Мұғалім:
Бұл оқу тамақ болар қарны
ашқанда,
Жол табар қараңғыда
адасқанда.
Мал озбас біле білсең білім
озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып
ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен
солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген
шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі
отырған « Қош бол,
бастауыш» атты кешін бастауға рұқсат
етіңіздер!
Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар, ата –
аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған
бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын
мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі
болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш
сыныппен қоштасқалы
отыр.
Бесіктегі
баланың,
Күлгенін көрген - бір
мұрат.
Алдына түсіп
ананың.
Жүргенін көрген - бір мұрат – дегендей,
бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға
шақырайық!
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз
да,
Мұндай күй болған сірә
қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп
шақырайық,
4 - сыныптарды
ортамызға!
Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.
Мұғалім: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне , ес біліп, етек жиған шәкірт. Армандасаң да , қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр.Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан ,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.Олай болса жүргізушілерімізді ортаға шақырайық!
Ақтоты: Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар , ұстаздарым қымбатты
Айымжан: Армысыздар әжелер мен аналар
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар
Ақтоты: Армысыздар өр тұлғалы әкелер!
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!
Айымжан: Армысың сен , алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр- алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл әнім!
Ақтоты :Дұрыс айтасың Айымжан! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші. Менің атам да, әжем де, әкем де, анам да, енді мен де мектептен тәлім алудамын.
Айымжан: Олай болса Ақтоты алтын ұя мектебімізге арнап бір ән шырқайық.
Ән: «Мектебім»
Ақтоты: Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық
1-оқушы: Арлан
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.
2-оқушы: Күнтолқын
Мектебім-білім берер алтын ұям,
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4 жыл бойы ата-анамдай,
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе- дағы дүркіреп жыл,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы,
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.
3-оқушы: Рамадан
Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағың,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.
4-оқушы: Алуа
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
5-оқушы: Рамазан
Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
6-оқушы: Динара
Мектеп-үйім, ұстазым менің-ата-анам,
Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырланып, сан тарапқа тараған.
7-оқушы: Ақтоты
Мектебім-сүйікті мектебім,
Бауырыңда түлеймін, көктеймін.
Сен-бұлақ, мен-қайың бүр ашқан,
Өзіңнен нәр алып көктедім.
21 ғасырда түрлі-түрлі технологиялар дамып жатыр. Сонымен көреміз бір жанұяда болған жағдай.
Мирас: (Әкесі) Әй балам, бұл робот шындық пен өтірікті ажырататын робот. Сен осы маған шындықты айтып жүрсің бе, өтірік айтып жүрсің бе тексерейік. Отыр .
-Балам ,сен өтірік айтатын болсаң бұл робот басыңнан ұрады. Егер шындықты айтатын болсаң басыңнан сипайды.Түсіндің бе?
Рамадан: Ия, түсіндім.
Мирас: Бүгін сабаққа бардың ба балам?
Рамадан: Ия, бардым.
Робот: Басынан сипайды
Мирас: Неше алдың?
Рамадан : Мен бүгін 5 алдым.
Робот: Басынан ұрады
Мирас : Әй, неге өтірік айтасың, айт неше алдың ? Рамадан : 4 алдым.
Робот: Басынан ұрады.
Мирас: Әй сені түсінбеймін неше алдың?
Рамадан: Өңкей үш алдым.
Робот: Басынан сипайды.
Мирас: Сені түсінбеймін. Сендей кезімде тек беске оқитынмын .
Робот: Әкесінің басынан ұрады.
Айымжан: Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып , білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Ақтоты?
Ақтоты: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға , жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» — деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
Айымжан: Дұрыс айтасың Ақтоты,ғылым иесі ғалым да , ел қорғаған батыр да , тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.
Ақтоты : Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен. Олай болса келесі жырларымызды алғашқы ұстазға арнаймыз!
Ән: «Ұстазым»
Бәрі : Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс мына отты жүректерден!
Айымжан: Иә осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.
Ақтоты: : Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.
Көрініс: БІЗГЕ БӘРІ ТАҢ ҚАЛҒАН,
КЕЛІП ТҰРМЫЗ 4 «А» дан.
МӘҢГІ БІРГЕ ЖҮРЕКТЕ,
МӘҢГІ БІРГЕ «Ж А Й Д А Р М А Н».
Мирас: Жастарға сенсең осы. Біз 4 сынып түлектеріміз. Соған бір ути –пути деген ән қоспайсыңдар ма?
-
Біз бастаймыз. Музыка ойнатылады.
-
Кеттік жігіттер. Ей сен былай қарай , сен әрі қарай барыңдар.
Рамадан: Әр адамның өзінің сүйікті пәні болады. Сонымен көрейік өз сүйікті пәнін ауыстырған бала.
Мирас: (Әдебиет). Сонда сен мені әдебиетті мына тарихқа ауыстырғаның ба? Есіңде ме? 8 сыныпта «Жігіт сұлтанында» таныстыруды кімнен алдың? Мына менен әдебиеттен алдың.
Арлан: (Хрестоматия) Кім саған тиісіп жатыр әдебиет?
Мирас: Қой, қой хрестоматия. Сенің беттерің жұқа, денелеріңе сурет салып тастайды. Қой. Қой.
-Сәлем ҚАЗАҚ ТІЛІ!
Рамазан: (Қазақ тілі) Сәлем Әдебиет!
Мирас: Жаныңдағы кім танымадым ғой.
Рамазан: Ағылшын тілі ғой.
Мирас: Кейінгі кездері екеуің бірге жүретін болыпсыңдар ғой. Ә-Ә
Дінмұхамед: (тарих). Кешір әдебиет мен сені таңдаймын.
Мирас: Енді тым кеш. Енді сен мені ешқашан түкіріктеген саусақтарыңмен ұстаушы болма!
Айымжан:: Биыл Қазақстан Республикасының Қарулы күшіне 25 жыл, Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 72 жылдығына орай мектебімізде «Сапта тұрып, ән байқау» шарасы өтті. Осы шарадан сыныбымыз екінші орынға ие болды.
Ақтоты: Ұлдардың орындауында «Қазақстан сарбаздары» қабыл алыңыздар.
Айымжан: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.
Ақтоты: Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген.
Айымжан: Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген .Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!
Ән: «Сенің анаң алтын»
Мектепте болған жағдай
Ақтоты: Несіпбай Дастан тақтаға қазақ тілі дәптеріңмен шық Рамазан: Мінекей апай (дәптерін апарады.) Ақтоты: Мен саған орыс тілі дәптерін әкел деген жоқпын. – Мен саған қазақ тілі дәптерін әкел дедім. Рамазан: Апай, келесі бетті ашыңызшы. Ақтоты: Сонда сен, бір дәптерге екі пән арнадың ба? -Бар, күнделігіңді әкел тез. Рамазан: Апай, күнделік үшінші бетте. Ақтоты: Не мынау,айтшы,не мынау ертең мектепке ата-анаңмен келетін бол. Рамазан : Папа, ұрыспашшы. Дінмұхамед: Папа деме мені,папа деме мені. -Мені әке де, әке.
ӘН:
Мереке:
Ақтоты:Үкілі кәмшат, бүрмелі
көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз
билеп,
Иықтан шашып, төгіліп
жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге – демекші,
ендігі кезекте
«Қара жорға
биі», қабыл
алыңыздар!
Мұғалім:
Шексіз алғысымызды айта отырып, жеке құндылықтарыңызды бағалай әр — түрлі номинацияларда Сіздерді дипломдармен марапаттаймыз.
«Ең сүйкімді де сүйікті» номинациясымен мектеп директоры марапатталады.
Дінмұхамед:
Кемшілікті кезінде,
Кесіп айтар өзіңе.
Өнеге мол өзінде,
Өсиет көп сөзінде.
Көңілінің хошын-ай,
Көп шәкірттің досындай.
Ақ ниетті кең пейіл,
Біздің бастық осындай!
Ақтоты: Ендеше мектебіміздің директоры Орманбаева Дана Тоғайбаевнаға сөз беріледі
Мұғалім: «Қамқор және мейірімді» номинациясымен оқу ісінің меңгерушісі марапатталады. Айымжан: Қасымызда қашанда, Қамқор болып жүреді. Ақ ниетті кең пейіл, Қанат ағай осындай.
Мұғалім: «Ұйымшылдығы үшін» номинациясымен тәрбие ісінің меңгерушісі марапатталады.
Ақтоты:
Анамдай мейірімді құшақ ашып,
Тұрасыз Назым апай амандасып.
Әр уақыт жылы сөзің шабыт беріп,
Барамын болашаққа қадам басып.
Мұғалім: «Самая справедливая и обаятельная» номинациясымен орыс тілі пәнінің мұғалімі марапатталады.
Ислам:
Читать и писать на руском,
Нас научила она.
Это наша царица,
Рысты Кенжебаевна.
Мұғалім: «Күміс көмей» номинациясямен ән-күй пәнінің мұғалімі марапатталады.
Айымжан:
Әдемі ғой ән сабағы мектептің,
Жүректерге әсемдікті сепкен кім?
Арайжан апай, бас иеміз сізге де,
Ән мен сазды талмай бізге үйреткен.
Мұғалім: «Инабатты» номинациясымен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі марапатталады.
Мирас:
Айдана мұғалімге біз сендік,
Шетел тілін үйрендік.
Ағылшынша жазып та,
Біз сөйлеуді үйрендік.
Мұғалім: «Жайдары» номинациясымен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі марапатталады.
Мирас:
Дене тәрбие сабағын,
Жақсы көріп бәріміз.
Сайран ағай сізге де,
Білдіреміз мың алғыс.
Мұғалім: ««Кең пейілді, ұлағатты» » номинациясымен өзін- өзі тану пәнінің мұғалімі марапатталады.
Күнтолқын: Ақ
көңілдің ізі бар
Нұр
жайнаған жүзінде
Мың
алғыс жолдап сізге тоқтамай,
Ляззат апай, ризамыз
өзіңізге
Флешмоб:
«Есеп».
Арлан: Әке,
кешегі шығарып берген есебіңіз түп түгел қате
екен.
Мирас: Не
дейді? Мүмкін емес!
Арлан: Ашуланбай ақ қойыңыз, өзге
балалардың әкелері де сол есепті шығара
алмапты.
«Ең қиын
сұрақ»
Күнтолқын:
Мама, мен бүгін бүкіл
сынып оқушылары жауап бере алмаған сұраққа жауап
бердім.
Алуа: Өте
жақсы балам, ол қандай сұрақ?
Күнтолқын:
Сынып бөлмесінің
терезесін кім
сындырды деген сұраққа…
«Емтихан» .
Дінмұхамед:
Балам, кешегі емтиханды қалай
тапсырдың?
Рамадан:
Жақсы тапсырған шығармын. Өйткені мұғалім
жазда тағы келесің деді ғой.
Дінмұхамед :
Жарайсың балам, өзіме ұқсаған
екенсің.
Айымжан: «Шөлдеген адамға бір жұтым су берген адам жұмаққа барады» деген сөз бар. Мұғалім жеткіншек ұрпаққа берген мол білімі, тәлім-тәрбиесі, үлкен жүрегі, мейірімі, уыстап жұтқызған өмір шербеті — тіршілік зәмзәмі.
Ақтоты:: Құрметті ұстаздар! Біздің бойымызға ерен сіңірген еңбектеріңізге оқушылар атынан мың алғысымызды білдіреміз.
ӘН: Ұстазым
Мұғалім: Ал енді 4 «А» сынып түлектерінің орындауында «ҚОШТАСУ» вальсін тамашалаңыздар.
Ұстаз оқушыларға грамоталар ұсынады
1. Динарадай қызымыз бар мақтанамыз,
Әніне,өлеңіне рахаттанып шаттанамыз.
Талантымен талайды табындыртар,
Динараға ақ тілекті ақтарамыз.
2. Бос жібермей ешқашан да уақытын,
Сурет салу сенің бар үлкен талантың.
Самғай бер,қанатың талмасын,
Алуа келешекте жарқын болсын болашағың.
3.
Сабақтан еш
қалмайды,
Спортты жақсы
көреді.
Ислам біздіњ
әрдайым
Үлкенді де
сыйлайды,
4. Айтар сөзім, тілегім бар өзіңе.
Үлгі болғай Айқын деген ініңе.
Айымжан сенің көңілің ақ, жүзің жылы,
Тек жақсылық пен сәттілікті тіледім,
Кең дархан сәбидей пәк жүрегіңе.
5. Еңбекқор, әзілкеш бойында бар,
Арланның мінезі бар жанға жайлы,
Ешқашанда,ешуақытта шаршамайды
Күліп жүр өмірде де дәл осылай
6. Күліп жүрген өзіңе жарасады,
Әр ісі әрқашан да мойындалар.
Әр ісіне жауапты Дінмұхамед бала
Арманың болашақта орындалар.
7. Үлкені боп келеді жанұяда,
Кезек келді ерке ұл Рамазан да
Әрқашанда күлімсіреп жүресің.
Әңгімеңмен баурап алып кетесің.
Болашақта биік-биік шыңдардан,
Көрінеді ғой деп мен өзіңе сенемін.
8. Мирас сондай салмақты,
Сабақ оқудан бір талмапты
Әр іске де жауапкершілікпен қарайтын
Оқушымсың сенімімді ақтайтын.
9. Барлық істі тез арада тындырады,
Бар жанын сала тырысады.
«Жыл оқушысы» сайысқа, қатысқаны бар.
Ақтоты менің мәңгі есімде қалады.
10. Есеп шығарудың шебері,
Математиканы өте жақсы көреді.
Өнеріңді өзіңнің бағалаймыз,
Сұңғақ бойлы,әдемі Рамадан ұл.
11. Әр іске де жауапкершілік танытатын
Сабақтан босқа қалмауға тырысатын.
Күнтолқын ақкөңіл бала,жүрегі кең,
Мақтан етіп өзіңді жүремін мен.
Ақтоты:
Бастауышым-балбұлағым,
Лаулап жансын шам-шырағың.
Өзің берген біліміңмен,
Самғап ұшты тау қыраның.
Айымжан:
Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым-балбұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймыз!
Қош бол, қош бол, бәрі.
Сүйікті бастауышым!
Мұғалім
: Бүгінгі кеш
әр үйдің той басы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар
Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында,
Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар- деп , келесі сөзді
қонақтарымызға берейік.
Мұғалім:
Осымен «Қош бол,
бастауыш» атты кешіміз
аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды
білдіреміз.
Ұстазым.
1. Ғалым да, шахтер де
бас иетін,
Ұстазым, бар сенің қасиетің.
Білім берген, ой берген, ақыл берген,
Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең.
Қайырмасы:
Ұстазым!
Ақылшы дос, ой-арманым,
Арналсын саған осы аяулы әнім.
2.Күтеді біздерді үміт алдан,
Ұстазым, мен сені ұмыта алман.
Үйретем деп өмірдің парасатын,
Ағарды ғой біз үшін қара шашың…
Қайырмасы:
Ұстазым.
1. Ғалым да, шахтер де
бас иетін,
Ұстазым, бар сенің қасиетің.
Білім берген, ой берген, ақыл берген,
Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең.
Қайырмасы:
Ұстазым!
Ақылшы дос, ой-арманым,
Арналсын саған осы аяулы әнім.
2.Күтеді біздерді үміт алдан,
Ұстазым, мен сені ұмыта алман.
Үйретем деп өмірдің парасатын,
Ағарды ғой біз үшін қара шашың…
Қайырмасы:
Мектебім.
-
Мектебім, аяулы мектебім,
Өзінсің өмірдің көктемі.
Нәр алып, қолымды созамын,
Арманға көктегі.
Мектебім келеміз тағыда,
Күн сайын өзіңді сағына.
Сыңғырлап соғылды қоңырау,
Бар бала бағына,
Қайырмасы:
Мектебім, аяулы мектебім,
Бағында гүлдей боп көктедім.
Өзіңсің білімнің бұлағы,
Нәр алып келемін.
-
Келеміз куанып біз дәйім,
Мектебім, сен жайлы жыр дайын.
Айқара есігін ашады,
Қарсы алып күн сайын.
Мектебім, өзінді сүйемін,
Білімді санама түйемін.
Аяулы ұстаздар алдында,
Басымды иемін!
Ұстазға тағзым.
1. Мектеп-кеме, білім-теңіз,
Толқыныңда біз жүземіз.
Желбіреген ақ желкені
Ұстазым сенсің ұланымның ертеңі.
Қайырмасы:
Ұстазым, Жыр сазым.
Бір өзіңе, Мың тағзым,
Ұстазым.
2. Ұстаз ана, ұстаз дана,
Нұрлы жүзің жанға пана.
Менің маржан асыл сөзің
Әнұранымдай жаңғырады санамда.
«Ең сүйкімді де сүйікті»
номинациясымен
мектеп директоры
марапатталады.
Кемшілікті кезінде,
Кесіп айтар өзіңе.
Өнеге мол өзінде,
Өсиет көп сөзінде.
Көңілінің хошын-ай,
Көп шәкірттің досындай.
Ақ ниетті кең пейіл,
Біздің бастық осындай!
«Қамқор және мейірімді»
номинациясымен
оқу ісінің меңгерушісі
марапатталады.
Қасымызда қашанда, Қамқор болып жүреді. Ақ ниетті кең пейіл, Қанат ағай осындай.
«Ұйымшылдығы үшін»
номинациясымен
тәрбие ісінің меңгерушісі
марапатталады.
Анамдай мейірімді құшақ ашып,
Тұрасыз Назым апай амандасып.
Әр уақыт жылы сөзің шабыт беріп,
Барамын болашаққа қадам басып.
«Самая справедливая и обаятельная»
номинациясымен орыс тілі пәнінің мұғалімі
марапатталады.
Читать и писать на руском,
Нас научила она.
Это наша царица,
Рысты Кенжебаевна.
«Күміс көмей» номинациясямен
ән-күй пәнінің мұғалімі
марапатталады.
Әдемі ғой ән сабағы мектептің,
Жүректерге әсемдікті сепкен кім?
Арайжан апай, бас иеміз сізге де,
Ән мен сазды талмай бізге үйреткен.
«Инабатты» номинациясымен
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
марапатталады.
Айдана мұғалімге біз сендік,
Шетел тілін үйрендік.
Ағылшынша жазып та,
Біз сөйлеуді үйрендік.
«Жайдары» номинациясымен
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі марапатталады.

ҚОШ БОЛ,БАСТАУЫШ СЫНЫП АХМЕТОВА ДИНАРА
ҚОШ БОЛ ,БАСТАУЫШ СЫНЫП БАЖАКАЙ АЛУА
ҚОШ БОЛ ,БАСТАУЫШ СЫНЫП ЖАНДОСОВ ИСЛАМ
ҚОШ БОЛ ,БАСТАУЫШ СЫНЫП ЖАҢБЫРБАЙ АЙЫМЖАН
ҚОШ БОЛ ,БАСТАУЫШ СЫНЫП КАБДРАХМАН ДІНМҰХАМЕД
ҚОШ БОЛ ,БАСТАУЫШ СЫНЫП ИБРАГИМ АРЛАН
ҚОШ БОЛ ,БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҚАН РАМАЗАН
ҚОШ БОЛ ,БАСТАУЫШ СЫНЫП НҰРТАЙ МИРАС
ҚОШ БОЛ ,БАСТАУЫШ СЫНЫП ТАҒАЙ АҚТОТЫ
ҚОШ БОЛ ,БАСТАУЫШ СЫНЫП ТАҚЫРБАЕВ РАМАДАН
ҚОШ БОЛ ,БАСТАУЫШ СЫНЫП ХУАНБАЙ КҮНТОЛҚЫН
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты: Бастауышпен қоштасу 4 сынып

шағым қалдыра аласыз