Тәрбие сағаты «Бір шаңырақ астында»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты «Бір шаңырақ астында»

Материал туралы қысқаша түсінік
1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін балаларға айтып ұғындыру. Балаларды татулыққа, достыққа, елін, жерін сүйе білуге үйрету.Басқа ұлт өкілдерімен таныстырып олармен тату, достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бір шаңырақ астында»

  Мақсаты: 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін балаларға айтып ұғындыру. Балаларды татулыққа, достыққа, елін, жерін сүйе білуге үйрету.Басқа ұлт өкілдерімен таныстырып олармен тату, достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Әсем безендірілген зал, мерекелік шарлар, ұлттық киімдер мен жалаушалар.

Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар, құрметті ұстаздар!

Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттармен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Бір шаңырақ астында» тақырыбындағы мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Қазақстан- халқы жомарт, даласы дархан, орманы қарқан, таулары қалқан, болған ақ бесік ата мекені бар, сол мекенде жусанның жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз.

Тілі бөлек болғанменен тілегі бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрегі гүл.

Қазақстан барлық ұлтқа шаңырақ,

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достығымыз мәңгілік болғай- дей отыра ортамызға

Қазақ халқының өкілдерін қошеметпен шақырайық.

-Бейбітшілік жасасын, ынтымақтастық жасасын! -Ура- ура- ура!

Келесі кезекте Орыс халқының өкілдерін қошеметпен ортаға шақырайық.

-Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын! -Ура-ура-ура!

Ендігі кезекте өзбек ұлтының өкілдерін қошеметтеп ортаға шақырамыз.

-Ынтымағы жарасқан Қазақ елі жасасын! -Ура-ура-ура!

Келесі кезекте грузин ұлтының өкілдерін қошеметтеп ортаға шақырамыз.

1-Мамыр ынтымақ,бірлік күні жасасын! Ура-ура-ура!

Ендігі кезекті ұлттар достығы жайлы ертеңгілігімізді ашып беру үшін ППТК меңгерушісі: Айнаш Қайсарқызына сөз береміз.

Таупихов Темирлан:

Бірінші май бүгін,

Мереке келді деп.

Көк аспан айдыны,

Ашылды мөлдіреп.

Әбу Бекнұр:

Май келді,май келді,

Бүгін мейрам алақай.

Көңілді әнді біз,

Шырқайық бәріміз.

Каримолла Нұрислам:

Қуанышты май келді,
Алақай-ай, алақай,
Шырқа шаттық әндерді,
Көшеге шық, балақай.

Бисембай Нұрлы:

Барлық елдің бөбегі,
Бір-бірімен туысқан,
Бәрімізге төгеді,
Өз шуағым күміс таң.

Шиниязов Арсен:

Жасампаз жыр - әнім,

Өзіңсің ғажапстан .

Өсиет, ұраным,

Отаным –Қазақстан.

Сағынғали Замир:

Біз балдырған тең басқан!

   Дос құшағын кеңге ашқан.

   Тілегіміз әділдік!

   Ашық болсын кең аспан!

Ахмедияр Данагуль: 

Дос болайық бәріміз,

    Жарасып тұр әніміз.

     Тыныштықты сақтаймыз,

     Атсын күліп таңымыз!

Садих Сабина

Әрқашан дос біргеміз,

     Ажырамас іргеміз.

     Ілгері жүріңдер,

    Достық жырын біліңдер! 

Мырзалиев Азиз

Мы Первого мая с флажком

По улице нашей идем.

Ты солнышко, ярче свети!

С тобой веселее идти!

Ғибадат Дияр

Настало первое число.

Пришел сегодня май.

Стучится шарик мой в стекло:

«Ну что же ты, выпускай!»

И вот я нитку отвязал.

Лети! – я шарику сказал.

Менеев Темирлан

Вслед за шумным Первомаем

Со всей большой своей страной

Мы за колоннами шагаем

По нашей улице родной.

Берик Зере

Расцвела

Страна родная,

Песни звонкие слышны.

Здравствуй, праздник,

Праздник Мая,

Праздник солнца и весны!


Нурмуханбет Али

Бір шаңырақ астында

Тату- тәтті тұрамыз.

Бірге ішеміз асты да,

Бірге сайран құрамыз.

Кабес Бекнур

Әрқашан дос біргеміз,

  Ажырамас іргеміз.

   Ілгері жүріңдер,

Достық жырын біліңдер! 

Хор «Әрқашан күн сөнбесін»

Ойын «Шаңырақ»

Ойынның шарты: Бір шаңырақ астында берілген түрлі әуендерге ұлттық би элементтерін көрсету.

Ойын «Молекула»

Шарты: Әуенге балалар қимылдап билейді, әуен біткен соң жүргізуші неше түрлі сандарды атайды, ал балалар сол санға байланысты өздеріне жұптар табуы тиіс. Жұп таба алмаған бала ойыннан шығады.

Украин ойыны «Картоп жина»

Ойынның шарты: Жерде шашылып жатырған картопты тез себетке жинап алу.

Ойын «Алманы тауыс»

Ойынның шарты: Алмалар жіпке ілінеді, ойынға қатысушылар байлаулы көзбен сол жіпке жетіп, қайшымен жіпті қиып , алманы жерге түсіруі керек.

Би: «Қаражорға»

Жүргізуші:

Ағайын, туған бар адам,

Адалдық үшін жаралған.

Бар қымбат туыстық,

Баянды болсын тыныштық!

1-Мамыр мерекесі дүние жүзіндегі халықтардың достығы мен бірлігін атау күні. Біздің мемлекет бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы ел. Елімізде әр түрлі ұлттар тату- тәтті өмір сүруде. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» -деген халық мақалы біздің елге айтылғандай.

Осымен «Бір шаңырақ астында!» тақырыбындағы мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
30.11.2021
1162
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі