400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты: Бастауышым-бал бұлағым

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш мектеппен қоштасу кешіне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бастауышпен қоштасу кешіне арналған сценарий

Адам баласының есінде ерекше сақталып, үлкен өмірге дайындайтын білім ордасы – мектеп. Қызығы мен шыжығы мол күндер осы мектеп қабырғасында өтеді. Және білім нәрімен сусындатып, алғаш қолға қалам ұстатып, үлкен өмірге дайындаған ұстаз мәңгілік есте қалады. Қажет болса, махаббат атаулысының өзі осы кезеңде орын алады. Назарларыңызға 4 сыныппен қоштасу кешіне арналған "Бастауышым-бал бұлағым!" атты мерекелік кешті көруді ұсынамыз. 

«Бастауышым-бал бұлағым!»

Музыка ойнап тұрады. (Күй немесе әдемі оқушыларға тән әннің әуені).

Мұғалім:

Бүгін міне жақсы күн жарқыраған,

Көңілдер қуаныштан сарқыраған.

Қоштасатын күн келді бастауышпен,

Қиындау болып тұр-ау бүгін маған.

Кеше ғана алдыма келген еді,

Именіп ұлы ұяға енген еді.

4 жыл бойы сусындап білімменен,

Ұшатын қанат қағып келді кезі.

Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын қуана аттаған ұл-қыздарымыз ойлары толып, бойлары өсіп бастауыш сатысымен қоштасқалы отыр. Олай болса 4 «Г» сыныбының «Бастауышым-бал бұлағым!» атты бастауышпен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер.

Бұл салтанат қуаныш баршамызға,

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,

4 «Г» сыныбын ортамызға.

Кунанбай:

Бесіктегі баланың,

Күлгенін көрген - бір мұрат.

Алдына түсіп ананың.

Жүргенін көрген- бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!

Айтолқын:

Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

Төртінші сыныптарды ортамызға!

(Оқушылар ортаға шығады)

Мұғалім:

Бірнеше күн бұрын ғана мектебімізде ерекше мереке,осы алтын ұя мектебіміздің 60 жылдық мерей тойын тойлап өттік.Тойға сонау Ресей мен Қырғыздан,еліміздің түкпір-түкпірінен осы мектептің бітіріп кеткен түлектері қонаққа келіп,мектебіміздің бүгінгі көрінісін көріп,өте жақсы әсерде болды.Мектеп әкімшілігіне,ұстаздарға және оқушыларға өздерінің жақсы тілектері мен алғыстарын айтты.Осы үлкен тойдың қарсаңында менің балаларым да өздерінің бастауыш мектебімен қоштасқалы отыр.Осындай екі тойы қатар келген оқушыларым қандай бақытты.Осындай екі тойға куә болған біздер қандай бақыттымыз десеңізші!

Кунанбай:

оқушы:

Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға,

Мектеп деген даналардың мекені.


Алтын ұя мектебім аялаған,

Бар балаға білім беріп, сая болған.

Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін,

Жаманға да, жақсыға да пана болған,-дей отырып,салтанатты кешімізді ашып беру үшін мектебіміздің директоры Айкулова Гүлнар Чымкентқызына сөз береміз.

Айтолқын:

Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.


Тез үйрендік әділдік пен адалдықты,

Жирендік, ажыраттық жамандықты.

Жалғастырар ақ жолын сенің салған,

Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты,-деп келесі сөз кезегі директордың орынбасары Кошкарбаева Лилия Маратқызына беріледі.


Кунанбай:

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,

Жол табар қараңғыда адасқанда .

Мал озбас біле білсең білім озар,

Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы , тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Бастауышым-бал бұлағым!» атты мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!

Айтолқын:

Қош келіпсіздер , құрметті ата – аналар, қымбатты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

Мұғалім:

Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым,

Орындалсын арман тілек талаптарың.

Ақ парақтай келдіңдер сәби болып,

Ұғындым, әр біріңді парақтадым.

Өткіздік талай күнді, талай айды,

Уақыт сырғып артқа қарамайды.

4 жыл бойы сендермен бірге болдым,

Өткіздік талай қызық, талай жайды.

Ірге тасын қаладым, білім бердім,

Саналы ұл-қыздарым бүгін менің.

Ортада тұрған осы шәкірттердің,

Көрейік тамашалап өнерлерін.

Айтолқын:

Армысыздар, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біз бастауышпен қоштасып, үлкен өмірге аттанғалы отырмыз.

Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.

Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар,

Бастауышпен қоштасу тойымызға.

Кунанбай:

Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзетін сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге

Армысыздар ұстаздарым, қымбатты.

Айтолқын:

Армысыздар, әжелер мен аналар,

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.

Кунанбай:

Армысыздар өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

Азамат боп, кешегі сәби – еркелер.

Айтолқын:

Армысың сен, алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мектебіме арналады бұл әнім.

Сынып әншілерінің орындауында «Мектебім» әнін қарсы алыңыздар.

Кунанбай:

Иә, достар, алтын ұя мектептен атамыз да, әжеміз де, әкеміз де, анамыз да тәлім мен білім алған. Енді біз де дәл сол кісілердей тәлім алудамыз.

Айтолқын:

Мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше, сыныптастарымызды таныстырып өтейік.

Мұғалім:

Білімімен талайларды тамсандырған

Асып көрші білімді Кунанбайдан

Сыныбыңа бол қашанда ардақты

Ақ жолыңнан тайма осындай салмақты


Басы ауырып тұрса да еш қайтпаған

Тапсырманы орындамай шықпаған

Адалдықты жаны сүйген қашаннан

Ерполат та қатарынан қалмаған


Еңбек десе алдына

Жан салмайтын ақ жүрек

Ақ көңілді Ақылбек

Шыншылдықты ұнатқан


Он саусағынан өнер тамған

Есепті де жаңғақша шаққан

Суретшіміз кішкентай

Бекзад келді ортаға


Өзі сондай салмақты

Мінезіне ешкім тең келмес

Сыпайы қыз Әселге

Сыныпта ешкім тең келмес


Сабыр берген салмақты

Ақыл берген ардақты

Нұрдаулеттей балаға

Білім берген жан-жақты


Ер жігіті қазақтың

Еркесі Ерболат бір үйдің

Еркелейді ұстазға

Баласындай өзінің.


Үндемей бәрін тындырған

Сыныптың салмақты қызы

Жымиып күлген күлкісі

Әсемнің тұйық мінезі-ай


Ер жігіті елімнің сыныбымның

Тұлғасы өр көкте самғаған

Қатысқан талай жарысқа

Спортшы Серик сахнада


Аяжан атты қызымыз

Қатысқан талай сайысқа

Тамылжытып ән айтып

Жеткен талай табысқа


Барлық істе алда жүреді

Ән, айтып, би де билейді

Сыныптың белсенді аруы

Гүлназ өнерлі қызымыз


Тақылдаған таңдайың

Жарқырап атқан таңдайсың

Айтолқын атыңа сай болып

Жарқырасын маңдайың


Білімді, ақылдысы сыныптағы

Талай қиын есепті құрықтады

Ұланның алдында талай іс тұр

Болашақта жандырар үміт оты


Математика елінде жан салмайтын

Жауабын табар талай сұрақтың

Сыныптың белсенді баласы

Досқали тұр арамызда күлімдеп


Мың салса бір баспайтын

Еш уақытта саспайтын

Жанасылдай бала бар

Сыныпты алға бастайтын


Бұлбұл кұстай сайраған

Даусы оның керемет

Нұржан атты жігітім

Қайрат Нұртастың нақ өзі


Іс келгенде алдына

Жан салмайтын қызымыз

Ер мінезді, көрікті

Нұргүл біздің ержүрек


Тазалыққа жаны дос

Салақтықты сүймейді

Мықты, күшті Нурбол да

Сыныптың сұлу баласы


Ару қызы қазақтың

Мектептің бір озаты

Келбетті де сымбатты

Жангилай біздің ибалы


Атыңнан айналайын Нұрлан деген

Сенің жақсы ісіңе баға берем

Жеңіс туын тігерсің болашақта

Үміті зор сыныптың саған деген


Дараласа әкесі, аялаған анасы

Ән де, би де, өнер де

Бір өзінен табылған

Бергейге бір қарашы


Жүзінен күлкі кетпеген

Майысып тұрып сөйлеген

Бала мінез Әлібек

Сымбатына көз тоймас

Мұғалім:

Дүниедегі құдіреттің бәрі, ананың тілегі, ананың жүрегінің мықтылығы арқасында жүзеге аспақ.Аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі менің бүлдіршіндерімнің жүректері де дәл солай лүпілдеп тұр.Олар өз сезімдерін сіздерге жеткере аламыз ба деп толқып тұр.Сіздердің балаларыңызға жасаған еңбектеріңізді ақтай алдық па деп іштей толғанып та тұр.Бүгінгі «Бастауышым-бал бұлағым» атты мерекеміз тек ұстаз мерекесі емес,сонымен бірге осы бүлдіршіндерді дүниеге әкеліп,тәрбие берген,осындайсұлу да сымбатты балапандарымның аналары,сіздерге арналады.Сіздер менің көмекшілерім болдыңдар,тек мектептегі торт бес сағат ешнәрсені шешпейді,ол үйдегі бақылауға да байланысты.Сіздер үйдегі ұстаздар болдыңыздар.Соның нәтижесінде менің балапандарым осындай дәрежеге жетіп отыр.
Қыздардың орындауында ән «Сен сұлу»

Айтолқын:

Ұланның орындауында монолог «Ана туралы толғау»

Кунанбай:

Мектеп маңы толыпты жарасымға,

Ізгілік те, мейірім бәрі осында.

Қанат қағып кешегі балапандар,

Ақыл, білім жетіліп санасында.

Айтолқын:

Мектеп үйім, ұстаздарым, ата-анам,

Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.

Саяң ыстық сен мәуелі бәйтерек,

Тамырланып сан тарапқа тараған.

Оқушылардың тақпақтары:Нұрдаулет,Нұргүл,Ерболат,Гүлназ,Әлібек

Кунанбай:

Маған ұстаз үйретті,

Әліппесін өмірдің.

Жан жүйемді билетті,

Күйі шалқып көңілдің.

Қиялымды кездірді,

Таптым ойдың тұрағын,

Маған ұстаз сездірді,

Алдағы өмір шырағын

Сіздердің құрметіңізге ән «Мектебім»,қабыл алыңыздар.

Айтолқын:

Қоссаңдар бірді екіге үш болады,

Деуші едік біліммен күш толады.

Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол,

Ақылмен іс істесең, оң болады.

Беруші ең бізге айтып өлең, тақпақ,

Таласып алушы едік біздер жаттап.

Өзіңіз баға қойған күнделікті,

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.

«Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар.

Айтолқын:

Арманым боп аңсаған,

Мәңгілік қалдым мекендеп,

Өзіңе арнап ән айтам,

Ардақтап ұстаз өтем деп.

Кунанбай:

Білім алған өзіңнен,

Дәрігер, ұшқыш, бар ғалым.

Саған ыстық сезіммен,

Қарайды жұрт мұғалім.

Оқушылардың тақпақтарын қабыл алыңыздар:Ақылбек,Әсел,Нұржан,Серик,Әсем,Нұрлан

Айтолқын:

Басса бұрыс, жол сілтеп, қате дейсің,

Әр балаға сен ана әкедейсің.

Болашақтың көктеген жас шыбығын,

Бағбанындай аялап, мәпелейсің.

Балалардың орындауында «Попури» қабыл алыңыздар

Кунанбай:

Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға,

Ұқсатып ек біз сізді анамызға.

Жақын тарттық, біртіндеп бауыр бастық,

Жүрегіңді ұнаттық арамызда.

Нұргүл мен Нұржанның орындауында «Аке-Ана» атты әнді қабыл алыңыздар.

Айтолқын:

Мектебім – білім берер алтын ұям,

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Баулыған 4 жыл бойы ата-анамдай,

Әрқашан қасиетті атың маған.

Кунанбай:

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы,

Есейген шәкірттердің серті деп біл.

Оқушылардың тақпақтарын қабыл алыңыздар:Бергей,Ерполат,Аяжан,Жанасыл,Нұрбол

Айтолқын:

Еркелігін көтеріп әр баланың,

Сусындатып білімнің тұнығынан.

Саған қарыз бар пенде ғаламдағы,

Нәр алып, ұшып шыққан қойыныңнан.

Кунанбай:

Бізді үйреткен білімге жалықпастан,

Рақмет ұстазыма көзімді ашқан.

Біз – шәкірт, біз – Отанның болашағы,

Білімнің басқышына қадам басқан.

Оқушылардың орындауында «Флешмоб-Отаным»

Айтолқын:

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға – деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымызбен, солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің?

Кунанбай:

Ұстаз-ана,Ұстаз – дана. Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен ұстаз еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған. Олай болса, келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз.

Балалардың орындауында ән: «Алғашқы ұстазым».

Айтолқын:

Әліппемен аштым өмір есігін,

Тербетемін білім бөбек бесігін.

Өмір деген өрлі өзенге шомылып,

Жаттап өстім ұстазымның есімін

Кунанбай:

Ұстазым – ұлағатым, сая бағым.

Шәкіртті өз балаңдай аяладың.

Қолыма әліппенің кілтін берген,

Адалдық ақ жолыңды бағаладым

Айтолқын:

Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны

Айқара есік ашып тастағаны.

Бір мереке, думан болып осы маңда,

Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны,

Кунанбай:

Енді міне, сағымдай өте шықты,

4 жыл уақыт аз ба екен кім біліпті.

Ұстаз ана жасады мына бізден,

Ел танитын азамат, бір-бір мықты.












































.

Хор: «Ұстазым»

Шара апамдай бұралып,

Биді билеп береміз.

Би дегенің кермет,

Биді жақсы көреміз, - дей келе ортаға бишілер тобын «Жастар» биімен шақырайық.

16-оқушы:

17-оқушы:

18-оқушы:

19-оқушы:

20-оқушы:

.

21-оқушы:

23-оқушы:

24-оқушы:

Хор: «Ұстазым менің ұстазым»

25-оқушы:

1-оқушы:

5-оқушы:

.

10-оқушы:

Есімде ерен ұстазым,

Шашымнан сипап өткенің.

Аянбай бізге қыс-жазы,

Молынан мейір төккенің.

Мектебіміздің әнші қызының орындауында тамаша әнді қабыл алыңыздар!

15-оқушы:

.

20-оқушы:

25-оқушы:

Алғашқы ұстазым анамызбен тең келді,

Бар асылын бізге жиып, мол берді.

Қанатымен су себелеп асыл жан,

Баласындай шын жүректен хан көрді.

Хор: «Анашым»

3-оқушы:

Біздер өстік, есейдік,

Қанаттандық, қатайдық.

Қоштасарда ән салып,

Би билейік думан ғып.

7-оқушы:

Көпшілікке өнерді,

Көрсетейік керемет.

(Балапан биі)

13-оқушы:

Ұмытпаймын жаныма,

Білім нәрін еккенің.

Барлығы бірге:

Қош қымбатты ұстазым,

Қош бастауыш мектебім!

Ең соңында сынып жетекшісі оқушыларына арнап тілек айтады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
799
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі