400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты "Дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге арналған әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер
Тәрбиелік шараның мақсаты:
білімділігі: Оқушыларға қазіргі кездегі діни ахуалдың қалыптасуы және дін мен салт - дәстүрдің ара қатынасы, жат діни ағымдардың қоғамға ықпалы туралы түсіндіру;
дамытушылығы: діни наным - сенімдерді ажырата білуге, жат діни ағымдардан аулақ жүруге үйрету, Ислам діні туралы түсініктерін кеңейту, өзіндік көзқарастарын қалыптастыру;
тәрбиелілігі: оқушыларды ұлтжандылыққа, адамгершілікке, тілі мен дінін, салт - дәстүрін құрметтеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Тәрбиелік шараның міндеті:
тілі мен дінін құрметтейтін, санасы терең, көкірегі ояу, ұлттық қасиеттерін бағалай білетін, ертеңіне сеніммен қарайтын ұлтжанды, парасатты тұлғаларды тәрбиелеу.
Тәрбиелік шараның түрі: пікіралысу (ойталқы)
Тәрбиелік шараның көрнекілігі: Дін туралы мақалалар, кітаптар, өлеңдер,
Тәрбиелік шараның бағыты: ұлтжандылық тәрбиесі
Тәрбиелік шараның жоспары:
І. Ұйымдастыру (мұғалімнің кіріспе сөзі)
ІІ Дін Ислам – діңгегім.
ІІІ Дінімізге берік болайық!
ІV Жат ағымға алданба!
1 - жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, ата - аналар!
Жарық дүние деп аталатын әлемде Исламның ізгілігі мен ұлы мұраттарын түсіну үшін, адамзат ұрпағы адал жолдан адаспау үшін ибалы адам, иманды қоғам құруымыз қажет.
Бүгінгі тәрбиелік шарамыз ислам діні және бүгінгі қазақ қоғамындағы діннің маңызына арналады.
2 - жүргізуші: Қасиетті дініміз сонау Пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғ. с.) заманынан бергі он төрт ғасырға жуық ешбір өзгеріске түспей, әлем мұсылмандарына сара жол салып келе жатқаны белгілі.
1 - жүргізуші: Президентіміз Н. Ә. Назарбаев «Біз тегіміз – түрік, дініміз - ислам екенін ұмытпауымыз керек», - деп дінімізді берік сақтауымыз қажет екендігіне айрықша назар аударған.
Ислам он төрт ғасырдан бері барша адамзаттың наным - сеніміне, нәсілі мен тегіне қарамастан, ынтымақ пен бейбітшілікке, тазалық пен сабырлылыққа шақырып келе жатқан Аллаһ тағаланың соңғы, әрі бірегей діні.
2 - жүргізуші: Алайда, қазіргі кезде Ислам мен қазақы салт - дәстүрлеріміздің ара жігін ажырату, олардың арасындағы қарам - қайшылықтарды толық танып білу қиындай түсуде, Олай дейтініміз, соңғы кездері әр түрлі уағыздар айтып, елді алдап жүрген топтардың көбейіп бара жатқаны жасырын емес.
1 - жүргізуші: Қазіргі кезде Исламға «изм», «террор» деген жағымсыз айдар тағылуда.
Жалпы, экстремизм дегенді қалай түсінеміз?
Осы жөнінде оқушылардың пікірлерін тыңдайық.
1 - оқушы:
Экстремизм дегеніміз – латын сөзі. Ол «шеттеу», «өз пікірімен әрекет жасау» дегенді білдіреді. Олар өздерін таза, дұрыс санап, өзгелерді адасушыларға жатқызады. Тура жол көрсеткендерді мойындамайды.
- Олар Ислам дінінің талаптарына үстірт қарайды
- Көпшіліктің жүйкесіне тиіп, алаңдату, күмән келтіру арқылы пікір
қайшылықтарына барады
- Көп ілім үйрену зиян деп есептейді
- Ата Заңымыз бен өзге де заңдарды мойындамайды
2 - оқушы:
Экстермизмнің мүшелері көздеген мақсаттарына жету үшін еш нәрседен қаймықпайды. Күш, қару қолдану арқылы, дін атын бүркемелеп, заңдарды аяққа таптап, негізгі ойларын жүзеге асыруға тырысады.
Мұсылмандық адал тірлікті лайлауға тырысып, жастарды діни ағымдарға тартады.
2 - жүргізуші: Иә, бұл ащы да болса, шындық. Жат ағымға алданған қаракөз
бауырларымызды көргенде өзегіңе өрт түскендей өкінішті сезесің.
Бұған кімді кінәлаймыз, адамды ма, әлде қоғамды ма?
1 - жүргізуші: Келесі бөлімде осы сауалға жауап іздеу мақсатында
бейне көрініске назар аударайық.
І - Бейне - көрініс
1 - жүргізуші: Жаңа бейнекөріністен байқағанымыздай, қазіргі уақытта жат дінге сеніп, басқа ағымға ерген бауырларымызды көптеп кездестіреміз.
Оған басты себеп не деп ойлайсыздар?
Адамның ерік - жігерінің әлсіздігі ме, әлде қоғамдағы
діни ахуалдың төмендігі ме?

Оқушылардың пікірі.

Осы сұрақ бойынша өз ойын Оразтай аға білдіреді.

Қазақстандағы қазіргі діни ахуал күрделі әрі сан-салалы. С

 

Еліміздің ата заңында ар-ождан бастандығы туралы, дінге және діни нанымға байланысты кемсітуге болмайтындығы, сондай-ақ қандай дін болмасын, азаматтардың ерекшеліктеріне қарамастан тең құқылы екендігі жазылған. Дегенмен, соңғы бірнеше жылда қалыптасқан еліміздегі діни ахуал заңдық жағынан болсын, діни сауаттылық тұрғысынан болсын біраз шраларды қабылдау керектігін дәлелдеді деуге болады. Осы орайда жастардың құқықтық және діни сауаттылығын жетілдіру бағытында әлі де атқарылар шаралар көп. Олай болатыны, қазіргі дәстүрлі емес деп атап жүрген діни ағымдардың негізгі назары жастарға бағытталып, олардың қатарын көбінесе жастар толтырып отыр.

Қазақстандағы қазіргі діни ахуал күрделі әрі сан-салалы. Сөзіміздің дәйекті болуы үшін соңғы кездердегі деректерге назар аудара кетсек, 1989 жылғы 1 қаңтарда 30 конфессияға тиесілі 700-ге жуық діни бірлестіктер болса, 2003 жылдың 1 қаңтарында 3206 діни бірлестіктер жұмыс істеген. 2012 жылғы қайта тіркеу шарасынан бұрын еліміздегі тіркелген ұйымдардың саны 4551-ге жеткені белгілі [1]. Қазір олардың қайта тіркуден өткендерінің саны үш мыңнан астам. Мұның өзі аз емес. Әсіресе дәстүрлі емес, тоталитарлық және десструктивті секталар мен радикальды діни ағымдардың кейбірі тіркелуді қажет деп таппайтындықтан, олардан зардап шеккендерді анықтау немесе оларды жауапқа тарту барынша қиын. Ең басты алаңдатушылық тудыратын мәселе діни ұйымдар мен олардың іліміне сенушілердің күн санап өсуінде болып отыр.

Миссионерлік ұйымдардың шоқындыру саясаты, Африка және Азия халықтары арасында қарқындап, мақсатты түрде жүргізіліп отыр. Миссионерлік ұйымдарға бірқатар елдердің мемлекеттік құрылымдары, қайырымдылық қорлары, үкіметтік емес ұйымдар, қаржылық топтар материалдық және моральдық  тұрғыдан көмектесіп, ортақтаса жұмыс жасайды. Миссионерлер баратын ел халқының дінін, тарихын, әдет-ғұрпын, ділі мен психологиясын зерттеп біліп барады.

Көптеген миссионерлер жергілікті халық басым елді мекендерде тұрып, сол халықтың тілін, әдет-ғұрпын, мінез-құлықтарын өз қызметтерін табысты атқару үшін жетерліктей деңгейде зерттеп, үйренеді. Елімізде протестанттық және неопротестанттық шіркеулердің миссионерлік қызметтері халқымыздың діни бірлігі мен ынтымақты өміріне кері әсерін тигізе бастады деуге болады. Мұның себебі, бір ұлт өкілдерінің әртүрлі діни нанымда болуы ұлттық тұтастықты, тіпті бара-бара елдік тұтастықты сақтауға оразан зор қауіп төндіреді.

Дәстүрлі емес діни ағымдардың өкілдері, яғни миссионерлер өздерінің нанымдарын таратуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланады. Негізінен заң аясында тіркеліп, жария түрде жұмыс атқарған сияқты көрінгенімен, астарлы түрде көптеген жұмыстарды атқарады. Оған қазіргі тіл үйрету курстарының, қайырымдылық қорларының көбейіп кетуі, сол арқылы өздеріне жақтастарды тауып жатқандығы куә.

Сонымен қатар, заман талабына сай оқу орындарын құру, сол арқылы өздері қалаған мамандар мен адамдарды даярлап шығу да миссионерлердің батыл қолданатын тәсілі болып табылады. Яғни, Қазақстан территориясында да жеке оқу орындарының қатарында осы мақсатта жұмыс істеп жатқардары баршылық [2].

Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарын, соның ішінде діни мағыналы газет-журналдар шығару да қазіргі дәстүрлі емес діни ағымдар жиі пайдаланатын тәсіл.

Жалпы Орталық Азияда, соның ішінде Қазақстанда діни ағымдардың еркін таралуы мен олардың қатарының күн санап өсуінде халықтың, әсіресе жастардың құқықтық және діни сауатының төмендігі үлкен ықпалын тигізіп отыр деуге болады [3]. Дінге, қапарайым тілмен айтқанда имандылыққа бет бұрған жас, тек болашақтағы өзі күткен «рухани тыныштықты» ғана емес елдің, отбасының мүддесін көздейтінте діни сауаттылыққа, егер қате шешім қабылдаған жағдайда кімдердің қатарына қосылып, қалай зардап шегетіндігін түсінетіндей құқықтық сауаттылыққа ие болғанда ғана аталмыш мәселенің алдын белгілі бір мөлшерде алуға болады.

Олай болмаған жағдайда, бір-бірін имансыздықпен кінәлап, әке-шеше мен баланың арасындағы түсінбеушілік, тіпті ерлі-зайыптылардың діни көзқарастарының қайшылығынан отбасы дағдарысы орын алу жағдайы арта бермеу. Сонымен қатар, осындай зиянды ағымдардан зардап шеккен адамдарды сауықтыратын орталықтарға түсетін шағымдар да күн санап артып келе жатыр.

