400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты Денім сау болсын десең.....

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге, жас мамандарға тәжірибе алмасу және әдіс алмасу мақсатында керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Picture 3

«Сарыарқа атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі

Оспанова Несибели Мурзабековна





Тақырыбы: «Денім сау болсын десең…»
Мақсаты: Қоршаған орта жөніндегі ұғымдарын кеңейту. Табиғатқа деген оң көзқарас қалыптастырту.  Табиғатты қорғай отырып, сүйіп мәпелеуге және өз денсаулықтарын күте білуге тәрбиелеу және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН» мемлекеттік бағдарламасын орындау.
Көрнекілігі және қажетті құралдар: тапсырмалар,суреттер, белгілер
Кіріспе:  
Ойын:  Сиқырлы қорап деп  аталады.  Бұл  ойында кубизм  әдісін  қолданамыз.
Қораптың ішінде  қандай  зат  бар?
Жіңішке ме ? жуан ба ?қаттыма? жұмсақ па?
Оқушылар ұстап, қозғап көреді.  Әрбір  оқушы өз  ойларын және қораптың ішінде  не  бар  екенің айтады.  Ұстап  көргеннен кейін  қораптың  ішін  ашамыз.  Қораптың ішінде шприц бар.  Оның  пайдасы ,  және  қандай  зиянды әрекеттері  бар? Оқушылардың   пікірін  тыңдап  болғаннан кейін, оның пайдалы жағы дәрі  егуге,  аурудың  алдын алуға,  емделуге  арналған. Ал  зиянды  әрекеттері: есірткі  заттарды адам  денесіне жіберу.  
 Денсаулық жөнінде  оқушылардың білімдерін  естеріне  түсіріп, пікірлесу  үшін  арнайы  берілген.  Бірінші  байлық-денсаулық  деп  неліктен  айтылған?    «Деңі саудың – жаны  сау»  дегенді  қалай  түсінесіңдер?   Денсаулық  сақтаудың  қандай  жолдары  бар? Деген  сұрақтарды  қойып  әңгімелесеміз.

Сабақ барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі.

Picture 2


І. топ «Күн» Ұраны: Күндей шалқып,жарқыра,
                                    Сөнбейтұғын мәңгілік.
ІІ. топ «Ауа» ұраны: Ауа түссіз, мөлдіреп,
                                    Онсыз өмір не керек?
ІІІ. топ «Су» ұраны: Сылдырап аққан суларым,
                                   Тыныштық тапқан мөлдіреп.
ІІ.Негізгі бөлім.


1 бөлім  «Жылдам тап!»

Сұрақтарға жылдам жауап беру. Әр топқа үш сұрақтан беріледі. Үш сұраққа да дұрыс әрі нақты жауап берген топқа 5 ұпай беріледі.

І топқа 

1.Ерте тұрып не істейсің? (жаттығу)
2.Тіс ауруының алдын алу үшін не істеу керек?
(тісті уақытымен жуып, таза ұстау )
3. Ауырмау үшін не істеу керек?
(денені шынықтыру)


ІІ топқа    

1. Ауаны ластанудан сақтау үшін не істеу керек?
(қоқыс тастамау, айналаны таза ұстауға көмек беру)
2.Сыныптағы таза ауа қайдан келеді? (гүл отырғызып көгалдандырсаң)
3.Ормандағы ағаштар жоқ болып кетпеу үшін не істеу керек?
(дәптер кітапты үнемдеу,таза ұстау)


ІІІ топқа  

  1.Орман дәрігерін ата. (тоқылдақ)
2.Қасқырдың пайдасы не? Оның жанама аты не?
(ауру малды,ауру жануарды жейді, ауруды тараудан сақтайды,жанама аты «дала дәрігері»)
3.Денім сау болсын десең не істеу керек?
(дұрыс тамақтану, мектепте аш жүрмеу, өз уақытында тамақтану)


2-бөлім  «Түсін мені»


Әр топтан бір ойыншы суретті карточканы алып, оны ымдап, тобындағы келесі ойыншыға түсіндіреді, ал ол келесіге түсіндіреді. (Ал, бұл уақытта қалған балалардың көзі байлаулы болады.)
Ойын осылай ең соңғы ойыншыға келгенше жалғасады. Соңғы ойыншыдан не түсінгені сұралады.Егер топтағы балалар барлығы суреттегі затты соңғы ойыншыға дейін дұрыс жеткізе алса, сол топқа 10 ұпай беріледі.

І топтың тапсырмасы «гүл»
ІІтоптың тапсырмасы «күн»
ІІІтоптың тапсырмасы «ағаш»

3-бөлім  «Салауатты болашақ»

«Семей полигони» болашақта қандай аймақ болатынын суреттеп салу болатын.
Әр топ өз суреттерін қорғайды.
Тиянақты орындалған тапсырмаға 10 ұпайдан беру.


4-бөлім  «Сөзді ауаға жазу»


Алдыңғы тұрған ойыншыдан басқасы теріс қарап тұрады. Алдыңғы ойыншы бір карточканы алады.Ондағы сөзді оқиды да, келесі ойыншы ауаға жазып түсіндіреді.Егер ол түсінсе басын изейді. Түсінбесе басын шайқайды. Онда алдыңғы ойыншы қайтадан түсіндіреді. Ал тез түсінсе ол ойыншы келесі үшінші ойыншыға түсіндіреді.Ойын солай жалғасады. Ал, соңғы ойыншы сөзді дауыстап айтады.
Қай топ жылдам орындайды,сол топқа 20 ұпай беріледі.

І топтың тапсырмасы «сүт»
ІІтоптың тапсырмасы «ет»
ІІІтоптың тапсырмасы «алма»
 

5-бөлім:Шынықсан, шымыр боласың.

Тірексызба.

Денсаулыққа не пайдалы, не зиян?

(Оқушылар тақтада тұрған тірексызбаға стикерлер арқылы пайдалы және зиян нәрселерді жазып, жабыстырады).

Мұғалім:

Балалар, келесі кезекте жағдаятты шешіп көрейік.

Сағат шырылдайды. Болат орнынан тұрады. Терезені ашады. Жаттығу жасайды. Жақсылап беті қолын жуады. Мектепке келеді. Сабаққа белсенді қатысады.

Сағат шырылдайды. Самат сағаттың қоңырауын басып қойып, ерініп кеш тұрады. Беті қолын шала жуып, мектепке асығады. Сыныпта отырып ұйықтап қалады.

Салыстыр:

Балалар сендерге қай баланың қылықтары ұнады?

Болат сендерге несімен ұнады?

Саматтың күн тәртібі дұрыс па?

Ал сендер дұрыс күн тәртібін ұстанасындар ма?

6-бөлім «Егер де мен...» (оқушыларлың ой ұшқырлықтарын байқау, сөздік қорларын кеңейту)

І топқа «Егерде мен ақын болсам...»
ІІ  топқа «Егерде мен суретші болсам...»
ІІІ топқа «Егерде мен әнші болсам...»

7-бөлім Қорытынды.  Ойын соңында қорытындыланып, ұпай сандары жоғары топ жеңіске жетеді.
 
Жүректен жүрекке.
 Оқушылар шеңберге  тұрады,барлығы бірге қосылып , «Денсаулық-зор  байлық. Жаны саудың-тәні сау» деп  айтады.Жүрекшелерге  бір-біріне  тілек  жазады

Picture 5



ДТІЖО:___________________Е.Назармбетов

«Сарыарқа жалпы орта мектебі жалпы орта мектебі» КММ



Бекітемін: Келісемін:

Мектеп директоры :__________C.Леспаева ДТІЖО:_________ Е.Назармбетов







Тәрбие сағаты



Сабақтың тақырыбы:

Денім сау болсын десең…











Сынып жетекшісі: Оспаова Н.М





2017 – 2018 оқу жылы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
1998
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі