақты күндер»)

20 ұяшық. Орыс жазушысы А.Бек Бауыржан Момышұлынң ерлігі туралы қандай кітап жазды? («Арпалыс» повесін)

20 ұяшық. Б.Момышұлының балалық шақта бірге өскен досы кім еді? (Құрманбек Сағындықов)

20 ұяшық. Б.Момышұлы оттанда, оқтанда қорықпаған еді. Кейінгі кезде қорқынышы көбейді. Неден қорықты?

30 ұяшық. Б.Момышұлына қай жылы «Халық қаһарманы» атағы берілді? (1995 ж.)

30 ұяшық. Бауыржан атамыз соғыс тақырыбына арнап қандай кітаптар жазды? («Москва үшін шайқас», «Жауынгер тұлғасы» және т.б.)

30 ұяшық. Израил еліндегі әскери оқу орындарында қандай пән енгізілген? (Б.Момышұлының соғыс тактикасы» пәні)

ІҮ. «Көрерменнен сый»

Көрермендарге сұрақтар қойылады. Көрермен ұпай санын қалаған топқа сыйлай алады. Бағалау 10 балл.

  1. Б.Момышұлының қандай өнерлері бар?

  2. Б.Момышұлы қай жылы отставкаға кетті? (1956 ж)

  3. Б.Момышұлының атқарған қызметтері қандай? (1928 жылы бастауыш мектеп мұғалімі, милиция бастығы болған. 1932 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылады. Қызметін өтеп қайтқан соң, Шымкент, Алматы өнеркәсіп банкілерінде жұмыс істейді. 1936 жылы Қызыл Армия қатарына қайта алынады, взвод, рота командирі, полк штабы бастығының көмекшісі қызметін атқарады. 1950-1956 жж. әскери академияда сабақ береді және тұрақты әскери қызмет атқарады)

  4. Б.Момышұлының бітірген оқу орындары қандай? (1928 жылы Шымкенттегі жеті жылдық интернатты бітірген, 1936 жылы Ленинград финанс Академиясы жанындағы курсты бітірген, 1952 жылы Кеңес Армиясы Бас Штабының жанындағы Жоғары әскери академияны бітірген)

Мол тартқан қан майданның ғаламатын,

Жаттатқан сұм жауға да қазақ атын.

Жан аға, жақсы аға – жетпес баға,

Кім сүймес Бауыржандай азаматын, - дегендей біздің сайысымыз соңына жақындап қалды. Енді қай топ жеңімпаз болып танылды. Әділқазылар алқасына сөз беріледі.

Қорытынды: 1947 жылы Бауыржан Момышұлы Красноярскіде әскери қызметте жүргенде былай деп жазған екен:

Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде,

Деп жылар қайран қазақ мен өлгенде.

Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді,

Тарихтың түкпірінен сөз келгенде.

Міне батырдың өзі жазғандай 100 жасқа толған тойы Қазақстанның жер-жерінде аталып өтіп жатыр. Бауыржан атамыз сияқты өмірі өнегелі істерге толы қасиетті тұлғаны жете біліп, оларды мәңгі есте сақтау – біздің қасиетті борышымыз. Осыны ұмытпайық жас ұрпақ!


Келіп, көріп тамашалағандарыңызға рахмет!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 қараша
655
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі