Материалдар / Тәрбие сағаты "Дұрыс тамақтану"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты "Дұрыс тамақтану"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың жақсы денсаулығының, жан - жақты дамуының кепілдігі - тиімді және үйлесімді тамақтану болып саналатынын, «Салауатты өмір салтының» анықтамасын ата – аналармен, мектеп дәрігерімен, аспазшылармен бірлесе отырып тұжырымдау,оларға мағұлмат беру. Тамақтану сауаттылығының негізін,тамақтану тәртібін, тамақтану мәдениетін,оқушыларды дәстүрді сақтауға, нанды қастерлеуге ас ішу тәртібін есте сақтауға тәрбиелеу;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Сәуір 2018
926
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

6 «а» сынып

Тақырыбы:«ТИІМДІ ЖӘНЕ ҮЙЛЕСІМДІ ТАМАҚТАНУ – ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ».

Құзыреттілікке жеткізетін шараның мақсат-міндеттері:

А) Ақпараттық құзіреттілік

Ә)Коммуникативтік құзыреттілік

Б)Проблеманы шешу құзыреттілік

Оқушылардың жақсы денсаулығының, жан - жақты дамуының кепілдігі - тиімді және үйлесімді тамақтану болып саналатынын, «Салауатты өмір салтының» анықтамасын ата – аналармен, мектеп дәрігерімен, аспазшылармен бірлесе отырып тұжырымдау,оларға мағұлмат беру.

Тамақтану сауаттылығының негізін,тамақтану тәртібін, тамақтану мәдениетін,оқушыларды дәстүрді сақтауға, нанды қастерлеуге ас ішу тәртібін есте сақтауға тәрбиелеу;

Оқушылар салауатты өмір салтын ұстануға,дұрыс тамақтана білу тәртібіне үйрену.

Шараның түрі:

«Салауатты өмір салтын» ұстану, дұрыс тамақтану,асты қадірлеу.

Пәнаралық байланыс:Еңбек,дене.

Оқыту құралдары:

Ақпараттық мәліметтер слайдтар арқылы,дәрігердің кеңестері,дәрумендер жиыны,көкөністер мен жемістер, түрлі тағамдар бұрышы,жарнамалар.

Шараның барысы:

Оқытушының қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

I Ұйымдастыру бөлімі

1.Тақырыпқа байланысты мұғалімнің сөзі

ІI- бөлім : Бой жазу

ІІI- бөлім: қызығушылықты ояту . Ас дастарханға қалай келеді?

ІV – бөлім: Нан туралы ақыл - кеңестер.

V – бөлім: «Дастархан басында сақталатын ырым - тыйымдар».

VI – бөлім: Ас ішу тәртібі , кеңестер.

VІI – бөлім: Жағдаяттарды шешу.

VIII-бөлім:Қорытынды

Сонымен құрметті оқушылар бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «ТИІМДІ ЖӘНЕ ҮЙЛЕСІМДІ ТАМАҚТАНУ – ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ», яғни дені сау, сымбытты да сұлу болу үші қалай тамақтану керек және немен айналысу қажеттігі туралы ой қозғаймыз.

«Дастархан басында сақталатын ырым – тыйымдар»

Жағдаятты шешу.

Самат таңертең сабаққа асығыс тамақтанып шықты. Анасы баласының бұл ісіне кейіп: «Денсаулығыңды бұзасың ғой, отырып асықпай дүрыс тамақтансаң қайтер еді?» деді. Самат анасына : « Дұрыс тамақтанудың денсаулыққа әсері қанша ?» деді.

- Қалай ойлайсыңдар, Саматтың айтқаны дұрыс па ?

Оқушылар ас ішу тәртібі жөнінде өз білетіндерін ортаға салады.Оқушылардың өз ойларын ашық айтуы анық жетіледі.

Мұғалім: Саматтың айтқаны дұрыс емес. Деніміздің сау болуы үшін ең алдымен тиімді тамақтану қажет. Оқушылар жағдатты шешуде дұрыс шешімін тауып,өз шешімдерін білдіруі қажет.

Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар Нанда адамның еңбегі мен ары бар. Нан өмірдің ана сүті арқауы Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.

Оқушылар тәрбие сағатының тақырыбымен танысып ондағы мағынаны терең ұғынуы қажет.

Астың дастарханға қалай келетіндігі жөнінде оқушылар пікірі тыңдалады.

Оқушылар жинақтаған нан туралы нақыл сөздерін айтады.

Нанға байланысты өз кеңестерін білдіреді.

Оқушылар дастархан басында айтылатын тиым сөздерді сонымен қатар ырым сөздерді атап айтады.

Мұғалім: Олар осы аталған ырым-тиым сөздерді мұқият оқумен қатар есте сақтауы қажет.

Біз бүгін сендермен «Салауатты өмір салтының » қағидалары мен тиімді әрі үйлесімді тамақтанудың денсаулыққа пайдасы жөнінде ой тұжырымдадық.

Ырым, тыйым сөздер:

  • Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.

  • Тамақты жатып ішуге болмайды.

  • Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды

  • Ертеңгі асты тастама Кешкі асқа қарама. Балаға ми жеуге болмайды. Ми жемейді жас бала, Миды ұсын басқаға, Былжыр болып өсеміз, Ынжық болу масқара.

  • Қонаққа сынық ыдыспен ас беруге болмайды. Себебі сынық ыдыспен ас беру – қонақты сыйламандық. Және сынық ыдыспен ас ішу – жаман ырым. Бүл жүзің сынып, көңілің жарым болсын дегенді білдіреді.

  • Дастарханнан аттауға болмайды.

  • Дені сау адам дұрыс отырып тамақтанады. Ал отыра алмайтын адам жатып ішеді. Сондықтан мүгедек адамның қылығын жасама. Дұрыс отырмаймын деп денсаулығыңды бұзып алма.

  • Ас үстінен аттама. астан үлкен емессің!

  • Әкесі отырғанда баласына бас тартылмайды.

  • Оқушылар қандай тыйым сөздер білесіңдер?

(оқушылардың білімдері тыңдалды)

Кеңестер.

  • Дүкенге барғанда нанның сапасын қолыңызбен анықтамаңыз. Бұл тазалыққа жатпайды.

  • Нанды сатып алған кезде таза дорбаға салыңыз.

  • «Дүниедегі көп байлықтың негізгісі - нан».

  • «Ас жүрген жерде - береке».

  • «Дастархан дәмі - киелі».

  • Дастарханға бірінші нанды әкеліп қояды

  • Ас ішіп болған соң «тойдым» деуге болмайды, «қанағат» деу керек.

  • Тарта жесең, тай қалар,

  • Қоя жесең, қой қалар,

  • Қоймай жесең не қалар.

  • Сондықтан тамақты шектен тыс көп ішуге болмайды.

  • Асты асықпай, әбден шайнап жұту керек.

  • Тамақ ішіп отырып,кітап оқуға, теледидар көруге болмайды.

  • Әр түрлі тамақта адам денесіне қажетті дәрумендер болады. Сондықтан тамақты талғаммен ішу керек.

  • Әсіресе қазақтың ұлттық тағамдары адамға өте пайдалы.

  • Ұлттық тағамдарымызға: бауырсақ, қазы – қарта, жал – жая, т.б жатады

Мұғалім: Ас ішу тәртібін өте жақсы біледі екенсіңдер, сонымен қатар спортпен де шұғылдансаңдар нағыз дені сау азамат боласыңдар. Қазіргі дастархан басында астың түр түрімен қойылу дәстүрге айналып отыр. Әсіресе, жеміс пен көкініс дастарханның сәні. Бірақ барлық тамақ желінетіндей етіп дұрыс пайдалану керек. Ас төгілмеу керек.

Қауын –қарбыз, көкөніс

Қанша жидек, көп жеміс.

Қане, тойда тойыңдар,

Кәдеден соң ойын бар, - демекші енді ойын ойнап алайық. Ортаға жеті бала шақырылып, «пайдалы тағам» ойынын ойнайды.

Олар «пайдалы тағам» ойынын ойнау арқылы қандай тағамдар адам ағзасына пайдалы екендігін ұғынады.

Тәрбие сағатымыз өз мақсатына жетті. Тәрбие сағаты толық ашылды, оқушылар өз ойларын толық жеткізе білді. «Салауатты өмір салтын»ұстануға ,ас ішу тәртібі мен мәдениетін сақтауға үйрене білді.

Тәрбие сағатымыз аяқталды, сау болыңыздар!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!