400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты "Дәрумендер" шағын орталық тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға көкөністер мен жеміс-жидектердің адам денсаулығына пайдасы жайлы түсіндіру. Олардың құрамы дәрумендерге бай екендігін, тұмау мен суық тию ауруына шалдықпаудағы күресудің жолы екенін көрсету. Ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу кезінде сөзді анық айтқызу, мәнерлі айтып жаттықтыру және еңбекке баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


"№1 мектеп-гимназиясы" КММ








ЕРТЕҢГІЛІК


Shape1


"Балбөбек" шағын орталық тобы





ШОТ тәрбиешісі: Аяғанова М.К.











2017-2018 оқу жылы


Күні: 17.11.2017 ж.

Тақырыбы: «Ғажайып дәрумендер»

Мақсаты: Балаларға көкөністер мен жеміс-жидектердің адам денсаулығына пайдасы жайлы түсіндіру. Олардың құрамы дәрумендерге бай екендігін, тұмау мен суық тию ауруына шалдықпаудағы күресудің жолы екенін көрсету. Ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу кезінде  сөзді анық айтқызу, мәнерлі айтып жаттықтыру және еңбекке баулу.

Ұйымдастырушылық кезеңі:

Тәрбиеші: «Білер қазақ баласы,

Сәлем сөздің анасы» — дегендей сәлемдесіп алайық.

Тәрбиеші: «Қайырлы таң, балалар!»

Балалар: Қайырлы таң, апай!

Қайырлы таң құрметті қонақтар!

Шағын топқа барамыз,

Досымызды табамыз.

Сәлемет пе, міне мен,

Доспын енді сенімен.

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды.

—         Балалар мына суреттердегі  жемістерді атаңдаршы? /көрсету/

—         Ал енді көкөністерді атаңдар?

—         Бұл жемістер мен көкөністердің біздің денсаулығымызға әсіресе өсіп келе жатқан сендерге өте қажет, өйткені бұларда дәрумендер көп.

—         Дәрумендердің А,В,С, Д, Е деген түрлері болады. Оларды біз күнделікті ішіп жүрген тағамдарымыздан кездестіреміз.

Мысалы:

«А» дәрумені:  қызыл бұрышта, сарымсақта, қызанақта бар.

«В» дәрумені: қиярда, қырыққабатта, сәбізде кездеседі екен.

«С» дәрумені қарақатта, лимонда, мандаринде кездеседі.

«Д» дәрумені: алмада, алмұртта, пиязда, жүзімде .

Осы дәрумендерді көп жесеңдер суыққа төзімді боласыңдар, сүйектерің қатаяды, бұлшық еттеріңе күш береді.

/Тұмау келеді/

/Балалар бет перде киеді./

Тұмау:

—         Сәлеметсіңдер ме, менің әлсіз де, кішкентай балаларым. Мен тұмау деген патшаларың боламын. Сендер мені тостыңдар ма? Мен жеміс-жидектерді жумай жегенді жақсы көретін балалардың қасында жүргенді ұнатамын.

Бала: Біз сені күткен жоқпыз, әрі шақырған да жоқпыз. Біз жемістерді жақсылап жуып жейміз ғой балалар.

Барлық балалар:

—         Ия! – Ия!

Тұмау:

—         Сендер менімен қалай күресу керек екенін біледі екенсіңдер! Мен сендермен дос болғым келеді. Дос болмасаңдар сиқырлап тастаймын.

Бала: Біз сенің сиқырыңа сиқырланбаймыз, сенімен күресудің жолын білеміз,

бетперде киеміз, дәруменді көп жейміз. Денсаулығымыз күшті.

Тәрбиеші: Тұмау жаман ауру. Егер тұмаумен ауырып қалсақ, халіміз қандай болады?

Басымыз ауырады, ыстығымыз көтеріледі, достарымызбен серуенге шықпай қаламыз, мамамыз жұмыстан қалады, бізді дәрігерге апарады, мектепке бара алмай қаламыз.

Тәрбиеші: міне, көрдіңдер ме, тұмау жүрген жер жақсы емес. Біздер ауырып қалмас үшін не істеуіміз керек?

Балалар: Көкөністен жасалған тағамдар жеуіміз керек, жеміс-жидектен жасалған шырындар ішіуіміз керек, спортпен айналысуымыз керек, тазалық сақтау керек.

Ән: "Ертемен күнде сен!"

Тұмау сен онда біздің көкөністер мен жемістердің балалардың денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін тыңда.

/Көкөністер мен жемістердің айтысы/


Тәрбиеші: Барлығыңда дәмдісіңдер,

Шырқап айтар әнімсіңдер.

Көз тоймайтын кереметке,

Дастарханның сәнісіңдер.

Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізге дәрігер апай келіпті, шағын топтарды аралап денсаулығын тексеріп жүр екен.

Дәрігер: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе, дәрігер апай!

Дәрігер: балалар қазір күз мезгілі, тұмау жүріп жатқан кез, өздеріңді қалай сезінесіңдер?

Балалар: Жақсы.

Дәрігер: Балалар сендердің топтарыңда ауырып қалған балалар жоқ па?

Балалар: Жоқ.

Дәрігер: Сендердің көңіл күйлерің, денсаулықтарың да жақсы екен. Сендер таза ауада көп серуендеп, түнде жақсы ұйықтағандарың көрініп тұр. Деніміз сау болу үшін тағы не істеуіміз керек?

Балалар: дене шынықтыру жаттығуларын жасау керек.

Дәрігер: Сендер қандай сергіту жаттығуларын білесіңдер? Маған көрсетіңдерші?

Флешмоб билеу

Тәрбиеші:

Дәрігер сендерге жапсыруды аяқта деген тапсырма бергісі келіп тұр, сол тапсырманы орындайық.

Ал дәрігер апай, біз сізге жұмбақтар жасырайық.

Жания: Қалың киінгенді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады. /пияз/

Мирас: Бірінші туратады,

Екінші жылатады /Пияз/

Тәрбиеші: Жесең ащы,

Көзіңнен шығарар жасты.

Ол не? /Пияз/

Дәрігер: Балалар, пияз туралы көп жұмбақтар біледі екенсіңдер, пиязды азық ретінде қолданады. Пияз да медицинада дәрі ретінде қолданады. Пиязды жесеңдер ауырмайсыңдар.

Тәттігүл: Мен бәрін естіп тұрмын. Пияз денсаулыққа пайдалы дейсіңдер , ал мен тәттіні жақсы көремін. /қолыңдағы заттарды көрсетеді/

Менімен дос боласыңдар ма?

Тәрбиеші: Тәттіні көп жеуге болмайды, көп жесек бізге қандай зияны бар?

Балалар: Бетіміз қызарады, тісіміз түседі, жүрегіміз айниды.

Тәрбиеші: Балалар тәттіні көп жесеңдер тамаққа тәбеттерің болмайды, тағамды тауысып ішпеген баланың денсаулығы да дұрыс болмайды.

Ойын: «Кім жылдам?»



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 мамыр
766
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі