400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Тәрбие сағаты бастауыш сынып қыздары арасында

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ханшайым" атты тәрбие сағаты бастауыш сынып қыздары арасында өтілді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жамбыл жалпы білім беру мектебі» КММ























Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Ханшайым

(бастауыш сынып қыздарының арасында)















Жауапты Айтмолдина Асель Сагындыковна



Ханшайым

Ана, бала көзінің ақ пен қарасы,

Бір — бірінсіз таусылмайтын шарасы.

Әр ананы арманына жеткізер,

Әр баланың ақылы, ары, санасы.

Қыздар деген қызыл гүл ғой

Өсіп тұрған бақтағы

Қыздар деген қазақтың, асыл арман ақ таңы!

Аңсап келіп алыстан мекен жайды,

Туған жерге бозторғай құшақ жайды.

Қуанышпен ән салып шартарапқа,

Көркін жырлап көктемнің қалықтайды.

Қыздар, қыздар, қыздар — ай,

Қыр төсінен гүл терсе жан жарасып.

Самал тербеп көк майса құлпырады,

Табиғаттың тұрғандай нұры тасып — дегендей бүгінгі бастауыш сынып қыздарының арасында өтетін «Ханшайым» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Достық пен бірлікті етіп тұлға,
Жеңіске жеткен едің талай сында.
Қара қылды қақ жарып әділ қазым,
Еңбегін тапқырлардың әділ сына - деп әділ қазы алқаларын сайлап алайық.
Арулар — асыл жандар,

Шуақ боп шашылғандар,

Қуат боп тасынғандар,

Құшақ боп ашылғандар,

Арулар — асыл жандар,

Арулар — асыл жарлар.

Арулар — аяулылар, ардақтылар,

Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.

Арулар тіршілікке күретамыр,

Өмірді бір — біріне жалғап тұрар.

Қыздарға арнап жыр жазбаған ақын жоқ, ән шығармаған сазгер жоқ. Қызыл гүл, қарақат көз, қиғаш қам, алма мойын бұлардың барлығы біздің әсем қыздарымызға айтылған теңеулер. Ендеше біз де өзіміздің сыныптас достарымызға лайықты ықылас ниетімізді білдіріп, осы байқауға қатысатын қыздарымызды таныстырып өтейік.

1.Жақсы адам кімге болсын болар пана,

Мол оның тал бойында ақыл, сана.

Көркіне ақылы сай келетін,

Сыныптас дос, Толғанайда ортамызда!

2.Көрікті де, сымбатты,

Асылназ біздің әдемі.

Намысын қорғап бүгінде,

Қыз сынына келіпті.

3.Гүлдана біздің өнерлі,

Көңілді өмір сүреді.

Қыз сынындай сайысқа,

Алып келді өнерін.

4.Өнер қуған жасынан,

Өнері судай тасыған.

Келесі бізде Нұрай,

Көрінген күштің басынан.

5.Сабырлы, әрі салмақты,

Өзі өнерлі жан — жақты

Ортада Данел қыз,

Жарысты бүгін жалғапты.

6.Қыздардың бәрі сұлу салсаң назар,

Бәріде арманына қолын созар.

Арманың орындалсын, Жадыра сенің,

Бұйырса бақыт құсы саған қонар.

7.Сабағын жақсы оқиды,

Көңілге бәрін тоқиды.

Үндемей жүрген Данел,

Нені ойлап толқиды?

8. Жайнап жаймен жүретін,

Жымиып ақырын күлетін.

Гүлім біздің ибалы,

Әдеппен бәрін сыйлайтын.-деп

Гүлім аруымызды шақырамыз

9.

Әнде айта алады

Биде билей алады

Өзі жап-жас болса да,

Таудай үлкен талабы.

Әли қызымызды ортаға шақырамыз.

Сайысымыз мынадай бөлімдерден тұрады:
1. Таныстыру
2. Бәйге
3. Қалт етпей, қағып ал, жауабын тауып ал.
4. Білгенге маржан. Жұмбақ шешу
5. Тез ойла, сөз ойла.


Көрермен жиналған бұл тамашаға
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа сыныптас, танысқа емес
Соқ қолыңды білімді жас талантқа
Ендеше сайыскерлер өздерін таныстырып өтсін.

І таныстыру
Ойланайық азырақ, уақытымызды үнемдеп,
Кім шығады кәнеки, жауабын мен білім деп?
2. Ойынымыздың келесі кезегі

ІІ «Бәйге» бөлімі:
Сайыскерлер екі бөлім бойынша сайысады. Бірінші бөлімде сұрақтарға жауап бередіе екінші бөлімде кезкелген ұлттың биін билейді.Ең көп сұраққа жауап берген, нақышына келтіріп билеген 6 - сайыскерлер келесі кезеңге өтеді.
1сұрақ: Төрт түлікті ата
Ж:
2 сұрақ: Сөйлем неден құралады?
Ж:
3. Сұрақ: Л қандай дыбыс?
Ж:
4. сұрақ: Балдырған сөзінде неше дауысты дыбыс бар?
Ж:
5. сұрақ: Жыл мезгілдерін ата
Ж:

ІІІ.Қалт етпей, қағып ал, жауабын тауып ал.

Есепті кім жылдам әрі дұрыс шығарған 3 оқушы келесі кезеңге өтеді.

ҮІ бөлім. Білгенге маржан

Көп ұпай жинаған 2- оқушы келесі турға өтеді.
Жұмбақ

1 сайыскер тапсырмасы

  1. Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. (кітап, книга, )

2. Үйіңді қорғайды, Үйшікте тоңбайды. (ит, собака, )

3. Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады. (аю, медведь, )

4. Бес алманың үшеуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады? ( екі, два , )

2 сайыскерге

1. Тұмсығымен қозғалар,

Соңында аппақ із қалар. (бор, мел, )

2. Алмаға кеп күнара,

Қонушы еді бір ара.

Бүгін алты туысын

Алып кепті бұл ара.

Сонда бүгін алмаға

Келіп қонды қанша ара? (7, семь, )

3. Бұрап қойған сағаттай,

Оятады таң атпай. ( Әтеш, петух, )

4. Ақ сандығым ашылды,

Ішінен жібек шашылды. (күн, солнце, )

3-сайыскерге

1. Тілі жоқ өзінде,

Сөзі бар ізінде. (қалам, ручка, )

2. Сағат сайын қағылады,

Тек мектептен табылады. (қоңырау, звонок,
3. Әрі түйексіз,

Әрі тиексіз. (тіл, тіс,зык, зуб)

4.Көп әңгіме өлеңім,

Күнде ақыл беремін.

Жақсы көрсе мені кім?

Мен де жақсы көремін. (кітап, книга)


5- тур Тез ойла, сөз ойла.

Тақтадағы шашыраған әріптерді орнына қойсаң, оқулық аттарын оқисың. Артық әріпті ата.

УЕНКЙЛЕБ К

УАНТЕИІҮД І

ТЕТИБЕДӘ Т

КҢЕАБЕ А

АПКАТИМЕТМА П

Сіздер бүгінгі аруларымыздың өнерліде білімді екенін байқадыңыздар. Енді әділқазылар алқасына сөз берейік.

Бойларында от бар екен байқадым,

Жүректерде шоқ бар екен байқадым.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым!

-Осымен «Ханшайым» сайысымыз аяқталды сау болыңыздар!



УЕНКЙЛЕБ К

УАНТЕИІҮД І

ТЕТИБЕДӘ Т

КҢЕАБЕ А

АПКАТИМЕТМА П



УЕНКЙЛЕБ К

УАНТЕИІҮД І

ТЕТИБЕДӘ Т

КҢЕАБЕ А

АПКАТИМЕТМА П


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
757
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі