Тәрбие сағаты "Бейбіт күн жасасын әлемде"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты "Бейбіт күн жасасын әлемде"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға Отан қорғаған ата-бабаларымыздың ерліктерін паш ету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Бейбіт күн жасасын әлемде…» 9 мамыр Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара.

Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу.Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты елжанды-ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу.

Жүргізуші: 9-мамыр Жеңіс күні-бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам.Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.

Құрметті ата-аналар,ұстаздар және балалар! Бүгін 9- мамыр Жеңіс күні мерекесі құтты болсын. Биыл міне осы соғыстың аяқталғанына да 72 жыл болса да,соғыс оты шарпыған жараның аузы енді жазылған секілді.Біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын қиған, ерлікпен қаза тапқан ата-әжелеріміздің есімін ешуақытта ұмытпауымыз керек. Жеңіс күні құтты болсын. Күндіз күлкі, түнде ұйқымыз тыныш болсын деген тілекпен бүгінгі мектепалды даярлық сыныбының дайындаған шағын мерекелік бағдарламасын қабыл алыңыздар!

         Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні.

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»

Жүргізуші:

 Аз емес зар жылаған,егілген жан,

Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.

Кеудеге зілді қасірет салды соғыс,

Қирады талай арман көңілге алған.

 1-оқушы :Инабат

Ойлап-ойлап тұрдым көп,

Сауал бердім білгім кеп:

Қуанышты мереке —

Жеңіс күні қай күн? — деп.

 

2-оқушы:Абылайхан

Атамнан да сұрадым,

Көкемнен де сұрадым.

Ағамнан да сұрадым,

Апамнан да сұрадым.

Тосты бәрі құлағын:

Дұрыс, — десті, — сұрағың!

Бейбіт күні бәрі де —

Жеңіс күні, шырағым!

Ән: «Жау-жау жаңбыр»

 Жүргізуші: Ұлы Отан соғысына қатысқан Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов және т.б жерлестеріміз аз емес. «Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Бұл сөздер мереке кезінде жиі естіледі.Ерлікпен қаза тапқан ерлердің  ескерткіштерінде  бұл сөздер таспен қашалып, ойылып жазылған. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған , ерлікпен қаза  тапқан аталарымыз бен апаларымыздың рухына  құрметпен бас иеміз.

 3-оқушы:Айнар

Үйлер де құламайды,

Ешкім де жыламайды.

Бейбітшілік болса,

Балалар болады аман,

Аналар болады аман,

Бейбітшілік болса.

 4-оқушы: Мансұр

Тастар көкке атылды,

Орман шулап,тау құлап…

Жиырма сегіз батырды

Жеңе алмады жау бірақ…

Хор:  «Біз дәуірдің түлегіміз» әні.

 5-оқушы: Рулан

Жамылды жер тұманды,

Өрт ішінде қалды бақ.

Жиырма сегіз қыранды

Жеңе алмады жау бірақ.

 6-оқушы: Аружан

Оқ астында зулаған

Туған жермен бір болып.

Жау алдында тұрды олар,

Жиырма сегіз мың болып. 

7-оқушы: Айқын

Достық бізге тым ыстық,

Бірлік-байлық, ырыс-құт.

Жарқырасын күніміз,

Жаса-жаса тыныштық. 

8-оқушы:Ринат

Анамыздай тілеуі ақ,

Отан бізге біреу-ақ

Ол-біздің-Қазақстан

Жүргізуші: 

Бақыт сыйлап жатады әр күн,

Санамызға жарық берген.

Әкелері аталардың

Бұл Жеңісті алып келген.

Қуантамыз ән сап жұртты,

Келе берсін бақыт таңы.

Жеңіс күнің болсын құтты,

Батырлардың ұрпақтары- деп келесі кезекте  «Солдат болам мен ертең» атты әнін қабыл алыңыздар!

 

9-оқушы: Дастан

Әлия, Мәншүк апамыз,

Бауыржандай атамыз.

Фашистерден Отанды

Қорғап батыр атанды

10-оқушы:Ақжарқын

Әлияны бұл күнде

Барлық бала біледі.

Әлия аты-көңілде,

Әпкеміз деп жүреді.

11-оқушы: Әлихан

Қосамыз біз өлеңге,

Айтамыз біз ән қылып.

Мәншүк апа ерлігі,

Ұмытылмас мәңгілік

Ән: «Соғыстан қайтқан солдаттар»

12-оқушы: Айкөркем

Біз-Отанның бақытты баласымыз,

Арманы мен, ақыл ой санасымыз.

Біз-Отанның бақытты баласымыз,

Аялаған орман,тау даласымыз. 

Жүргізуші:

Барша халық жеңіс күнін тойлайды,

Жас сәбилер думандатып ойнайды.

Ардагерлер көздеріне жас алып,

Ұрпақтарының амандығын ойлайды.

Ән: «Ақ көгершін»

Жүргізуші:

Жеңем деген ел сөзі!

Тұрды ажалдан жоғары.

Өмір,адам жұлдызы,

Тұрды ажалдан жоғары

Жеңіс туы қырмызы,

Тұрды ажалдан жоғары

Отан, ұрпақ болашақ

Тұрды ажалдан жоғары,

Өмір нұры жарқырап.

 13-оқушы: Мадияр

Қазақтың қамы үшін,

Жүрегі ауырған.

Елінің намысын

Қорғаған Бауыржан!

Өр бабам-Бауыржан!

Би: «Катюша»

Міне,осымен «Бейбіт күн жасасын әлемде» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.Еліміз тыныш,жұртымыз аман болсын.











М-Салық Бабажанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі







Тәрбие сағаты

Тақырыбы:





«Бейбіт күн жасасын әлемде»









Орындаған:Кабиева Г.Е





Сайқын-2017



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.12.2017
4147
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі