400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты :«Біз салауатты болашақпыз-зиянды заттарға қарсымыз!»

Материал туралы қысқаша түсінік
табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мортық орта мектебі»КММ Тәрбие сағаты 
Тақырыбы:«Біз салауатты болашақпыз-зиянды заттарға қарсымыз» Өткізген : Әлеуметтік педагог Шарипова С.У. Білімділік мақсаты: табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру 
Дамытушылық мақсаты: «Ауырып ем іздегенше, аурмаудың жолын іздегеннің» әлде қайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру. 
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу. 
Сабақтың көрнекілігі: оқушылардың газеттері, түрлі түсті қағаздар, жіп және т.б Сабақ түрі: тәрбие сағаты. Сабақ әдәсі: Интерактивті,баяндау,сұрақтар арқылы.
Сабақтың мақсаты: 
1. оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, зиянды заттардың зардаптарын білуге, жат әдеттерден аулақ болуға үйрену; 
2. ой - өрістерін, сана, сезімдерінің, тілдерін, шығармашылықтарын дамыту; 
3. адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан – жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу. 
Міне балалар, біз денсаулық туралы тегін әңгімелеп отырған жоқпыз, бүгінгі сабағымызда денсаулығымызды қалай сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз керек, сол жөнінде ой өрбітеміз. 
Біздің халқымыз «Деннің саулығы –бастың байлығы» - деп тегін айтпаған. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажеттілігін атап айтқан. 
Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда. Денсаулықты сақтау –ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады екен. Біздің дінімізде де денсаулығымызды сақтау жолдары туралы айтылады екен.
-Енді, балалар біз де денсаулығымызды сақтау жолдарын қаншалықты білетінімізді екі топ боп сайысып, ортаға саламыз.  1. Топ оқушыларын екі топқа бөлу. (Түрлі –түсті қағаз арқылы )
1- топ «Денсаулық» 
2- топ «Салауат»
 
Ұраны: «Денсаулық –зор байлық». 
Ұраны: «Салауатты өмір –денсаулықтың кепілі» 
2. Әділ қазылар алқасын сайлау, сайыс шартын таныстыру: 
Бүгінгі сайысымыздың негізгі кезеңімен таныстыры І. Сөзжұмбақты шешу ІІ.Тапсырма «Күн сәулесі»
ІІІ- Мақал-мәтелдер жарысы. IV-тапсырма: Шығармашылық тапсырма: тақпақ құру. VI -Әр топ өздері шығарған суретін қорғайды. 

І-тапсырма бойынша:

ІІ:- ТАПСЫРМА (спорт,шынығу,таза ауада серуендеу жақсы тамақтану т.б.) Күннің шуағы деп аталатын қысқаша ойын түрінде яғни бір оқушы шығып кун болады қалғаны сол күннің жақсы шуағын жылуын келтіретін тақырыпқа сай қағаздарды алып іледі немесе тұрады.

ІІІ-тапсырма «Тәрбие көзі – халықта». Мақал –мәтелдер Екі топ денсаулық, ауру туралы мақал – мәтел ауызша. Кезекпен .5 мақал-мәтел.ДЕНСАУЛЫҚ, АС-ДӘМ, СЕРГЕКТІК ТАЗАЛЫҚ ТУРАЛЫ 1.Денсаулық зор байлық. 2.Тазалық — саулық негізі. 3.Бірінші байлық — денсаулық,Екінші байлық — ақ жаулық,Үшінші байлық — он саулық 4.Аурудың алдын ал. 5.Демі бардың емі бар. 6.Көзің ауырса, қолынды тый,Ішің ауырса, тамағың тый. 7.Көкірек ауру күле кетер. 8.Ауру аздырады, Суық тондырады. 9.Ауру кісі күлкі сүймес, Ауыр жүкті жылқы сүймес. 10.Ауру батпандап кіріп,Мысқалдап шығады. Мақал мәтелдің жалғасын тап: 1.Дауды елемеген төлейді, Ауруды елемеген өледі. 2.Іздеп алған аурудың емі табылмас. 3.Жасыңда салақ болсаң, Бара-бара былық боларсың. 4.Ауырып ем іздегенше, Ауырмайтын жол ізде. 5.Ауру желмен келіп, термен шығады. 6.Сырқат - тән жарасы, Қайғы - жан жарасы. 7,Тер шықпаған кісіден, дерт шықпайды. 8.Аурудың жақсысы жоқ, Дәрінің тәттісі жоқ. 9.Демі бардың емі бар. ІҮ:- тапсырма.Денсаулыққа зиянды әдеттер. (Темекі,нашақор,арақ, және т.б. Ү -тапсырма
Шығармашылық тапсырма: тақпақ құру .(5 мин)
1- топ: 
................................................баламыз, 
.................................................аламыз. 
..................................................... 
.................................................санамыз. 
2-топ: 
................................................күлеміз, 
.................................................жүреміз, 
....................................................... 
...................................................сүреміз. 

ҮІ – суреттерін қорғау «Зиянды заттарға қарсымызІ» Қорытынды: «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір», - деген нақыл сөз бар. Айтқанымыздай, дені сау, құрыш білікті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсейік, ешқашан ауырмай, өз денсаулықтарыңды күтіңдер! Аспанымыз ашық, деніміз сау болсын. Сау болыңыздар.





















«Мортық орта мектебі»КММ



Тәрбие сағаты 
Тақырыбы:«Біз салауатты болашақпыз-зиянды заттарға қарсымыз»







Өткізген Шарипова С.У.



















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
03.06.2022
913
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі