400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты бастауыш сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға керек болып қалар
Материалдың қысқаша нұсқасы



№65 «ДОСТЫҚ» жалпы орта мектебі














Сынып сағаты

Тақырыбы: " Абай – дана, Абай‑дара қазақта!"

Мұғалімі: Әліқұл Бегім













2019 жыл




Тәрбие сағатының тақырыбы: "Абай дана, Абай-дара қазақта!"
Тәрбие сағатының мақсаты:
 -Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. 
-Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру.
-Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге тәрбиелеу
Тәрбие сағатының жоспары:

Мұғалімнің сөзі: Балалар, бүгінгі сабақта біз қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз туралы ой бөлісеміз. Әрбір жас ұрпақ кішкентайынан бастап Абай атаның әнімен сусындап жырынан нәр алып келеді.

Мырзакелді Кемел: « Мен қазақты үшке бөлер едім біріншісі Абайды оқығандар екіншісі Абайды оқысам деп жүргендер үшіншісі Абайды оқымағандар

  • Балалар сендер осының қайсысына жатасыңдар

  • Біз бірінші топқа жатамыз. Ұлылығы әлемге танылған Абай атаның шығармашылығымен танысып жатырмыз

Бүгінгі заман адамы «Сегіз қырлы, бір сырлы» болып өсуі керек. Оның бастысы, біздер үшін әдептілік.

Әсемпаз болма әр неге

Өнерпаз болсаң әр қалан

Сенде бір кірпіш дүниеге

Кетігін тапта бар қалан,- деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейірімді, досыңа қайрымды, еңбе сүйгіш, шыншыл да қамқор болсаңдар өсе келе ата-аналарыңның, о таныңның мақтаны бола аласыңдар.

 

  1-жүргізуші:  Абай бір өлеңінде: "Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез" – деген екен. Біз өзімізді талаптылар тобына жатқызуға шешім қабылдап алып, Абай әлеміне сапар шегіп қайтқалы отырмыз...
Саяхат болғанда да Абай әлеміне, Абай ойларына, Абай өлеңдеріне саяхат…
Мұғалім:бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы "Абай әлеміне саяхат" деп аталады
Балалар, Абайдың жыл мезгілдеріне байланысты жазылған өлеңдерін шумақтарын айтып жіберсін
 Қыс- 1-Ерхан

Көктем

Күз-2-топ  

Жазғытұры-3-топ 

Мұғалім: Құрметті оқушылар,қазақта неге Абай дара, Абай дана деп  атайады?
1-оқушы: Абай –ақын, Абай дана ойшыл, Абай сазгер,Абай жас кезінен өте зерек, момын бала болып өсті.

2-оқушы: Жиырмасыншы ғасырдың Гомері атанған жыр алыбы Жамбылдан «абайдың ақындығы туралы не айтасыз?» дегенде : «Абай ақын ғана емес, ол ғұлама» деп жауап берген екен.


3-оқушы: Мынау тұрған Абайдың суретіме?

Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне

Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған.

Өр Абайдың төтеген кім бетіне?- деп жырлапты жыр алыбы Жамбыл

4-оқушы: Абай 1845 жылы 10-шы тамызда Семей облысы Жидебай жерінде шыңғыстау етегінде дүниеге келген.

Негізгі хатқа түскен аты Ибраһим болсада да әжесі Зере еркелетіп «Абай» деп атап кеткендіктен, бізде солай айтып жүрміз.

5-оқушы: абайдың атасы Өскенбай дала халқының әліл биі болған. Қархаралы уезінің аға сұлтаны болып сайланған. Шешесі Ұлжан шешендікпен , тапқырлықпен аты шыққан

7-оқушы: Абай 10-12 жас аралығында мұсылманша оқып, хат таныған. Ал 12 жасында Семейдегі Ахмет риза медресесіне оқуға түседі. 14 жасында үш ай орыстың приходская школасында орысша сабақ оқиды. 15 жасынан бастап әкесіне көп көмегін тигізеді. Ел –жұрты Абайды би етіп сайлады.

8-оқушы: Абай –ақыл , қайрат жүректі бірдей ұстаған адам.

Ақыл, қайрат, жүркеті бірдей ұста.

Сонда толық боларсың елден бөлек,- дейді Абай ата

9- оқушы: 14 жасында сысқақ өлеңдер шығарған. Ол жастар арасында кең таралған. Жаңа заманның реті мен Абай білімге ден қойып, араб, парсы, түркі тілдерін үйренді. Сол кезде шығыс тілдерін Абайдан артық білетін адам болмаған.

10-оқушы: Ендеше , біз Абайтанудың бірінші баспалдағында тұрмыз. Біраз өлеңдерін , қара сөздерін оқып талдадық, өмірімен таныстық.

11-оқушы : Абайдың орыс әдебиетіне бет бұруына себепкер оның орыс достары Грос пен Михаэлис болды. Ол екуіде Абай ауылында қонақта болып Абайды орыс әдеьиетімен таныстырған.Абай, Пушкин, Крылов, Толстой, Тургеновтің еңбектерін оқыған. Абай қазақ тіліне «Евгений Онегинді» аударды.

Бастаушы: Ой қозғау


Парасатты болып туған,

Шыңғыстаудың Абайы.

Ән мен жырын мұра қылған,

Сарыарқаның Абайы.

Нақылымен сана құйған,

Қазағымның Абайы.

Ақылымен дана болған,

Бүкіл әлем Абайы,-деп ақын Жұмағазы Алмабаев

Жырлағандай, Абай есімін естігенде есімізге не түседі?

Соны мына күннің әрбір шапағына жазып көрсетейік








Shape1

Ұлы ақын

А




Shape2

композитор



Shape5 Shape4 Shape3

Фило-соф


Shape7 Shape6

классик



Shape10 Shape9 Shape8

Жазу-шы


Shape11

Shape13 Shape12

Аудармашы

м


Shape14

Shape16 Shape15

дана


Shape17


Shape18

Қазақ әдебиетің негізін қалаушы


Shape19

Ағартушы

шышы









«Ұлы ақын –Абай ата»

Абай атам данышпан ұлы ақын

Қазақ халқын танытқан әлемге айқын

Елін, жерін, отанын әнге қосып,

Өлеңімен жырлаған халқын жақын

Орыс халқы мақтанса Пушкинмене

Абай атам ұлы ақын еңбегі ерен

Қос ақынның оқысаң өлеңдерін

Махаббатың артады елге деген


«Абай ата»

Ата сөзі қазақтың бой тұмары

Оқысаң ашылады ой тұманы

Қиналсаң, ақыл қосып ақылыңа

Жырларында жанашыр ой тұрады

Қазаққа бөлек екен Абай орны

Талапшыл қанағатсшыл терең ойлы

Өнер білім ғылымды қадірлеумен

Қазақ елін ақиқат жолға қойды


«Шағын көрініс»

Тынштық- Абай өлең жазып отыр

Есіктен досы Ербол кірді:

Ербол: Абай досым, тағы өлең жазып отырмысың?!

Шаршадың ғой..... бір сәт дем алсаңшы.

Абай: Ербол тыңдашы (ыңылдап)

Көзімнің қарасы

Көңілімнің санасы

Бітпейді іштегі

Ғашықтың жарасы

Ербол: Абай неткен әдемі ән! Ғажап, жаңа ән, жаңа өлең! Тамаша! Абай Сүйіндік ауылында екі күннен кейін Алтыбақан болғалы жатыр екен соған барсақ қайтеді. Осы әнді жастарға сый етіп тартайық!

Абай: (Басын изеп) жарайды

Жастар жиналып «Айттым сәлем қаламқас» әнін айтып отыр

Абай мен Ербол келді.

Бір қыз айтты: Қыздар –қыздар Құнанбай қажының баласы Абай келіп тұр

Екінші қыз: Қасындағы Ербол ғой

Үшінші қыз: Абай Ербол келіңдер төрлетіңдер. Хош келдіңдер.

Ербол: Ән күйлерің қанатты болсын!

Топ: Айтқаның келсін! Бірге болсын!

Төртінші қыз: Ортамызға Абай келіп қалған екен неге өлеңдерін оқып, әндерін салмаймыз.

Топ: Ал кім сөзге ұста қане бастап жіберейік

Ербол: Сүйіндік ауылының жастары тыңдаңыздар!

Абай сендерге жаңа әнін сый қылып тартады қабыл алыңдар

Абайдың әнін шырқайды


Топ: неткен тамаша ән рахмет саған Абай

Әнімді қабыл алғандарыңызға рахмет

Аңшы жігіт: (Ентелеп келіп) : Уа, Абай ақынның құрбы –құрдастары

Амансыңдарма?

Топ: армысың бейтаныс жігіт.

Ербол: Ассалаумағалейкум жас дігіт

Абай: жолың болсын жігітім

Қыздар: Орта толсын

Аңшы: Аң аулап жүріп алыстан Абай әнәнәң сазды әуенін құлағым шалып қалды. Ат басын бұрдым . Ақын Абай қарсы болмас Осы ауылдың қыздарының әнін тыңдағалы келдім.

«Желсіз түнде жарық -ай» әні шырқалады

Аңшы : ризамын өлеңдеріңе.

Ой түйіндеу:

Бүгінгі сабағымызды Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мына өлеңімен аяқтағым келеді.

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы ерінбе.

Адамдықты іздесең ,

Жаттап тоқы көлілге.

Қамшының сабындай ғана қысқа өмірінде артына өшпес із, өлмес өсиет қалдырып кетуді ақын сөзімен айтсақ

Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған....


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
769
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі