Шымкент
қаласы Абай ауданы
Т.Тәжібаев
атындағы №81 жалпы орта білім беретін
мектеп
Тәрбие
сағаты
Тақырыбы:
«Бірлік
пен келісім»
Сыныбы:
7 «г»
Сынып
жетекшісі: Малбаева Г
2019-2020
оқу жылы
Қашықтықтан
өткен тәрбие сағатының тақырыбы: «Бірлік
пен келісім»
Мақсаты:
1-мамыр -халықтар достығы мерекесі туралы
түсіндіру. Қазақстанда тұратын ұлттар
мен ұлыстар туралы айту. Басқа
ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет - ғұрпын
сыйлауға үйрету.
Көрнекіліктер:
видеоролик,қанатты сөздер.
Мұғалім
сөзі:
Сәлеметсіздер
ме, оқушылар Біздің бүгінгі тәрбие
сағатымыз «Бірлік
пен келісім» деп аталады.
Бірлік
пен келісім халықтың - Көгімізде жарасқан
жарық күн! Ырыс, дәулет бақыты үшін
халықтың, Жайнай берсін, жайнай берсін
алтын күн! - дей келе Қазақстан халқының
бірлігіне арналған «Бірлік пен келісім»
атты тәрбие сағңатын бастаймыз. Қазақстан
Республикасында қазіргі таңда 130- дан
астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.
Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде
тағдыр тауқыметін арқалап, солақай
саясаттың құрбанына айналып, елімізге
келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар
үшін қазақ жері киелі алтын бесікке
айналды. Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы
күн, Ынтымақтың шертсем деймін бір
жырын. Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін. Тілі
бөлек болған менен тілек бір, Ұлы достық
мәпелеген жүрек гүл. Қазақстан бар
ұлысқа шаңырақ, Шайқалмастан шаттығымыз
жасасын.
Ағайын
туған бар адам,
Адалдық
үшін жаралған.
Бар
қымбат туыстық,
Баянды
болсын тыныштық.
«1
мамыр- Ынтымақ пен Бірлік күні» атты
видеоролик көру
Қай
жағынан айтсақ та бүгінгі біз өмір
сүрген заманның ағымы басқа, халқымыз
жаппай сауатты. Егемен ел бесігі жыл
өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді.
Тәуелсіз көп ұлтты халықтың арасында
«Ши» шығармай бірлікпен ынтымақтың
ұйытқысы болып дер кезінде республикадағы
ұлттардың ассамблеясының жұмысын
жандандырып олардың тілін, әдет ғұрпын
насихаттауға мүмкіндік жасалуын
қадағалап келеді. Мемлекетімізде
істелініп жатқан ерлікті істеріміздің
барлығы Н. Назарбаев есімімен байланысты.
Елбасымыздың есімі Тәуелсіз Қазақстан
атымен бірге өріліп үндесіп тұр.
Бауырласқан
тәніміз,
Бұзылмаған
антымыз.
Кең
даланың ежелгі,
Қазақ
дейтін халқымыз.
Өзге
ұлттай бізде де,
Бар
дәстүр мен салтымыз.
Оқушылардың
өлең жолдарын тыңдау
Теңсіздік
терең көмілді,
Шаттықтан
шалқып өнді үнім,
Баршасы
мұнда көңілді
Ақ,
қара, сары өңдінің...
Артықша
таза моральды
Ақ,
қара жігі, қыз қандай!
Махаббат
қайта жаралды,
Жүректен
жүрек қызғанбай.
Күндерден
ортақ сыбаға,
Күресте
дайым біргеміз.
Арада
жол жоқ сынаға,
Мәрмәрдай
тұтас іргеміз.
Өлкемде
өлмес тірі аңыз
Қалады
жаздан, қыстан да.
Жұрағат
жұрттар тұрамыз
Осындай
Қазақстанда...
Оқушылардың
Бейбітшілік туралы ой-пікірлерін тыңдау
Қорытынды
сөз:
«Ел
бірлігі – ең асыл қасиет.Бірлік, ынтымақ,
сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен
өзімізге – қазақтарға керек» деп
көрегенділікпен Елбасымыз айтқандай,
біз сияқты көпұлтты мемлекеттің даму
болашағының бір көзі – Қазақстан
халықтарының бірлігі.Бірлігіміз мәңгілік
болсын!