400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты. Біз - тәуелсіз елдің болашағымыз.4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты. Біз - тәуелсіз елдің болашағымыз.4-сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Біз тәуелсіз елдің болашағымыз»

Сабақтың эпиграфы:Өзіңдікі –Елің де,

Өзіңдікі-жерің де,

Өзіңді өзің еткен бақ-

Тәуелсіздік төрінде!

Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларды Отанын сүюге баулу,патриоттық тәрбие беру.

2.Өлеңді мәнерлеп оқуға баулу,танымдық қабілеттерін дамыту.

3.Еліміздің рәміздерін қастерлеуге,отанымыздың байлығын қорғауға ,елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі:Қазақ елі суреттер,Қазақстан Республикасының рәміздері:Туы,Елтаңбасы,Әнұраны.Н.Ә Назарбаевтың суреті.

Мұғалім сөзі:Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз.Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ.Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді.Мыңдаған жылдық таарихы бар.Қазақстан тәуелсіздік алды.

Ал,1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.

1-оқушы 16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып ,Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.

2-оқушы Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.

1-оқушы Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын Қазақстан!

Ғасырлар тойы болшы келе берер!

2-оқушы Мерекең құтты болсын егемен ел,

Терезең барлық елмен тең ерен ел,

Бабалар мәңгі бақи арман еткен,

Теңдікті,бостандықты иеленгендер.

3-оқушы Бостандық болсын еректі ел,

Айдын көл,көк майсалы көрікті жер

Бостандықты аңсаған батырлардың

Әруағына бас ұрып , тәу еткен жер.

Ән: «Түркістан»

4-оқушы Егемен елімнің ертеңі деп.

Елбасы баға берді жастарыма

Оқу оқы,білім ал,елің үшін

Еңбек ет тыным таппай ,жан аяма.

5-оқушы Халқымның мақтанышы –алып тұлға.

Әлемнің назары ауды Ақ Ордаға

Бәйтерек көкке қолын созып тұрған,

Ұқсайды менің асқақ арманыма.

6-оқушы Ел болдық егеменді,теңдік алып,

Бар әлем қазақ елін болды танып

Қойнауы кенге толы Қазақ елі,

Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып.

Қазақстан Республикасының призиденті «Н.Ә.Назарбаев»

7-оқушы Ел болдық ерік алдық астаналы

Елді кімнен қазағым жасқанады?

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,

Нұрсұлтанның атымен басталады.

8-оқушы Жаралдық молшылықтан толы ағыстан

Жолың бар жақсылықты қалап ұшқан

Ғасырдың биігіне шықтың ту боп,

Көркейген елім менің –Қазақстан!

Хор

9-оқушы Көз қуанып күн сайын көркеміне

Көңіліміз сенеді ертеңіне

Қазақстан-алып ел,төрі Астана,

Таңым ғана лайық ел төріне.

10-оқушы Кең далалы ,кең пейілді қазақпыз,

Құл емеспіз,еркін жанбыз азатпыз

Ел намысын ешбір жанға бермейміз,

Өмірді алға бастырамыз өрлейміз.

11-оқушы Отаным-Қазақстан туған жерім,

Мұнай мен газ болады асыл кенім

Көркейтіп бір өзіңді келе жатқан,

Артамыз елбасына үлкен сенім.

12-оқушы Ұлттық өрнек мұрамыз

Адастырмас мұраттай

Нық көтеріп тұрамыз

Жалауды біз құлатпай.

Көркемай:Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар.

Мемлекеттің рәміздер-Ту,Елтаңба,Әнұран.Бұл халықтың бірлігінің белгілері.Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар.

13-оқушы Бұлт баспасын күнімді

Тарылмасын өрісім.

Биік ұстау Туымды-

Қасиетті борышым.

Бексұлтан:Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы ортасында шұғылалы күн,оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата.Бұл түс-ашық аспанның,тыныштықтың белгісін көрсетеді.Тудың ортаасындағы алтын күн-баршаға ортақ,бәріне нұрын шашып ,сәулесін төгеді.

14-оқушы Желбірейді шалықтап

Қазақстан жалауы

Көкке қыран қалықтап,

Қанат қағып барады.

15-оқушы Мен қазақпын,ұланымын қазақтың

Тәуелсізбін,егеменмін азатпын

Көк байрағым тұр көгімде желбіреп

Алатаудай көкке өрлеген азатпын.

16-оқушы Бабам тұлпар жаратты

Құлынын да танып ақ

Тұлпар бар да қанатты

Шайқалмасын шаңырақ.

17-оқушы Тәуелсіздік көркі ол да ,

Өркениет өрінде

Нұр төгеді Елтаңба

Ақ Орданың төрінде.

Көркемай Елтаңба туралы айтады.

18-оқушы Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға

Жасы тұрмақ ,шығады екен қарты аңға

Қалай оның елтаңбасы болмайды

Түлегіне дейін салса ен таңба.

19-оқушы Енді бүгін өлген туым тірілді,

Әнұраным жалғап алды ғұмырды

Босағада қалып келген Елтаңбам

Баяғыша төріме кеп ілінді.

20-оқушы Батырлыққа уызынан жарыған

Ер түркіні байрағынан таныған

Өзі ақын ,өзі әнші халықта

Кім айта алар

Болмаған ,-деп –Әнұран?!

Арман Әнұран туралы айтады.

Хор. «Әнұран»

21-оқушы Бақтың құсы әр адамға қонып бір

О,тәңірім,бізді баққа жолықтыр...

Бүгін міне,Тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!

22-оқушы Көк аспанда нұрлы күн

Күлімдейді далама

Бақыт тілеп тұр бүгін

Ол бар пәк балаға.

«Сөзжұмбақ» шешу

23-оқушы Көк жүзінде қалықтаған қыранмын

Бейбітшілік пен бостандық жыр әнім

Самғап жүрсек бостандықта, биікте

Шарықтайды кең көлемде бұл әнім.

Ойын: «Мақал-мәтел» жалғасын тап.

Хор: «Атамекен»





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 желтоқсан
1011
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі