400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Бес нәрсеге асық бол" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойынды ұйымдастырудағы мақсатым – оқушылырды зияткерлік-танымдық ойыны арқылы білім, білік, дағдыларын қалыптастыра отырып, сұрақтарға шапшаңдықпен әрі шыдамдылықпен жауап беруге, танымдық қабілеттерін, сөздік қорларын, логикалық ойлауын, ой-өрістерін, тілін, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, білімділікке, адамгершілікке, отансүйгіштікке, танымдылыққа, мейірімділікке тірбиелеу. Мониторда нөмірленген 12 ұяшық беріледі. Сұрақ мазмұны логикалық тапсырмалардан тұрады. Жауап «1» баллдық жүйемен бағаланады. Әр топ нөмір реттілігі бойынша мониторда берілген сұрақтардың бірін таңдайды. Сұраққа топ мүшелері жазбаша түрде жауап береді, жауап салыстырылып бағаланады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


№ 7 жалпы білім беретін орта мектеп







DrawObject1







DrawObject2


зияткерлік-танымдық ойыны









Өткізген: Абеугалиева А.А.







Қаражал – 2017


Күні: 14.11.2017ж.

Тақырыбы: «Бес нәрсеге асық бол...» (танымдық-зияткерлік ойын)

Мақсаты: Оқушылырды зияткерлік-танымдық ойыны арқылы білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

  1. Оқушыларды зияткерлік-танымдық ойыны арқылы білімдерін қалыптастыра отырып, сұрақтарға шапшаңдықпен әрі шыдамдылықпен жауап беруге үйрету.

  2. Танымдық қабілеттерін, сөздік қорларын, логикалық ойлауын, ой-өрістерін, тіл байлықтарын, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, қызығушылықтарын арттыру.

  3. Оқушыларды білімділікке, адамгершілікке, отансүйгіштікке, танымдылыққа, шыдамдылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Жұмыстың түрі: дәстүрлі емес.

Жұмыстың типі: танымдық ойын /жарыс/.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, қима қағаздары, т.б.


Мұғалім: Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев ақылдың биігі, даналықтың көзі болған Абай әлемінен жас ұрпақ сусындап білім алуын айта отырып, «Абай сөзі – қазақтың бой тұмары деп» баға берген. Олай болса, бүгінгі «Бес нәрсеге асық бол...» атты зияткерлік-танымдық ойынмыз соның дәлелі болмақ.

Қасиеттің бәрі керек адамға,

Жұмбағы көп мынау үлкен ғаламда.

Әрі тапқыр, әрі жылдам шәкірттер,

Қане, шықсын, таңғажайып алаңға.

Мұғалім: Өсек айту, өтірікші болу, мақтаншақтық, еріншектік, бекер мал шашу – бес дұшпан; талапты болу, еңбек ету, терең ойлау, дүниеге қанағат қылу, басқаға рақым жасау – бес асыл іс деп ерекше ескеріп, есті сөзді есте қалдырып, тұрмыс-тіршілікте осы қағидаларды орындау мақсатын алға қояды ақын. Саналы азамат болып, сапалы өмір сүру үшін, ғылымды үйреніп, тәлімге тәнті болу керек дейді ғұлама.

Олай болса, орта жалпы білім беретін №7 мектептің 4 А сынып оқушыларының арасында өтетін зияткерлік – танымдық ойынын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!

Ойынды ұйымдастырудағы мақсатым – оқушылырды зияткерлік-танымдық ойыны арқылы білім, білік, дағдыларын қалыптастыра отырып, сұрақтарға шапшаңдықпен әрі шыдамдылықпен жауап беруге, танымдық қабілеттерін, сөздік қорларын, логикалық ойлауын, ой-өрістерін, тілін, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, білімділікке, адамгершілікке, отансүйгіштікке, танымдылыққа, мейірімділікке тірбиелеу.

Әрқайсымызға Абайды тану – мұрат, ол шыққан биікке талпыну – парыз. Абайдың үміті келешекте еді. Ендеше, шәкірттеріміз бен ұстаздарымыз оның өнегелі өміріне бас иіп, өсиет сөзін өміріне жолдама етіп, өз заманының кірпіші болып қаланса – біздің мақсат сол.

Мұғалім: «Бес нәрсеге асық бол...» зияткерлік-танымдық ойын барысы 2-турдан және 5 кезеңнен тұрады.

І – тур:

  • І кезең - «Көңілге түрлі ой салар...»

  • ІІ кезең - «Білгенге – маржан

Білмеске – арзан...»

- ІІІ кезең –«Мақал-мәтел»

ІІ – тур:

  • IV кезең «Қиуадан шауып, қисынын тауып...»

  • V кезең «Бес нәрсеге асық бол,

Бес нәрседен қашық бол!» постер қорғау

Мұғалім:

... Өзің үшін үйренсең,

Жамандықтан жиренсең,

Ашыларсың жылма – жыл.

Біреу үшін үйренсең,

Біреу білмес, сен білсең,

Білгеніңнің бәрі – тұл – дей отырып, «Көңілге түрлі ой салар» кезеңіне кезек береміз.

Шарты мен мазмұны:

Бұл кезеңде мониторда нөмірленген 12 ұяшық беріледі. Сұрақ мазмұны логикалық тапсырмалардан тұрады. Жауап «1» баллдық жүйемен бағаланады. Таңдау құқығы алдымен мына менің алдымда жатқан қағазды әр топтан бір оқушы келіп таңдап алады, яғни әр топ нөмір реттілігі бойынша мониторда берілген сұрақтардың бірін таңдайды. Сұраққа топ мүшелері жазбаша түрде жауап береді, жауап салыстырылып бағаланады. Сұрақтың жауабына 5-10 секунд беріледі.


СҰРАҚ-ЖАУАП

(1) Қасқыр туған күніне 3 түлкі, 7 ешкі және Қызыл Телпекті шақырды. Қасқыр туған күніне тәбеті жақсы неше адамды шақырды? (1 адам – Қызыл Телпек)

(2) Бос стаканда неше жаңғақ бар? (жаңғақ жоқ)

(3) Шай тәп-тәтті болу үшін неше қасық тұз салу керек? (тұздан ащы болады)

(4) Шатырда екі қызыл көгершін және бір жасыл қарға отыр. Барлығы неше құс болды? (құстың ондай түрлері болмайды)

(5) Қандай ыдыстан ештеңе ішуге де, жеуге де болмайды? (тесік ыдыстан)

(6) Қызыл орамалды суға малып, 10 минуттан кейін сығып алдық. Ол қандай болды? (дымқыл)

(7) Бөлмедегі адам қай уақытта бассыз болады? (терезеден басын шығарғанда)

(8) Жүздің жартсын екіге бөлгенде не болады? (25)

(9) Қыста бақтағы жауқазындар гүлдеді. Алдымен 3 жауқазын, соңынан 4 жауқазын гүл ашты. Бақта барлығы неше жауқазын гүлдеді? (қыста жауқазындар гүлдемейді)

(10) Бір жұмыртқа 5 минут піссе, алты жұмыртқа неше минутта піседі? (5 минут)

(11) Ағасы інісінен 5 жас үлкен. Қанша жылдан кейін ағасы інісінен 7 жас үлкен болады? (ешқашанда)

(12) Ақпан айы келді. Бірінші бір алма ағашы, сосын екі өрік ағашы гүлдеді. Барлығы неше ағаш гүлдеді? (ақпан айында ағаш гүлдемейді)


Жүргізуші: Данышпан ақын ғылымды үйреніп, білімді болу үшін, жалықпай жалын лаулатып, ерінбей еңбек ету қажет:

Сізге ғылым кім берер,

Жанбай жатып, сөнсеңіз?

Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл бөлсеңіз, - деп ғылым үйренудің қиындығы мен бағдарын шебер түсіндіреді «Білгенге –маржан, білмеске-арзан...» кезеңі өнегелі сөздің өрнекті құдіретіне арналады.

Шарты мен мазмұны:

Бұл кезеңде 6 арнаулы пән бойынша ұпай сандары жазылған ұяшықтар беріледі. Таңдау құқығын ұпайы төмен топ бастайды. Сұрақты таңдау осы реттілік бойынша жалғасады. Бағалау таңдалған ұяшық нөміріне байланысты беріледі.


«Математика»

«10» - Сәуле дәптер алу үшін 10 теңге төлегенде, сатушы 1 теңге қайтарып берген. Егер бір дәптердің бағасы 3 теңге болса, Сәуле неше дәптер сатып алды? (3 дәптер сатып алды)

«20» - Текшенің неше өлшемі бар? Қандай? (3 өлшемі – ұзындығы, ені, биіктігі)

«30» - Комбайн бір күнде 70 центнер астық жинайды. Комбайн осы қарқынмен жұмыс істесе, 14 тонна астықты неше күнде жинайды? (2 күнде)

«40» - Суретте қанша үшбұрыш бар? (8 үшбұрыш)

«50» - Неше квадрат метр 1 гектарға тең? (10000 м2 = 1 га)

«Қазақ тілі»

«10» - Қазақ әліпбиінде неше әріп, неше дыбыс бар? (42 әріп, 40 дыбыс, 2 таңба)

«20» - Мәтіннің түрлерін ата. (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау)

«30» - Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны не дейміз? (жалғау)

«40» - “Үріп ауызға салғандай” тұрақты сөз тіркесінің мағынасын аш. (аса әдемі, сүп-сүйкімді)

«50» - Сөйлемде бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылған сөздерді не дейміз? (сөйлемнің бірыңғай мүшелері)

«Әдебиеттік оқу»

«10» - «Жолбарыспен айқас » шығарманың қай түріне жатады? (батырлар жыры)

«20» - Бес дұшпанды ата. (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)

«30» - Жеті қазынаға нелер жатады? (ер жігіт, сұлу әйел, қыран бүркіт, ақыл-білім, берен мылтық, жүйрік ат, құмай тазы)

«40» - Мақалды жалғастыр: Бір ауылда мың туысың болғанша, ... . (әр ауылда бір туысың болсын)

«50» - Әдебиеттік оқу оқулығының сыртқы бетінде қай ақын, жазушының суреті? (Ахмет Байтұрынов)

«Дүниетану»

«10» - Мына жануарлар қай топқа жатады. (сүтқоректілер)

«20» - Көмірдің ең сапалы түрі. (антрацит)

«30» - Ауа қоспасындағы ең көп газ (азот)

«40» - Мыс пен мырыштың қосындысын не деп атаймыз? (жез)

«50» - Қарағанды кен орнын қай жылы және кім ашқан? (1833 жылы Апақ Байжанов)

«Шет тілі»

«10» - What is your name? (My name is … )

«20» - How old are you? (I` am ten /nine/ years old)

«30» - Count from 1 till 10: (one, two, there, four, five, six, seven, eight, nine, ten)

«40» - What is your favorite calour? (It is black, white, red, blue, green, grey, brown)

«50» - Translate in to Kazakh: an Apple - … (алма)

grape - … (жүзім)

an orange - … (апельсин)

a lemon - … (лимон)

«Қазақстан»

« 10» Бұл монумент 1974 жылы орнатылған. Жалпы биіктігі 11 метр. Қазақ және орыс шахтерлерінің көмір кесегін биікке көтеріп тұрған бейнесі. Монумент қай қалада? (Қарағанды)



«20» - Жаңа әнұранның сөзін кім жазған? (Жұмекен Нәжмеденов және Нұрсұлтан Назарбаев)

«30» - Қай жылы ҚР-ның тәуелсіздігінің 25 жылдығы атап өтілді? 2016 жылы

«40» - Қазақстанның жер көлемі? (2 млн. 724 мың шақырым)

«50» - Қазақ тарихында тұңғыш рет ғарышқа кім және қашан ұшты? (1991 жылы 2 қазанда Тоқтар Әубәкіров ұшты)

Мұғалім:

Қасиеттің бәрі керек адамға,

Жұмбағы көп мынау үлкен ғаламда.

Әрі тапқыр, әрі шешен шәкірттер,

Қане, шықсын, таңғажайып алаңға. –

Шарты мен мазмұны:

Бұл кезеңде 2 топқа бөлінген оқушыларымыз үстел үстінде жатқан қағаздарымызды алып, торкөздегі әріптердің арасынан бір сөздер табады. Сол сөзге байланысты мақал-мәтелдер айтады. Бұл тур жас жеткіншектің тапқырлық пен дүниетанымын сынау мақсатында – оқушылардың логикалық ойлауларымен қатар сөздік қорларын дамыта отырып, оларды әдеби тілге байыту. Әр мақалға 1 балл беріледі. Қағаздардағы берілген сөздер: Білім, өнер, еңбек


П

О

И

Е

Л

Г

А

М

И

Т

А

А

Р

Г

Ы

К

Д

Е

Н

И

Ө

Б

І

Л

І

М

З

Ө

Г

Е

Н

Р

Ғ

Д

У

Р

Ш

Л

К

Ы

П

Д

Қ

Л

Ж

Ұ

Х

Б

А

Л


П

О

И

Е

Л

Г

А

М

И

Т

А

А

Р

Г

Ы

К

Д

Е

Н

И

Ө

Л

І

Ө

І

М

З

Ө

Г

Е

Н

Р

Ғ

Д

У

Ө

Н

Е

Р

Ы

П

Д

Қ

Л

Ж

Ұ

Х

Б

А

Л


П

О

И

Е

Л

Г

А

М

И

Т

А

А

Р

Ң

Ы

К

Д

Е

Н

И

Ө

Б

О

Б

Т

М

З

Ө

Г

Е

Н

Р

Ғ

Е

У

Р

Ш

Л

К

Ы

П

Д

Қ

К

Ж

Ұ

Х

Б

А

Л


Мұғалім:

Білмеймін деп қысылма,

Талабың болса, бойыңда.

Өнерлінің ырысы,

Жарқырап жатыр жолында деп, ойыншыларымызды демей отырып, ойынымыздың келесі «Қиуадан шауып, қисының тауып...» кезеңіне көшеміз.

Шарты мен мазмұны:

2-ші турда оқушылардың алдарына қима суреттер беріледі. Сол суреттердің мазмұнына қарап, Абай шығармаларының тақырыптарын табу. Бұл тур жас жеткіншектің тапқырлық пен дүниетанымын сынау мақсатында – оқушылардың логикалық ойлауларымен қатар сөздік қорларын дамыта отырып, оларды әдеби тілге байыту.

Келесі кезең «Бес нәрсеге асық бол,

Бес нәрседен қашық бол!» постер қорғау – Бұл кезеңде екі топтың оқушыларына А3 форматтағы қағаз беріледі. Сол қағазға 1-топ «Бес нәрсеге асық бол» 2-топ «Бес нәрседен қашық бол», 3-топ «Абай Құнанбаев» яғни Абай атамыздың өмірбаяны мен айтып кеткен 5 асыл істі және 5 дұшпанды жазып, мағынасын ашады. Абай атамыз осы сөздермен не айтпақ болды? Өз ойларын жеткізу.

Мұғалім:

Өзіңді өзің тану –

Даналықтың белгісі.

Жеке тұлғаның рухын тану –

Адамгершіліктің белгісі. Мінекей, ойын кезеңдері ойы ұшқыр өрендерімен өрнектелген сәттің де аяғына келіп жеткендейміз. Ойыншыларымыздың зияткерлігі мен танымдылықтары танылған ойынымыздың қорытындысын шығарғанша оқушылардың орындауында «Желсіз түнде жарық ай».

«Бес нәрсеге асық бол…» атты зияткерлік-танымдық ойынымыздың қорытындысын жариялап, мадақтама қағаздарын беруге рұқсат етіңіздер.

Мұғалім: Құрметті қауым! Ұлы бабамыз Абай арман еткен дербестігі бүгінгі күні «Қалың елі - қазғының» қолыңда болып, енді бақытты ұрпақ біздер ел еркіндігін көзіміздің қарашығындай қорғап, ұлт үмітін ақтау жолында әрқайсымыз аянбай атсалысамыз деп, Абай рухының алдында тағзым етеміз!

Назар аударғандарыңызға рахмет!



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
12 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
3779
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі