400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты: Біз Тәуелсіздікке қалай жеттік?

Материал туралы қысқаша түсінік
1986 жылдың желтоқсанындағы адал да, аңғал Қазақ жастарының бодандыққа қарсы жойқын бұлқынысы, бейбіт шеруге шыққан, тұңғыш рет Кеңес империясының зорлықшыл тас қамалына тайсалмай қарсы шыққан желтоқсан құрбандарының ерлігін, жалынды жырларын оқушылар көңіліне ұялату, оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептерін және тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тәрбие сағатының тақырыбы:    «Біз Тәуелсіздікке қалай жеттік?»


  1. Тәрбие сағаттың мақсаты: Білімділік :1986 жылдың  желтоқсанындағы адал да, аңғал Қазақ жастарының бодандыққа қарсы жойқын бұлқынысы, бейбіт шеруге шыққан, тұңғыш рет Кеңес империясының зорлықшыл тас қамалына тайсалмай қарсы шыққан желтоқсан құрбандарының ерлігін, жалынды жырларын оқушылар көңіліне ұялату, оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептерін және тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіну.

  2. Дамытушылық: Оқушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін дамыту. оқушының ойын жеткізе білуі мен тіл байлығын дамыту, өлеңді мәнерлеп оқу, әр сөздің айтылуына көңіл бөлу, дикциясы мен интонациясын дамыту.

  3. Тәрбиелілік: Оқушыларды Отан-Ананы құрметтеу, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға, елінің тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрдайым есте ұстауға, үлгі ете білуге үйрету, адамгершілікке, Отанын сүюге, сыйластыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Өткізілу түрі : онлайн-сабақ, пікірталас сабағы

Көрнекілігі: тақырып желісі бойынша слайдтар, бейнефильм.


Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар және Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпағы , мектеп оқушылары.
Бүгінгі
 «Біз Тәуелсіздікке қалай жеттік?» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

( Слайд көрсетілімі басталады)


Мұғалім : Міне, биыл Қазақ елі тәңірі берген Тәуелсіздігінің, арайлы азаттығының жиырма тоғызыншы жылына қадам басып отыр.

Түп шежіресі сонау ежелгі түркіден бастау алатын «мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы бағзы заманнан бері қаншама өзінің іргелі ел, қабырғалы қалпын, салиқалы салтын сақтап қалғаны – еркіндік сүйгіштік жігерінің, асқақ рухының арқасы. Қазақ мемлекеттілігінің түпкі негізі сонау сақтардан басталып, ғұн, қаңлы, қыпшақ, Ақ орда мен Қазақ хандығының жалғасы – бүгінгі тәуелсіз Қазақстан мемлекеті.

Қазақ елінің еркіндігі, тәуелсіздігі үшін тарихта ерекше орын алатын көтерілістер: Сырым Датұлы, Кенесары Қасымұлы, Махамбет Өтемісұлы мен Исатай Тайманұлы бастаған және 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістер болды. Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, қынадай қырылған 1930-1933жылдары, ел тізгінін ұстаған азаматтардан 1938 жылдарына дейінгі аралықта айырылған халқымыздың басына осынау кең жаҺан далада өмір сүруі, тарих бетінен ұлт болып жойылып кету қаупі төніп тұрған еді. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Жанқожа, Есет, Кенесары батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген бабаларымыздың есімдері алтын әріппен тарихта қалды.

Тәуелсіздік үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен елін қорғаған бабалар рухынан қуат алған ызғарлы Желтоқсан оқиғасы қазақ халқының қасіреті де, қасиеті де жетерлік тарихына айналды. Иә, Желтоқсан оқиғасы қаншама ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Желтоқсан жаңғырығы бізге Тәуелсіздіктің таңын әкелді.

  • Назарларыңызға Желтоқсан оқиғасы туралы бейнероликті ұсынамын (Желтоқсан туралы бейнеролик көрсетіледі)

https://youtu.be/gebdwRb6Pw8

  • Өздерің көргендей Желтоқсан оқиғасының Қазақ елі тарихында алатын орны орасан зор екеніне көз жеткіздіңіздер.

  • Ендеше, құрметті оқушылар,сөз кезегі өздеріңізде.

( Оқушылар Желтоқсан оқиғасы туралы өз ойларын ортаға салады)

1-оқушы: Тарихымызда ерекше орны бар, халқымыздың қасіреті мен ар-намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған оқиға — бұл 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы

Әр дәуірдің еркіне сай

Нарқы өзгерген алтынның.

Айналайын, алтын әнім,

Жас өркені халқымның.

Желтоқсанда шындық жырын

Шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді,

Ел болсақ деп талпындың.

2-оқушы: Иә. Бүгін Отанымыз Қазақстанның Тәуелсіздік алганына 29 жыл, ал Желтоқсан оқигасына 34 жыл болды. 1986 жылы 17-желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылын білдіріп, шеруге шықты. Олар «қазақ елінің өз көсемі сайлансын» деген тілек білдірді.

3- оқушы: Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «бұзақылар», «ұлтшылдар», «нашақорлар» деген кінә тағылды.

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей ар намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!


Слайд: Желтоқсан оқиғасы көрінісі


Мұғалім: Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке.

- Желтоқсан оқиғасына арналып талай әндер жырлар жазылды.

- Ендеше, есте қалған өлең шумақтарымен бөлісейік:

1-оқушы

Бұрқ етті қазақ баласы

Кеудеге өршіп наласы

Алаңға қарай ағылды

Таусылып барлық шарасы

Жанымыз жомарт қазақпыз

Мәңгүрт боп кете жаздаппыз

Қосайық басты, бауырлар,

Жанайық жансақ маздап біз.

2- оқушы

Желкеге тиді сілтеген күрек, қамшылар,

Соққыға мұндай, қасапқа қандай жан шыдар?

Жастарға шашқан мұз судан мұз шашырап,

Ауылда жатқан маған да тиді тамшылар.

3 оқушы

Қақап күннің ызғары

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қаракөз қазақ қыздарын

ОМОН-дар бастан тепкен күн

Қариялар итке таланып,

Ер басын күрек шапқан күн

Аппақ қар қанға боялып,

Қып-қызыл мұз боп жатқан күн

4 оқушы

Желтоқсан – тарихымда әйгілі күн,

Ерттеп мініп ар –ождан сәйгүлігін

Ерлерім елдік үшін атой салып,

Еншілер қайтарған бәйгелі күн.

5 оқушы

Желтоқсан тағдырларға азалы күн,

Қайраған намыстарын мазалы мұң.

Қыршынынан қиылған боздақтары

Қалар мәңгі есінде Қазағымның.

6 оқушы\

Желтоқсан – қайсар ерлік, қуатты күн,

Жігер оты маздаған тұрақты ұғым.

Тәуелсіздік билігі қолға қонған-

Тәңіріме Желтоқсан шуақты күн.

7 оқушы

Желтоқсан – жадымызда жаралы күн

Жастарым жапа шеккен жаралы мұң

Еркіндік, егемендік, елдігімді

Емірене аңсады саналы ұғым.

8 оқушы

Тарихым жатыр тасымда,

Тіл қатып келер ғасырға.

Азаттық деген ұғымның

Желтоқсан тұрар басында!

9 оқушы

Жас арудың жанарында –Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында –Желтоқсан

Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

Қара тұман қабағында –Желтоқсан.

Жауыздықты жасаған да-Желтоқсан

Жаңа ғүмыр бастаған да –Желтоқсан

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да-Желтоқсан


10-оқушы:  "Үлтым" деп жүрегі соққан талай боздақтарымыз қыршынынан қиылды.

«Мен - қазақ, қазақпын деп мақтанамын,

Ұранға «алаш» деген атты аламын» - деп азаттықты аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен алаш арыстарының барлығы да қуғын – сүргінге ұшырап, Сталиндік қызыл террордың құрбандары болды. Сол алаш қайраткерлерінің азаттық идеясын жалғастырған, қыршын кеткен арыстардың аманатын арқалаған кейінгі толқын іні – қарындастары 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік үшін күресе білді.

Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе?

Міне, осы тәуелсіздіктің туын желбіреткен ұлтжанды аға-апаларымыздың арқасында егеменді ел болуға қол жеткіздік.

11-оқушы:

Иә, бұл күнге жету үшін ата-бабамыз қан төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа табыс етті.

Бірақ қазақтың өр ұлдары мен ер қыздары көбеймесе азаймады.

Оның айғағы – дүниені дүр сілкіндіріп, әлемге "қазақ "деген қайсар халықтың ұл-қыздары "Қызыл империяның " бет пердесін ашып берді.


 слайд :  «16 Желтоқсан»


    12-оқушы:

Бақтыӊ құсы әр адамга қонып бір,

О, тәӊірім бізді баққа жолықтыр

Бүгін міне тәуелсіздік агайын

Әр қазақтыӊ жүрегі боп согып тұр

13-оқушы:

Таӊғажайып атыӊ да дәл табылды

Табылды ды талай жұртқа танылды

Қазақ елі көкке жетті көк туыӊ

Сен –тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі

 Өзініздікі- елін де

Өзіндікі –жерін де

Өзінді сезін бақытты

Тәуелсіздік төрінде


І.Пікірталас сұрақтары: Енді кезекті сұрақ –жауап айдарына берейік:


1. Желтоқсан оқиғасына қандай жағдай себеп болды?

2. Желтоқсан оқиғасы бастау алған толқу қалай басталды?

3. Жастардың шеруі қандай сипатта болды?

4. Желтоқсан қозғалысының басында кімдер тұрды?

5.Оқиғаға қатысушыларға қандай айыптар тағылды?

6. Қанша адам жазаланды? Оларға қандай шаралар қолданылды?

7. Оқиғаны сол кезеңдегі Кеңестік билік қалай бағалады?

8. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына бұқаралық ақпарат құралдарында қандай берді?

9. Желтоқсан құрбандарын халық қалай бағалады?

10. Желтоқсан қозғалысының ұлт-азаттық тарихында алатын орны қандай?


ІІ. Тәуелсіз Қазақстан тарихы беттерінен

  1. Қазақ КСР-нің Мемлекеттік егемендігі қашан жарияланды?

  2. 1991 жылдың 10 желтоқсанында қандай оқиға болды?

  3. ҚР Тәуелсіздігі қашан жарияланды?

  4. ҚР тәуелсіздігін алғаш рет қандай мемлекеттер мойындады?

  5. 1992жылдың 2 наурызында болған оқиға?

  6. ҚР мемлекеттік рәміздері туралы не білесіңдер?

  7. Мемлекеттік әнұран туралы

  8. ҚР Конституциясы қашан қабылданды?

Қорытынды: Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік мұраттарға қол жеткізді.

Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Біз бүгінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы.

Тәуелсіздігіміздің 29 жылдық мерейтойы тұғырлы, баянды болсын! Әрқашан күн сөнбесін! Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы, егемен еліміздің ұрпағының еңсесі биік болып, көк аспанда қасиетті көк туымыз мәңгі желбіресін!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
1191
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі