жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты "Бастауышым балбұлағым" 4сынып
Тақырыбы: Бастауышым -балбұлағым!
Мақсаты: Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негізі болып қаланатынына көз жеткізу.
Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, әр баланың ерекшелігін танытып, сәт-сапар тілеу.
Білім берер ордасы – мектебі мен ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер.
1-жүргізуші.
Армысыздар құрметті ата-аналар, ұстаздар, қымбатты қонақтар, аяулы достар! Бастауыш мектеппен қоштасу дәстүрлі мерекемізге қош келдіңіздер!
2-Жүргізуші
Бәрі есімізде мектепке барған алғаш күн
Күлімдеп бір нұр жүзіміз жанған күн.
Сыңғыр қағып қуанышпен қоңырау,
Шақырғаны алға бізді арман мың.
1-жүргізуші.
Бүгінміне, бастауышпен қоштасады бал-бұлақ,
Ән мен жырға қонақтарым сал құлақ.
Кеше сәби, міне бүгін жас ұлан
Лаулап жансын болашағың шам шырақ.
2-Жүргізуші
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күй болған сірә, қаншаңызда .
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
4-сынып оқушыларын ортамызға!
Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.
Ұлдар: Ассалаумағалейкум, ағайындар!
Қыздар: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер!
Барлығы: Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!
1-жүргізуші.
ҚР-ның Әнұраны орындалсын.
Мұғалім: Қадамдарыңыз құтты болсын! Алдарыңызда тұрған балалар осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкене балдырғандар еді. Енді міне, ақыл ойлары толысып, оң мен солдарын танып , жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттерімнің ұйы мдастыруымен өткізгелі отырған «Бастауышым -балбұлағым!» кешін бастауға рұқсат етіңіздер.
2-Жүргізуші
Абзал жан бар биік тұлға, байсалды
Қушақ жая шәкірттерін қарсы алды.
Бүгінгідей салтанатты шақта бір
Құттықтайды мектеп басшысы баршаңызды
1-жүргізуші.
Келесі әнімізді Ұстаздар сіздерге арнаймыз . Жанераның орындауындағы « Ұстазға мың тағзым» әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші.
Мектебім – алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып,
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
2-Жүргізуші
Мектебім – білім берер алтын ұям,
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4жыл бойы ата-анамдай,
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл
Өзіңе борыштармын өмір бойы,
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.
1-жүргізуші.
- Иә, Ақбаян Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші. Біздің аталарымыз да, әжелеріміз де, әкелеріміз де, аналарымыз да, енді біз де мектептен тәлім алудамыз.
2-Жүргізуші
- Олай болса, Дидар алтын ұя мектебімізге арнап ән шырқайық.
ӘН. «Мектебім»
2-Жүргізуші
Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам балсының жүрегіндегі қадір тұтып құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі –ҰСТАЗ. «Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашан да қасиетті.
1-жүргізуші.
Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. « Мұғалім- мектептің жүрегі» деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
2-Жүргізуші
Әрине, ұстаз жүгі- ауыр жүк . Ұстаздардың әсерлі үнмен асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің , дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!
1-жүргізуші.
Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз.
Аружан: Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,
Ұстаздың ұлағатынан басталарын.
Айдос: Аттағанда мектептің босағасын,
Алғашқы ұстаз жылытты шпағатың.
Әліппені үйретіп, әдепті де,
Қундырды әр бла ата-анасын.
Біржан: Үйретуден жалықпай өркеніңе,
Білім – теңіз, дем бердің желкеніне.
Анамыздай елжіреп шуақ төктің,
Бір-бір үйдің еркесі мен тентегіне.
Гүлім: Әлі есімде мектепке келгеніміз,
Келгеніміз сыныпқа енгеніміз.
Жасқаншақтап, таңырқап тұрған шақта,
Өзің болдың , ұстазым, сенгеніміз.
Ақбаян: «Білімді бол, оқы ,үйрен» деп өсірді,
Жақсылыққа баулып та жүр неше түрлі.
Бала үшін бәйек болған күн-түні,
Құрметтейік Ұстаз деген есімді.
Назым: Мінезі гүл жайнаған,
Білімі бойда қайнаған
Ұлағатты ұстаздар
Бала қамын ойлаған.
Әр шәкіртін ізім деп
Береді терең білім көп
Үйретуден шаршамай
Қарайды бізге күлімдеп.
Ертіп ап ойдың жетегі
Қиялдап кейде кетемін
Еңбегі ерен ұстазды
Қайтсем бақытты етемін?
Зидын: Есімде алғаш ұстаздың қарсы алғаны,
Айқара есік ашып тастағаны
Бір мереке думан болып осы маңда,
Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны.
Енді міне, Сағымдай өте шықты
4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті
Ұстаз ана жасады мына бізден
Ел танымас азамат бір –бір мықты
Роза: Бастауыштан алдық біз білім нәрін,
Бар білімнің жинадық шырын балын
Бала деген ұстазға тартады екен,
Менің осы мектептен ұғынғаным.
Ерсұлтан: Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,
Бейнеңіз жүректерде сақталады
Біз әлі биіктерден көрінеміз,
Үміт пен сеніміңіз ақталады.
Бәрі: Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс мына отты жүректерден.
1-жүргізуші.
Мен өнерліге қайран қалам,
Халық десе алаулап жайрандаған
Сахнаның төрінде тамсандырып,
Ән салады Аружан жайраңдаған.
ӘН. «Жаса,Қазақстан»
2-Жүргізуші
Құттықтаймын достарым,
Құтты болсын ұлы күн
«Білім – аққан сел» дейді
Бірақ оңай келмейді.
Ала білсең білім көп,
Ақыл – ойға кен дейді
Менің терең мәндерім
Мерейінде пәндердің
Мерекеде сөйлесін
Мектептегі Пәндерім.
-
Ана тілі
Сәлем, достар, аман ба?
Аман болғын әманда.
Ана тілін ардқтар
Ата- бабаң, анаң да
Елдің атын сақтаған-
Ана тілмін, мақтанам
Ұлы халық тілі деп
Ұрпақтарым жаттаған
Тілсіз ойың толмайды
Ойсыз білім болмайды
Ана тілін білмесең
Ақыл миға қонбайды.
-
Математика
Сәлем, достарым!
Сабағы боп жоспардың
Еңбек мәнін есептеп
Еліме көп қосқаным
Асылы мен білімнің
Амалымен біліндім
Төрт амалды қолданған
Төресімін ғылымның
Есеп- істің әр қамы
Есеппен ой артады.
3.Дүниетану
Сәлем жасқа, кәріге!
Сән қостыңдар әріме
Табиғаттың бөлшегі
Жамиғаттың бәрі де
Жарқырап күн нұрланып,
Жайнады тал бүр жарып.
Байқалып тұр бар даму
Жайқалып гүл ырғалып
Жан-жануар , гүл, балық
Бәрінде бар құштарлық.
Жаратылыс көркіне
Жасалмасын дұшпандық!
Бақ көп,тоғай, ормандар,
Бақ боп соған орнаңдар.
Таңғажайып көркейсін,
Табиғатты қорғаңдар!
4.Орыс тілі:
«Здравствуйте!» деп бүгін
Амандасар бәріңмен
«Орыс тілі» мен болам,
Достастырар өзге ұлтпен.
Еңбек, достық , тыныштық
Елге қосып ырыс-құт
Достасады халықтар,
Достар сәні – туыстық.
ОЙЫН «Адасқан әріптер»
-
Көк лағым көгенде, жатып семірді. ( қарбыз)
-
Жұқа тақтай бөлшегі, ұзындықтың өлшемі (сызғыш)
-
Әжемнің қолында шыр айналар, шыр айналса, өзінғе шыр байланар. ( ұршық)
-
Екі басы дөңгелек, екі ұшы сүйір, қиғанға үйір ( қайшы)
-
Жанып түнде, таусылды ол мүлде (шырақ)
Бәрі: Білімімізді шыңдап биіктерге самғаймыз
2-Жүргізуші
Ендігі кезекті оқушылардың шығармашылығына берейік
Әр ата-ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге елеулі азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген. Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!
1-жүргізуші.
Иә, дұрыс айтасың Ақбаян .Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек ата-анаың арманы сол емес пе?
2-Жүргізуші Қамқорым, асыл анам, ғаиз анам,
Жүресің көп жақсылық тілеп маған
Өмірде еш жамандық көрмей жүрші
Тілерім осы ғана менің саған.
Санама құйған сансыз ақылыңды,
Білемін балаң үшін мақұлыңды.
Ақтармын тірі жүрсем ақ сүтіңді,
Жаратқан, жабырқатпа жақынымды.
1-жүргізуші.Асқар тау әкешім бар сүйенішім,
Ізгілік ,адалдықты сүйеді шын.
Қабақ шытса балалық қылығыма
Ешқашан болмақ емес ренішім.
Ойлайды әрқашан да бала қамын,
Көремін аялаған алақанын.
Әкемненалған асыл қасиетті
Елімнің керегіне жаратамын.
- Келесі әніміз ата-аналар сіздерге арналады. Әнші қызымыз Венераның орындауында «мама» әнін қабыл алыңыздар.
БИ. Қыздар
1-жүргізуші. Достар, 4 жыл бойы біз нені үйрендік?
- оқуды, жазуды, есеп шығаруды, ән айтып, би билеуді
- үлкенді сыйлауды,кішіге қамқор болуды, жерімізге, елімізге жақсылық жасауды
- халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрендік.
2-Жүргізуші Біз нені сүйеміз?
- ата-ананы, халқымызды, жақынымыз бен алысымызды, құрбы-құрдастарымызды, табиғатты, ел байлығын, ұстаздарымызды, алтын ұя мектебімізді
1-жүргізуші. Біз кім боламыз?
- адал азамат, ақылды ару, ғалым, елін сүйген ер, нағыз адам.
2-Жүргізуші
Келесі шырқалар әніміз туған жерімізге арналады. Дидардың орындауындағы «туған жер» әнін қабыл алыңыздар.
Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың
Ұмтылмастай көңілде мәңгі қалатын.
Сағына әркез суреттерді парақтап
Шәкірттерін жиі еске алатын.
Жанерке: Мінеки, келіңіздер, сабақтастар,
Шығатын шың, қол бұлғайды биік асқар.
4 жыл оқып өрелі білім алдық
Кез келді енді ілгері қадам бастар.
Жұбаныш: Жаралған жақсы үмітпен мұраттардан,
Жан ғой ол әлдилеген шумақты арман.
Жатталды жан жүректе есіміңіз
Анамның аяулы үні сияқтанған.
Ерасыл: 4 жыл бірге біз отырғанбыз,
4 жыл бірге оқуға талпынғанбыз.
Ұмыт болмас өмір бойы мұның бәрі
Бастауышта қаланған жыр мен әні.
Бәрі: Балалықпен тәртіп бұзсақ, кешіруді сұраймыз,
Терең білім алуды енді мақсат етіп шыңдаймыз.
Алтын ұя мектеп даңқын, даралап тағзым етеміз
Білімді әрі жалғастырып, арманға біз жетеміз.
2-Жүргізуші
Атағымыз Алатаудай болса биік,
Тұрса төбеміз өсіп, көкке тиіп.
Алдында әрқашанда тағзым етіп,
Тұрамыз ұстазым деп басымызды иіп,- дей отырып, келесі әнімізді бастауыш сыныпты бітіруші түлектермен бірге ұстаздарымызға арнаймыз.
ХОР. «ҰСТАЗЫМ»
1-жүргізуші.
Өмір бойы біздің суығымызға төзіп, бірге бөліскен , түн ұйқысын төрт бөлген ата- аналарымыздың атынан сөз береміз
2-Жүргізуші
5-ші сыныпта да сіздердің көңілдеріңізден шығуға тырысамыз, сабағымызды жақсы оқимыз деп ант береміз.
1-жүргізуші.
Біліммен сусап алғашқы,
Өзіңде өстім, көктедім.
Қош, ұстазым алғашқы,
Қош, бастауыш мектебім.
2-Жүргізуші
- Сыныбымыздың әнші ұлы Ерасылдың орындауындағы «СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ» әнін қабыл алыңыздар
2-Жүргізуші
Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар.
1-жүргізуші.
Тойымызға бүгінгі
Ақ тілегін арқалап
Келді ата-анамыз
Кезек беріп соларға
Сөзіне құлақ саламыз.
Мұғалім: Ата-аналар бүгінгі біздің ертеңгілігіміздің осындай дәрежеде өтуі сіздердің арқаларыңызда.. сіздерге айтар алғысым шексіз . Барлықтарыңыздың отбасыларыңызға тек қана қуаныш, бақыт тілеймін.
2-Жүргізуші
Алдыңда ұзақ жолың бар,
Оқумен өсіп толығар.
Қиындыққа мойымай,
Аман-есен болыңдар. – дей келе бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген