400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты Денсаулық-басты байлық

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: Денсаулық-
басты байлық.
Мақсаты: 
Оқушылардың өмірге деген құштарлығын арттыру. Жақсы менен жаманды айыра біліп, жаман әдеттерден бойларын аулақ салуға дағдыландыру.
 
Өз бетінше ізденуге, зерттеуге баулу.. Өзара сыйластық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Обруч,секіртпе,доп,қап т.б.
 
Түрі:
Эстафеталық жарыс
Барысы:
Жүргізуші:
Өмір адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның мәнді де мағыналы ұзақ өмір сүруінің негізі – оның денсаулығы. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі – адамның денсаулығы. Денсаулық – адамның ең қасиетті де құнды, жоғалтуға болмайтын, жоғалса қайта орнына келуі қиын асыл қазынасы.
Жас жеткіншек талшыбық секілді иілгіш, жел қайда соқса солай қарай бейімделеді, жаман әдеттерге оп оңай бой алдыра салуы да әбден мүмкін. Сондықтан да жасөспірімдерді осындай жаман әдеттерден сақтандыру үшін бүгінгі сайысымыздың маңызы зор деп ойлаймын. Олай болса, «Денсаулық-салауатты өмір кепілі» атты спорттық сайысымызға қош келдіңіздер!
Сайысқа екі топ қатысады.
1 - топ: «Жас Ұлан» тобы
 
2 – топ: «Сұңқар» тобы
 
Сайыстың кезеңдері:
1. Таныстыру (әр топ өз ұраны мен төсбелгілерін таныстырады.
2. «Жылдам тап» (мақал айту)
3. «Спорттық ойын» ( жеті бөлімнен тұрады)
Сайысты бастамас бұрын әділ баға беретін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Олай болса, сайысымызды бастайық.

1. Таныстыру (әр топ өздерінің ұраны мен төсбелгілерін таныстырып өтсін)
1 - «Жас Ұлан» тобы
Біздің топ: «Жас Ұлан»
Біздің ұран:
 
2 - «Сұңқар» тобы
Біздің топ: «Сұңқар»
Біздің ұран:
 

2. «Жылдам тап» деп аталатын сайыс кезеңінде әр топ оқушылары өздеріне берілген сөздерді қатыстырып жылдам мақал айту керек.
«Жас Ұлан» тобына (Тіле, сырқат, дәрі, ауыз, жарлы, нұқсан)
1. Біреуге өлім тілегенше,
Өзіңе өмір тіле.
2. Сырқат - тән жарасы,
Қайғы - жан жарасы.
3. Аурудың жақсысы жоқ,
Дәрінің тәттісі жоқ.
4. Ішің ауырса, аузыңды тый.
5. Жарлының байлығы - денінің саулығы.
«Сұңқар» тобына (Жирен, жолама, байлық, ем, салауат, шымыр)
1. Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен.
2 Денсаулық - зор байлық.
3.. Ауырып ем іздегенше,
Ауырмаудың жолын ізде.
4. Салауатты өмір - көтеріңкі көңіл
5. Шынықсаң шымыр боласың

3. Спорттық ойын.
 
Спорт біздің досымыз,
 
Күш қайраты сыналған
 
Спорт біздің досымыз,
 
Бала кезден шыңдалған деп спорттық ойындарды ұсынамыз.

1.Допты кедергілер арқылы алып жүру.
 
2.Секіртпемен кедергілер арқылы өтіп барып,кедергілерден өтіп қайту.
 
3.Қаппен кедергілер арқылы өту.
 
4.Екі аяқтың арасына допты қыстырып алып,кедергілерден өтіп келу.
 
5.Оқушылар тізерлеп отырып,кедергілерден өту.
 
6.Обручпен кедергілер арқылы өту.
 
7.Баскетбол себетіне допты лақтыру.

Қорытынды
Жүргізуші:
- Балалар, бүгін «Денсаулық-салауатты өмір кепілі» тақырыбындағы болып жатқан сайысымыз өз мәресіне жетті. Бұл сайысымызда сендер зиянды әдеттер жайлы біраз мағлұмат алдыңдар деп ойлаймын. Сендер қазір
1 - сыныптың оқушысы болғандықтан, ата - ана да, ұстаздар қауымы да сендердің болашақтарыңа алаңдаймыз. Мемлекетіміз оқушының тегін білім алуына және денсаулығына көңіл бөліп отыр. Кейбір балалар туа бітті мүгедек болып жатады. Соған қарамастан қоғамға кішкене болса да пайдасын тигізу үшін әрекеттеніп тырмысып бағады. Ал, сендердің дендерің сау, дене мүшелерің бүтін. Осы өтілген «Денсаулық-салауатты өмір кепілі» тақырыбындағы сайысымыз сендерге мәңгілік сабақ болсын. Зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын жандарыңа серік етіңдер.
Сонда ғана сендердің болашақтарың нұрлы болып, еліміздің өркендеуіне зор үлес қосатын азамат болуларыңа мен сенемін.
Сайысқа қатысқан екі топқа рахмет!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19 наурыз
1070
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі