Сабақтың тақырыбы: «Біз
тәуелсіз елдің болашағымыз»
Сабақтың эпиграфы:Өзіңдікі
–Елің де,
Өзіңдікі-жерің
де,
Өзіңді өзің еткен
бақ-
Тәуелсіздік
төрінде!
Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларды
Отанын сүюге баулу,патриоттық тәрбие беру.
2.Өлеңді мәнерлеп оқуға
баулу,танымдық қабілеттерін дамыту.
3.Еліміздің рәміздерін
қастерлеуге,отанымыздың байлығын қорғауға ,елімізді өркендетуге
білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының
көрнекілігі:Қазақ елі суреттер,Қазақстан Республикасының
рәміздері:Туы,Елтаңбасы,Әнұраны.Н.Ә Назарбаевтың
суреті.
Мұғалім сөзі:Міне оқушылар
біздер елімізбен мақтанамыз.Бұл еркіндік оңайлықпен келген
жоқ.Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді
бастан кешірді.Мыңдаған жылдық таарихы бар.Қазақстан тәуелсіздік
алды.
Ал,1986 жылғы оқиға халықтың
есінде мәңгі сақталады.
1-оқушы 16 желтоқсанда қазақ
жастары Орталық алаңға шығып ,Қазақстан тәуелсіздігін талап
етті.
2-оқушы Осының нәтижесінде
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы
заң қабылданды.
1-оқушы Атыңнан айналайын
егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле
бер.
Мерейің құтты болсын
Қазақстан!
Ғасырлар тойы болшы келе
берер!
2-оқушы Мерекең құтты болсын
егемен ел,
Терезең барлық елмен тең ерен
ел,
Бабалар мәңгі бақи арман
еткен,
Теңдікті,бостандықты
иеленгендер.
3-оқушы Бостандық болсын
еректі ел,
Айдын көл,көк майсалы көрікті
жер
Бостандықты аңсаған
батырлардың
Әруағына бас ұрып , тәу еткен
жер.
Ән:
«Түркістан»
4-оқушы Егемен елімнің ертеңі
деп.
Елбасы баға берді
жастарыма
Оқу оқы,білім ал,елің
үшін
Еңбек ет тыным таппай ,жан
аяма.
5-оқушы Халқымның мақтанышы
–алып тұлға.
Әлемнің назары ауды Ақ
Ордаға
Бәйтерек көкке қолын созып
тұрған,
Ұқсайды менің асқақ
арманыма.
6-оқушы Ел болдық
егеменді,теңдік алып,
Бар әлем қазақ елін болды
танып
Қойнауы кенге толы Қазақ
елі,
Жыл сайын келеді өсіп қанат
жайып.
Қазақстан Республикасының
призиденті «Н.Ә.Назарбаев»
7-оқушы Ел болдық ерік алдық
астаналы
Елді кімнен қазағым
жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің
шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен
басталады.
8-оқушы Жаралдық молшылықтан
толы ағыстан
Жолың бар жақсылықты қалап
ұшқан
Ғасырдың биігіне шықтың ту
боп,
Көркейген елім менің
–Қазақстан!
Хор
9-оқушы Көз қуанып күн сайын
көркеміне
Көңіліміз сенеді
ертеңіне
Қазақстан-алып ел,төрі
Астана,
Таңым ғана лайық ел
төріне.
10-оқушы Кең далалы ,кең
пейілді қазақпыз,
Құл емеспіз,еркін жанбыз
азатпыз
Ел намысын ешбір жанға
бермейміз,
Өмірді алға бастырамыз
өрлейміз.
11-оқушы Отаным-Қазақстан
туған жерім,
Мұнай мен газ болады асыл
кенім
Көркейтіп бір өзіңді келе
жатқан,
Артамыз елбасына үлкен
сенім.
12-оқушы Ұлттық өрнек
мұрамыз
Адастырмас
мұраттай
Нық көтеріп
тұрамыз
Жалауды біз
құлатпай.
Көркемай:Бүгін әрбір
мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері
бар.
Мемлекеттің
рәміздер-Ту,Елтаңба,Әнұран.Бұл халықтың бірлігінің
белгілері.Қазақстан Республикасының да өз рәміздері
бар.
13-оқушы Бұлт баспасын
күнімді
Тарылмасын
өрісім.
Биік ұстау
Туымды-
Қасиетті
борышым.
Бексұлтан:Қазақстан
Республикасының мемлекеттік Туы ортасында шұғылалы күн,оның астында
қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті
мата.Бұл түс-ашық аспанның,тыныштықтың белгісін көрсетеді.Тудың
ортаасындағы алтын күн-баршаға ортақ,бәріне нұрын шашып ,сәулесін
төгеді.
14-оқушы Желбірейді
шалықтап
Қазақстан
жалауы
Көкке қыран
қалықтап,
Қанат қағып
барады.
15-оқушы Мен қазақпын,ұланымын
қазақтың
Тәуелсізбін,егеменмін
азатпын
Көк байрағым тұр көгімде
желбіреп
Алатаудай көкке өрлеген
азатпын.
16-оқушы Бабам тұлпар
жаратты
Құлынын да танып
ақ
Тұлпар бар да
қанатты
Шайқалмасын
шаңырақ.
17-оқушы Тәуелсіздік көркі ол
да ,
Өркениет
өрінде
Нұр төгеді
Елтаңба
Ақ Орданың
төрінде.
Көркемай Елтаңба туралы
айтады.
18-оқушы Бас білгізіп жер
тарпыған тарпаңға
Жасы тұрмақ ,шығады екен қарты
аңға
Қалай оның елтаңбасы
болмайды
Түлегіне дейін салса ен
таңба.
19-оқушы Енді бүгін өлген туым
тірілді,
Әнұраным жалғап алды
ғұмырды
Босағада қалып келген
Елтаңбам
Баяғыша төріме кеп
ілінді.
20-оқушы Батырлыққа уызынан
жарыған
Ер түркіні байрағынан
таныған
Өзі ақын ,өзі әнші
халықта
Кім айта
алар
Болмаған ,-деп
–Әнұран?!
Арман Әнұран туралы
айтады.
Хор.
«Әнұран»
21-оқушы Бақтың құсы әр адамға
қонып бір
О,тәңірім,бізді баққа
жолықтыр...
Бүгін міне,Тәуелсіздік
ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып
тұр!
22-оқушы Көк аспанда нұрлы
күн
Күлімдейді
далама
Бақыт тілеп тұр
бүгін
Ол бар пәк
балаға.
«Сөзжұмбақ»
шешу
23-оқушы Көк жүзінде
қалықтаған қыранмын
Бейбітшілік пен бостандық жыр
әнім
Самғап жүрсек бостандықта,
биікте
Шарықтайды кең көлемде бұл
әнім.
Ойын: «Мақал-мәтел» жалғасын
тап.
Хор:
«Атамекен»