Тақырыбы: 1 мамыр Қазақстан халқының
бірлігі мерекесіне арналған «Достығымыз жарасқан» атты тәрбие
сағаты.
Мақсаты: Достық туралы түсініктерін
жетілдіру және басқа ұлттармен қарым – қатынасты нығайту.
Сыйластық, ынтымақтастық туралы түсінік беру. Бауырмалдыққа,
адамгершілікке, татулыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: шарлар, жалаушалар,
көгершіннің суреті, гүлдер.
Құрметті апайлар, ата – аналар
және кішкентай бүлдіршіндер. 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі
мерекесі құтты болсын. Еліміздің бейбітшілігі мәңгі болып,
бірлігіміз берік болсын. Бүгінгі 1 мамыр мерекесімен құттықтау үшін
сөз кезегін балабақшамыздың меңгерушісі Жұмабаева Әсел
Нұрлыбекқызына береміз.
Бекзат.
Әнұраным
–жанұраным,
Айтар әнім -сөйлер
сөзім.
Мәңгі бақи шырқалады.
Республикам Әнұраны!
Хор. Гимн
«Менің
Қазақстаным»
Біздің елбасымыз
кім?
Біздің ұлтымыз
қандай?
Қандай мемлекетте
тұрамыз?
Қазақстанның рәміздерін кім
біледі?
Қазақстанда тұратын қандай
халықтарды білесіңдер?
1.
Инабат.
Ата-бабам ежелден-ақ дос
қылған,
Татар, қазақ болашақты тосты алдан,
Сол достығын тағы міне дәріптеп,
Бүгінгі күн мерекеде жайнаған.
2.
Диас.
Сырдың бойын ежелден
жайлаған,
Орыс, қазақ қатар қонған бай далам,
Халықтардың достығының айғағы
Бүгінгі күн мерекеде жайнаған.
3.
Күмісай.
Ән-жыр десе көмейі
бүлкілдеген,
Ақ маржандай көңілі үлпілдеген,
Өзбек менің өз ағам – дейді қазақ
Дастарханнан дәм-тұзы бөлінбеген.
4.
Ханшайым.
Тәуелсіздік кеңдігің
Кескен халық бірлігі
Ынтымағы барша елдің
Нұрын шашқан күн бүгін.
5. Райгүл.
Қуанышты май келді,
Алақай-ай, алақай,
Шырқа шаттық әндерді,
Көшеге шық, балақай.
6. Нұрсая.
Жайнап кеткен қия бел,
Қырдың гүлін жия бер,
Туған жердің сырларын,
Көңіліңе құя бер.
7.
Жансая.
Барлық елдің бөбегі,
Бір-бірімен туысқан,
Бәрімізге төгеді,
Өз шуағым күміс таң.
8.
Ерқанат.
О, Алланың әмірі!
Тағы келді мамырым
Жақсылықтан нәр алған
Мамырымның тамыры.
9.
Мәдина.
Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы
күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір
жырын.
Татулығын жырға қосам
ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың
бірлігін.
10.
Мейірім.
Тілі бөлек болғанымен тілек
бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек
гүл.
Қазақстан бар ұлысқа
шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп
тұр.
11.
Арнұр.
Қазақстан дейтін менің бар
елім,
Жатыр алып жарты дүние
әлемін.
Бұл даланы көріп алғаш
қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ
арман.
12.
Меруерт.
Қазақ елі қашаннан да жыр
елі
Тарихында тұлғалар көп
киелі.
Қазақстан аясында
бұрыннан
Бірнеше ұлт бірге өмір
сүреді.
Бір-бірімен тату-тәтті
тұрады.
Бәрінің де Қазақстан
тұрағы.
13.
Еркеназ.
Қазақ- қырғыз туыссыңдар ,
доссыңдар,
Бір тамырдан сендер өскен қос
шынар.
Дос туыстар көп болса да
дүниеде,
Нақ сендердей нағыз туыс жоқ
шығар.
14.
Айкерім.
Бірлігі мен ынтымағы
халықтың,
Көзімізде жарқырайды жарық
күн,
Ырыс, дәулет, бақыт үшін
халықтың,
Жайнай берсің, жайнай берсін
жарық күн.
15. Сайдағали
Бекзат.
Тірлігімен адам байлық
жасады,
Бірлігімен асулардан
асады.
Адал жандар жер – ананы
қорғаңдар,
Абайлаңдар бейбітшілік
жасағы.
Хор. «Балдырғандар маршы»
әні
16.
Тоқжан.
Ортақ болсын асар
тау,
Жеміс толы бақша-
бау.
Болсын жер мен су ортақ,
Болсын бізге ну ортақ.
Ақпыз, қара,
сарымыз,
Ағайынбыз
бәріміз!
17.
Әсем.
Біз балдырған
баламыз,
Дос құшағын елге
ашқан
Тілегіміз
тыныштық,
Ашық болсын көк
аспан.
18.
Мейрамбек.
Жақсылыққа,
бақытқа,
Талпынған әр
уақытқа.
Бала біткен
дос-бауыр,
Болмасын еш
тосқауыл!
19.
Мирас.
Көз тойғысыз қазағымның жері
бар,
Ну орманы, тауы, өзені, көлі
бар,
Қазағымның елін, жерін
қорғайтын
Жас жеткіншек ұланы бар, елі
бар.
Міне, осындай егеменді
еліміз,
Кең жазира, ұлан - байтақ
еліміз.
Туған елін, туған жерін
сүйетін,
Біз қазақтың ұланымыз,
еріміз
20. Берік
Бекзат.
Ақ қара деп
алдымен,
Елім бөлмес
адамды,
Дәстүр, өнер,
салтымен
Таңқалдырған
ғаламды.
21.
Нұрайым.
Жырласа Қазақ,
түркімен,
Молдаван,тәжік үн
қосқан.
Дос жүректер
біріккен,
Мейірлері
жарасқан.
22.
Ерасыл.
Тыңда, тыңда, тыңда
мені,
Ұлы жұртым орыс
халқым.
Сен тербетіп
өсіргенсің,
Сенің даңқын, менің
даңқым.
23.
Назерке.
Ортақ бізге бір
Отан,
Ортақ жердің
байлығы.
Еңбек ортақ, жыр
ортақ
Ортақ бізге
барлығы.
24.
Әлия.
Ортақ мекен жер
шары,
Төбемізде бір
аспан.
Барлық ұлттың
баласы,
Достығымыз
жарасқан.
25.
Жанбота.
Ағайын-туған – бар
адам,
Адалдық үшін
жаралған.
Бар қымбат
туыстық,
Баянды болсын
тыныштық
26. Санатұлы
бекзат.
Елім менің, жарқыраған,
жайнаған
Бақ біткенде бұлбұл құсы
сайраған.
Елім менің биіктігі
шарайнам,
Қыран құсы көгінде мың
самғаған!
27.
Әділет.
Достық бізге тым
ыстық,
Бірлік – байлық, ырыс –
құт.
Жарқырасын
күніміз,
Жаса, жаса
тыныштық
Хор.
«Гүлжазира
Қазақстан» әні.
«Балабақша
бағында» орындайтындар:
Жұбатова
Жанбота
Қуанышова
Тоқжан
«Балдырғандар маршы»
орындайтындар:
Мұхтарова
Мейірім
Жақсылық
Меруерт
Жанболатова
Әлия
«Жас дәуірдің
түлегіміз» орындайтын
Төребек
Мирас
Хор.
«Ақ
көгершін» әні.
Бүгінгі
«Достығымыз
жарасқан» атты тәрбие сағатымызды
аяқтаймыз.
Назарларыңызға рахмет сау
болыңыздар!