400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Біз Қазақстан Республикасының Азаматымыз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Балалардың Қазақстан Республикасы туралы білімдерін кеңейтумен бірге Қазақстан азаматы болу үшін қасиетті құжаттардың болуы керектігін түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Автор: Кабылова Асель Кенбаевна


Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы,ҚОББ «№4 арнайы мектеп-интернаты»КММ


Тақырыбы: «Біз Қазақстан Республикасының Азаматымыз!» ашық – тәрбие сағаты.


Сабақтың мақсаты:

  1. Балалардың Қазақстан Республикасы туралы білімдерін кеңейтумен бірге Қазақстан азаматы болу үшін қасиетті құжаттардың болуы керектігін түсіндіру.

  2. Балаларды өз елін, жерін қорғап оны ойлай білетін ұлт жанды, патриот сезімдерін, өз ойын көркем толық жеткізе білуге дамыту.

3. Ел азаматы атағына лайықты елінің патриоты болуға тәрбиелеу. Балалардың туған жерін, елін, Отанын сүюге, қазақ жеріне, оның табиғаты мен байлық қазынасын қорғауға тәрбиелеу; 

Әдіс – тәсілдер: Сұрақ – жауап. Әңгімелеу.Түсіндіру.

Көрнекіліктер: слайдтар, қанатты сөздер, мақал мәтелдер, видеоролик. 


Барысы: 

Ән ұраны айтылады. 


Тәрбиеші:
25 жыл болды күн шыққалы Шығыстан, 
Арайлап ат, алтын арай күміс таң. 
Қазақстан Ғажапстан болады, 
Қазақстан – күні ертеңі Гүлстан. 
Біздің туып-өскен жеріміз Қазақстан Республикасы. Ол көне замандардан басталатын тарихы бар, аса бай ел. Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел – қазақ халқы. Қазақ халқы – ер жүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық. Қазір Қазақстанда ынтымағы жарасқан көптеген ұлт өкілдері тұрады. Қазақстан бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналады. Қазақстанда өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйеді, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. 

Қүрметті қонақтар,балалар бүгінгі өтілер «Біз Қазақстан Республикасының Азаматымыз!» атты ашық – тәрбие сағатына қош келдіңіздер!


І.ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІ 
(балалар қолдарында жыл жазылған қағаздар) 
-1991ж Тәуелсіздік алған жыл. 
Өзіңдікі туың да, отпен ауа, суың да, 
Жаса, Қазақстаным! Белді бекем буын да. 
Ұраның да жасасын! 
Егемен тәуелсіздігің жасасын! 
-1993жылы 15қараша «Ұлттық валюта» күні деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. Оған атақты тұлғалар суреті басылып шықты. 2006жылы қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты. 
-1994жылы мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. Талғат Мұсабаев Союз-ТМ 6 ғарыш кемесімен көкке самғады. 
-1995жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының «Ата Заңы» қабылданды. 
-1998жылы 6 мамыр Астана күні . Қазақстан Республикасының Астанасы бұрынғы Ақмола қаласына көшті. Бұл күнде Астана қаласы жаңа сәулетті, соңғы сәнмен көркейіп, өсіп келе жатыр. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды. 
-1999жылы 10 қаңтар Президент сайлауы өтті. Қазақстан Республикасының Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. Және ҚР «Білім туралы» заңы қабылданды. 


Видеоролик «Қазақ елі»

 ІІ.Мақал-мәтелдер оқылады, сіздер қалып қойған сөзді табасыздар.


1)Отанды сүю — …басталады. (отбасынан)


2)Отансыз адам — … бұлбұл. (ормансыз)


3)Ер қанаты — …(ат)


4)Ел көркі — …, өзен көркі – тал. (мал)


5)Әкенің қадірін, балалы болғанда … (білесің)


6)Халық күші алып … (күш)


7)Адал ұл ер боп туса … тілегі. (ел)


8)Отан … ыстық. (от)


9)Ер туса – елдің көркі,

Қыз туса — …көркі. (жердің)




ІІІ. «БІЗ КІМБІЗ?» ОЙ - ТОЛҒАНЫСЫ
Тәрбиеші: Біз бақытты, Интернет жүйесіне Ертеңгі күні ел үшін әр салада 
қол жеткізген білімге құштар жастармыз. еңбек ететін еңбекқор жастармыз 

Біз спортты сүйетін, салауатты Сан мамандықты игеретін 
өмір салтын сақтайтын дені сау мамандық иелеріміз 
жастармыз. 

Тәрбиеші: Біз Тәуелсіздік тірегіміз. 
Біз оған тәртібімізбен, сапалы білімімізбен, 
жақсы қасиеттерімізбен үлес қосамыз. 

Ұстаз:
Ұстаз  болу  -жүректің  батырлығы

Ұстаз  болу –сезімнің  ақындығы

Ұстаз  болу –мінездің  күн  шуағы


Дәрігер: 

Ақ халатты абзал жан,

Дәрігерге бәрі таң

Мен де соған қызығам

Болашақта армандаймын

Болсам екен сондай жан.

Емдеп жазып ауруды ,

Тілейтін тез жазылуды.

Дәрігер болғым келеді.


Әскери:

Келешекте ел қорғайтын

Еліне бақыт сыйлайтын,

Жамандыққа елін қимайтын

Әскери мен боламын.

Адалдықты қолдаймын.

Жаудан елді қорғаймын.


Ұшқыш: 

Ар- намысын сақтаған, Жүректе сыр жаттаған

Туған елін-ұясын, Жан тәнімен сақтаған

Ұшқыш болғым келеді.


Боксшы:

Болашақта мен боксшы боламын,

Жалықпай жаттығамын күн-түн демей.

Әлемге елді танытқан,

Серік ағам сияқты мен боксшы боламын

 

Полиция:

Ел  деп  соққан  жүрегі,Ұлы  Отанның  түлегі

Полиция  қорғаным ,Тыным  таппай  жүреді.

Мен  полеции   боламын.


Суретші:

Суретті керемет салатын,

Суретші мен боламын.

Абілхан атам сияқты

Сурет жолын қуамын.

Суретші болған ұнайды,

Таң қалдырсам талайды,

Суретшілік өнерді.


Бәрі бәрге:

Біз намыскер – қазақ елі ұланымыз,

Қорғайтын жерді оттан қыранымыз.

«Талап, Еңбек Терең ой, Қанағат, Рақым»

деп Абай атамыз айтқан ұланымыз.


Оқушы: Білімді ұрпақ, білікті маман,

Беделің сенің Республикам !

Болатын балаң, ары сау адам – Мерейің сенің, Республикам!


Видеоролик

Қорытындылау. Міне, бүгін балалар, өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендіктеріңді, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер.Белгілі ақын: Жұбан Молдағалиев: 
Өткеніңді еске алсаң, 
Өскеніңнің белгісі. 
Өткеніңді ұмытсаң, 
Өшкеніңнің белгісі.-деген екен. 
Олай болса, халқымыздың бүгінге дейінгі жеткен жетістігі өздеріңе аманат. Қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімдімін.

Тәуелсіздік таңы арайлап атып, егемендігіміз еңселі бола берсін дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
453
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі