400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты «Біз тәуелсіз елдің ұланымыз»

Материал туралы қысқаша түсінік
әріптестерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Біз тәуелсіз елдің ұланымыз»

Мақсаты: Балаларды Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баулу, Туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру.

Білімділік: Оқушыларға Қазақстан тәуелсіздік жолында не бір «тар жол тайғақ кешулерден» өткенін, тәуелсіздік жолында елі, жері үшін күрескен батырларымыздың ерлігін, өрлігін, біліміділігін көрсету егеменді болуын паш ету.

Дамытушылық: Тәуелсіз, ұлан, ел сөзінің маңыздылығы жайлы ой қозғау.

Тәрбиелік: Оқушыларға тәуелсіздік туралы ұғындыру, туған жерін, елін құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ел басы суреты, ҚР-ның рәміздері Нұр-сұлтан, Алтын адам, Ханшатыр, Бәйтерек, Медеу мұз айдыны суреттері. Тәуелсіздік күні бейне жазбалар, нақыл сөздер.


Әнұран: «Менің Қазақстаным»

Ұйымдастыру кезеңі: Слайдпен жұмыс.


Мұғалім: -Балалар,біз аспаны ашық,сәулелі,кең,байтақ елде тұрамыз.Ол ел-Қазақстан Республикасы.

-Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғанына 29жыл болды.Біздің Отанымыз-тәуелсіз,егеменді мемлекет.

-Балалар біз қай тілде сөйлейміз?

-Қазақ тілінде.

-Біздің тұңғыш елбасымыз кім?

-Нұрсұлтан Назарбаев.

Біздің еліміздің Туы,Елтаңбасы,Әнұранымыз бар.

-Біздің Тәуелсіздік алған күніміз-16желтоқсан.


Мен қазақпын мың өліп,мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мың тіліммен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен күн тірілген.


Көрнекілікпен жұмыс:Мұғалім оқушыларды тақтада тұрған суреттермен таныстырады(Қазақстан Республикасының рәміздері,Президент суреттері,бәйтерек,Нұр-Сұлтан қаласының бейнесі).


Мұғалім:Балалар сендер Тәуелсіздік,Отан,Туған жер туралы қандай тақпақтар білесіңдер(ортаға кезекпен шығып тақпақтарын айтады)

1-оқушы Көк туым көтерлілді бағым жанып,

Елтаңбам төрде әлемге танылды анық.

Шырқадым әнұранды бар дауыспен,

Арманым-Ата заңым қабылданып.


2-оқушы Құт-береке-шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім-Елтаңбам!


3-оқушы Отан-жерім,Отан-суым,

Отан қуат,нәр береді.

Отан-ұран,Отан-туым.

Отан мәңгі гүлденеді!


4-оқушы Сүйемін мен Отанымды,

Гүл жайнаған жерімді.

Сүйемін мен ата-анамды,

Мені өсірген елімді.

5-оқушы Отан біз атамекен,

Деп аялап айтамыз.

Өйткені оны мекен еткен

Бабамыз бен атамыз.


6-оқушы Отанды жас-кәріміз де

Туған жер деп сүйеміз.

Өйткені онда бәріміз де

Туып,өмір сүреміз.


7-оқушы Отан деген-атамекен,

Отан деген-туған жер.

Отан-ана,Отан пана

Қазақстан-туған ел.


Мұғалім:Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиындықты бастан кешірді

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
1085
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі