жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты "Беймәлім кеткен боздақтар"
Бекітемін____________________
Директордың тәрбие-ісі
жөніндегі орынбасары
Тәрбиелік шараның тақырыбы: “ Беймәлім кеткен боздақтар”.
Тәрбиелік шараның тақырыбы: “Беймәлім кеткен боздақтар”.
Құзыреттілікке бағытталған тәрбиелік шараның мақсаты:
А) Ақпараттық: Тарих қоржынының бір басында жатқан Екінші жаһан соғысына пара пар Ауған соғысы туралы оқушыларға ақпарат беру.
Ә) Коммуникативтік: Елін, жерін, тілін құрметтей отырып, оқушылардың сөйлеу мәдениетін, өз ойын еркін жеткізу дағдыларын қалыптастыру.
Б) Проблеманы шешу: Студенттерге патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу, от жүректі, өжет мінезді ұл-қыздардың ерлігіне мәңгі құрмет көрсету,ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге уйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Ауған соғысында опат болған боздақтар рухвна тағзым ету, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Тәрбиелік шараның түрі: Дөңгелек үстел.
Тәрбиелік шараның әдісі: Сөздік, көрнекілік, түсіндірмелі-иллюстративті.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: Ауған құрбандарының суреттері, кітаптар, слайдтар және видео роликтер.
Тәрбиелік шараның барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі: Кабинет алдын ала дайындалады, студенттер отырғызылады.
2. Негізгі бөлім:
1- жүргізуші: Тәуелсіз боп атты халқым сенімі,
Мұз боп қатқан қайғы-мұңым еріді.
Ақ шыңдары тауларымның биіктеп,
Кең тыныстап ұлы далам кеңіді.
Тауымыз бар таңырқатқан шыңымен,
Ұл-қызым бар,даламыз бар ұлы кең.
Алдарыңда басымды иіп,өр халқым,
Құттықтаймын мерекелі күніңмен.
Соғыста қаза болғандарды бір минут еске алып,бас иеміз!
1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып,оның арты аяқталмас соғысқа айналды.Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды.Оған 22 мың қазақстандық қатысты.Соғыстың аяқталғанына 15-ақпанда 20 толды.Осы күнге орай ”Ел болашағы бірлікте’’ атты тәрбие сағатымызды назарларыңызға ұсынамыз.Бүгінгі кешіміздің қонақтары Ауған соғысына қатысқан қаһарман ағаларымызды таныстырып қоялық.
Тәрбие сағатымызды мынадай бөлімдерге бөлейік:
1.Ауған алапаты.
2.Қасіреттің басталуы.
3. Оққа оранған он жыл.
4.Беймәлім кеткен боздақтар.
5.Сағынады сіздерді сыздап жүрек.
6.Оқушылар толғауы.
Соғыс — зұлымдық.Жазықсыз төгілген қан.Тарих жылнамасынан өзінің қаралы,нәубат жылдарымен орын алған зұлматтың бірі Ауған соғысы еді.
1.Ауған соғысы қалай басталды?
1979 жылы 25-желтоқсанда Мәскеу уақыты бойынша 15.00-де КСРО Қорғаныс минисрінің берген бұйрығымен Ауғанстанға Кеңес әскерлерін енгізу басталды.Командирлер “Бұл қысқа мерзімдік акция,тапсырманы орындаймыз да кетеміз’’ дегенімен “акция” 9 жылдан астам уақытқа созылады.Талай боздақтардың өмірін қиған зұлмат адамдардың тағдырына көптеген зардап әкелді.
Тарих парақтарын ақтарсақ,1979 жылы желтоқсанда Ауған жеріне Кеңес әскері енгізілді.Бұл сол кездегі СОКП-ның бас хатшысы Брежнев бастаған Кремльдегі топтың шешімі еді.Ауғанстанға Кеңес әскерінің енгізілуі оппозициялық қозғалыстың күшюіне және елдегі шиеленістің қатты ушығуына әкеліп соқты.Ауған оппозициясының отрядына қарсы ұрыс қимылдарына Кеңес әскерінің қатысуы Ауғанстандағы соғысқа ұлт азаттық сипатын берді.
2.Қасіреттің басталуы.
1978 жылы сәуір айында Ауғанстанда төңкеріс болып,оның арты аяқталмас соғысқа айналды.
Соғыс… бораған оқ,жарылған снарядтар мен миналар… жаралы адамдардың ыңыранған үні… Жер шары талай зұлмат соғысты бастан кешті.Олардың арасында тарих қойнауына енгені,әлі де болса жалғасып келе жатқаны бар.
Билікке талас,жерге талас,байлыққа талас… Қазіргі соғыстарды тұтандырып отырған да солар.Әр жылдары қаза тапқан Кеңес әскерлерінің саны 13 833-ке жеткен.Бұл -1989 жылы “Правда” газетіне жарияланған ақпарат.Ал 1999 жылы 1-қаңтардағы мәлімет бойынша 15 151 адам қаза тапқан екен.
Жалпы он жылға созылған,бірақ ешқандай мақсатқа жетпеген,нәтижесі болмаған Ауған соғысында КСРО тарапынан 13310 адам қаза тапты.35478 сарбаз жараланды.311-і із-түзсіз кетті.Бүгінгі күні “қажетсіз” саналып отырған бұл басқыншылық әрекеттің зардабы отандастарымызға ауыр тиді.Бір ғана Ақтөбе облысынан осы соғыста 26 арысымыз қаза тапты.
3.Оққа оранған он жыл.
1979 жылдың 25-желтоқсанынан 1989 жылдың 15 –ақпанына дейін,яғни 2238 үнге созылған Ауған жеріндегі қанды қасап жүріп жатты.Ондаған мың адамның басын жалмаған сұрапыл соғыс Мәскеуге не үшін қажет болды?Социализм мен имперализм арасындағы қырғи қабақ соғыс Екінші дүниежүзілік зұлматтан кейін талай боздақтың өмірін қиды.
Серігісің достардың сенгендігі,
Көңіл бөлмей пікірге пендеңдегі.
Жиып ұста денені,биік ұста
Ауғанда ешкім жеңбеген еді.
Кеше көріп ек жетпейтін армандай,
Арзандатып бүгін сыйға алғандай.
Үлесіне тиді сенің тер төгу,
Даңқың қалсын ұрпақ еске алғандай.
Тарих куә өткен менен кеткенге,
Қан майданда қара қанды төккенге.
Ұлтым деген ұлдарыңның еңбегі
Көркеюмен осы күнге жеткенге.
Ән:Ағаларым.
2-жүргізуші:Армысыңдар,Ауғандық жауынгерлер,
Жырым бар жараланған жаныңды емдер.
Өлгендердің жәннатта болсын жаны,
Тірілерің мың жаса,дәуірлеңдер!
4.Беймәлім кеткен боздақтар.
Соғыс-деген балдақты адам жарымжан,
Соғыс-деген соқыр кісі екен ғой.
Соғыс-деген жігіт екен қайтпаған,
Анасына жылы сөзін айтпаған.
5.Сағынады сіздерді сыздап жүрек.
Тым ертерек өшті,ағалар,арманыңыз,
Бейбіт елді сырт жаудан қорғадыңыз.
Ерлік ісін ұрпаққа үлгі болып,
Қыран құстай биікке самғадыңыз.
Жақын еді елге қайтар күніңіз,
Қуаныштан күлімдеді-ау жүзіңіз.
Сұм дұшпанның атқан оғы дәл тиіп
Түнге айналды-ау жарқыраған күніңіз.
6.Оқушылар толғауы.
Оқушы:Біз соғысты көрген жоқпыз.Сіз де Отан алдындағы борышыңызды өтеуге дейін ол туралы кітаптан оқып,кинодан ғана көрдіңіз.Ерліктің озық үлгісін көрсеткен,ерлігімен ел есінде мәңгі қалған аға- апаларымыздың есімдерін зор құрметпен еске алып,іс-әрекеттеріне тәнті болып өстіңіз.Бірақ бір кездері өзіңіз де қолыңызға қару алып,тау асып,сонау жат елде-Ауған жерінде соғысқа қатысамын деп ешқашан ойламаған боларсыз.Соғысқа аттанып бара жатқаныңызда сізде “Нар тәуекел,қайтсем де тапсырманы орындауым қажет,себебі ол маған Отан тарапынан беріліп отыр” деген ойдың болғанына сенімім зор.
Оқушы: “Отан үшін отқа түс” деген Бауыржан ата өсиеті мен “Шығыс ұлы,біз ел сенген ерміз,ел намысы,ер намысы үшін жан қиятын бұдан артық болар ма?” деген хатты оқып өскен ұлансыз,біз сізді,сіздің ерлік істеріңізді әрқашан өзімізге үлгі тұтамыз. Аға! Сіз қазақ жастарына ерлігімен де,ерлігімен де үлгі бола алатын алтын тұлғасыздар!
Оқушы: Қазір елімізде 10 мыңға жуық Ауған ардагерлерді болса,3 мыңдайы мүгедектер қатарында.Майданнан аман оралғандар бейбіт өмірге белсене араласып,бүгінде олардың дәрежесі II Дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне теңестірілді.Ауған соғысы қазақ тарихындағы көп соғыстың бірегейі болса да әлі күнге тарих дәптерінен өзінің тиісті бағасын ала алмай отыр деп айтпаймын.Келешекте бұл соғыс әлі де зерттеліп,өзіндік бағасын алса,соғысқа қатысқан жауынгерлер мәртебесі арттырылса екен деп тілеймін.Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына жиырма жыл өтсе де,ол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыстың жан жарасынан айыға алмай келеді.Кезінде қатерге бел буып,батырлық пен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп қаһармандық танытқан,өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған жерлестерімізді мәңгі есте сақтау,қадірлеп құрметтеу біздің борышымыз.
Сұрапыл уақыттағы қайғылы шежіре жаңғырығы халықтың зердесінде бағасы артып,уақыт алға жылжыған сайын сіздердің жасаған ерліктеріңіздің шоқтығы биіктей бермек.Біз сіздерді мақтан етеміз.
1-жүргізуші:
Еске алып құрметтейміз құрбандардың рухын,
Қабірлері нұрға толсын,суық көрде жылынсын.
Есіл ерлер, ескерткішке айналсаң да біз үшін,
Мәңгі бақи тірісіңдер,тірісіңдер,тірісің!
3. Қорытынды бөлім:
Мұғалім: Құрметті: Ұстаздар және студентер ! Бүгін біздер осы өмірден өз ерліктерімен Ауған соғысында қаза болған ерлерді еске алдық. Олардың ерен ерліктерін үнемі жадымызда ұстап, әрдайым мақтан етіп жүру біздің борышымыз. Осындай ержүрек батырларымыздың ерлігі келешек жас ұрпаққа өнеге болады деген сенімдемін! Назарларыңызға рахмет.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген