400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты «Бірлігі жарасқан Қазақстан!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін балаларға айтып ұғындыру. Балаларды татулыққа, достыққа, елін, жерін сүйе білуге үйрету.Басқа ұлт өкілдерімен таныстырып олармен тату, достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді__________

Бөкей ордасы ауданының

психологиялық-педагогикалық

түзеу кабинетінің

меңгерушісі А.Атаева________







«Бірлігі жарасқан Қазақстан!»


/ ІС-ШАРА /







Дайындағандар : олигофренопедагогы Д.Китешова

саз-ырғақ педагогы

Н.Жамбылов









Сайқын- 2021 ж

«Бірлігі жарасқан Қазақстан!»

  Мақсаты: 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін балаларға айтып ұғындыру. Балаларды татулыққа, достыққа, елін, жерін сүйе білуге үйрету.Басқа ұлт өкілдерімен таныстырып олармен тату, достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Әсем безендірілген зал, мерекелік шарлар, ұлттық киімдер мен жалаушалар.

Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар, құрметті ұстаздар!

Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттармен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Бірлігі жарасқан Қазақстан!» тақырыбындағы мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Қазақстан- халқы жомарт, даласы дархан, орманы қарқан, таулары қалқан, болған ақ бесік ата мекені бар, сол мекенде жусанның жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз.

Тілі бөлек болғанменен тілегі бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрегі гүл.

Қазақстан барлық ұлтқа шаңырақ,

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достығымыз мәңгілік болғай- дей отыра ортамызға

Қазақ халқының өкілдерін қошеметпен шақырайық.

-Бейбітшілік жасасын, ынтымақтастық жасасын! -Ура- ура- ура!

Келесі кезекте Орыс халқының өкілдерін қошеметпен ортаға шақырайық.

-Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын! -Ура-ура-ура!

Ендігі кезекте өзбек ұлтының өкілдерін қошеметтеп ортаға шақырамыз.

-Ынтымағы жарасқан Қазақ елі жасасын! -Ура-ура-ура!

Келесі кезекте корей ұлтының өкілдерін қошеметтеп ортаға шақырамыз.

1-Мамыр ынтымақ,бірлік күні жасасын! Ура-ура-ура!

Ендігі кезекті ұлттар достығы жайлы ертеңгілігімізді ашып беру үшін ППТК меңгерушісі: Айнаш Қайсарқызына сөз береміз.

Алдарыңыздар мерекеге арналған тақпақтарымен тәрбиеленушілерді шақырамыз.

Әбу Бекнұр

Жасампаз жыр - әнім,

Өзіңсің ғажапстан .

Өсиет, ұраным,

Отаным –Қазақстан.



Мынайдарова Ұлдана

Барлық елдің бөбегі,
Бір-бірімен туысқан,
Бәрімізге төгеді,
Өз шуағым күміс таң.


Берік Зере

Мы Первого мая с флажком

По улице нашей идем.

Ты солнышко, ярче свети!

С тобой веселее идти!



Менеев Темирлан

Расцвела

Страна родная,

Песни звонкие слышны.

Здравствуй, праздник,

Праздник Мая,

Праздник солнца и весны!


Кажбулатова Айнара

Настало первое число.

Пришел сегодня май.

Стучится шарик мой в стекло:

«Ну что же ты, выпускай!»

И вот я нитку отвязал.

Лети! – я шарику сказал.


Ахметжанова Акмарал

Вслед за шумным Первомаем

Со всей большой своей страной

Мы за колоннами шагаем

По нашей улице родной.


Алдарыңызда Кажбулатова Айнараны «Хатуба» үнді биімен қарсы алыңыздар.

1.Ойын «Шаңырақ»

Ойынның шарты: әртүрлі ұлттың әуендері ойналады. Балалар сол әуен арқылы билеуі керек.Әуен тоқтаған кезде балалар берілген шеңберге орналасу қажет. Шеңберге үлгірмей қалған балалар ойыннан шығарылады.

2.Украин ойыны «Көкөністерді жина»

Ойынның шарты: Жерде шашылып жатырған көкөністерді себетке тез жинап алу.

3.Ойын «Алманы тауыс»

Ойынның шарты: Алмалар жіпке ілінеді, ойынға қатысушылар байлаулы көзбен сол жіпке жетіп, қайшымен жіпті қиып , алманы жерге түсіруі керек.

Алдарыңызда «Родина моя-Казахстан» әнімен Ахметжанова Ақмаралды қарсы алыңыздар.

Жүргізуші:

Ағайын, туған бар адам,

Адалдық үшін жаралған.

Бар қымбат туыстық,

Баянды болсын тыныштық!

1-Мамыр мерекесі дүние жүзіндегі халықтардың достығы мен бірлігін атау күні. Біздің мемлекет бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы ел. Елімізде әр түрлі ұлттар тату- тәтті өмір сүруде. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» -деген халық мақалы біздің елге айтылғандай.

Осымен «Бірлігі жарасқан Қазақстан!» тақырыбындағы мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет.





1Бірінші май бүгін,

Мереке келді деп.

Көк аспан айдыны,

Ашылды мөлдіреп.

2


Май келді,май келді,

Бүгін мейрам алақай.

Көңілді әнді біз,

Шырқайық бәріміз.

3

Қуанышты май келді,
Алақай-ай, алақай,
Шырқа шаттық әндерді,
Көшеге шық, балақай.


4

Барлық елдің бөбегі,
Бір-бірімен туысқан,
Бәрімізге төгеді,
Өз шуағым күміс таң.


5

Жасампаз жыр - әнім,

Өзіңсің ғажапстан .

Өсиет, ұраным,

Отаным –Қазақстан.

6

Біз балдырған тең басқан!

   Дос құшағын кеңге ашқан.

   Тілегіміз әділдік!

   Ашық болсын кең аспан!

7

Дос болайық бәріміз,

    Жарасып тұр әніміз.

     Тыныштықты сақтаймыз,

     Атсын күліп таңымыз!



8

Әрқашан дос біргеміз,

     Ажырамас іргеміз.

     Ілгері жүріңдер,

    Достық жырын біліңдер! 

9

Мы Первого мая с флажком

По улице нашей идем.

Ты солнышко, ярче свети!

С тобой веселее идти!


10Настало первое число.

Пришел сегодня май.

Стучится шарик мой в стекло:

«Ну что же ты, выпускай!»

И вот я нитку отвязал.

Лети! – я шарику сказал.



11Вслед за шумным Первомаем

Со всей большой своей страной

Мы за колоннами шагаем

По нашей улице родной.

12

Расцвела

Страна родная,

Песни звонкие слышны.

Здравствуй, праздник,

Праздник Мая,

Праздник солнца и весны!


13Бір шаңырақ астында

Тату- тәтті тұрамыз.

Бірге ішеміз асты да,

Бірге сайран құрамыз.

14

Әрқашан дос біргеміз,

  Ажырамас іргеміз.

   Ілгері жүріңдер,

Достық жырын біліңдер! 

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 қазан
842
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі