жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты "Біз біріншіге барамыз!"
Тақырыбы: «Біз біріншіге барамыз!»
Мақсаты: Балаларды мектепалды даярлық тобынан шығарып сала отырып, оқу – білімге деген қызығушылықтарын оятып, Отанын, елін, жерін құрметтеуге баулып, адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
Мектепалды даярлық тобының жыл бойы алған білімдерін, үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсету.
Әдісі: Ертеңгілік.
Кіріспе сөз.
Тәрбиеші:Құрметті ата-аналар, ұстаздар, ертеңгілігіміздің қадірменді қонақтары! Біздер бүгін жыл бойы тәрбиелеп келген бүлдіршіндерімізді бірінші сыныпқа аттатқалы отырмыз. Бір жасқа үлкейген олар енді күзде бірінші сыныпқа барады. Әрине, бұл - үлкен той, үлкен мереке. Білім нәрімен сусындап, оң - солын танып, білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Ендеше, «Біз біріншіге барамыз!» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз. Бүгін бүлдіршіндер өздерінің қаншалықты білімді, ақылды, өнерлі екендерін көрсетеді. Олай болса, МАД «Г» тобының бүлдіршіндерін қошеметпен ортаға шақырамыз.
Тәрбиеші: Айналайын, балалар!
Алда мектеп-ана бар
Өздеріңнен өседі,
Өнерпаздар, даналар.
Ендігі сөз кезегін кішкентай бүлдіршіндерге береміз. Бүлдіршіндер бүгінгі кешімізді өлең шумақтарымен нұрландырсын.
Іңкәр: Құрметті қонақтар, армысыздар!
Бәріңіз де аман-есен бармысыздар?
Таусылмайтын ақыл - ой арманды
Ал, достарым, ақ жол тілек бастаңдар.
Аслан: Жайнағанда арман құшағың,
Өзіңе мен ұқсармын.
Жеткенше қайрат күні әлім
Биікке менде ұшармын.
Тәжіниса: Жақсылыққа құштармыз,
Жақсы адам боп шығамыз.
Таза сәби жүректен
Қабылдаңыз мың алғыс.
Сұңқар: Мектеп деген- білім кені, жыр кені,
Мектеп деген -даналарымыздың мекені.
Мектеп деген- тәрбиеші адамға
Мектеп деген- білімнің ең үлкені.
Нұрсұлтан: Биыл алты жастамын,
Кітап оқи бастадым.
Әріптерді танып мен
Енді жаза аламын.
С. Темірлан: Биыл күзде мектепке,
Біріншіге барамын.
Мақтанбаймын мен текке
Дайын дәптер қаламым.
Р.Темірлан: Мектеп- қамқор анамыз,
Оқып білім аламыз.
Өнерпаз болып өсетін
Біз - оқушы баламыз.
Аяна: Құшағыңда жарқылдап,
Өтті сәби күндерім,
Мектепке барам мен енді,
Даярлық топ қош енді.
Нұрбол: Мектеп - қамқор анамыз,
Оқу- білім аламыз
Өнерпаз болып өсетін
Біріншіге барамыз.
Тәрбиеші: Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер- дей келе, бүлдіршіндеріміздің ертеңгілігімізге арнайы дайындаған ән – шашуына кезек береміз
Хор: «Қошақаным»
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Бізге бүгін қонаққа Тазша бала келіп тұр.
Тазша бала:- Балалар, сәлеметсіз бе, мен сіздердің даусыңызды естіп келе жатырмын.
(Балалар амандасады)
Тазша бала:- Балалар, мен сіздерге тапсырма әкелдім. Сіздер қыркүйекте мектепке барасыз ба?
Балалар: - Иә.
Тазша бала: -Апай, менде мектепке барамын. Мен балаларға тапсырма алып келдім. Осы тапсырма арқылы балалардың мектепке дайындығын тексеретін боламыз.
(Тапсырмаларды тәрбиешіге беріп кетеді)
Тәрбиеші: Рақмет. Тазша бала.
Буратино: Ал, балалар, тапсырманы жақсы орындаңдар, мен басқа топтарға баруым керек. Сау болыңыздар!
Тәрбиеші: Сау болыңыз! Ал енді бүлдіршіндер хатты ашып көрейік.
I тапсырма. «Математика» әлеміне саяхат жасаймыз. Математика ғылымы – барлық ғылым нәтижесі.
Ал, бүлдіршіндер, бірінші тапсырманы ашып көреміз.
1.1-ден 10-ға дейін тура кері сана?
Екінші тапсырманы ашып көреміз.
2.Бағдаршамда неше көз бар?
Ал қане, бүлшіндер кім санамақ айтып береді.
3. Санамақ айтып бер.
Төртінші тапсырманы сөйлетіп көрейік, қане!
4.Тақтадағы амалдарды орында.
II тапсырма. «Сауат ашу» әлемі.
Сауат ашу ғылымы туралы таныстыру.
1.Дыбыстар нешеге бөлінеді?
2.Дауысты дыбыс кандай текшемен белгіленеді, дауыссыз дыбыс қандай текшемен белгіленеді?
3.Балалар текше лақтырамын, түскен әріпке сөз ойлау керек.
4.Берілген буын сөздерді оқу.
III тапсырма. Сұрақ-жауап. «Кім шапшаң?»
Ендігі кезекті сұрақ – жауапқа беремін.
1) Біздің Республикамыз қалай аталады?
2) Біздің Президентіміз кім?
3) Сендердің қалаларыңның аты қалай аталады?
4)Биыл Жаңаөзен қаласының неше жылдық тойын тойлап жатырмыз?
5)Сендердің мектептерің қалай аталады?
6)Биыл біздің мектебімізге неше жыл толып жатыр екен?
7)Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
8)Табиғат нешеге бөлінеді атап бер?
9) Жануарлар нешеге бөлінеді атап бер?
Тәрбиеші: Бүгінгі оқу- қызметіне өте жақсы қатыстыңдар. Жарайсыңдар, балалар, жауаптарың өте ұнады. Рақмет, сіздерге!
Ал енді мен сіздерге жұмбақ жасырамын.
Гүл ұшып гүлге қонады,
Гүл бақшам гүлге толады. (көбелек)
Көбелек бізге қонаққа жылдың қай мезгілінде келеді? (Көктем)
Тәрбиеші: Алдарыңызда бүлдіршіндеріміздің «Көбелек» биі қарсы алыңыздар!
Би: «Көбелек»
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Келесі кезекті тақпақтарға береміз!
Кәусар: Әліппеден әріп танып,
Алғаш рет оқимыз.
Тәрбиеден тәлім алып,
Санамызға тоқимыз.
Қарлығаш: Тәртіпті бала боламыз,
Қоштасып даярлық топпенен
Біріншіге барамыз,
Бес болсын алар бағамыз.
Анжела: Білімнен бақыт аламыз,
Өнер білім көп тоқып.
Өсе берсін санамыз.
Ерлан: Мынау әйбәт әліппем,
Мынау есеп кітабым.
Бәрін жинап сақтадым,
Білімге жол сақтадым.
Айда:Қуан, шаттан алақай,
Қуанатын күн бүгін,
Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғарсың,
Ер жетті деп бөбегім
Ата-анамыз қуансын.
Омар: Ән салайық бас қоса,
Даярлықпен қоштаса.
Қалам, дәптер, өшіргіш
Кітаптармен қоштаса.
Тәрбиеші: Ретімен тізбелді,
Әрбір санды даралап
Қайсың барсың бізге енді,
Айтып берер санамақ – деп, санамақтарға кезек береміз.
Іңкәр: Мені келсе білгің,
Мен таяқша бірмін.
Барлық санға жол бастап,
Ең басында тұрамын.
Ақниет: Бірден кейін тұрағым,
Бірден кейін тұрамын.
Бірге-бірді қосқанда
Мен шығамын шырағым.
Бюшра: Екіден соң әрқашан,
Үш саны мен тұрамын.
Орныма мен барамын,
Екі айшық саламын.
Айлин: Үш сызықтан аяғым,
Оқушылар кояды.
Төрт дегенің баяғы,
Төрт түліктің аяғы.
Мөлдір: Төрттен кейін бесті,
Білу оңай десті.
Санашы бір қолымның саусағын.
Мансур: Мен өзімді қатарға,
Бестен кейін тұрамын.
Басым бестен басталып,
Нөлмен бітер аяғым.
Іңкәр: Қара мына қызықты,
Көсеуді ұмытты.
Жазылғанда қос дөңгелек
Бел ортамнан сызықты.
Данияр: Менің атым сегіз,
Жетіден соң десеңіз.
Мен боламын сегіз.
Бекбол: Сегізден кейін тоғыз,
Алтыны төбесінен тұрғыз.
Сонда боламыз тоғыз.
Тәрбиеші: Бишілер бар бізде ұлдар тобы,
Мерекеге өнерімен келген бүгін.
Таң қалдырып, қанекей, би билеші,
Қол соғып демеу берсе көрермендер - дей келе, батырлар биін тамашалыңыздар!
Би: «Батырлар»
Тәрбиеші: Сезінді туған баламыз,
Оянды ақыл санамыз.
Адамдықтың бастауын
Өзіңнен алып барамыз –деп, енді балаларымыздың апайларына өзіндік ризашылықтарын білдіреді.
Ақерке: Меңгеруші апайға
Риза әкем анамда.
Бізде мұнда ардайым
Бәрі-бәрі дап – дайын,
Санамызды ойлаған
Меңгеруші апайға
Мың алғыс!
Үмітжан: Денсаулыққа болаттай,
Ауруларды жолатпай.
Күнде болған дәрігер,
Қамқоршымыз дәрігер,
Дәрігер апайға мың алғыс!
Махмут: Тәтті тағам пісіріп,
Айран сүтін іштірген.
Аспазшы апайлар,
Сіздерге де мың алғыс.
Арман: Жазу жазып үйреткен,
Әріптерді танытқан.
Санамақты жаттатып,
Санауды бізге үйреткен.
Жақсы болсақ қуанған
Қатемізді кешірген.
Апайларға айтамыз мың алғыс!
Тәрбиеші: Ал бүлдіршіндер «Ертегілер әлеміне» саяхат жасаймыз. Олай болса, бүлдіршіндеріміз «Шалқан» ертегісін сахналайды, тамашалаңыздар!
Ертегі: «Шалқан»
Автор: Айда
Атасы: Сұнқар
Кемпірі: Ақерке
Қыз:Кәусар
Ит:Темірлан
Мысық:Қарлығаш
Тышқан: Ерлан.
Тәрбиеші: -Балалар, ойын ойнағанды ұнатасыздар ма?
- Иә.
-Ендеше, ойын: «Ия» «жоқ» балалармен.
1.Мектепке біз барамыз ба?
2.Кілең бесттік аламыз ба?
3.Айтқан тілді аламыз ба?
4.Ақылды бала боламыз ба?
5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?
6.Таңертен ерте тұрамыз ба?
7.Сабақта отырып жылаймыз ба?
8.Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
9.Екі алғанда жылаймыз ба?
Тәрбиеші: Ата – ана бізге ең алғаш беретін ақыл – кеңесі қайырымдылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеп, шыншыл болуды, әдепті болуды үйретіп және оқу озаты болу үшін жағдайымызды жасап бақытты болуға жетелейді.
Енді ата – анамен диалог құрайық!
Ата-аналармен ойын:
1.Балаларыңызға әрқашан тірексіз бе?
2.Тамағын уақытылы бересіз бе?
3.Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз бе?
4.Сериал көріп жатасыз ба?
5.Ұрып, нұқып үйретесіз бе?
6.Сен оқыт,мен оқыт, шаршадым деп ұрсуға дайынсыз ба?
7.Бала үшін асулардан асасыз ба?
Тәрбиеші: Рақмет, ата – аналар! Бүкіл дүние жүзінде жасап жатқан адам баласының тілегі бұл – бейбітшілік. Әрқашан еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын деп тілейміз.
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін» хормен
Тәрбиеші: Сүйікті болған бала шақ,
Сендердікі балашақ.
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар.
Құрметті, осы мерекеге жиналған ата-аналар! Бала - біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі, сол ертеңгі тізгінін ұстайтын, ұрпағымызды ұстайтын, ұрпағымызды тәрбиелеп, бойына ізгілік нұрын себу мына отырған сіздермен біздердің міндетіміз.
Міне,бүгін біздер осы бүлдіршіндерімізді мектепке даярлап, шығарып салғалы отырмыз.
Айналайын, гүлдерім,
Айым менің, күндерім,
Маған қызық тілдерің,
Естен кетпес күндерің.
Қызғалдақтай құлпырып,
Жоғары биіктен көрініңдер.
Әрқашанда мектепте,
Алдыңғы қатарда болыңдар.
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар.
Даярлықпен қоштасып,
Бір сатыға өстіңдер.
Тәрбиеші: Ата-ана болу- үлкен сын.
Бала өсіру- ұлы өнер.
Жақсылардың артынан
Ұл-қыз ерітетін ата-аналарымызға сөз кезегін береміз.
Тәрбиеші:
«Біз біріншіге барамыз» атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, мектебіміздің директоры Газимова Халампыр Шапхатқызына береміз.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген