Материалдар / Тәрбие сағаты "Бүгінгі студент ертеңгі маман"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты "Бүгінгі студент ертеңгі маман"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Студенттік өмірдің қиындығы мен қызығын таныстыру, олардың туған елге деген сағыныш сезімін көтеру Мамандық таңдау, оның адам өмірінде алатын орны, маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру; әр мамандық иесіне тән қасиеттер мен ерекшеліктер, оны дамыту, жетістікке жету жолдары туралы білімдерін кеңейту; қазіргі таңда студенттердің жақсы қасиеттерін, озық қабілеттерін кейінгіге үлгі ету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Ақпан 2022
3132
10 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Бүгінгі студент ертеңгі маман»


Мақсаты: Студенттік өмірдің қиындығы мен қызығын таныстыру, олардың туған елге деген сағыныш сезімін көтеру Мамандық таңдау, оның адам өмірінде алатын орны, маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру; әр мамандық иесіне тән қасиеттер мен ерекшеліктер, оны дамыту, жетістікке жету жолдары туралы білімдерін кеңейту; қазіргі таңда студенттердің жақсы қасиеттерін, озық қабілеттерін кейінгіге үлгі ету.


Көрнекілігі: Тәрбие сағатының тақырыбы, слайд

Кешке қатысушылар: —  оқытушылар, студенттер;

Тәрбие сағаты барысы:

І- жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, студенттер.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан
Сен де бір- кірпіш дүниеге,
Кетігін тапта бар қалан

дей отырып, бүгінгі тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.

І- жүргізуші:
Адамның өміріндегі алтын әріппен жазылар кезең- мектеп- ана құшағында өткен оқушылық күндер және қиындығы мен қызығы мол студенттік кезең екені сөзсіз.Ол басыңда мәңгі тұрақталып қалар дәуренің емес, ол сенің патшаның алтын тағына да айырбастамас балалық, жастық шағың, көзді ашып жұмғанша өте шығар сиқырлы күндерің.


ІІ- жүргізуші: Колледж студеттерін   «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық.
Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге — әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.
І-жүргізуші: Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат.
Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн.


ІІ- жүргізуші:

Студент ертеңіне жол ашады,
Асқақта нұрлы болар болашағы.
Дәл осы колледжімде білім алып,
Арманға аласармас қыр асады,

деп бүгінгі студент, ертеңгі маман иелері сіздерге сөз кезегін берсек.

 

І- жүргізуші: Ендеше студенттер сіздерге арнаған жеңіл сұрақтарымыз бар. Әрқайсыларыңыз өз ойларыңызды білдірсеңіздер.


Қатысушыларға берілер сұрақтар:
— Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?
— Адам болашақ өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу қажет?
— Бұл мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?
— Жақсы маман болуы үшін адам нені біліп, нені үйренуі қажет?
-Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
— Осы мамандығыңызға жүрек қалауыңызбен бардыңыз ба?
— Әттеген-ай деген шақтарыңыз болды ма?

-оқушыдан студент деген атаққа өзгеру қаншалықты қиынға соқты? Осы екі ұғымның айырмашалығы неде ?


Кестемен жұмыс:

Бүгінгі студент

Ертеңгі маман

Мен қандаймын?





ІI-жүргізуші: Кезек қорытындыға да келіп жетті. Құрметті студенттер, сөз соңын мына сұрақтарға жауап беру арқылы қорытындыласаңыздар.

Қорытындылау сұрақтары:
 Мамандықты дұрыс таңдауда қандай қателер жіберілуі мүмкін?
«Бос микрофон» (рефлексия)
Еркін түрде қатысушылар бүгінгі кештен алған әсерлері туралы пікір бөліседі.
— Осы күннен не алдыңыз?
— Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма?

 

 

І-жүргізуші:
Бүгінгі
тәрбие сағатын мына өлең жолдарымен аяқтауға рұқсат етіңіздер:
Еңбек етсем, ертеңгі- бақытыма сенемін.
Масқатыма жеткізер- уақытыма сенемін.
Достық пен қасты да- жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен- өнеріме сенемін.
Арым- таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа сенемін!

дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер,  бүгінгі кездесуде маманның айтқан ақыл — кеңестерін жадыңызда ұстап , ілім- білім алуға барлық күш -жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі -болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімізді білдіреміз!







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!