Қазақстан Республикасының Конституциясында ождан бостандығы мен діни бостандықтың қағидаттары, әртүрлі конфессияларға жататын азаматтардың өздерінің діни бірлестіктерін құрудағы тең құқылығы, мемлекеттің шіркеуден бөлінгендігі туралы қағидаттар бекітілген. Сондай-ақ діннің және діни бірлестіктердің әлеуметтік қызметтерін реттеудің халықаралық тәжірибелеріне негізделген өзге де бірқатар нормативтік-құқықтық негіздер бар. Соған қарамастан, діннің мәртебесі, оның қоғам өміріндегі шынайы жағдайы мен рөлі, яғни діннің қоғамның әлеуметтік-саяси, рухани салаларына тигізер әсерінің мәртебесі, кеңістігі және шекаралары қазірге дейін дәл анықталмаған. Осындай белгісіздік, әсіресе оның теріс салдары еліміздегі қазіргі діни жағдайда орын алған жаңа үрдістерге байланысты анық та айқын аңғарылуда. Бұл, әрине, әсіресе дін мен діни сананың күдік туғызатын діни-рухани нормалары мен догмаларына негізделген жаңа діни ағымдар мен бағыттардың пайда болуына байланысты. Мұндай әсірешіл нышандар діни фундаментализм мен діни экстремизм ретінде көрініс табуы мүмкін.


2 - жүргізуші: Ата - анасына «кәпірсің», «намаз оқымайсың» деп кіналап, ауыр сөздер айтатын жастар туралы қандай пікір айтуға болады?
Осы жөнінде оқушылар мен ата - аналардың пікірлерін тыңдасақ.
(ата - аналар мен оқушылардың пікірлерін тыңдау)

2-жүргізуші: Хақ дініміз Исламда Ата- анаға қалай қарау керектігі бұйырылады?

Сөз ауыл имамы Абдіжалел ағаға
1 - жүргізуші: Құран - Кәрімнің «Ахқар» сүресінің 15 - аятында «Адам баласына әке - шешесіне жақсылық жасауды нұсқадық делінген».
Құран – тек мұсылмандарға емес, әлемге түскен кітап болғандықтан, ата - анаға жақсылық жасау қажеттігі бұйырылып тұр.
Ендігі кезекте қоғамдағы ең негізгі жайттарды өзек еткен
«Діні Ислам – діңгегім» өлеңін тыңдап көрейік.
 
2-жүргізуші: Ағымға ерген азаматтардың тиісті медициналық тіркеуден, тіпті екпе егуден бас тартуы, басқа ағымға ерген жасөспірімдердің мектептегі оқуларын тастап кетуі, мектеп жасындағы ұл - қыздардың музыка тыңдау – харам, мемлекеттік Әнұранды тыңдамау, кеудеге қол қоймау, туға құрмет көрсетпеу, "жер бетінде шекара болмауы керек" деп, Отан қорғаудан қашып, әскери борышты өтемеу дұрыс деген бағыттағы уағыздар жүргізуі түрлі діннің ағымында кеткендердің ұлттық әдет - ғұрып, салт - сананы естен шығаруының айғағы болса керек. Айта кетерлік нәрсе, жат пиғылды ағымдардың жетегінде кеткен жастардың, жалпы адамдардың қоғамға қайта оралуы өте қиын, тіпті кейде мүмкін де емес.
Өйткені оларды Отан, отбасы, бірлік сынды қасиетті ұғымдар толғандырмайды.

Осы діни ағымдардың жастар психологиясына әсері жайлы мектеп психологі Динара Омарова айтады.
1-жүргізуші:Санасы уланғандар тек көсемдері айтқанды екі айтпай орындайтын сарбаздарға айналғанын өздері де түсінбейді. Бұған дәлел соңғы кездері радикалды ағым мүшелерінің бірнеше рет қылмысты оқиғалардың ұйымдастырушылары ретінде аталуы. Ал бұл қоғам үшін қорқынышты емес пе?! (бейнеролік көру)

2 - жүргізуші: Айтылған пікірлерден кейін ойымызды түйіндей келіп, келешек тірегі – ибалы адам, иманды қоғам болу үшін дінімізге берік
болайық!
2 - жүргізуші: Дін – ғылымның атасы деп жырлаған, Мұқағали ақылсыз емес еді. Солардың да барлығын толғандырған, Соңындағы ұрпақтың келешегі,- дегендей біз бүгінгі тәрбиелік шарамызда Ислам дінінің қоғамдағы маңызы туралы ой бөлістік.

(бейнеролік көру) Еліміз жастарға сенеді. Жастардың жақсы білім алып өз еліне адал қызмет етуін сұрайды. Бізде көрікті жерлер бар, берекелі щаңырағымыз бар, қонақжай дархан мінезіміз бар. Барымызда бағалай білейік. Тек білімсіздер ғана адасушылыққа душар болады.
1 - жүргізуші: Тәрбиелік шарамызды «Алладан басқа жоқ тәңір» әнімен қорытындылаймыз.
Ендігі тәрбиелік шарамызды қорытындылау үшін мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі Г.Канабековаға береміз.
Қорытынды сөз: Бүгінгі тәрбиелік шараның негізгі мақсаты иманды қоғамның ибалы адамдарын тәрбиелеу болатын. Иман - сенім, наным деген мағынаны білдіреді. Иман - Исламның тірегі. Сондықтан ең бірінші иманымыз һәм берік болуы керек.
«Ұлттың өзін - өзі сақтайтын бірнеше факторлары бар. Олар – тілі, діні, тарихы, ата мекені, дәстүрі. Соның ішінде айрықшасы: тілі мен діні.
Кез - келген халықты құрту үшін оның дінін құртса, ол халықтың тұтастығы кетеді. Дініне мықты болған халықтың санасы сергек, іргесі тұтас болады».
























Мемлекеттік рәміздері туралы тест

Қазақстан Республикасында кім мемлекеттік билік көзі болып табылады?

А)Қазақстан Республикасының Президенті.

В)Қазақстан Республикасының Парламенті.

С)Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесі.

Д)Қазақстан Республикасының Үкіметі.

Е)Халық.

Қазақстан Республикасындағы басқару нысаны:

А)Президенттік.

В)Монархиялық.

С)Парламенттік.

Д)Федеративтік.

Е)Халықтық.

Қазақстан Республикасы:

А)федералды мемлекет.

В)конфедерация.

С)унитарлы мемлекет.

Д)конфередативтік одақ.

Е)мемлекеттер достастығының мүшесі.

Қазақстан Республикасы өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырады?

А)демократиялық, құқықтық және әлеуметтік;

В)демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік;

С)саяси-экономикалық, демократиялық, зайырлы және әлеуметтік;

Д)демократиялық, зайырлы және әлеуметтік;

Е)демократиялық, зайырлы және құқықтық.

Қазақстан Республикасының азаматы қай жастан бастап Сенат депутаты бола алады?

А)18 жастан бастап.

В)21 жастан бастап.

С)25 жастан бастап.

Д)30 жастан бастап.

Е)45 жастан бастап.

Қазақстан Республикасының азаматы қай жастан бастап Мәжіліс депутаты бола алады?

А)18 жастан бастап.

В)21 жастан бастап.

С)25 жастан бастап.

Д)30 жастан бастап.

Е)45 жастан бастап.

Қай жастан бастап Қазақстан Республикасының азаматы Мәслихат депутаты бола алады?

А) 18 жастан бастап.

В) 20 жастан бастап.

С) 21 жастан бастап.

Д) 25 жастан бастап.

Е) 45 жастан бастап.

Қазақстан Республикасының Сенаты депутаттарының өкілеттік мерзімі:

А) 2 жыл.

В) 3 жыл.

С) 4 жыл.

Д) 5 жыл.

Е) 6 жыл.

Қазақстан Республикасының Мәжілісі депутаттарының өкілеттік мерзімі:

А) 4 жыл.

В) 3 жыл.

С) 2 жыл.

Д) 5 жыл.

Е) 6 жыл.

Қазақстан Президенті кімдерге ант береді?

А)халыққа;

В)Үкіметке;

С)халыққа және Парламентке;

Д)халыққа және Үкіметке;

Е)барлығы да дұрыс.

Парламент депутаттары кімдерге ант береді?

А)Қазақстан халқына;

В)халық пен Президентке;

С)Президент пен Үкіметке;

Д)халыққа және Үкіметке;

Е)барлығы да дұрыс.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері ант береді:

А) Қазақстан халқына.

В) Қазақстан Республикасының Үкіметіне.

С) Қазақстан Республикасының Президентіне.

Д) Қазақстан Республикасының халқына және Президентіне.

Е) Қазақстан Республикасы Президентіне және Қазақстан Республикасы Парламентіне.

Қазақстан Республикасының Үкіметі өзінің барлық қызметінде жауапты:

А) Қазақстан Республикасы халқының алдында.

В) Қазақстан Республикасы Парламентінің алдында.

С) Қазақстан Республикасы Президентінің алдында.

Д) Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің алдында.

Е) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің алдында.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламалары:

А) Қазақстан Республикасының Парламентімен бекітіледі.

В) Қазақстан Республикасының Үкіметімен.

С) Қазақстан Республикасы Үкіметімен және Парламентімен бірлесіп қабылданады.

Д) Қазақстан Республикасы Президентімен бекітіледі.

Е) Қазақстан Республикасының Президентінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламентімен қабылданады.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады:

А) Қазақстан Республикасы Үкіметі.

В) Қазақстан Республикасы Парламенті.

С) Қазақстан Республикасы Президенті.

Д) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты.

Е) Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі.

Мәслихатпен өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қабылданатын нормативтік-құқықтық актілер:

А) өкімдер мен шешімдер.

В) өкімдер.

С) шешімдер.

Д) қаулылар мен шешімдер.

Е) қаулылар мен өкімдер.

Әкімдіктермен өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қабылданатын нормативтік-құқықтық актілер:

А) шешімдер мен өкімдер.

В) өкімдер.

С) шешімдер.

Д) қаулылар мен шешімдер.

Е) қаулылар мен өкімдер.

Төменде көрсетілген нормативтік-құқықтық актілердің жоғарғы заңды күші бар:

А) Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының.

В) Қазақстан Республикасы Конституциясының.

С) Қазақстан Республикасы заңының.

Д) Қазақстан Республикасы Кодексінің.

Е) Жоғарғы Сот шешімінің.

Сот билігі кімнің атынан жүзеге асырылады?

А) Қазақстан халқының.

В) Қазақстан Республикасы Президентінің.

С) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының.

Д) Қазақстан Республикасы.

Е) Қазақстан Республикасы Парламентінің.

Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес халық атынан сөз сөйлеуге шыға алады:

А) Конституциялық Кеңес.

В) Үкімет.

С) Президент және Парламент.

Д) Жоғарғы Сот.

Е) Прокуратура.

1) Мемлекеттік рәміздерге не жатады?

А) Әнұран, рәміз, президент

Б) Әнұран, ту, гимн

Ә) Әнұран, елтаңба, ту

2) Елтаңбаның авторлары?

А) Шәмші Қалдаяқов, Жандарбек Мәлібеков

Ә) Шәкен Ниязбеков, Шотаман Уәлиханов

Б) Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уәлиханов

3) Тудың авторы?

А) Шотаман Уәлиханов

Ә) Шәкен Ниязбеков

Б) Жандарбек Мәлібеков

4) Елтаңбаның негізі...

А) Шаңырақ

Ә) Тұлпар

Б) Бес бұрышты жұлдыз

5) Мемлекеттік тудың түсі қандай?

А) Көк түсті

Ә) Көгілдір түсті

Б) Сары түсті

6) Тудың ортасында не бейнеленген?

А) Ою өрнек, арайлы күн

Ә) Арайлы күн, қыран

Б) Алтын түсті ою өрнек

7) Тудың ені ұзындығының жартысына тең.

А) Дұрыс

Ә) Дұрыс емес

8) Қанатты тұлпар қай рәмізде бейнеленген?

А) Туда

Ә) Елтаңбада

Б) Әнұранда

9) Әнұранның әнін жазған автор?

А) Жұмекен Нәжімеденов

Ә) Шәмші Қалдаяқов

Б) Нұрсұлтан Назарбаев

10) Сөзін жазған авторлар?

А) Шәмші қалдаяқов, Нұрсұлтан Назарбаев

Ә) Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уәлиханов

Б) Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

11) Елтаңбаның төменгі жағында қандай жазу бар?

А) Республика

Ә) Рәміз

Б) Қазақстан

12) Күн, арай, қыран және ою - өрнек қандай түсті?

А) Алтын түсті

Ә) Көк түсті

Б) Қызғылт түсті

13) Мемлекеттік әнұранның жаңа нұсқасы қай жылы қабылданды?

А) 2006 жыл

Ә) 1992

Б) 2007

14) «Әнұран» терминінің өзі нені білдіреді?

А) Салтанатты өлең

Ә) Әскери өлең

Б) Бірінші өлең

15) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні қашан?

А) 4 маусым

Ә) 4 шілде

Б) 4 мамыр

16) Әнұран орындалған кезде қандай тәртіп болу керек?

А) Ресми салтанатты жиындарда әнұран орындалған кезінде қатысып отырғандар тұрыпжәне сол жақ кеудесіне оң қол алақанын қою керек.

Ә) Ресми салтанатты жиындарда әнұран орындалған кезінде қатысып отырғандар сол жақкеудесіне оң қол алақанын қою керек.

Б) Ресми салтанатты жиындарда әнұран орындалған кезінде сол жақ кеудесіне оң қолалақанын қою керек.












Сабақтың тақырыбы: Қарттарым – асыл қазынам

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: Оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру.

Тәрбиелік: Оқушыларға еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Өз бетінше қорытынды жасауға, өз ойын ашық жеткізе білуге, ізденіске дағдыландыру. Ойлау қабілеттерін дамыту

Түрі: Пікіралмасу

Әдісі: Ой қозғау, әңгімелесу

Көрнекілігі:  нақыл сөздер

Барысы:

І. Ұйымдастыру

Сәлемдесу. Оқушылар назарын сабаққа аудару

ІІ. Кіріспе сөз

Алдымызда 1- қазан қарттар күні мерекесі жақындап қалды. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.


ІІІ. Негізгі бөлім

Слайд арқылы мәлімет беру


Жағдаяттан шығу жолдары (Карточкаларды алып өзекті мәселелер туралы ой қозғау, проблемалық жағдайдан шығу жолдарын ойлап табу)


Қариялар – ақылды дариялар. Біз оларды құрметтеуіміз керек. Қазір таңдағы жастар өз дәрежесінде құрметтеп жүр ме? Өзің қарттарды қалай құрметтейсің?

Осы заманда көп адамдар өздерінің туып, өсірген қарт аталары мен әжелерін қарттар үйіне апарып тастайды.Осы дұрыс па? Қарттар үйіне ол кісілердің баруына кімдер кедергі деп ойлайсыз?

Жолдың арғы жағына бір қария өте алмай тұрады. Қолында ауыр сөмкелері бар. Қасынан өтіп бара жатқан бір баладан көмек сұрайды. Бірақ ол бала артына қайырылып қарамастан кете барды. Сіз не істер едіңіз?

Көшеде қыдырып келе жатыр едің. Алдыңнан бір қария кездесті. Көзінде мұң, қайғы байқалады. Сенімен сөйлескісі келіп, әңгімеге тартты. Баласының қарамай, қарттар үйіне апаратынын сырттай естігендігін айтып, мұңын шақты. Сен қалай жұбатар едің? Баласының пікірі туралы не айтар едің?

Өзіңе жақсы таныс, жиі араласатын құрбыңның әжесі мен атасы бар. Ол ата-әжесімен дөрекі сөйлеседі, сыйламайды. Айтқандарын тыңдамайды. Танысыңа қандай кеңес бере аласың? Келешекте осындай адамдар қарттарды қадірлемейді деген пікірмен қосыласың ба?

Жалғыз тұратын қарт көршің бар. Үнемі сенен көмек сұрайды. Отын-су тасуға, дүкенге баруға, кейде үйін жинауға шақырады. Сенің әрекетің қандай? Ашуланбай көмек бере аласың ба?

Әр оқушының пікірінен кейін өз ойларын айтып, оқушы жауабына сараптама жасйды.

Ой қозғау.

Қазіргі таңда қарттар үйі керек пе?


Сабақты қорыту.

Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз.

«Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп бос кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай

міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!










Қариялар – ақылды дариялар. Біз оларды құрметтеуіміз керек. Қазір таңдағы жастар өз дәрежесінде құрметтеп жүр ме? Өзің қарттарды қалай құрметтейсің?





Осы заманда көп адамдар өздерінің туып, өсірген қарт аталары мен әжелерін қарттар үйіне апарып тастайды.Осы дұрыс па? Қарттар үйіне ол кісілердің баруына кімдер кедергі деп ойлайсыз?




Жолдың арғы жағына бір қария өте алмай тұрады. Қолында ауыр сөмкелері бар. Қасынан өтіп бара жатқан бір баладан көмек сұрайды. Бірақ ол бала артына қайырылып қарамастан кете барды. Сен не істер едіңіз?





  • Көшеде қыдырып келе жатыр едің. Алдыңнан бір қария кездесті. Көзінде мұң, қайғы байқалады. Сенімен сөйлескісі келіп, әңгімеге тартты. Баласының қарамай, қарттар үйіне апаратынын сырттай естігендігін айтып, мұңын шақты. Сен қалай жұбатар едің? Баласының пікірі туралы не айтар едің?







  • Өзіңе жақсы таныс, жиі араласатын құрбыңның әжесі мен атасы бар. Ол ата-әжесімен дөрекі сөйлеседі, сыйламайды. Айтқандарын тыңдамайды. Танысыңа қандай кеңес бере аласың? Келешекте осындай адамдар қарттарды қадірлемейді деген пікірмен қосыласың ба?









  • Жалғыз тұратын қарт көршің бар. Үнемі сенен көмек сұрайды. От-су тасуға, дүкенге баруға, кейде үйін жинауға шақырады. Сенің әрекетің қандай? Ашуланбай көмек бере аласың ба?



















Алматы облысы

Кербұлақ ауданы

Сарыөзек орта мектебі МДШО КММ




Қарттарым –

асыл қазынам

Тәрбие сағаты:


8 «ә»сынып










Сынып жетекшісі: Ж.А Байтоғаева








2016-2017 оқу жылы

Тақырыбы: «Рухани келісім - өркениет кепілі»

Тәрбие сағаттың білімдік мақсаты: Тәуелсіз Қазақстанадағы конфессионалдық жағдай, діни сенім бостандығы туралы түсінік, дінаралық қатынастардағы толеранттылық, ұлтаралық және дінаралық келісімнің Қазақстанадық модулі, Қазақстан президентінің бейбітшілік пен дінаралық келісім орнату саласындағы саясаты туралы тусінік беру.
Дамытушылық: Оқулық мәтінімен қосымша мәліметтерді пайдалану,ізденіп оқу, ғаламдық проблемаларды шеше алу, өз ойларын айту 
Тәрбиелік: Ұлтаралық достық қарым қатынасты сақтауға, конфессиялармен мәдениеттер диалогын құруға, дін саласындағы тұрақты мемлекеттік саясат ұстана білуге үйретуге, қоғамада тұрактылықты сақтауға, тәрбиелеу 
Тәрбие сағат түрі: Жаңа білім беру 
Тәрбие сағат әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Тәрбие сағат көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30.08.1995 14 , 19 , 20, 22-бап. 1. 1 Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктері туралы» заңы 1992ж. 2. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшысының съездері, материалдары. 3. Н. Ә. Назарбаев Сындарлы он жыл. А, Атамұра 2003 
4. Видео материалдар «Қазақ жерінен барлық әлемдік діндер жүріп өтті, сондықтан бізге діни фанатизм мен шыдамсыздық тән емес. Бұл рухани дәстүр, бұл кез келген құдай сөзіне жақындыққа жол ашу – Қазақстандағы дінаралық келісімнің басты негізі.» Н. Ә. Назарбаев, түрлі суреттер, дін туралы қанатты сөздер, арнайы слайдтар 
Барысы: 1.Қызығушылығын ояту. Зайырлы, толеранттылық сөздерін естігенде ойларыңа не түседі . 
Кіріспе бөлім. Мұғалім сөзі. 
Қазақстан әлемдегі саяси тұрақтылығы бекем елдердің бірі. Біздің елімізде сан ұлттың өкілі татулық пен достықтың буынын бекітіп, әлемдік дамудың көшбасшысы болуға ұмтылып келеді. Ұмтылу жолы өте ауыр. Қанына, бойына, санасына мықты рухты күшті сіңірген қазақ еліне бұл зілді болмауы тиіс. Осы тұрғыда мемлекеттің бірден-бір алға қойып мақтанар айнасы – этносаралық татуластық.Жер шарының картасына көз салсақ, қазақ жерінің ұлан байтақ атырапты алып жатқанын көреміз. Қазақ елінің көңілі де дәл сондай, кең, дархан. Соның арқасында, Қазақстан жерінде 130-дан аса ұлт өкілдері татулықта өмір сүріп келеді. Бізбен көршілес кей елдердегі, тіпті алыстағы көптеген мемлекеттер өз ішінде дау-дамай туғызып, жанжалдасып, қанды шайқасқа дейін баратындары жайлы құлағымыз естіп, көріміз көрген. Соларға біздің «Жұмылғанда жұдырық, ашылғанда алақан» болып отырғанымыз үлкен сабақ болып жатқан шығар деген ой түйіп, «осы күнімізге де шүкір, тәуба»,- деп қоямыз.
Киелі қазақ шаңырағына уық болып қадалған өзге этнос өкілдері «Қазақстан – достық пен татулықтың шынайы мекені» дегенді ұранға айналдырған. Ұлтаралық татулықты нығайтуға Қазақстанда тұрып жатқан әр ұлттың өкілі келешек ұрпағымыз үшін этносаралық достықтың, конфессияаралық түсіністіктің қаймағы бұзылмауына еңбек етіп, атсалысады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстандағы тұрақтылықты сақтаудың алғы шарты ретінде бірінші экономиканы өркендетудің қажеттілігін алға қойған. Сол себепті, «Алдымен экономикаға» қағидасын ұстана отырып, экономиканың әр саласында білек сыбана қызмет істеп жүрген барлық этностың басын қосып, Қазақстан халқы Ассамблеясын құруы – өзге халықтарға үлгі-өнеге бола білді. 
Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеті – достықты нығайту ғана емес, оған қоса әр ұлттың тілін, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін сақтап, қоғамдағы тұрақтылықты нығайту бағытында түрлі іс-шаралар өткізу болып табылады. Елбасымыздың телеранттылық ұстанымына сәйкес өзге ұлт өкілдері де қазақ тілін, тарихын, мәдениетін, дәстүрін жете білуі керек. Дегенмен, олар өз ұлтының құндылықтырын еркін меңгеріп өсіп келеді. Қиын-қыстау заманда қазақ елін паналап, қамқорлығын, жақсылығын, кеңпейілділігін, адамгершілігін, қонақжайлылығын көрген өзге этнос өкілдері қазақ халқын жоғары бағалап, құрметтейді. Өзге ұлт өкілдері қоныстанған аймақтарда, сол ұлттың тілінде балабақша, мектеп көптеген ұйымдар өз міндеттерін атқарады. Өз тілдерінде еркін сөйлеп, өз ойларымен биік шыңдарды бағындырып жүргендері де бар. Бұл қазақ елінің жомарттығының айқын дәлелі.
2012 жылғы 14 ақпанда Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев : «Жаһандану дәуірі көп ұлтты мемлекеттер дәуірі. Бұл – әлемдік үрдіс. Еліміздің дамуына барша ұлт бірге үлес қосты. Ендеше, Тәуелсіз қазақ елінің азаматтарын алалауға, бауырластығын бұзуға ешкімнің хақысы жоқ. Барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып, тату-тәтті бейбітшілік пен келісімде өмір сүру – барша қазақтың басты қағидасы болуы шарт.»,- деп айтып өткен.
Тәуелсіз елімізде, этносаралық татулықтың, достықтың, конфессияаралық бірліктің де берік негізі қаланды. Ендігі біздің мақсатымыз – елдегі тұрақтылықты сақтап, экономикалық өркендеуді дамыта отырып, өз Отанымыздың ертеңгі кемелді келешегі үшін, баянды болашағы үшін адал қызмет ету.
«Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. 
Жай сөз емес, сана сілкінтер салмақты сөз. Құндылықтарды қалай қастерлеу қажеттігін пайымдайтын парасатты пікір. Оңың мен солыңды танытатын, барыңды бағалататын, қасиетің мен киеңді қа¬дірлететін орнықты ой. Осы ойды ары қарай өрбітетін болсақ, Елбасының ерен еңбегі мен сарабдал сая¬саты Қазақстанды дүниежүзіне бейбіт¬шіліктің бастауы, тұрақтылықтың талбесігі, тыныштықтың тұтқасы һәм конфес¬сия¬аралық келісімнің ордасы ретінде танытып отырғанына тағы бір мәрте көз жет¬кі¬земіз.
Тұңғыш Президентіміз ұлттар мен ұлыстарды ұйыстырып, елімізде дінаралық диалогтың жарқын үлгісін қалыптастырды. Қазақстандағы этносаралық толерант¬тылықты әлемге әйгілі етті. Дүние дүрлігіп тұрған тұста бізді қақтығыстар мен ки¬кіл¬жіңдерден аман алып шықты. Өз ке¬зе¬гінде бұқара халық Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық бастамаларын қолдап отырды. Қолдап қана қойған жоқ, сенім білдіріп, соңынан ерді. Ұлт Көш¬басшысы ел ама-натын абыроймен ар¬қалады. Осылайша елімізде «Елбасы – біреу, халық – тіреу» деген ұғым пайда болды. 
Нұрсұлтан Назарбаевтың халық¬ара¬лық аренадағы беделі Астанада ЕҚЫҰ саммитін өткізуде де шешуші рөл ат¬қарды. Ба¬йыр¬қалы басқосудың ұраны төрт Т: Trust (сенім), Tradition (дәстүр), Transparency (транспаренттілік) және Tolerance (толеранттылық) болды. Осы тізбедегі төртінші компонент – мә¬де¬ниеттер мен діндер және өркениеттер арасындағы диалогты нығайтуға ба¬ғытталды. Ал Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан ЕҚЫҰ төрағалығы міндетіне кірісер кезде: «Біздің ұлтаралық және дінаралық келісімнің моделі – бүкіл әлемдегі түрлі кон¬фессиялар арасындағы қарым-қатынас ісіне Қазақстанның қосқан қомақты үлесі» дегенді айтты. 
Этносаралық және конфессияаралық келісім әр кезде жалпыхалықтық жетістік болып қала береді. Мақсатқа жету үшін Елбасының бастамасымен Астанада әр үш жыл сайын Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезі ұйымдастырылып келеді. Дәл осы конфессияаралық диа¬логтың басқа жиындардан ерекшелігі – ол бір ғана діннің мүддесіне қызмет етпей, жалпы адамзатқа ортақ өзекті проб¬лемаларды қамтиды. Ең бастысы, мұнда көпұлтты, көптілді, көпконфессиялы қоғамның мәселелері қаралады. 
Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезін ұйымдастыру арқылы халықтар мен діни көзқарастарды жақындастыруға, сол арқылы бейбітшілік құндылықтарын қалыптастыруға жасаған қадамы үшін әлем қауымдастығы Қазақстанға және оның басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа жоғары баға берді. Бұл – біз үшін абырой әрі мәртебе. Ұлт Көшбасшысы ел азаматтарының ұлттық және конфессиялық мүдделерін сақтаудың ерекше құралы ретінде дүниеге Қазақстан халқы ассамблеясын әкелді. Мемлекет басшысының кеңесші органы саналатын ұйым 1995 жылдың наурызында пайда болды. Бүгінде әлемде теңдесі жоқ аталмыш институт ел аумағындағы ұлттық-мәдени орталықтар мен бір¬лестіктердің құрылуына ықпал етіп отыр. Сонымен қатар ол ұлтаралық келісім идеясы Мем¬лекет басшысы тарапынан басымдығы мол құбылыс екенін на¬сихаттап, оның негізі барлық этникалық құрамға азаматтық сыйластықпен қарау және деструктивті позиция қағидаларынан бас тарту екенін түсіндіріп келеді. 

Елбасы Қазақстан халқы ас¬сам¬блея¬сының мерейтойлық ХХ сессиясында аталмыш институт қоғамдық келісімнің кепілі, бірліктің діңгегі, достықтың дәнекері болып отырғанын баяндап, тағдыр табыстырып, тарих тоғыстырған түрлі этнос өкілдері азаттықтың арайлы таңында ортақ Отанымыздың іргесін бірге қаласқанын атап көрсетті. Ас¬самблеяның тарихы – біздің тұрақ¬тылығымыздың тарихы екеніне тоқталып, Қазақстан 140 этнос пен 17 конфессия өкілінің туған шаңырағына айналғанын айтты. Мерейтойлық сессияның та¬қырыбы «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» екенін тілге тиек етіп: «Біз – көпұлтты қоғамбыз. Бізде ұлтаралық қатынастар мәселесінде ешқандай қосарланған стандарттар болмауы керек. Мемлекетте бәрі тең болуы тиіс. Этностық немесе басқа да белгілер бойынша жақсы немесе жаман деген болмауы тиіс. Бұл мәселе мен үшін декларативті емес. Егер біреуге этностық белгісі бойынша қысым жасалса, онда бүкіл қазақстандықтарға қысым жасалды деп есептеу керек. Ешқандай этносқа ешқандай ар-тық¬шылық болмайды және болмауы тиіс, барлығының құқықтары мен міндеттері бірдей. Біз тең мүмкіндіктер қоғамын, бәрі заң алдында бірдей болатын қоғамды құрудамыз. Біз ешқашан оқуға түсу, жұмысқа тұру және қызмет бабында өсу этностық белгі арқылы шешіледі дегенді ойға да алмауға тиіспіз.Біздің қоғамымызда «артық» немесе «бөтен», «біздікі» немесе «біздікі емес» деген болмауы тиіс. Біз еліміздің бірде-бір азаматын сыртта қалдыра алмаймыз. Әрбір қазақстандық биліктің қолдайтынын және тірек екенін сезінуге тиіс. Ұлттардың этносаралық келісіміне сына қағуға тырысатындардың барлығы да заңмен қудаланады.Қазір біз көпұлтты сипаты бар, біртұтас елміз. Ендеше, тәуелсіз Қазақ елінің азаматтарын ала¬лауға, бауырластығын бұзуға ешкімнің хақысы жоқ. Барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып, тату-тәтті, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру – барша қазақтың басты қағидасы болуы шарт» деді. Елбасы айтса айтқандай, Қазақстанды тегі басқа болғанмен теңдігі бір, қаны бөлек болғанмен жаны бір ұлттар мен ұлыстар мекен етіп отыр. Олар көк Тудың астында бірігіп, туған жердің абыройын асқақтатқысы келеді. Мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет болуды мұрат тұтады. 
Бірлік, төзімділік және ұлтаралық келісім сынды құндылықтар Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап-ақ ел дамуының бастауы болды. Ұлт Көшбасшысы – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында республикамызда 130 ұлт өкілдері бейбітшілік пен келісімі жарасқан бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, ортақ үйіміздің болашағын құруда. Этносаралық және конфессияаралық келiсiмнiң тұрақтылығын нығайтуда Елбасының бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының қосар үлесі мол.
Киелі қазақ жерін мекен еткен халықтың көркеюі, этносаралық бейбітшілік пен келісім – біздің басты байлығымыз. Ол барша қазақстандықтардың ақыл-парасатымен, еркімен, қажырлы еңбегімен және сенімімен сақталып, еселенеді. Сәтбаевтықтар да барлық отандастары секілді күнделікті еңбектерімен, туған қаласын көркейтуге деген жігерімен еліміздің дамуы мен тұрақтылықтың сақталуына өз үлестерін қосуда. Қаламыздағы этномәдени орталықтардың мүддесі бір мақсатқа – ұлттық салт-дәстүрлерді сақтауға және дамытуға, халықтар арасындағы достықты нығайтуға бағытталған.
Күрделі міндеттерді шешудің негізі бірлікте екендігін жадымыздан еш шығармай, достық пен келісім арқылы ғана Қазақстанды биік белестерді бағындыратын еңселі мемлекетке айналдыра аламыз.
Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, отбасылық бақыт, бейбітшілік және игілік тілейміз. Қазақстан халқының бірлігі мерекесі – сенімімізді нықтайтын, үмітімізді ұштайтын ортақ салтанат мерекесі болсын!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
3429
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі