400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Бастауышым- балбұлағым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып жетекшілеріне яғни 4 сынып ұстаздарына бастауышпен қоштасу ертеңгілігінде көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бастауышпен қоштасу

«Бастауышым - балбұлағым!!!»

Ерасыл: Армысыздар құрметті ата аналар, ұстаздар, қымбатты қонақтар.

Мадина:«Бастауышым - балбұлағым!!!» атты бастауышпен қоштасу ертеңгілігіне жиналып отырсыздар. Қадамдарыңызға нұр жаусын!

Ерасыл: Алдарыңызда тұрған балалар 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын тәй – тәй басып аттаған бүлдіршіндер еді. Енді міне бойларыда, ойларыда өсіп, әріп таныған бастауыш сынып білімін аяқтап, жоғары сыныпқа қадам басқалы отыр.

Ағайын жұрт ,ардақты, армысыздар, Бәріңізде есен – сау бармысыздар Көрермен куә болсын бастауышқа Болашақ шәкірттердің жалғасы бар – дей отырып , ортаға бүгінгі күннің басты кейіпкерлерін қошеметтеп шақырайық

Оқушылар шығады

Мадина: «Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда, Жол табар қараңғыда адасқанда . Мал озбас біле білсең білім озар, Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Бастауышым - балбұлағым» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!

Ерасыл: Аса қадірлі ата-аналар мен ұстаздар және оқушылар. Бүгін ғылым әлемінің алғашқы баспалдағы «Бастауыш» атты ұзақ жолдың алғашқы асуынан асып тұрмыз. Шәкірттердің тұңғыш рет қолдарына ұстап, бетін ашқан оқулығы - Әліппе! Енді әліппе туралы көрністі тамашалаңыздар

Көрініс: Әліппе хан

Раяна: Ерте ерте ертеде Алтынтөбе аулында әліппе хан билік жасапты. Ханның 40 уәзірі, және 2 күтушісі болыпты. Әліппе хан сондай қатал болған екен. Ол уәзірлеріне ел аралатып білімсіз балаларды жинатып жазалап сауаттандырады екен. Әліппе хан елін жинап, тақтан кететінін жарияламақшы.

1 – оқушы: Уа халайық, келіңіздер көріңіздер Әліппе хан тақтан кеткелі жатыр.

2 – оқушы: Уа жараңдар жараңдар, Әліппе хан орнына өз ұлын сайламақшы. 40 уәзірі мен 2 күтушісінің, ханды шығарып салу салтанатының куәсі болыңдар!

Әліппе хан: Уәзірлерім, сендер неге тұрсыңдар! Ел ішін аралап келіңдер! Мына мен таққа ұлымды отырғызар кезде, елде сауатсыз балалар болмауы керек.

3 – оқушы: Әміріңізге құлдық хан ием! Біз ел ішін түгел араладық. Сіздің қатал мінезіңіз бен бұйрығыңыздың арқасында елде еш сауатсыз бала жоқ. Барлығы білімді, сауатты, өнерлі екен.

Әліппе хан: (көңілденіп). Тамаша, тамаша. Ха - ха – ха. Мен осыншама уақыт неге көңілсіз болдым? Неге қатал болдым?

Барлық балалардың сауаты ашылғанша менде уайымдап көңілсіз жүрдім. Бүгін меніңде, мына дүйім жұрттың да көңілін көтеріңдер. Менің жарлығымды орындаңдар!

4 – оқушы: Хан жарлығына құлақ салыңдар. Дәл бүгін хан ием мен дүйім жұрттың көңілін көтеріп өнер, білім көрсетейік. Олай болса бүлдіршіндердің өнері мен біліміне кезек берейік.

Мадина:

Армысыздар, мұғалімдер әз жандар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар

Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан

Өмір деген үлкен жолда тарландар

Бүгін, міне қоштасады бастауышпен балбұлақ

Әніменен жырына, тарландарым сан құлақ.

Кеше сәби, бүгін, міне жас ұлан

Лаулап жансын болашағың шамшырақ

Ерасыл:

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай болашағын мәпелер

Бүгін, міне бастауышпен қоштасады

Азамат боп, кешегі сәби – еркелер.

Мадина:

Ерасыл бүгін біз сауатымызды ашып білім негізін қалаған бастауыш мектебімізбен, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымызбен солымызды танытқан алғашқы ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.


Ерасыл:

Ия, бүгін біздер қуаныш, бүгін бізде үлкен той. Өйткені, 4 жыл бойы білім беріп, ой санамызды дамытқан, адалдыққа, адамдыққа, тәрбиелеп білімнің соқпағынан ғылымға жол ашқан бастауыш сыныппен қоштаспақпыз.



Мадина: « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып , білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Ерасыл?


Ерасыл : Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі - бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған. Бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен. Олай болса келесі өлеңдерімізді ұстаздарымызға арнаймыз


Нуржау:

Есімде ұстазым алғаш қарсы алғаны

Айқара есік ашып тастағаны

Бір мереке думан болып осы маңда

Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны

Енді міне, сағымдай боп өте шықты.

4 жыл уақыт аз ба екен кім біліпті

Ұстаз ана жасады мына біздеп

Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.


Жанасыл:

Шаттанамын мен бүгін шаттанамын.

Ғылым сырын түсіндім мақтанамын.

Осы сырды үйреткен 4г сыныбым.

Түстей болып міне бүгін артта қалдым.

Өмірге жолды бір өзіңнен бастадым

Алфавитті алғаш сенен жаттадым

Ұстаз – ана естен кетпес мәңгілік

Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.


Ұлбосын

4 жыл бойы білім берген мәпелеп

Анамыздай біз сыйлаймыз қастерлеп

Рахмет сізге ұстаз апай мол алғыс

Ұмытпаймыз жүремізде дәріптеп.

Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп

Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып.

Қоштасамыз біз бүгін ұстазбенен.

Ұстаз әнін жаңғыртып айтып тұрып


Ән. Ұстазым


Алина

Байсалды мінезіңмен бірқалыпты

Меніңде көкейімде із қалыпты

Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің

Ерінбей үйреттіңдер әр әріпті

Қоссаңдар бірді екіге үш болады.

Деуші едің біліммен күш толады.

Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол,

Ақылмен іс істесең іс болады.


Акбота

Біз барамыз артқа тастап 4 жылды,

Ұмытпаймыз ұстаздарды жаны ізгі.

Пана болған дара болған біз үшін

Жанымыздан артық көреміз біз сізді.

Беруші ең бізге айтып өлең, тақпақ

Таласып алушы едік біздер жаттап.

Өзіңіз баға қойған күнделікті.

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.

Анара

Қолыма алғаш қалам ұстатқызған

Апайым әрқашанда қымбат маған

Сабырлы да, салмақты қалпы менен

Қажымай үйретуден бір танбаған

Көреміз көзіңізден мейірімді.

Сеземіз анамыздың алақанын.

Қыран ана секілді күтіп баптап

Ұшырған ұясынан балапанын


Ерасыл: Раянанын орындауында Испан биін тамашалаңыздар


Алан

Даналықтың ұстаз боп жалғап ісін,
Еңбек еттің балауса арман үшін.
Сен - ертеңгі бәйтерек болашақтың
Бүгінгі күн тер төккен бағбанысың.

Ұстаз деген ұлық ат - сендегі есім,
Балғындардың бәрін де тең көресің.
Балалықпен күн сайын жүздесесің,
Тазалықпен бетпе - бет сен келесің
.


Мадина: Ия Ерасыл барлығымыз өзіміздің ұстазымыз жайлы жырладық. Ал сен білесіңбе? Ұстаздардың ұстазы ең алғаш әліппені кім жазған?

Ерасыл: Әрине білем. Ол Ыбырай Алтынсарин атамыз ғой. Олай болса біздің досымыз Ыбырай Алтынсарин атамыз туралы өлең тақпақ айтады.


Диас:

Ұстаздың тұңғышы да зоры да сен,

Халықтың кітап берген қолына сен

Қазақтың қара түнек аспанынан,

Ақ жұлдыз ағып өткен жолың әсем.

Айтпайсың дәл қазіргі еліңе өкпе

Болашақ етер аңыз сені көпке

Ыбырай Алтынсарин деген шақта

Бар бала қолын көтереді көкке.


Мадина: Ерасыл сен байқадың ба? Біздің достарымыз бұл кешке жақсы өнерлерін ала келіпті.

Ерасыл: Олай болса неге тұрмыз ертеңгілігімізді әрі қарай жалғастырайық. Біздің қыздардық биін тамашалайық ендеше


Би: Қуыршақтар

Мадина: Керемет. Оқушылар бізді аяулы мектебіміз үлкен құрметпен қарсы алды. Біздің әрбір өткен күнімізге аузымыздан шыққан сөзімізге сүйкімді қылығымызға, балаға тән қасиетімізге шын жүректен мейірімділікпен қарай білді. Әрбір ұстаз өз бойындағы жақсы қасиеттерін үйретуге тырысты, өз асыл уақытын бізбен бірге өткізді.


Ерасыл: Содан бері табаны күректей 4 жыл өтті. Уақыт озды, бізде есейдік. Бұл уақыт ішінде көп нәрсе білдік үйрендік.

Достар сонымен қатар сұлулықты мейірімділікті жақсы көруді әдемі сөйлеуді кішіпейіл болуды, жақсы мен жаманды ажырата білуді, үлкенге кіші, кіші үлкен бола білуді – міне осы адамзат баласына тән жақсы қасиеттердің бәрін - бәрін осы мектеп қабырғасындағы бізге білім мен тәрбие беретін ұстаздардан үйрендік.


Перизат

Есігіңді ашқан балаңа

Құшақ жайдың мектебім сен қуана

Сол бір сәтті мәңгі ұмыта алам ба?

Сенен артық дүниені таба алам ба?

Мектебім мәңгі бапкерім

Қарызбыз саған бәріміз.

Өзіңе деген парызды.

Ақтаймыз талай әлі біз.


Мейрамбек

Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя, ақ босаға киелі.

Қанат қаққан білім алып өзіңнен,

Күллі шәкірт саған басын иеді.


Оркен

Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені

Мектеп деген тәрбиеші адамға

Мектеп деген даналардың мекені
Мектеп, мектеп, менің жарқын көңілім. Мектеп, мектеп, шаттық толы өмірім. Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің Мектеп, мектеп, анам боп та көріндің.


Мадина: Біздің сыныптың әншісі Диастың әнін тыңдаңыздар.

Ән: Ұстазым


Маржан

Мектебім- білім берер алтын ұям.

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.

Әрқашан қасиетті атың маған.

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл


Олжас

Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам,

Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.

Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.

Тамырланып , сан тарапқа тараған.

Мектебім- сүйікті мектебім,

Бауырыңда түлеймін , көктеймін.

Сен – бұлақ, мен- қайың бүр ашқан,

Өзіңнен нәр алып көктедім.


Ерболат

Мектеп – кеме, білім – теңіз,

Барар жерге тез жетеміз.

Төрт жыл алған білім нәрін ,

Азық етіп ер жетеміз.


Ерасыл: Біздің сыныптың биші қыздарының биін қарсы алыңыздар.


Ерасыл: осыдан 4 жыл бұрын, біз 6 жастағы сәби - балалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік. Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз. Сағымдай өте шыққан 4жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды. Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа !


Наурызбаева Мадина

Бірдей біздің ойымыз да, сырымыз,

Бір мектептің ұлы менен қызымыз.

Бірдей өстік оқуда да еңбекте,

Күліп – ойнап біріміз бен біріміз.

Диана

Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта алған білім, жырларым,

Азық болар , мәңгі талай жылдарға.

Амина

Бастауышым- бал бұлағым ,

Алдым сенен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып

Рахметімді жаудырамын.

Бастауышым- балбұлағым

Лаулап жанған шам шырағым.

Өзің берген біліміңмен,

Самғап ұшар тау қыраның.

Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым- бал бұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.


Мадина: Балалардың орындауындағы Моряк биіне куә болыңыздар


Пәк

Күтеміз ықыласпен әр сабағын.

Оқимыз жіберместен бір парағын.

Барынша игеруге тырысамыз

Осы деп бұл заманның зор талабын

Айтамыз апай сізге көп –көп алғыс

Қашанда қасыңыздан табылармыз

Бастауыш бар білімнің негізі деп

Біз сізді әрқашанда сағынамыз.


Раяна: Учитель
Вишневская Я. Вы двери школы открывали в сентябре,
Встречали всех учеников с улыбкой.
Вы подарили столько тёплых дней,
И научили исправлять ошибки.
Учитель, самый добрый и родной!
Мы очень ценим ваши все старанья,
Вы вечно юный, вечно молодой
Всегда и в наших мыслях, и в сознании.


Әсетжан I love my teacher I love my teacher, he is full of life I love my teacher, he doesn't cause any strife I love my teacher, For he is full of light I love my teacher, he is always bright I love my teacher, For he doesn't get in a fight And, I love my teacher. For he tells me to look on the side that's bright


Хор: Мектебім

Ерасыл:

Өтті сенде қызық шағым

Бастауышым балбұлағым

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

Мадина:

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мадина: Осымен «Бастауышым - балбұлағым» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Келіп тамашалағандарыңыз үшін рахмет.

- 9 -

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
1928
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі