«Әл-Фараби атындағы жалпы орта
білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
Тақырыбы: Дені саудың - жаны
сау
Сыныбы: 2
«А»
Сынып жетекшісі: Арзыкулова
П.
2018-2019 оқу
жылы
Күні: 15.10.2018ж
Тақырыбы: Дені саудың жаны
сау
Сабақтың
мақсаты: оқушыларға салауатты өмір
салтын сақтаудың қажеттілігін, зиянды заттардың зардаптарын білуге
жат әдеттерден аулақ болуға үйрету.
Мұғалім: Дені сау азаматтар -
мемлекеттің ең бағалы капиталы.
Кез-келген елдің болашағы –
халқының денсаулығына байланысты екенін дәлелдеуді қажат етпейтіні
шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір
салты. «Ауырып ем іздегенше,
ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан
ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген
жауапкершілікті қалыптастыру баршаның
борышы.
Денсаулық дегеніміз- адам жаны
мен тәнінің амандығы.
Енді балалар бізде
денсаулығымзды сақтау жолдарын қаншалықты білетінімізді сабақ
барысында білетін боламыз.
1-оқушы
Бекзат
Уа халқым назар аудар
денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің
сауда.
«Денсаулық-терең бақыт» деген
сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай
данамызда.
2-оқушы
Құндызай
Денің сауда күштісің бұл
әлемде,
Денің сауда сұлусың бұл
әлемде.
Денің сауда мықтысың бұл
әлемде,
Сол мықты денсаулықтың
арқасында.
3-оқушы:
Сезім
Денсаулық –ол
шыныққан,
Барлық дене
мүшесі.
Денсаулық – ол
тыныққан,
Жүйке тамыр
жүйесі.
Денсаулық-ол
жүруің,
Ешбір жерің
ауырмай.
4-оқушы
Аслан
Болсаңда әлі
қаршадай,
Ойнау үшін
шаршамай.
Оқу үшін
мектепте,
Ашу үшін
тәбетті.
Құру үшін сен
саулық,
Керек мықты
денсаулық
Ән: Біз балдырған
баламыз
Мұғалім:
1-ші байлық-
денсаулық,
2-ші байлық-ақ
жаулық,
3-ші байлық-он саулық.-
демекші
«Мақал-сөздің
мәйегі»
Мақал –мәтел
айтайық.
Қане кім денсаулық тулары
мақал-мәтел біледі?
«Ауырудың бәрі жүрекке
тиеді»
«Ескі аурды емдеу
қиын»
«Демі бардың, емі
бар»
«Шымырдың сезімі сергек»
т.б
Мұғалім: Балалар бізге дәрігер қонаққа
келген екен.
Денсаулық төңірегінде
сұрақтарың болса дәрігерге қоюларыңа
болады.
Оқушылар сұрақ
қояды.
1) Салауатты өмір салты деген
не?
2) Денсаулық үшін не пайдалы
не зиянды?
3) Тұмау деген не? Оның таралу
жолдары қандай?
4) «Ауру-астан» демеп пе еді
халқымыз, тамақтану гигиенасы туралы не
айтасыз?
5) Дұрыс тамақтанбағаннан
қандай аурулар пайда болады?
Мұғалім:
Күн нөсерін
төгейік,
Жырдан нөсер
төгейік.
Уа, жамағат, ал
енді,
Биге кезек
берейік.
Қимыл –қозғалыс биі «Қара
жорға»
Нурила:
Деніміз сау болуы үшін қозғалу
керек.» Денсаулыққа тек шынықтыру арқылы ғана жетуге болады» деген
екен әйгілі ғалым Н. М. Амосов.
Мұғалім: келесі кезекті ортаға 5
оқушыны шақырып ойын ойнайық:
Ойынның аты «Исінен тап»
деп аталады.
Оқушылар жемістердің исін
искеп сезу арқылы атын атау керек.
Мұғалім: ал енді балалар мына екі
тақташаны көріп тұрсыңдарма?
Біреуіне денсаулыққа пайдалы
іс-әрекеттерді жазамыз.
Екіншісіне денсаулыққа зиянды
іс-әрекеттерді жазамыз
Оқушылар
орындайды.
Ханзура:
Әр адам денсаулығын сақтауға
және ғұмырын ұзартуға жауапты. Денсаулықтың жақсы деңгейіне жету
және жайлы болуына жету- бұл нақты өмірлік ұстаныммен тәртіппен
тұратын үзіліссіз үдеріс. Денсаулық- бақытты болудың алғы
шарты.
Мирас:
Денсаулық қашанда алтынға
тең,
Болады болашағың жарқын да
кең.
Аңдамай жақын болсаң
арсыздықпен,
Ойланып көп тосымай ақылға
кел.
Асал:
Денсаулықтың
қадірін,
Ауырғанда
білесің.
Жастық шақтың
қадірін,
Қартайғанда
білерсің.
Отыз тістің
қадірін,
Қақсатқанда
білерсің.
Ән:
Спорт біздің
досымыз.
Мұғалім: балалар сендер денсаулыққа
зиянды әрекеттерді білесіңдерме қане айтып
беріңдерші?
Дұрыс тамақтанбау, тазалықты
сақтамау, дене жаттығуларын жасамау, шылым
шегу,т.б
Міне балалар бүгінгі сабақта
денсаулық туралы біраз нәрсе білдіңдер.
«Сау дене, азат ақыл,адал
көңіл, үшеуімен бақытты өмір» дегендей дені сау, құрыш білікті,
батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып
өсейік.
Осымен 2 «А» сыныбының
«Дені саудың – жаны
сау» атты ашық тәрбие сағатымызда
аяқталды, көріп тамашалағандарыңызға көп
рахмет!