Материалдар / Тәрбие сағаты: Бірлік пен ынтымақ!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты: Бірлік пен ынтымақ!

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: Бірлік пен ынтымақ! Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адамдар арасындағы достық пен өзара түсіністікті бағалай білуге үйрету. Адамның өмірінде достықтың алатын орны туралы ұғымын кеңейту. Оқушылардың сенімді және адал дос болуға ұмтылысын дамыту; Оқушыларды әдептілікке,ынтымықтыққа тәрбиелеу. Дос туралы ойлар өте көп. Достық жайлы айтпаған ұлы адамдар жоқ десе де болады. Мысалы: ұлы ғұлама ғалым Аристотель «Достық - өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашанда барлық басқа игілікке түгел ие бола тұрса да, дос - жарансыз өмірді қаламақ емес» деп айтса,«Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық» деп Мұхтар Әуезов те достық туралы өз ойын айтып кеткен. Достық - өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да барлық басқа игілікке түгел ие бола тұрса да, дос - жарансыз өмірді қаламақ емес.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қазан 2024
790
12 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сынып жетекшінің аты-жөні


Күні:


Сынып

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының тақырыбы

Бірлік пен ынтымақ.

Тәрбие жұмысының бағыты


Мақсаты

Оқушыларға адамдар арасындағы достық пен өзара түсіністікті бағалай білуге үйрету. Адамның өмірінде достықтың алатын орны туралы ұғымын кеңейту.  Оқушылардың сенімді және адал дос болуға ұмтылысын дамыту;  Оқушыларды әдептілікке,ынтымықтыққа тәрбиелеу.

Бағалау критерийлері:

Барысы

Тәрбие сағатындағы орындалуы тиіс іс-әрекеттер


Ресурстар



Кіріспе

10 мин























Негізгі бөлім

25 мин


І.Ұйымдастыру кезеңі  Сәлемдесу, оқушыларды сабаққа даярлау.

ІІ.Негізгі бөлім. Балалар бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Бірлік пен ынтымақ» деп аталады. Дос туралы ойлар өте көп. Достық жайлы айтпаған ұлы адамдар жоқ десе де болады. Мысалы: ұлы ғұлама ғалым Аристотель «Достық - өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашанда барлық басқа игілікке түгел ие бола тұрса да, дос - жарансыз өмірді қаламақ емес» деп айтса,«Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық» деп Мұхтар Әуезов те достық туралы өз ойын айтып кеткен. Қане кім дос туралы өлең, не қара сөз біледі? Мен сендерге О. Сүлейменовтің «Нағыз дос» өлеңін оқып берейін.«Нағыз дос» О.Сүлейменов. Маған досың көппе десе?Көп дер ем!Көп дегенім бір сен ғана,Ақберен!Сен батырсың,Сен батылсың,Сенімен Өмір жолын ойнап жүріп өткерем. Мықтылардың өзі мендей болсын деп, Бола алмаса,Іші күйіп өлсін деп,-Бөскенімде,Кеңес бердің:«Ер болсаң,Ең алдымен өзіңді өзің менсінбе!»Жек көретін жігітімнің сенгеніТалқан болып,Рухани өлгенін Көріп тұрып күлгенімде,Сөйлетпей, Қып - қызыл ғып сойып салдың сен мені Көңілімнен шығармайтын бір елі,Ғұмыр бойы бола алатын тірегімМаған шын дос іздеуден hәм табуданТанбайсың - ау, талмайсың - ау жүрегім. 
Ал енді топты екіге бөлейік. «Бірлік», «Ынтымақ» топтарына бөлеміз. Енді тобымыздың достық жайлы өздерінің ой - толғамдарын тыңдап көрейік, қане кімнің достық жайлы қандай пікірде екенін білейік? Қай топтың ойы ұшқыр екен?.

II. Пікір талас сұрақтары:1. Досы көпті жау алмайды дегенді қалай түсінесіздер? 2. Сіздің өміріңізде шын достықты дәлелдейтін қандай жағдайлар болды? 3. Ұлы Абайдың «Досы көппен сыйлас, досы жоқпен сырлас» деген сөзінің ақиқаттығына мысал келтіре аласың ба? 4. Нағыз достық, шынайы махаббат кездесе бермейді дегенпікір бар. Осы пікірге сіздің ойыңыз қалай? 5. Досым үшін бәрін құрбан етуге дайынмын. Досыңның кім екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтамын деген сөз әрқашан да әділ, дұрыс деп санайсызба?

III. Ситуациялық сұрақтар:1. Сенің ең жақын досың өзінен кіші баланың ұялы телефонын тартып алды. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп тұр. Сен не айтар едің? 2.Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр. Сенің оларға шамаң жетпейді. Сен не істейсің?

1 тапсырма «Дос іздеймін»1 кезең. Кез - келген адамның өзіне лайықты досы болғанын армандайтыны белгілі. Сіздің кейбіреуіңіздің, мүмкін осындай шынайы досыңыз бар шығар. Ал қайсібіреуіңіздің көптеген таныстарыңыз, жақындарыңыз болса да, олардың арасынан өзіңіздің нағыз досыңызды таба алмай жүрген боларсыздар? Ал үшіншіңіз, мүмкін, өзіңіздің тұйық, ұялшақ мінезіңізден өзіңізді жалғыз санап, досыңыздың болмағына қынжылатын боларсыз. Кез - келген жағдайда да нағыз дос ешкімге кедергі келтірмейді. Ендеше өзімізге қандай дос қажет екендігін бейнелейтін газет шығарып, бір сәт ойынға араласайық. Осы сәттен бастап мен тегін хабарландырулар жариялайтын ерекше газеттің редакторы рөлін атқарамын. Газет «Дос іздеймін» деп аталады. Сіздердің әрқайсыңыз бұл газетке дос іздейтініңіз жөнінде хабарландыру бере аласыз. Бұл хабарландыруда сөздердің саны мен әріптердің өлшемдеріне ешқандай шек қойылмайды. Хабарландыру әр түрлі формада болуы мүмкін. Сіз мысалы үміткер досыңыздың қандай қасиеттерінің болғанын қалайсыз, тіпті оның суретін салсаңыз да болады. Өзіңіз туралы айтсаңыз да болады. Бір сөзбен айтқанда хабарландыруды қандай түрде беремін десеңіз де өз еркіңізде. Тек ұстанатын нәрсе – дос іздеген хабарландыру өте көп болады, сондықтан сіз өзіңіздің хабарландыруыңыздың көркем безендіріліп, басқалардың назарын бірден аударатын жағын ойластырғаныңыз жөн. Қолдарыңызға қағаз, фломастер алыңыз да іске кірісіңіз. Бес минут уақыт беріледі.

2 кезең. Берілген уақыт біткеннен кейін хабарландырулар тақтаға ілінуі керек. Топ мүшелері хабарландырулармен үнсіз жүріп танысады. Әрбір оқушы өзінің назарын аударған хабарландыруға қызыл түсті дөңгелек салуы керек және ол хабарландыру берген адаммен байланысуға дайын. Таңдаудың санын үшке дейін шектеуге болады.Енді хабарландыру жазылған қағаздарды алса болады. Қараңыздар, сіздің хабарландыруыңызды қанша адам таңдаған екен? Шеңбер бойынша әркім қанша дөңгелекке ие болғанын айтсын.

3 кезең. Ойынның нәтижесін шығарып, топ алдында айту.

Сергіту жаттығуы:Төрт столды қатарлап қойып, бес оқушы шығарамыз. Бір - біріңе достық сезімдеріңді тексеріп көрейік. Музыка біткенде барлығы да отыруы тиіс, әрине барлығы да. Досын сыйдыра ма екен? Көрейік. Стөлдер саны бірте - бірте азая береді. Ойынның шарты: соңғы қалған бір стөлге бес оқушы да сыйысып отыруы тиіс. Ойын ойнатылып жатқанда екі топ бір - біріне достыққа байланысты сұрақтар қойып, жауап алысады. Балалар енді достыққа байланысты ұлағатты сөздерге байланысты мақал – мәтелдер айтайық

Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық.

Дұшпанға да дос керек, палуанға да күш керек.

Достың орны - төр, дұшпанның орны – көр

Досы көппен сыйлас, досы азбен сырлас.

Айрылмастай досыңа, қайрылмастай сөз айтпа.

Жаман достан, жау артық 

Балалар достарың қаншалықты көп болса, достық жайлы мақал - мәтел, нақыл сөздерді де соншалықты көп білесіңдер деп ойлаймын. Бұл тапсырмамыз бойынша достық туралы мақал - мәтелдің жартысын айтамын да, жартысын жасырамын. Алдымен тапсырманың номерін таңдап алыңдар.

1 Тапсырма

Мың досың болса да, біреуінің орны артық

Дос көтерер көңілді, мал көтерер өнімді.

Досыңды жамандама, доссыз қаларсың

Шын дос басыңа ырза, кей дос асыңа ырза

Дос егіз, дұшпан сегіз.

Жақсы дос пайдасын тигізбесе, зиянын тигізбейді,

Жаман дос алдыңды орап жүргізбейді

2.Тапсырма

Досы көптің жаны семіреді, асы көптің тәні семіреді

Жаман дос, жауыңмен бірге шабар.

Ағаш тамырмен, адам досымен мықты

Қимас досың сұраса, қимасыңды бересің.

Қасың мен досыңды, қас, қабағы танытар

Мың жолдас жақсы, мың жолдастан бір дос жақсы.

Достық - өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да барлық басқа игілікке түгел ие бола тұрса да, дос - жарансыз өмірді қаламақ емес.

 Аристотель Ойын.Достық сөзіне байланысты мағыналас сөздерді мына пішіндердің ішіне кез - келген оқушы ұшқырлықтарына қарай жазып шығады.




Таратпа қағаздар

























Видеослайд




















Таратпа қағаздар
























Таратпа қағаздар


































Таратпа қағаздар







Қоры

тынды

10 мин


Сонымен балалар бүгінгі сабақ өз мақсатына жетті деп ойлаймын. Бүгінгі сабақта дос жайлы, достық жайлы пікірлер мен ойларыңды ортаға салдыңдар. Сабаққа атсалысқандарыңа рахмет! Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды.






















































Тәрбие сағаттың ақпараты



Сынып:

Өткізілген күні:

Тақырыбы: Бірлік пен ынтымақ!

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адамдар арасындағы достық пен өзара түсіністікті бағалай білуге үйрету. Адамның өмірінде достықтың алатын орны туралы ұғымын кеңейту.  Оқушылардың сенімді және адал дос болуға ұмтылысын дамыту;  Оқушыларды әдептілікке,ынтымықтыққа тәрбиелеу.

Дос туралы ойлар өте көп. Достық жайлы айтпаған ұлы адамдар жоқ десе де болады. Мысалы: ұлы ғұлама ғалым Аристотель «Достық - өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашанда барлық басқа игілікке түгел ие бола тұрса да, дос - жарансыз өмірді қаламақ емес» деп айтса,«Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық» деп Мұхтар Әуезов те достық туралы өз ойын айтып кеткен.

Достық - өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да барлық басқа игілікке түгел ие бола тұрса да, дос - жарансыз өмірді қаламақ емес.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!