жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты "Бастауышым-балбұлағым"
Бастауышым-балбұлағым
Мұғалім:
Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда .
Мал озбас біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы , тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Бастауышым – балбұлағым! » мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
Мұғалім:
Бүгін міне жақсы күн жарқыраған,
Көңілдер қуаныштан сарқыраған.
Қоштасатын күн келді бастауышпен,
Қиындау болып тұр-ау бүгін маған.
Кеше ғана алдыма келген еді,
Именіп ұлы ұяға енген еді.
4 жыл бойы сусындап білімменен,
Ұшатын қанат қағып келді кезі.
Бұл салтанат қуаныш баршамызға,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
4 «Ә» сыныбын ортамызға. (Оқушылар ортаға шығады)
1- оқушы Уақыт.. уақыт жарыса ескен жел секілді бір күннің артынан екінші күннің қалай туып жатқанын байқамай қаласың.
2-оқушы Уақыт жөңкіле көшкен бұлт секілді,бүгінгі күннің қалайша өзіңнен алыстап бара жатқанын аңғармай қаласың?
3-оқушы Уақыт жарыса аққан су секілді,ертеңгі күннің қалай жақындап қалғанын байқамай қаласың. Шынында да 4 жыл тез-ақ зымырап өте шығыпты. Ол біреуге аз, біреуге көп көрінер. Десек те 4 жыл бұрынғы сәттерің кімнің есінде екен?
4- оқушы
Рас, рас, есімде,
Енді міне, сағымдай өте шықты,
4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті,
Ұстаз ана жасады мына бізден
Сауаттанған азамат бір-бір мықты!
5- оқушы
Ол менің де есімде.
Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны,
Айқара есік ашып тастағаны.
Бір мереке думан боп осы маңда,
Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны.
6- оқушы
Иә,иә, есімізге енді түсті. Ол кезде біз әр үйдің мәпелеген кіп-кішкентай ерке балалары едік.
7- оқушы
Кейін үйренісе келе барлығымыз бір- бірімізге бауыр басып, бір отбасының балаларындай достасып кеттік емес пе?
8- оқушы
Ғылым иесі ғалым да,
Ел қорған батыр да,
Тілінен бал тамған ақын да,
Егін салып, мал бағып,
Терін төккен шаруа да,
Көкті шарлаған ғарышкер де,
Бәрі, бәрі ұстаздардан білім, тәрбие алған.
Бәрі:
«Сарқылмас ұлылықтың
бастауысың, Саған мәңгі басымды ием,
Бастауышым! »
Мұғалім:
Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым,
Орындалсын арман тілек талаптарың.
Ақ парақтай келдіңдер сәби болып,
Ұғындым, әрбіріңді парақтадым.
Өткіздік талай күнді, талай айды,
Уақыт сырғып артқа қарамайды.
4 жыл бойы сендермен бірге болдым,
Өткіздік талай қызық, талай жайды.
Ірге тасын қаладым, білім бердім,
Саналы ұл-қыздарым бүгін менің.
Ортада тұрған осы шәкірттердің,
Көрейік тамашалап
өнерлерін.
1-
жүргізуші
Армысыздар, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біз бастауышпен қоштасып, үлкен өмірге аттанғалы отырмыз.
2-жүргізуші
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.
Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар,
Бастауышпен қоштасу тойымызға.
1-
жүргізуші
Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзетін сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге
Армысыздар ұстаздарым, қымбатты.
2-жүргізуші
Армысыздар, әжелер мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай
бабалар.
1-жүргізуші
Армысыздар өр тұлғалы
әкелер,
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби –
еркелер.
2-жүргізуші
Армысың сен, алтын ұя
мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағың,
Мектебіме арналады бұл әнім.
1-жүргізуші
« Ұстаздық еткен жалықпас
үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға
қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып,
42 әріпті танытып , білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз-
ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән
-жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің
?
1-оқушы
Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға , жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» – деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
2-оқушы
Дұрыс айтасың ,ғылым иесі ғалым да , ел қорғаған батыр да , тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.
3-оқушы
Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!
4- оқушы:Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып , мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.
5- оқушы: Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,,
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,
Ұстаздың ұлағатынан басталарын.
6- оқушы: Мұғалім ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың , даналардың .
Өмірде сенің алар орыныңа ,
Бірі де жеткізе алмас бағалардың.
7- оқушы: Кеп- кешегі жабырқау қайда қалған,
Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.
Мейірің ба , ұстаздық жүрегің бе?
Жан дүниесін баланың жаулап алған.
8- оқушы:Нұр құйған санасына зейіндінің.
Нұрлы шам сәулесіндей мейірімің.
Дарыттың адамдықты шәкіртіңе,
Дамыттың дарын отын бейімдінің.
9- оқушы:Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.
Сағына әркез суреттерді парақтап.
Шәкірттерін жиі еске алатын.
10- оқушы:Жаралған жақсы үмітпен мұраттардан ,
Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман.
Жатталады жан жүректе есіміңіз,
Адамның аяулы үні сияқтанған.
11- оқушы:Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,
Бейнеңіз жүректерде сақталады.
Біз әлі биіктерден көрінеміз,
Үміт пен сеніміңіз ақталады .
Бәрі : Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс мына отты жүректерден!
Ән: «Ұстаз-Ана»
1-жүргізуші
Иә осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.
2-жүргізуші
Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.
1-жүргізуші
Иә, міне сағымдай өте шыққан 4жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.
2-жүргізуші
Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа !
1-оқушы Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.
Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.
Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
Қайталап атымызды сұрасқанбыз.
2- оқушы Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
Ақылға келе алмадық ерте көніп.
Бойымыз бірте- бірте үйренісіп.
Мектептің ережесін үйрендік кеп.
3- оқушы Бірдей біздің ойымыз да , сырымыз,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да еңбекте,
Күліп – ойнап біріміз бен біріміз.
4- оқушы Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім, жырларым,
Азық болар , мәңгі талай жылдарға.
5- оқушы Біздер бастауыш сыныпта жоғары сыныптарда өтілетін Әдебиет, тарих, биология, алгебра , физика, химия т б пәндерге негіз болатын ана тілі, математика,дүниетану, орыс тілі,пәндерін зер салып оқып үйрендік.
6- оқушы Анашымдай сыр шерткен,
Ақыл- білім үйреткен.
Әдебиетті оқыдық ,
Ерекше зор құрметпен.
7- оқушы: Ойланып есеп шығартып,
Төрт таңбаны білдірген.
Ғылымдардың патшасы,
Математика данасы
8- оқушы Қазақ тілі пәнінен,
Білім алды балалар.
Сөйлемді, сөз таптарын,
Етістіктің шақтарын,
Жалғаулар мен жұрнақтар.
Ережесін жаттадым.
5-іншіге барған соң,
Апайларым бағалар.
9- оқушы Ой жіберсең бәріне ,
Дүниетану пәніне.
Өмір сырын үйретер,
Пәннің жақсы бірі де.
Жер байлығы көп екен,
Игеруді қалайды.
Осының бәрін білдірген ,
Дүниетану сабағы.
10- оқушы Үйренеміз жалықпай,
Ағылшын тілін шарықтай.
Тіл сындырып,ән айтып,
Шаттанамыз қалықтай,
Ағылшын апай тәлімі
Сәулелісін шашқан жарықтай.
11- оқушы Ана тілмен табалдырықты аттадық,
Орыс тілін қосып бірге жаттадық.
Осы біздің апайлардың арқасында,
Орысша еркін сөйлей бастадық
Бәрі: Мектеп-кеме, білім-теңіз
Барар жерге тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда
Ұстаз берген білім қолда.
ӘН: «Аяулы мектебім»
1-жүргізуші
Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.
2-жүргізуші
Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген .Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!
1-жүргізуші
Иә, дұрыс айтасың. Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе? Онда келесі жыр құрметтерімізді ана мен әкелерімізге арнайық.
1- оқушы Үнемі ақыл беретін,
Мен үшін әкем бәйтерек.
Әкенің алып тәрбиесін,
Азамат болып өсемін.
2-оқушы Аман болшы қашанда ана жаным,
Анашым ыстық маған алақаның.
Жан сүйсінтер жүректі елжіретіп,
Ұлым деп еркелете қарағаның.
3-оқушы Әкешім ұғып жанымды,
Ойладың әркез қамымды.
Тілегімді тілеумен,
Атқыздың талай таңыңды
4- оқушы Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем , еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!
5-оқушы Сезімің неткен ыстық балаңа тым,
Төрт бөліп түн ұйқыңды қарағансыз.
Қаншама азап шектің сәби үшін
Мен саған қарыздармын жан анашым.
6-оқушы Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.
Ақылды балаларың оны білген.
Бәрі: Мейірімі мол ананың
Жүрегі жылы, қолы кең.
Кең пейілді әкенің,
Жүзі жылы, жолы кең.
Ән : «Әке мен ана»
Көрініс «Ақылды қария»: (ортаға қария мен 5 оқушы шығады)
1 - оқушы
- Ата, ата, арман деген не? –
Қарт:
- Арман дегеніміз - ақыл-ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, бала өссем дейді, қыз көрікті болсам дейді, ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді .
- Дос табу оңай ма?
2 – оқушы
-
Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.
Қарт:
- Жоқ, балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың.
- Үйдегі алтын қазығың кім?
3- оқушы
- Ата, үйдегі алтын қазық - бала.
Қарт:
- Жоқ, балам, үйдегі алтын қазық - ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана — ақылшың, әке - қамқоршың, ағаң — қорғаушың, інің — сүйенішің, қарындасың - қанатың. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем.
Өмір сүру үшін не қажет?
4 – оқушы
-
Ата өмір сүру үшін алтын, ақша, нан, мал қажет.
Қарт:
- Жоқ балам, адамның өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су — тіршілік, от - өмір, тұз - дәм, қыз - сән, ақыл өмірдің нәрін береді.
- Адамға ақыл беретін кімдер?
5-оқушы
- Ата, ана тілі ғой ақыл беретін.
- Жоқ, балам, адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досы. Ата — ана ақылын баласына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Ал достықтың көзі ақылдан басталады.
2-жүргізуші
Осы 4 жыл бірге оқыған сәттерімізде біз бір-бірімізге дос болдық. Бірге қуанып, бірге жабырқаған күндер де болды.
1-жүргізуші
Иә осы достығымыз ешқашан ажырамасын. Ендігі кезекті сыныптас достарымызға береміз.
1-оқушы Түсіне білген адамга достық
қымбат
Бірге ойнап күлген жастық қымбат
Ал егер досы жоқ адам болса
Ол адамға өмірдің несі қымбат
2-
оқушы Өмір деген өсіп тұрған гүл
емес пе,
Сол өмірдің нағыз гүлі біз емес пе
Әрбір жан достарммен бірге болса,
Өмірдің ең қызығы сол емес пе!
3-оқушы Жалындасын достық алауы
Желбіресін мәңгі достық жалауы
Сол емеспе ең тәтісі өмірдің
Сол емеспе жүректінде қалауы!
4-оқушы Ақкөңіл ниетіңмен
жүректесің,
Бір мектеп екеумізді түлеткесін.
Мәңгілік өмір жолы бірге болып,
Ешқашан арамыздан қыл өтпесін.
5-оқушы Достарымды сүйемін бірге
жүрген,
Бірге ойнап, менімен бірге күлген.
Достар деген жаныңның бір бөлшегі
Орын алған жүректің бір түбінен.
6-оқушы Нағыз достар бір - біріне
ұнаған.
Қиындықта бірін - бірі сынаған.
Мүмкін емес доссыз өмір сүруде,
Сүйеу болар шақтарыңда құлаған.
Бәрі: Не жетеді ғазиз досқа расында,
Қуансаңда, қайғырсаңда қасыңда.
Ән: Армандастар
1-жүргізуші
Талай заман бойына
ата-бабаларымыз күшін сарп, өмірін құрбан етіп, ел мен жерді
қорғап, бізге аманат етті.
2-жүргізуші
Мен - қазақпын! Қазақ
даласының баласымын! Ол - менің мақтанышым,
айбыным!
1-оқушы
Қазақ деген халықтың
баласымын,
Ағы менен көзінің қарасымын.
Халқын мақтан ететін өр жерлерде,
Салтын сақтап жүретін бабасының.
2-оқушы
Қарсы тұрып қас жауына қаптаған,
Ешбіріне ар-ожданын сатпаған.
Бағы тайып бодандықта жүрсе де,
Дархан пейіл, жомарттығын сақтаған.
Мен қазақ боп туғаныма мақтанам.
3-оқушы
Бір ғасырда мың жығылып, мың тұрған,
Желтоқсанда қанатынан қырқылған.
Бірақ талмай азаттыққа ұмтылған,
Абай, Мұхтар Қаныштардай ұл туған.
Мен қазақпын деп әлемге мақтанам.
4-оқушы
Қобыланды Қазақпын батыр елмін
Қозыбаян Қазақпын тату елмін
Қожанасыр Қазақпын аңқау елмін
Абай туған Қазақпын ақын елмін
Жағам жайлау, көңілім кең Қазақпын
Танымасаң танып ал мен Қазақпын.
5-оқушы
Желбіреген аспан түсті байрағы,
Батыр елмін барыс сынды айбары.
Мен қазақпын деп айтуға мақтанам,
Ынтымағы бұзылмаған қаймағы.
6-оқушы
Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға Алаш деген атты аламын.
Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?
Бәрі: Желдей еркін, түздей кең, таудай азат
Мен-қазақпын дегенде қандай ғажап.
Ән: Мен қазақпын
5-оқушы
Бақыт нұры шалқыған гүл-өңінен,
Кең өлкемді сүйемін жүрегіммен.
Елге деген махаббат тыншымайды,
Мұңая да біледі, күле білген.
6-оқушы
Өмір маған құшағын жайса дәйім,
Жарқылдатып жүремін найзағайын.
Майыспаймын қашан да елім үшін,
Махамбеттер ұстаған найзадайын.
7-оқушы
Туған жердің мәңгілік жыр-әнін де,
Жаттап өскем жасымнан, жүрегімде.
Ақ арманым, Қуатым,
Бар бақытым,
Сен өзіңсің, Ұлы Отан,
Тірегім де.
8-оқушы
Мен сүйемін жерімді, ер-елімді,
Аямай-ақ, менен ал керегіңді,
Бейбіт атқан әр таңда кезек күтіп,
Түгендеумен келемін берерімді.
9-оқушы
Анық басып тірлікте әр ізімді,
Адалдықпен өтесем қарызымды.
Отан үшін, ел үшін ешқашанда,
Ерінбеймін ақтаудан парызымды.
Бәрі: Отаны бірдің жүрегі бір,
Жүрегі бірдің тілегі бір.
Ән: Оян, қазақ!
Б - Балалық шақта
А - алдағы
С - сан
Т - түрлі
А - армандарға
У - уайымсыз адымдайтын
Ы - ынталы
Ш - шақ.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген