400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Денсаулық - зор байлық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал сынып жетекшілеріне керек деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы :

6

Күні:

Мұғалімі:

Абдикулова Молдир Ердалықызы

Сабақтың тақырыбы:

Денсаулық зор байлық

Сабақтың мақсаты:

Жас желектей өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына ішімдік, темекі, нашаның адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп түсіндіру.
Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі

салынған суреттер, қанатты сөздер жазылған плакаттар.

жоспары

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу оқушыларды түгелдеу

Қазақстанның әнұранын орындату

Мұғалім: Адам денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Денсаулықтың қатаң анықтамасы қандай? Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымының ережелерінде «Денсаулық дегеніміз – тән ақауының немесе аурудың болмауы ғана емес, сонымен бірге ол рухани, физикалық, әлеуметтік – саулықтың толық мәнді теңдігі.

Отанымыздың келешегі, көркеюі, оқушылар, сендердің қолдарыңда. Сондықтан сендердің таңдау- ларың – салауатты өмір салтын сақтау! Олай болса бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ!» деп аталады.

Қызығушылықты ояту

1) Денсаулық - зор байлық.
2) Ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығады.
3) Жан ауырса, тән азады.
4) Тәні саудың – жаны сау.
5) Тәуіптің жақсысы – ауруға ауру қоспағаны.
6) Бас аманда мал тәтті, бас ауырса жан тәтт.
7) Ауруын жасырған өледі.
8) Сырқат - тән жарасы, қайғы – жан жарасы.
9) Денің сау болса, жарлымын деме.
10) Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі.
11) Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.
12) Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ.



Мағынаны тану

 Мұғалім: Бесінші кезең ситуациялық сұрақтарға жауап беру
1) таныс баланың күнде ішімдікті қщлданбай тұра алмйтынын білсең не істейсің?
2) Достарың арақ іш, ішпесең бізге жолама десе, сенің қайтарар жауабын?
3) Сен ақшадан қысылған сәтте Есірткіні сатсаң, көп ақша береміз десе не істер едің?

Ой- толғаныс

Хормен: Кімде – кім өзіне өмір беріп, әлпештеп өсірген ата- анама қарыздармын деп білсе, соларға адал ұл боламын десе – арақ ішпесін өз ортасына қадірлі адам боламын десе – темекі шекпесін! Өз қоғамына пайдалы азамат боламын десе – нашаға әуестенбесін!

Мұғалім: Сонымен оқушылар, бүгінгі тәрбие сағатының барысында жас жандарыңды неден аулақ ұстауға тырыстыңдар?
«Бірінші байлық – денсаулық» дейді қазағымыз. Екі кісі кездесе қалса да алғашқы сұхбат осы амандық, саулық болмақ. Ендеше сағат бойы талқыға салынған арақ, темекі, нашақорлықтан жандарыңды аулақ ұстаңдар. Салауатты өмір салтын жандарыңа жан серік етіңдер!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
06.02.2018
1898
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі