400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Тәрбие сағаты: Денсаулықтың достары мен қастары

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық педагогтарға арналған. Денсаулықтың достары және қастары жайында тәрбие сағаты.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Денім сау болсын десең ...

Сабақтың мақсаты: 1) Қоршаған орта, денсаулық жайлы түсінік беру.

2) Қоршаған ортаны таза ұстап аялауға, өз

денсаулықтарын күте білуге, тиянақтылыққа,

еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

3) Ойлай білуге, ойын жүйелі түрде жеткізуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Сөзжұмбақ, бүктеме, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Кіріспе.

- Балалар, денсаулық дегеніміз не?

- Денсаулықтың достарына нелер жатады?

- Денсаулықтың қастарына нелер жатады?

- Денсаулық туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Денсаулықтың достары – таза ауа, күннің сәулесі. Денің сау болу үшін таза ауа, күннің шуағы керек екенін ұмытпаңдар.

Адам күш қуатты тамақтан алады. Денсаулықтың досы –тамақ. Тамақты асықпай дұрыстап шайнап жеу керек. Дұрыс шайналмаған ас асқазанға зиян келтіреді. Адам еңбегімен қадірлі. Денсаулығың мықты болсын десең, денсаулықтың досы еңбек. Барынша көп қимылдап еңбек ету керек. Денім сау болсын десең, денсаулықтың досы киімдеріңді жылдың төрт мезгілінде лайықты киіну керек. Аурудың көбі суықтан да болатынын ұмытпа.

Денсаулықтың достарының бірі – тазалық. Жеміс-жидектерді жемес бұрын қол жууды ұмытпауымыз керек. Өйткені жеміс-жидек өнімдері жұқпалы іш ауруларын жылдам туғызады. Денсаулықтың достарының бірі –демалысты ұйымдастыру. Ұйқы адамға күш береді. Жаңа туған нәресте 16-20 сағат, ал үлкендер 9-10 сағат ұйықтауымыз керек. Денсаулықтың достарының бірі –қоршаған ортаны –жер, су, ауаны таза ұстау. Мұны грек тілінде «экология» дейді. Қоршаған ортаны атом бомбасымен, радиациямен өзгерістің зиянды қалдықтарымен улау адам баласына үлкен індет аурулар әкеледі. Сондықтан бүгінде жер бетіндегі адамзат баласы табиғат тазалығы үшін күресуде.

Денсаулықтың қастары: Денсаулықтың қастарының бірі – еріншектік. Бетін суық суға тигізгеннен қорқып, денесін шынықтырмай, есік алдына шығып ойнамай, еңбек етпей жүрген балаларды айтамыз. Екінші, денсаулықтың қастарының бірі – ұзақ уақыт теледидардың алдында отыру.

Үшіншісі – шамадан тыс тамақ ішу. Төртіншісі - әке-шешенің, мұғалімнің, үлкен адамдардың айтқанын тыңдамау. Ол кісілер оқы, үйрен дейді. Ал оқып үйренсең, ойдың сергектігі денсаулықты тазалыққа жетелейді.

Көрініс. Дәрігер мен бала.

Көрініс. «Әже мен бала».

Далада немересі ойнап жүреді. Әжесі сабақтан қалып қоятынына, уақытында тамақ ішпегеніне мазасызданып шақыра береді. Әжесін әбден шаршатып немересі келеді. Келе салып, кітап, дәптерін, киімін іздейді. Тамақты асығыс шайнайды. Қолын да жумайды.

Осы көрініс жайлы жекелеген оқушылар өз пікірлерін ортаға салады.

Қорытынды.

Ақмола облысы

Бурабай ауданы

«Мирас» көпбейінді мектеп-гимназиясы












Өткізген: Бекқожина А. С.











Щучинск қаласы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
1754
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі