400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты Болашаққа жол ашқан- Тәуелсіздік

Материал туралы қысқаша түсінік
Отанға ұтымды және эмоционалды қарым-қатынасы, мемлекет пен қоғамның саяси, құқықтық заңдарын түсіне білетін, ұлтының тарихы мен өз туған жерінің тарихын құрметтей алатын, «Тәуелсіздік» ұғымының қадір-қасиетін ұғынатын балалар мен жастар ортасында патриот пен азаматты қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы



ҚазақстанРеспубликасыныңБілімжәнеғылымминистрлігі

Қараөзен мектеп-лицейі

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Сынып сағатының тақырыбы: Болашаққа жол ашқан Тәуелсіздік!


Бөлім:

жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Замерова Балауса Құрманғазықызы

Күні:

13.12.21

Сынып: 11

Қатысушылар саны: 15

Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы

«Болашаққа жол ашқан Тәуелсіздік!»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

Отанға ұтымды және эмоционалды қарым-қатынасы, мемлекет пен қоғамның саяси, құқықтық заңдарын түсіне білетін, ұлтының тарихы мен өз туған жерінің тарихын құрметтей алатын, «Тәуелсіздік» ұғымының қадір-қасиетін ұғынатын балалар мен жастар ортасында патриот пен азаматты қалыптастыру.


Сабақтың мақсаты

Барлығы орындай алады: Тәуелсіздік туралы ақпараттармен бөліседі, сабақ барысында сұрақтарға жауап береді.

Көбі:Топтық жұмыста көшбасшылығын танытады, сабақ тақырыбына қатысты ақпараттарын орынды қолданады, өз көзқарастарын дәлелді жеткізеді.

Кейбірі: Өз көзқарастарын дәлелді жеткізіп, өмірмен байланыстырады, сабақ тақырыбына қатысты ақпараттарды салыстыра алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

5 мин

Топқа бөлу. Өлең шумақтары арқылы

Топ

Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем,
Көк
кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Айдарымнан
сипап өткен самалды
Қазағымның
алақаны деп білем.

2-топ

Мен қазақпын
Бойымдағы
қан қазақ
Мен қазақпын
Мен шырқайтын
ән қазақ
Бір
қазақтың
Бақыты мен бағына
Бар жанымен
Қуанса
екен бар қазақ
Мен қазақпын
Түрімқазақтілқазақ

3-топ

Қарашы қазақ еліме

Қарашы қазақ жеріме

Кең өлкесі Сарыарқасы

Берекенің алқасы

Мерекенің арқасы

Арайлы алтын таңдарың

Жайдары жарқын жандары

Асқарлы арманы бар

Аспаны таулары бар

Бақшалы баулары бар


Сабақ мақсаттарыментаныстырамын.


«Болжау» әдісі арқылы сабақ тақырыбын өлең шумақтарына қарап болжатамын.


-ҚР мемлекеттік гимні орындалсын!

-Оқушылар, бүгінгі сабағымызға Тәуелсіздіктің құрдасы мектебіміздің ұстазы Альбина Ерболатқызы, Тәуелсіздікпен бірге еңбек жолдарын бастаған Гүлзипаш Әмірғалиқызы мен Маржангүл Жақыпқызы қатысып отыр. Қастерлі «Тәуелсіздік ұғымы» осы қонақтарымыз үшін ерекеше екені сөзсіз.


-Балалар, Тәуелсіздік туралы не білеміз? Алдымен білімімізді сарапқа салып алайық.

«KAHOOT»платформасы арқылы тәуелсіздікке байланысты сұрақтарға жауап береді.





Өлең шумақтарының сыңарын табу арқылы топқа бөлінеді.























Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаттарымен танысады




Өлең шумақтарына қарап сабақ тақырыбын болжайды.







Жарайсыңдар!




Қима қағаздардағы сөздер




















































АКТ

Жаңа сабаққа кіріспе

«Ой шақыру» суреттер арқылы




-Суреттерге қарап қандай болжам жасай аласыздар?


Видеоролик. «Қазақстанның өткені мен бүгіні, болашағы»










Оқушылар суреттерге қарап, болжам жауаптарын айтады



«Қошеметтеу»

Суреттер















Видеоролик. «Қазақстанның өткені мен бүгіні, болашағы»


Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

30 мин.



1-тапсырма. -Оқушылар, өздеріңіз болжағандай сабағымыздың тақырыбына қатысты 3 топқа арналған тапсырмалар

1-топ: Қазақстанның өткені

2-топ: Бүгінгі Қазақстан

3-топ: Болашақта Қазақстан...

Оқушылардан қонақтарға сауал:

-Гүлзипаш Әмірғалиқызы, Қазақстанның өткені туралы не айтар едіңіз? Сіздің балалық шағыңыз Кеңес дәуіріндегі Қазақстанда өтті ғой. Содан бері не өзгерді?


-Маржангүл Жақыпқызы, Тәуелсіздік алған жылдардағы ел ішіндегі жағдай, өзгерістер туралы не айтасыз?

- Альбина Ерболатқызы, сіз Тәуелсіздіктің құрдасысыз, не сезінесіз? Тәуелсіздік сізге не берді деп ойлайсыз?


-Сонымен, оқушылар, Тәуелсіздік ұғымының қадірін түсіндік пе?

Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар. Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық. Міне, содан бері 30 жыл.

Тәуелсіз ел тарихы- отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін тамыры терең бай тарих. Елім, Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан, өз ауылынан, өз өлкесінен басталады.

«Сөйлемді жалғастыр» әдісі

Тәуелсіздік-ол.............

Тәуелсіздік киелі ұғым, себебі...........

Тәуелсіздік аңсаған арман, өйткені....

Тәуелсіздік болашаққа жол ашты, мен оны....................дәлелдеймін.

Оқушылар топта жұмыстанады


Оқушылар бірін-бірі «Пайыз» әдісі арқылы бағалайды









«Пайыз »

















Маркер, флипчарт

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


«Аяқталмаған сөйлем» әдісі Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім

- бүгін сабақта қуантқаны.....

- мен өзімді.....үшін мақтар едім.

- маған ерекше ұнағаны.....

- бүгін мен үшін сәтті болды

- қызықты болғаны.....

- ......қиындық тудырды

- сабақтан соң маған........келді


Бағалау:

Үйге тапсырма:


Оқушылар өздеріне баға береді











Тәуелсіздік алғаннан бері қарайғы ауылдағы өзгерістер туралы сұхбат алу

«Бас бармақ»

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
1212
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі