Денсаулық – зор
байлық
Мақсаты:
1.
Салауатты өмір салтына сай қағидаларды енгізе
отырып, оқушыларды болашақтың тірегі болатын
дені
сау, жан-жақты азамат етіп тәрбиелеу.
2. Қоғамдағы зиянды заттардың адам
организмін
тоздырып, уландыратынын түсіндіре
отырып,
оқушыларды жаман әдеттерден аулақ болуға
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: Саяхат
сабағы.
Көрнекілігі: Түрлі-түсті қағаз, «Аспан
әлемі», ракета, суреттер,
бейнетаспа, түрлі-түсті шам.
Сабақтың барысы:
Психологиялық
дайындық: Балаларға түсті қағазды
таңдату, өз есімдерін жаздыру. Мысалы, Менің есімім – Гүлмира. Мен
сары түсті аспанымыз ашық болып, әрқашан күн сәулесі төгілсін деп
таңдадым.
ІІ. Негізгі
бөлім:
-
Балалар, бәріміз де
түрлі-түсті қағаз алған екенбіз, яғни бейбітшілікті, ашық аспанды
қалайды екенбіз. Олай болса, бүгінгі сабағымызда бәріміз «Аспан
әлеміне» саяхатқа шығамыз. Саяхатқа шығу үшін біздер ракета
құрастырып алуымыз қажет.
1.
Таңертең ұйқыдан тұрған соң не істеу керек?
2.
Балаларды сауықтыру орталығы қалай аталады, оның президенті
кім?
3. Қар
кешіп, салқын суға шомылған адамдарды не дейді?
- Өте жақсы, балалар,
ракетаны құрастырдық, енді саяхатқа ұшар алдында бізге әдемі тақпақ
оқып бере қойсын.
Әрқашан ерлікке
құштармыз,
Қажымас дарынды
жастармыз.
Жол салды ақ маңдай айға
да,
Достарды жұлдызға
бастармыз.
«Аспан
әлеміне» саяхат (музыка ойнайды).
1. «Жаман
әдеттер» планетасы. ( Осы планетаның
тұрғыны болып киінемін).
- Ха – ха
– ха... Мынау келген кімдер? Неге сен тап-таза болып отырсың? Мен
сендерді өзімнің елімде алып қалып, парта сызуға, суға түспей кір
болып жүруге, құстарды атуға үйретемін.Ха –ха-
ха...
- (Оқушылар
сөзі).
- Жарайды, менің сендерге
сұрағым бар. Тырнақ өскен, шашы көптен алынбапты-ау, рахат-ай! Кім
туралы айтылған?
- ....
- Қане, олай болса
күштеріңді сынайын, кім менімен күш сынасып көреді?
- ...
- Ой - ой, ... Қолымды
ауырттың ғой! Тез кетіңдер менің елімнен, мен сендермен дос
болмаймын...
2. «Зиянды
заттар» планетасы.
Суретпен жұмыс.
-
Қане, балалар, біз қай планетаға келдік екен,
суретке қарайықшы. (Суретте – темекі ).
-
Балалар, мені танисыңдар ма?
Менің пайдам өте көп. Мені тек қана «крутой» балалар ұстайды. Мен
тек қана тәртіпсіз, тентек балалармен дос боламын. Ал, менімен кім
дос болғысы келеді?
Мұғалім: - Балалар, қазір мына тәжірибе арқылы
ойланып көріңдерші, темекі пайдалы ма, әлде зиянды ма?
Тәжірибе: Баклашка ыдысқа таза мақта салып,
қақпағын кесіп, темекіні тұтатып қыстырамын. Сосын баклашканың
ішіне темекінің түтінін жинаймыз. Сол кезде мақта түсі
өзгереді.
-
Темекі тартқан адамның өкпесі мына мақтадай
болады екен. Олай болса, темекіні тартуға болады ма, жоқ па? Сіздер
қалай ойлайсыздар? Сонымен маған сурет салу арқылы көрсетіңіздер.
(Оқушылар сурет салады).
-
Өте жақсы, темекінің зиянды
екенін өте жақсы біледі екенсіздер. Осыдан қандай қорытындыға
келуге болады? (Оқушылар өз қорытындыларын
айтады).
-
Балалар, бұл планета біз үшін зиян екен. Олай
болса, ары қарай ұшайық. (Музыка ойнайды).
3.
«Спортландия» планетасы. Спортландия ханшасы
қарсы алады.
- Хош келдіңіздер, балалар! Мен
спортландия елінің ханшасымын. Біздің елдің адамдары спортпен
айналысқандықтан ұзақ өмір сүреді
және денсаулықтары жақсы.
Біздің планетада мектеп оқушылары үлкен жетістіктерге
жетуде.
-
Ал сіздер спортты жақсы көресіздер ме?
-
....
-
Спорттың қандай түрлерін білесіздер?
-
....
-
Қандай спорттық үйірмелерге
қатысасыздар?
-
....
-
Өте жақсы. Ал Сидней олимпиадасы қашан өтті? Онда
алтын жүлдемен оралған қандай қазақстандықтарды
білесіздер?
-
....
-
Алда болатын қысқы олимпиада
қашан және қай жерде өтеді?
-
....
-
Өте жақсы, балалар! Спорт туралы көп біледі
екенсіздер. Олай болса, мен сіздерге «Спортландия» елінің атынан
сыйлықтар ұсынамын. (Оқушыларға тәттілер тарату).
-
Балалар, менімен күрескілерің келе ме?
-
....
-
Олай болса, күнде ертеңгілік жаттығулар
жасасаңдар, денелеріңді таза ұстап, спортпен айналыссаңдар, мен
әрқашан сіздердің қастарыңызда боламын. Көріскенше хош-сау
болыңдар. (Музыка ойнайды).
Мұғалім: - Балалар, міне,
біз сыныбымызға да қайтып келдік. Саяхат ұнады ма? Несімен? Осы
«Аспан әлеміне» саяхат жасай отырып, ойымызға не түйдік?
-
...
-
Ал енді, балалар, өз бейдждеріңізді мына жер
шарына жапсырып, бәрімізге, қонақтарға арнап тілек айтайық.
Мысалы:
-
Бақыт.
-
Денсаулық.
-
Достық.
Мұғалім: - Балалар, болашаққа
денсаулықпен бірге барайық! ( Оқушылар қол ұстасып қолдарын
көтереді. Музыка ойнап тұрады). Сабақ аяқталды.