400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Бүгінгі шақ болашақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға көмегі тиіп қалар деген ниеттемін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Бүгінгі шақ және болашақ: Әр бала үшін қорғаныс қамтамасыз етілген балалық шақ»


Мақсаты:


  • Оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру.

  • Оқушыларды адам құқықтарына оқыта отырып, түрлі өмірлік жағдайларда өз мүмкіндіктерін жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту.

  • Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу

 

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Бала құқықтары туралы» Конвенция, Туу туралы куәлік, слайдтар.


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру.

 

ІІ. Психологиялық дайындық

Мақсатымыз: білім алу

Міндетіміз: еңбектену

Әр оқушы өз құқығын білу,

Оны өмірде пайдалану

Ой -қозғау

1.Балалар, қалай ойлайсыңдар, қай жасқа дейін азамат бала болып саналады?

2.Балалар сендер не істеуге құқылысыңдар?

3.Оқушының қандай міндеттерін білесіңдер?


«Бала құқығы»

 


  • Бала құқықтары туралы заңда 18 жасқа дейінгі азаматтарды бала деп есептейді. (кәмелетке толмаған)

  • Сендер қалай ойлайсыңдар, баланың өкілі кім?

  • Әрине, баланың қызығушылығы мен құқығын қорғайтын, тәрбиесіне, білім алуына қамқорлықты қамтамасыз ететін адамдар: ата-анасы, асыраушысы, қамқоршысы.

  • Бала туған кезде ата-анасы оған есімін қойып, ата-тегін береді. Осы мәлімет арнайы құжатта жазылады.

  • Ол – Туу туралы куәлік (Осы құжат сендердің тұлғаларыңды растайды).

  • Біз қай елдің азаматтарымыз? (Қазақстан Республикасының азаматтарымыз).

  • Яғни, Қазақстан өкіметі сендерге қамқор болады. Ал, енді балалар, «Бала құқықтары туралы» конвенциядағы айтылатын баланың негізгі құқытарын атап өтейікші.

  • Балалар сендер не істеуге құқылысыңдар?

  • Өмір сүруге

  • Ата-тегін алуға

  • Отбасында тәрбиеленуге

  • Жеке бас бостандығына

  • Азаматтық алуға

  • Білім алуға

  • Баспана алуға

  • Демалуға

  • Денсаулықты сақтауға

  • Сөз бостандығына

  • Қоғамдық жұмыстарға араласуға

 

Түсініктеме


Құқық – мемлекет тарапынан, болмаса тиісті қаулы, заңмен әрбір адамға берілген ерік, бостандық.

  • Конституция – бұл Қазақстан Республикасында тұратын барлық азаматтардың құқықтары мен міндеттері белгіленген құжат.

  • Конвенция – арнайы бір мәселе жөніндегі мемлекеттердің өзара келісімі.

  • Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) – жер бетіндегі халықтардың мүддесін қорғайтын халықаралық ұйым.

  • Туу туралы куәлік – баланың қашан туғанын анықтайтын негізгі құжат. Мұнда баланың туған күні, айы, жылы жазылады, сондай-ақ ата-анасының аты-жөні, ұлты, туған жері жазылады. Бұл баланың ең бірінші құжаты.

  • Азамат – жеке тұлға, ол мемлекеттің тұрақты тұрғыны және оның құқығы мен міндетінің иесі.



Оқушының міндеттері:

  • Әркім Қазақстан Республикасының Ата заңын сақтауға;

  • Қазақстан Республикасын қорғау әрбір азаматтың міндеті;

  • Әрбір адамның ар мен намысын құрметтеуге;

  • Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге;

  • Тарихи мәдени мұраларды сақтауға;

  • Тарихи ескерткіштерді қорғауға;

  • Табиғат және табиғат байлықтарын қорғауға;

  • Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстауға;

  • Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет танытуға;

  • Ата-анаға қамқорлық көрсетуге.



. Қорытынды бөлім.

Міне, осындай болу керек Қазақстан! деп , «Менің Қазақстаным» атты слайдты көрсете отырып, Қазақстанның қандай ел болу керектігін оқушылар ойларын айтты.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 мамыр
666
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі