400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Берекелі алтын күз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың күз мезгілі туралы түсініктерін молайту, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін байқату. Табиғаттты аялауға, қоршаған ортаны сүюге,әсемдікті көре білуге,сезінуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Назгүл Амирғазы ,«Жұпар» бөбекжай балабақшасының ІІ санатты педагог-модератор тәрбиешісі

Тақырыбы: «Берекелі алтын күз!»

Мақсаты:балалардың күз мезгілі туралы түсініктерін молайту, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін байқату. Табиғаттты аялауға, қоршаған ортаны сүюге,әсемдікті көре білуге,сезінуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: күз мезгіліне байланысты салынған суреттер, жеміс пен көкөніс суретттері шарлар.

Жүргізуші:Армысыздар апайлар мен балалар! Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын! Береке,бақ дарыған Жомарт көңіл, жарқын жаз Сары алтынға малынған Жетті міне,алтын күз-демекші,міне бізге де күз келіп жетті.

Табиғат-күллі тіршілік атаулының құтты қонысы,алтын ұя бесігі, құт берекесі.Осы табиғаттың төрт мезгілінің өзіне тән ерекшелігі, жақсылығы,әр түрлі мерекесі,берекесі бар.Соның ішінде күз мезгілінің алатын орны ерекше.Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл.Сондықтан да адамдар күзге «берекелі күз», «алтын күз»деп баға берген.Алтын деген себебі, біріншіден , айналаның бәрі сап-сары,екіншіден алтын байлықтың белгісі. 1-бала.Алдияр Арайлап таң атты Алтын сәуле тартты Жарқырайды күніміз Сарғая түсті жеріміз.

2-бала.Арайлы Күз мезгілі тамаша Көз тоймайды қараса Аяқ асты сап-сары Төселгендей алааша.

3-бала.Марат Арайлым Алтын,сары,қызыл көк Алуан-алуан жапырақ Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады атырап.

4-бала.Дария Ой алақай тамаша Шашу шашты жапырақ Бақтың іші алаша Аунар ма еді жатып ап.

5-бала.Айжан Мен алмамын,алмамын, Балдай тәтті бар дәмім.

6-бала.Айсұлтан Мен алмұртпын,алмұртпын Аузындамын бар жұрттың Би: «Күзгі жапырақтар»

7-балаИбраһим Мен сәбізбін,сәбізбін Қоянның сүйікті асымын

8-бала.Көркем Мен өрікпін,өрікпін Табиғатқа көрікпін

9-бала.Айжан Мен шиемін,шиемін Күннің көзін сүйемін.

10-бала.Айғанша Мен жүзіммін,жүзіммін Моншақ болып тізілдім.





11-бала.Бекзат Бақшаларда қызарып, Тұрған ол мен-қызанақ.

12-бала.Мөлдір Мен қиярмын,қиярмын, Мақтанбай қалай тұрармын. Сендерден бұрын мен пісіп, Дастарханда тұрармын

13-бала.Рамазан Мен әдемі қызылшамын Мақтанбай ақ біледі Мені барлық әлемің

«Кім жылдам» ойынынын ойнайық. Ойынның шарты: екі топқа бөлініп,бір топ алманы,екінші топ қиярды мына себетке салады. Қай топ бұрын болса, сол топ жеңіске жетеді. Балалар екі топта ойынға жақсы қатыстыңыздар.

Хор: «Күз»

Енді күзге рахметімізді айтайық. Астық жеміс жиылды Қамбамызға құйылды Ардақты күзге мың алғыс Алдық өнім сыйылды. Осымен «Берекелі алтын күз» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.Сау болыңыздар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қараша
588
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі