400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

тәрбие сағаты «Біз «Ұлы дала елінің» ұрпақтарымыз!» 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы Көксу ауданы

«№12 орта мектебі» КММ









«Біз «Ұлы дала елінің» ұрпақтарымыз!»





Тарих-география пәнінің мұғалімі: Шаекенова А.Н.





















2018-2019 оқу жылы


Тақырыбы: «Біз «Ұлы дала елінің» ұрпақтарымыз!»

Мақсаты: оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, бейнематериал

Қатысқандар: 5-сынып

Барысы:

Психологиялық дайындық:

Аспаны ашық еліміздің,

Көркі сұлу жеріміздің,

Біз-бақытты баламыз!

Ақпыз, қара, сарымыз

Ағайынбыз бәріміз.

Оқушылар екі топқа бөлінеді:

1-топ. Отаншыл;

2-топ Намысшыл

Мұғалім: Біз Ұлы даланың ұрпақтарымыз. Бұл даланы біздің ата-бабамыз бізге қалдыру үшін қанын төгіп қорғаған. «Қазақстан» деген атаумен қатар, «Ұлы дала елі» атауы да қолданылса дұрыс болар деп ойлаймын. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының көтерген жүгі ауыр. Мақаласында атап айырықшы көрсетілгендей, барлығы ел жастарына арналған.

Мағынаны таңдау

Топтарға қағаз таратылып, оқушылар берілген қағазға топ атына сай болу үшін қандай болу керектігін жазады, топтан бір оқушы шығып түсіндіреді.

Мысалы: намысшыл болу үшін не істеу керек? Өз отанын сүю, т.б.

Постер қорғау «Патриот деген ол...»

- әскери міндетке жауапкершілікпен қарау

- ата-баба өсиетіне адал болу

- ана тіліне деген құрмет

- Елдің тарихын құрметтеу,

- мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау, т.б.

Ойын «Сұрақ -жауап»

  • Қазақстан Республикасының елтаңбасында не бейнеленген? (тұлпар, шаңырақ, жұлдызша, күн)

  • Қазақстан тәуелсіздігін қай жылы алды? (1991 жылы 16 желтоқсан)

  • «Отан қорғау» дегенді қалай түсінесің?

  • Әнұран авторларын ата (Ш.Қалдаяқов, Н.Назарбаев, Ж.Нәжімеденов)

  • Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? (Т.Әубәкіров)

  • Конституция күні (30 тамыз)

Мұғалім: Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңге жалғайтын қазақ елінің болашағы, ертеңгі ұрпағы сіздерсіздер!Мәңгілік ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірге жол ашсын!


















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
23 ақпан
1776
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі